"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 49-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2021 жылғы 26 ақпаны № 52 бұйрығымен бекітілген |
Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі
№ р/с | Ұлттық спорт түрінің атауы |
1 | Аударыспақ |
2 | Асық ату |
3 | Бәйге |
4 | Жамбы ату |
5 | Жекпе-жек |
6 | Көкпар |
7 | Қазақ күресі |
8 | Құсбегілік |
9 | Тоғызқұмалақ |