"Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларын және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 39 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 ақпанда № 22269 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 74-бабының 1-тармағына және 74-5-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларын және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21716 болып тіркелген, 2020 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын

      "1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларында және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібін және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Осы Қағидалар соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылады.

      Сот шешімі бойынша мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктерге қатысты қолданылатын осы Қағидалардың ережелері Банктер туралы заңның 74-5-бабының 5 және 6-тармақтарында және осы Қағидаларда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Банктер туралы заңның 74-5-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.

      Мемлекетаралық банктерді тарату ерекшеліктері осы банктерді құру туралы халықаралық шарттарда (келісімдерде) және олардың құрылтай құжаттарында айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуды:

      1) уәкілетті орган Банктер туралы заңның 48-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензиядан айыруына байланысты;

      2) сот Банктер туралы заңның 74-5-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға байланысты жүргізеді. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап Банктер туралы заңның 74-5-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салдарлар басталады.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Банкті мәжбүрлеп тарату процесінің басталуы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енген күні немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензиядан айырған күні болып табылады.";

      6. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заң күшіне енген күнінен немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айырған күнінен бастап және тарату процесі аяқталғанға дейін:

      1) Банктер туралы заңның 48-1-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген шектеулер (таратылатын банк үшін) және Банктер туралы заңның 74-5-бабының 5-тармағы үшінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген шектеулер (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін) қолданылады;

      2) банктің бұрын жұмыс істеген басқару органдарының, оның ішінде мүлікке иелік ету және банктің міндеттемелерін өтеу жөніндегі өкілеттіктері, сондай-ақ олардың банкті басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады;

      3) басшылар, ал қажет болғанда өзге де қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады;

      4) таратылатын банктің атынан және соның есебінен жүзеге асырылатын әрекеттердің егер оларды тарату комиссиясының төрағасы не тарату комиссиясының төрағасы осы әрекеттерді жасауға сенімхат берген тұлға жасаған жағдайда ғана заң күші болады;

      5) таратылатын банктің барлық борыштық міндеттемелерінің, оның ішінде банк кепілдіктері (кепілдемелері) бойынша міндеттемелердің мерзімі аяқталған болып саналады;

      6) таратылатын банктің кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша сыйақы және/немесе тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұлдар) есептеу тоқтатылады;

      7) егер олар бойынша қабылданған шешімдер заңды күшіне енбеген болса, таратылатын банкке қойылатын мүліктік сипаттағы талаптары бар сотта қаралған даулар тоқтатылады;

      8) таратылатын банкке қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады. Соттардың мүліктік талаптарға қатысты атқарушылық құжаттары тарату комиссиясына Банктер туралы заңның 74-2-бабында белгіленген кезектілік тәртібімен орындау үшін беріледі;

      9) банктің шетел валютасында көрсетілген міндеттемелері банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айырған күні белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгеге аударылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Банктің тарату комиссиясын уәкілетті орган банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап келесі күннен немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айырған күнінен бастап кешіктірмей тағайындайды.

      Тарату комиссиясының құрамына кіретін уәкілетті органның және (немесе) кепілдік беру жөніндегі ұйымның қызметкерлері тарату комиссиясындағы бүкіл қызмет кезеңінде негізгі жұмыс орны бойынша лауазымдық міндеттерін орындаудан босатылады.

      Көрсетілген мерзім ішінде олардың жалақысы және негізгі жұмыс орны бойынша белгіленген басқа төлемдері сақталады.";

      22-тармақта:

      2) тармақшада:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылданғаны немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айыру туралы шешімінің қабылданғаны туралы және уәкілетті органның тарату комиссиясын тағайындағаны туралы, сондай-ақ Банктер туралы заңның 74-5-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату жөнінде соттың қабылдаған шешімі туралы хабарландыруды көрінетін жерге, сондай-ақ банктің интернет-ресурсына орналастырады;";

      жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "тарату комиссиясын тағайындау күнгі жағдай бойынша электрондық түрде бар, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21278 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 107 қаулысымен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы есепті автоматтандырылған есептік жүйенің немесе деректерді өңдеу орталығының (сервердің) деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа көшіре отырып (резервтік көшірмелер) қағазға басып шығарады. Осы ақпарат электрондық түрде болмаған жағдайда қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;

      толық материалдық жауап беретін адамдар, оның ішінде таратылатын банктің бухгалтерлік есебін жүргізудің және қаржылық және басқа есептілігін немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалының өзге есептілігінің өңдеудің электрондық жүйесіне кіру рұқсаты бар адамдар тобын айқындайды және олармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасады;";

      3) тармақшаның бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктер туралы заңның 73-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген іс-шараларды (таратылатын банк үшін) және Банктер туралы заңның 74-5-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында бөлігінде көзделген іс-шараларды (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалы үшін) жүзеге асырады;

      кредиторлардың тізімін жасайды, автоматтандырылған банктік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректерді өңдеу орталығының (сервердің) қолда бар деректері бойынша олардың мекенжайларын белгілейді;";

      4) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "уәкілетті органға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21834 болып тіркелген "Ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 116 қаулысымен белгіленген нысан бойынша және мерзімде атқарылған жұмыс туралы есептерді ұсынады;";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Кассада қолма-қол ақшамен жасалатын операцияларды есепке алу "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарында, Ұлттық почта операторында және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Кепілдік беру ұйымын қоспағанда, заңды тұлғалар, банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылдануы немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясынан айыру туралы шешімінің қабылдануы нәтижесінде мүліктік құқықтары мен заңды мүдделері бұзылатын, оның ішінде заңды тұлғаны құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар банкпен дауды тікелей реттеу мақсатында жазбаша өтінішпен (бұдан әрі – кредитордың талабы) оның тарату комиссиясына хабарласады.";

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Кредиторлар комитетінің құрамын тарату комиссиясы аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қалыптастырады, оған тарату комиссиясының төрағасы қол қояды және 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бекітуге жіберіледі.";

      118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "118. Тарату комиссиясында кредиторлар комитетінің қалыптастырылған құрамы болмаған кезде немесе кредиторлар комитеті өз функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асырмаған кезде тарату комиссиясы осы Қағидалардың 116-тармағының 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген шешімдерді қабылдау жөніндегі өкілеттіктерді дербес жүзеге асырады.

      Тарату комиссиясының шешімі тарату комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.";

      122 және 123-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "122. Түгендеу соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі күшіне енген күнгі жағдай бойынша немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырған күнгі жағдай бойынша жүргізіледі.

      123. Мүліктің немесе мүлікке құқықтардың нақты болуын тексеруді тарату комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) төрағасының бұйрығына сәйкес құрылатын түгендеу комиссиясының мүшелері түгенделетін мүліктің жоғалуынан (зақымдануынан) келтірілген зиян үшін толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалған тұлғалардың (бар болса) қатысуымен (бұдан әрі – материалдық жауапты тұлғалар) жүргізеді.

      Түгендеу комиссиясының құрамына тарату комиссиясының мүшелері, таратылатын банктің қызметкерлері, сондай-ақ қызмет көрсету шарттары бойынша тартылған адамдар енгізіледі. Таратылатын банктің қызметкерлерімен немесе қызмет көрсету шарты бойынша тартылған тұлғалармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалады.

      Түгендеу актілерінде бухгалтерлік есептің деректері бойынша таратылатын банктің мүлкі туралы нақты мәліметтер банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күнгі немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырған күнгі таратылатын банктің шоттары бойынша қалдықтар ведомосінің кіріс қалдықтарына сәйкес келеді.";

      128 және 129-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Қаржы ұйымдарында және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған банк шоттарындағы қалдықтарды түгендеу кезінде бухгалтерлік есеп деректері жоғарыда көрсетілген ұйымдардан алынған үзінді- көшірмелердің деректерімен банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнгі немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырған күнгі шоттар бойынша салыстырылады.

      129. Бағалы қағаздарды түгендеу бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында есепте тұрған бағалы қағаздар санының қалдықтарын банкті лицензиядан айырған және банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнге немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айырған күнге орталық депозитарийден алынған үзінді- көшірмелердің деректерімен салыстырып тексеруді білдіреді.";

      160 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Соттың оны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырғанға дейін орын алған, аралық тарату балансы бекітілгенге дейін орындалуы және құжаттамалық ресімделуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аяқталмаған таратылатын банктің қатысуымен жасалған мәмілелер өтпеді деп есептеледі.";

      218 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "218. Таратылатын банктің кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысу аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы сотқа уәкілетті органмен келісілген тарату туралы есепті және тарату балансын ұсынады.

      Сот тарату туралы есепті және тарату балансын бекітеді және тарату ісін жүргізудің аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының кредиторларымен есеп айырысу аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы уәкілетті органға қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының таратылуы туралы есеп береді.

      Уәкілетті орган қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының таратылуы туралы есепті бекітеді және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды.".

      2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады