"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 79 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 ақпанда № 22272 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 86 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 25.04.2024 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығына енгізу (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8676 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 282 (27556) "Казахстанская правда" газетіне жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесінде:

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Наградтау материалдары Министрліктің ведомстволық наградалар жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) отырысында қаралады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және Министрліктің Аппарат басшысының қарауына енгізіледі.

      10. Төсбелгімен, Министрліктің "Құрмет грамотасымен", Министрліктің Алғысымен марапаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министр) келісімі бойынша Министрліктің Аппарат басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Ведомстволық наградадан айырылған адам оны Министрліктің Аппарат басшысының тиісті бұйрығы қабылданған күннен бастап бір ай ішінде мемлекеттік органға қайтарады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Әрбір марапатталушыға ведомстволық наградаларды тапсырумен бір мезгілде марапаттау туралы тиісті куәлік беріледі.

      Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшыларын қоспағанда, Министрліктің және оның ведомстволарының қызметкерлерін марапаттау туралы куәлікке Министрліктің Аппарат басшысы қол қояды.

      Қалған жағдайларда марапаттау туралы куәлікке Министр қол қояды.".

      2. Персоналды басқару қызметі (басқару құқығында) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "__" _______ 2021 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады