"Көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 453 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 77 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 65 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 19 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 ақпанда № 22275 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 453 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 77 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17797 болып тіркелген, 2018 жылы 30 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану бойынша қызметін жүргізетін жеке және заңды тұлғаларға қатысты көмірсутек саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тексеру парағы;";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына және 143-бабы 1-тармағына (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодекс), 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидалары және тексеру парақтарының нысандарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында әзірленді.";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген тау-кен өндірістерін (көмірсутектерді), мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев
     
      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика

      және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 25 ақпандағы
№ 19 мен
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 24 ақпандағы
№ 65 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 23 қарашадағы
№ 453 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 23 қарашадағы
№ 77 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Тексеру парағы

      көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу

      кезендегі ______________________________________________ саласында/аясында

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес)

      тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалау

      (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай

      құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану бойынша қызметін жүргізетін

      жеке және заңды тұлғаларға қатысты _________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________________

                                                      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ____________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) және қолымен не жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің қолымен куәландырылған негізгі пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықтарды көрсете отырып, мәлімделген лицензияланатын қызметтің (жұмыстардың) кіші түрлерін орындау технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің болуы





2

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі:
1) кіші қызмет түрлері үшін өндірістік базаның (өндірістік үй-жайдың/ қойманың/цехтың) болуы:
мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіру;
көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар); мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
құрлықтағы; теңіздегі; ішкі су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау; кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі);
көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынамалау; көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою;
мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту;
құрлықтағы; теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар;
мұнай-химия өндірістерін пайдалануға;
2) жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; көмірсутек кен орындары үшін жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға байланысты қызметтің кіші түрі үшін – ғимарат немесе тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің) болуы





3

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде мұнай, газ, мұнай – газ конденсатын өндіру үшін – негізгі инженерлік құрылыстар мен қондырғылардың (резервуарлар және сепараторлар) болуы





4

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде:
1) Көмірсутегі кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер) үшін – ұңғымалық аспаптар мен жабдықтар (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғылардың (шығырлар);
2) көмірсутегі кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (геофизикалық жұмыстар) үшін – ұңғымалық аспаптардың ұңғымалық аспаптары (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу, акустикалық, электрлік және радиоактивті каротаж аспаптары) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғылардың (шығырлар);
3) көмірсутегі кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (сейсмикалық барлау жұмыстары) үшін – сейсмикалық станцияның және сейсмикалық барлау жабдықтарының болуы





5

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргізу үшін:
1) рұқсаттың не жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың;
2) жарылғыш заттарды сақтауға арналған қоймасы бар мамандандырылған ұйыммен қойма не шарттың;
перфорациялық жабдықтардың болуы





6

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде құрлықта; теңізде; ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін-бұрғылау қондырғысының, бұрғылау сорғысының, шығарындыға қарсы жабдықтың, бұрғылау ерітіндісін дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы





7

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде кен орындарында ұңғымаларды жер астында жөндеу (ағымдағы; күрделі) үшін – ұңғымаларды жөндеу жөніндегі көтергіш қондырғыны, шығарындыға қарсы жабдықтарды, сорғы агрегатын және дайындау торабын, жұмыс сұйықтығын циркуляциялау және тазалау торабының болуы





8

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде:
1) Көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу үшін – мамандандырылған цементтеу агрегаттары, жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының;
2) көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды сынау; игеру, сынамалаудан өткізу үшін –ұңғымаларды сынау, игеру, сынамалау бойынша көтергіш қондырғының,
шығарындыға қарсы жабдықтардың, сорғы агрегаттың, сыйымдылықтың болуы





9

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде көмірсутектер кен орындарындағы ұңғымаларды консервациялау; жою үшін - ұңғымаларды консервациялау және жою бойынша көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегаттың жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы





10

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту үшін – сорғы агрегаттарының болуы





11

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде құрлықтағы көмірсутектер кен орындарында; теңізде төгілудің алдын алу және жою жөніндегі жұмыстар үшін – құрлықта мұнай жинауға арналған мамандандырылған техника және (немесе) жабдықтардың; теңізде мұнай жинау құрылғысының, жүзетін резервуарлар мен бондық бөгеттердің болуы





12

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде мұнай-химия өндірістерін пайдалану үшін:
1) негізгі технологиялық қондырғылар мен жабдықтардың;
2) мұнай-химия өндірісі үшін қажетті қоймалардың;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген зертхананың немесе өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының болуы





13

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін:
1) көмірсутектер саласында жобалауға арналған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің (кен шоғырларының құрылымын, стратиграфиясын және қасиеттерін сипаттауды, көмірсутектерді өндіру көлемін әзірлеу және болжау жүйесін жобалау үшін мұнай және газ қабаттарын (кен шоғырларын) гидродинамикалық үлгілеуді, ұңғымаларды бұрғылауды жобалауды (ұңғымаларды өткізу, қысым градиенттерін және гидродинамикалық сипаттамаларды есептеу, бұрғылау және шегендеу бағаналарын есептеу, кен шоғырларын цементтеу процесін есептеу) көздейтін мұнай және газ кен орындарын геологиялық моделдеудің бойынша) болуы;
2) жобалау үшін пайдаланылатын арнайы техника және (немесе) жабдықтар (компьютерлер, принтер, плоттер (суреттерді, схемаларды, күрделі сызбаларды, карталарды және көлемі A0 немесе калькаға дейінгі қағаздағы басқа да графикалық ақпаратты үлкен дәлдікпен автоматты түрде сызуға арналған құрылғы), кәсіпшілік зерттеулерге арналған ұңғыма аспаптары (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларын (шығыр) орнату (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және жобалау үшін пайдаланылатын ұңғымада түсіру-көтеру операцияларын (шығырлар) орнатуының болуы





14

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану үшін:
1) магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнімдері құбырларының болуы;
2) қызметтің кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететін аспаптар мен жабдықтардың болуы;
3) магистральдық құбыржолдарды техникалық диагностикалау үшін – диагностикалық аспаптардың болуы;
4) магистральдық құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін -бақылау-өлшеу аспаптардың, құралдардың, жабдықтардың болуы;
5) қазіргі заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, жұмыс істеп тұрған өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту жөніндегі бекітілген бағдарламалардың; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламалардың) болуы





15

Қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың болуы:
1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;
2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) метрологиялық бақылау;
5) технологиялық процесті және берілген сападағы өнімдерді шығаруды сақтау ("мұнай-химия өндірістерін пайдалану" қызметінің кіші түріне ғана қолданылады);
6) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдаланудың технологиялық процесін сақтау ("магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану" қызметінің кіші түріне ғана қолданылады)





16

Біліктілік құрамының болуы:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі және көрсетілген салада кемінде 3 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар;
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі және көмірсутектер саласында кемінде 2 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар 3 маман





      Лауазымды тұлға (тұлғалар)

      __________________ _____________ _________________________________________

      (лауазымы)             (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      __________________ ____________ __________________________________________

      (лауазымы)             (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Бақылау субъектісінің басшысы

      __________________ _____________ __________________________________________

      (лауазымы)             (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады