"Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 наурызда № 22278 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте № 370-371 (26214) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларында:

      65-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1088 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар".";

      66-тармақтың екінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1088 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар" қосалқы шотының дебеті және 6086 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландырудан түсетін кірістер" қосалқы шотының кредиті.";

      85-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3040 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер";";

      85-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4040 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер".";

      88-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін түзуге немесе толықтыруға бюджеттік бағдарламалар әкімшісі берген негізгі қаражатты бухгалтерлік есепте көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мүлікті иелену бойынша уәкілетті органның шешімдері негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланстық құны бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерін (мемлекеттік кәсіпорындарды) түзуге немесе толықтыруға негізгі қаражатты беру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай жазба жүргізеді:

      2120 "Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" шотының дебеті 2300 "Негізгі құралдар" кіші бөлімі шоттарының кредиті;

      жинақталған амортизация сомасына:

      2391 "Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы" қосалқы шотының дебеті және 2300 "Негізгі құралдар" шоттарының кредиті.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (мемлекеттік кәсіпорындардың) жарғылық капиталына қаржылық инвестициялар негізгі қаражатты қайтару жолымен азайған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қабылдау-беру актісінің негізінде шоттардың кері корреспонденциясымен жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" (бұдан әрі – бағалау қызметі) Заңына сәйкес бағалаушы жүргізген берілетін негізгі құралдарды бағалау нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алуға ақы төлеу үшін негізгі құралдарды беру кезінде жазбалар жүргізіледі.

      Негізгі құралдарды қайта бағалау (жете бағалау):

      2300 "Негізгі құралдар" шотының дебеті және 5111 "Негізгі құралдарды қайта бағалауға резерв" қосалқы шотының кредиті;

      жинақталған амортизацияны түзету сомасына:

      5111 "Негізгі құралдарды қайта бағалауға резерв" қосалқы шотының дебеті және 2391 "Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы" шотының кредиті.

      Негізгі құралдарды беру:

      2120 "Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары" шотының дебеті және 2300 "Негізгі құралдардың" кіші бөлімі шоттарының кредиті;

      жинақталған амортизация сомасына:

      2391 "Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы" қосалқы шотының дебеті және 2300 "Негізгі құралдар" кіші бөлімі шоттарының кредиті";

      негізгі құралдарды қайта бағалау бойынша резервті есептен шығару:

      5111 "Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв" қосалқы шотының дебеті және 5220 "Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі" шотының кредиті.

      Негізгі құралдардың баланстық құнының азаюына әкеп соққан қайта бағалау кезіндегі операцияларды есепке алу осы Қағидалардың 269-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес негізгі құралдарды квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын құруға немесе толықтыруға берген кезде осы субъектінің мемлекеттік басқару органы болып табылмайтын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қаржылық инвестицияларды мемлекеттік басқару органына төленген акциялардың қабылдау-беру актісімен бірге мүлікпен берілетін қабылдау-беру актісін береді.

      Акциялардың мемлекеттік пакетін және мемлекеттік қатысу үлесін сенімгерлік басқаруға беру кезінде қаржылық инвестициялар сатып алу-сату шартын жасасу, тиісті бюджетке ақша қаражатын аудару және сатып алу-сату шартына сәйкес басқа да міндеттемелерді орындау сәтіне дейін мемлекеттік басқару органының есебінде көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілеріне эмиссияны жүзеге асырған, бірақ көрсетілген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы жоқ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік инвестициялық жоба аяқталғанға дейін қаржылық инвестициялардың есебін жүргізеді. Инвестициялық жоба аяқталғаннан кейін қаржы инвестициялары мемлекеттік басқару органының балансына беріледі.

      Ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы жоқ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жарғылық капиталға мемлекеттің қатысуы арқылы Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру кезінде көрсетілген заңды тұлғалардың қаржылық инвестицияларының бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 88-2-тармақпен толықтырылсын:

      "88-2. Инвестициялардың шығуы, оның ішінде беру, сату, тарату жолымен 7420 "Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар" шотының дебеті және 2120 Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары" қосалқы шотының кредиті бойынша жазбамен көрсетіледі.

      Инвестициялардың шығып қалуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілері қайта ұйымдастырылған жағдайларда инвестицияларды есепке алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы уәкілетті органның шешімдері негізінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, қайта ұйымдастырылған квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестициялар 7420 "Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар" шотының дебеті және 2120 "Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары" шотының кредиті бойынша көрсетіледі, жаңадан құрылған квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестициялар 2120 "Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары" шотының дебеті және 6360 "Өзге кірістер" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

      Резидент емес заңды тұлғаларға қаржылық инвестицияларды есепке алу осы Қағидалардың 88, 88-1, 88-2, 89, 90-тармақтарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.";

      154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "154. Дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу нәтижелері бойынша мынадай:

      1) дебиторлық берешек:

      өндіріп алуға сот бас тартқан, оның ішінде талап ету уақытының өтіп кету себебі бойынша;

      мүлкінің жетіспеуіне байланысты борышкерді таратқан кезде қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін кредит беруші мәлімдемеген;

      егер міндеттеме борышкердің қайтыс болуына байланысты тоқтатылса, егер атқару борышкердің жеке қатысуысыз жүргізіле алмаса немесе міндеттеме борышкердің жеке басына басқаша ажыратусыз байланысты болса;

      төрелік шешімдерінің не тараптар арасында дауды бейбіт реттеу туралы келісім жасасу негізінде;

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 26-бабының 7-тармағына сәйкес, оқудан шығарылған курсанттар мен кадеттерден мемлекет кірісіне қаражат өндіріп алу мәселелері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін заңды күшіне енген сот актілері бойынша қозғалған атқарушылық іс жүргізуді тоқтату негізінде жүзеге асырылады.

      2) кредиторлық берешек:

      кредитор таратылған жағдайда;

      кредитор қарызды кешкен жағдайда, егер борыштан босату туралы шешімді кредит беруші мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға қабылдаса;

      мемлекеттік мекемеден өндіріп алуға сот бас тартса, оның ішінде талап ету мерзімінің өтіп кету себебінен есептен шығаруға жатады.

      Мемлекеттік мекеменің басшысы есеп айырысуларды түгендеу актісін (онда басшының бұйрығына сәйкес комиссия құрамы, дебиторлардың және кредиторлардың атауы, берешектің сомасы, пайда болуын уақыты мен себебі көрсетіледі), сондай-ақ түгендеу комиссиясы хаттамасының негізінде бұл туралы он күн мерзімде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне хабарлай отырып, дебиторлық және кредиторлық берешекті есептен шығару туралы шешім қабылдайды.

      Есептеп шығарылған дебиторлық берешек 04 "Төлеуге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған берешегі" баланстан тыс шотына көшіріледі.";

      181-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайдаланылмаған демалыстар бойынша резервті есептеу есепті жылдың 31 желтоқсанына туындаған міндеттемелер бойынша жүргізіледі.";

      210-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Келесі есепті жылдың соңында, егер қорлар құнының өзіндік құнынан төмен төмендеуін туындатқан мән-жайлар қолданылмайтын болса немесе, егер өзгерген экономикалық жағдайлардың салдарынан таза сату құнының артуының айқын куәліктері болса, есептен шығару сомасы қалпына келтіріледі (бұл ретте қалпына келтіру есептен шығарудың бастапқы сомасы шегінде жүзеге асырылады). Осы операция 1360 "Қорлардың құнсыздануына арналған резерв" шотының дебеті және 5220 "Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі" шотының кредиті бойынша есепте көрсетіледі.";

      258-тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қару-жараққа (арттехқаруландыруға) және әскери техникаға;";

      276-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "276. Мемлекеттік мекеме негізгі құралдардың сатылуын баланстық құнға – 7420 "Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар" шотының дебеті және Шоттар жоспарының "Негізгі құралдар" кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде осы актив бойынша жинақталған амортизацияның сомасына – 2391 "Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы" қосалқы шотының дебеті және Шоттар жоспарының "Негізгі құралдар" кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті корреспонденцияларымен көрсетеді. Құнсызданудан бұрын есептелген резерв болған кезде шығып қалған ұзақ мерзімді активтер бойынша оның есептен шығуы жүзеге асырылады: 2392 "Негізгі құралдардың құнсыздануына арналған резерв" қосалқы шотының дебеті және "Негізгі құралдар" кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті.";

      278-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құнсызданудан бұрын есептелген резерв болған кезде, оның есептен шығуы шығып қалған ұзақ мерзімді активтер бойынша жүзеге асырылады: 2392 "Негізгі құралдардың құнсыздануына арналған резерв" қосалқы шотының дебеті және "Негізгі құралдар" кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті.";

      280-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Түгендеу нөмірлері негізгі құралдар объектілеріне олардың түсу шамасына қарай реттік-сериялық жүйе бойынша беріледі. Түгендеу нөмірі он екі белгіден тұрады: бірінші төрт белгі шотты/қосалқы шотты, бесінші және алтыншы белгі топты және соңғы алты белгі – заттың топтағы реттік нөмірін білдіреді. Топтар белгіленбеген шоттар/қосалқы шоттар бойынша бесінші және алтыншы белгі нөлмен белгіленеді.";

      360-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "баланстық құнға – 7420 "Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар" шотының дебеті және Шоттар жоспарының "Материалдық емес активтер" кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде осы актив бойынша жинақталған амортизация сомасына –2721 "Материалдық емес активтердің жинақталған амортизациясы" қосалқы шотының дебеті және Шоттар жоспарының "Материалдық емес активтер" кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті. Осы активтің құнсыздануына есептелген резерв болған кезде құнсызданудан шығынды есептен шығару жөнінде жазба жүзеге асырылады: 2722 "Материалдық емес активтердің құнсыздануына арналған резерв" қосалқы шотының дебеті және "Материалдық емес активтер" кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті;";

      390-1-тармақтың бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6086 " Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландырудан түсетін кірістер".";

      397-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "397. 6200 "Активтерді басқарудан алынатын кірістер" кіші бөлімінің шоттарында инвестиция объектісінің таза кірісінің бір бөлігінің түсімдерінен, акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтерден алынатын кірістер және заңды тұлғаларда қатысу үлестеріне кірістер, мүлікті жалдаудан алынатын кірістер, берілген қарыздар бойынша сыйақылар көрсетіледі.";

      413-тармақтың жиырма бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7330 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шығыстар";";

      466-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "466. Есепті кезеңдегі нәтижелер және қаржылық көрсеткіштер мынадай рәсімдерді пайдалана отырып қолданыстағы валютадан ұсыну валютасына қайта есептеуге жатады:

      1) әрбір берілген бухгалтерлік баланс бойынша активтер мен міндеттемелер (яғни салыстырмалы деректерді қоса алғанда) осы бухгалтерлік баланс күніндегі түпкілікті бағам бойынша қайта есептеуге жатады;

      2) қаржылық қызметтің нәтижелері туралы әрбір есеп бойынша жалпы кірістер мен шығыстар (яғни салыстырмалы деректерді қоса алғанда) операцияларды жүзеге асыру күніндегі бағам бойынша қайта есептеуге жатады;

      3) барлық туындаған бағамдық айырмалар таза активтердің/капиталдың жеке құрауышы ретінде тануға жатады. Оң бағамдық айырма 5114 "Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв" қосалқы шотының кредиті бойынша, бұрын есептелген резерв болған кезде теріс бағамдық айырма 5114 "Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв" қосалқы шотының дебеті бойынша көрсетіледі.

      Бұрын есептелген резерв болмаған кезде теріс бағамдық айырма 5220 "Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі" қосалқы шотының дебеті бойынша көрсетіледі.";

      479-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "479. Көрсетілген құндылықтарды есепке алу үшін мынадай баланстан тыс шоттар қолданылады:

      01 "Жалға алынған активтер" шотында – операциялық жалға алу шарты бойынша қабылданған активтер жалдау шартында көзделген құнында ескеріледі;

      02 "Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар" – шарттар бойынша ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды орындау үшін сатып алынған арнайы жабдықты, сондай-ақ шарттарда көзделген баға бойынша қайта өңдеуге қабылданған шикізат пен материалдарды қоса алғанда мемлекеттік мекеме жауапты сақтауға қабылдаған тауар-материалдық құндылықтар ескеріледі;

      03 "Қатаң есептілік бланкілері" – сақтаудағы және есепке берілетін қатаң есептілік бланкілері (есеп айырысу чек кітапшалары, түбіртек кітапшалары, аттестаттар, дипломдар, куәлік бланкілері, мемлекеттік мекемелердің фирмалық бланкілері, тамақтануға төленген талондар, демалыс үйлеріне, шипажайлар мен түристік базаларға төленген жолдамалар, пошталық маркалар мен мемлекеттік баж маркаларына) және басқа да қатаң есептілік бланкілерін мемлекеттік органдар бекіткен тізбелерге сәйкес есепке алынады;

      04 "Төлеуге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған берешегі" – төлеуге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған берешегі" шоты. Бүл шотта борышкерлердің мүліктік жағдайы өзгерген жағдайда оны өндіріп алу мүмкіндігін бақылау үшін баланстан есептен шығарған, "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағымен белгіленген тәртіппен өндіріп алуға үмітсіз деп танылған сәттен бастап бес жыл ішінде төлем қабілеті жоқ дебиторлардың берешегі есепке алынады. Бұл берешектерді өтеуге алынған сомалар баланстық шотта қайта қалпына келтіріледі және тиісті бюджеттің кірісіне беру бойынша мемлекеттік мекеменің бюджет алдындағы міндеттемесі ретінде танылады;

      05 "Қайтарылмаған материалдық құндылықтар үшін оқушылар мен студенттердің берешегі" – оқушылар мен студенттердің қайтармаған киім-кешек, төсек-орын, құралдар және басқа құндылықтар бойынша берешегі ескеріледі. Оқу орнының балансынан оқудан шығып қалған оқушылар мен студенттердің материалдық құндылықтарын есептен шығару олардың шығуы туралы бұйрықтардың негізінде жүргізіледі. Оқушылар мен студенттер қайтармаған материалдық құндылықтар баланстан тыс есепке алынады. Осындай мүлікті иеленуінен талап етуі 1994 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 260-бабына сәйкес жасалады;

      06 "Ауыспалы спорт жүлделері мен кубоктары" – түрлі мемлекеттік мекемелер бекіткен және олардан жеңімпаз командаларды марапаттау үшін алынған ауыспалы сыйлықтар, тулар, кубоктар ескеріледі (осы мемлекеттік мекемеде болған барлық кезеңі ішінде);

      07 "Жолдамалар" – қоғамдық, кәсіподақтық және басқа ұйымдардан қайтарымсыз алынған жолдамалар ескеріледі;

      08 "Әскери техниканың оқулық құралдары" – тирлерде, спорттық ату алаңдарында, әскери пәндер кабинеттерінде орналасқан барлық жабдықтар мен құралдар ескеріледі;

      09 "Мәдени мұра активтері" – мәдени мұралық активтер (мысалы, тарихи ғимараттар мен ескерткіштер, археологиялық қазбалар орны, қорықтар мен табиғи қорғалатын аумақтар, сондай-ақ өнер туындылары) ескеріледі;

      10 "Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік" – "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабымен көзделген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен), бағаланған мүліктің есепті күнге Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерімен расталған жиынтық сомасы есепке алынады;

      11 "Оқыту үшін қызметкерлердің берешегі". Осы шотта қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілерін оқыту бойынша берешек ескеріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады