Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрінің "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылдың 30 қаңтарындағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 наурызда № 22295 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрінің "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылдың 30 қаңтарындағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 қарашасында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:

      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлері бойынша және мынадай талаптарға сәйкес келетін кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады::

      1) банктер инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға беретін (оның ішінде жаңартылатын негізде), бұл ретте айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 50 (елу) пайызынан (бұдан әрі – %) аспайды. Егер осы кредиттің мөлшері қарыз алушының жалпы кредиттелетін сомасының 50 (елу) %-ынан аспаса, 100 (жүз) % айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит бойынша кепілдікті субсидиялауға жол беріледі;

      2) кредит мерзімі – 10 (он) жылдан аспайды;

      3) сыйақы мөлшерлемесі немесе ислам қағидаттарында қаржыландыруға қолданылатын кірістілік мөлшерлемесі теңгемен жылдық 17 (он жеті) %-дан артық емес мөлшерде;

      4) кредит валютасы – теңге;

      5) жеңілдікті кезең өткеннен кейін негізгі борышты жыл сайын тең үлестермен өтеумен

      6) ең жоғары сомасы 5 (бес) миллиард теңгеден артық емес;

      7) нысаналы мақсаты негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс, ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықты сатып алуға айналым қаражатын толықтыру болып табылады.

      4. Кепілдік мөлшері – негізгі борыш сомасынан 50 (елу) % - ға дейін (қоса алғанда), бірақ осы Қағидалардың 5-тармағын қоспағанда, 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден артық емес.

      5. Басым инвестициялық жобалар бойынша кепілдік мөлшері жоба пайдалануға берілгенге дейін негізгі борыш сомасының 85 (сексен бес) % - ына (қоса алғанда) дейін, бірақ 2 550 000 000 (екі миллиард бес жүз елу миллион) теңгеден артық емес. Жобаны пайдалануға бергеннен кейін кепілдік мөлшері осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес мөлшерге дейін төмендейді.";

      Басым инвестициялық жобалардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалған.

      Жоба бойынша ғимараттар мен құрылыс-жайларды пайдалануға беру актісін уәкілетті органда тіркеу және (немесе) уәкілетті органда техниканы тіркеу және /немесе құны жоба құнының кемінде 50 (елу) %-ын құрайтын жабдықтарды және (немесе) биологиялық активтерді қабылда-беру актісіне қол қою жобаны пайдалануға беру болып есептеледі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын кепілдік беру бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімдер бойынша төлем өтінімдер келіп түскен күнге сәйкес кезектілік бойынша келесі айда жүзеге асырылады.

      Субсидиялар көлемі тиісті қаржы жылына арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінімдер бойынша төлем өтінімдер келіп түскен күнге сәйкес кезектілік бойынша келесі қаржы жылында жүзеге асырылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен 10 күн өткесін қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігіні

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2021 жылғы 2 наурыздағы
№ 58 Бұйрыққа
қосымша
  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
7-қосымша
  Форма

Кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған алдын-ала өтінім

      Кімге_____________________________________________________________________

                        (облыстық жергілікті атқарушы орган)

      кімнен____________________________________________________________________

                        (Кепілгердің толық аты)

      Осымен "ҚазАгро" Холдингі" акционерлік қоғамының кепілдік беру жөніндегі еншілес ұйымы (бұдан әрі – Кепілгер) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларына сәйкес ___________ (қарыз алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі (бұдан әрі – АӘТ)/атауы) __________ қарыз алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі (бұдан әрі – АӘТ)/атауы) және ____________ (екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі – банк) атауы) кредитке өтінім берді, сол өтінім мақұлданған жағдайда кепілдемеге өтінім беру жоспарлануда.

      Кепілдік кредиттік шарт бойынша _______ (қарыз алушының атауы) _______ (банктің атауы) алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілді.

      Жоғарыда баяндалғанға байланысты, сізден _________тенге (кепілдеме соммасынан 29,9 (жиырма тоғыз бүтін оннан тоғыз) пайыз (бұдан әрі – %) мөлшерінде субсидияны мынадай дерекетемелерге аударуды сұраймыз:

      Өтінім беруші туралы мәліметтер

      АӘТ/атауы________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)

      __________________________________________________________________________

      Басшының АӘТ ___________________________________________________________

      Мекенжайы: _______________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: _____________________________________________________

      2. Екінші деңгейдегі банктегі шот бойынша мәліметтер:

      БСН______________________________________________________________________

      Бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ___________________________________________

      Банк деректемелері: _______________________________________________________

      Банктің атауы: ____________________________________________________________

      БСК (банктік сәйкестендіру коды) ____________________________________________

      ЖСК (жеке сәйкестендіру коды) _____________________________________________

      БСН _____________________________________________________________________

      Кбе _____________________________________________________________________

      3. Кредит туралы мәліметтер:

р/с№

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының ЖСН-сы/БСН-сы

Өнім (қаржыландыру) түрі (кредит немесе микрокредит)

1

2

3

4





      кестенің жалғасы

Кредиттің/ кредит желісінің сомасы және валютасы

Кредит беру мақсаты

Кредиттің/ кредит желісінің мерзімі

Сыйақы мөлшерлемесі, %

5

6

7

8





      4. Кепілдік туралы мәліметтер:

р/с№

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының ЖСН-сы/ БСН-сы

Кепілдік сомасы, теңге

Кепілдік мерзімі, жыл

1

2

3

4

5






      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер берілгені үшін жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім береміз.

      Кепілгер 20__ жылы "__" __________ сағат ____ қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Жұмыс органы 20__ жылы "__" ___________сағат ____ қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректері

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады