"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 343 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 наурызда № 22312 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 343 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14108 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мына:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шарт;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шарт жасасу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.";

      Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шарт";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шартта мынадай негізгі анықтамалар пайдаланылады:

      1) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтер сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      2) техникалық шарттар – электр желілеріне қосылу үшін қажетті техникалық талаптар;

      3) электр желісіне қосу – энергия өндіруші ұйымның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін/ қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін энергия беруші ұйымның электр желісіне физикалық қосу;

      4) электр желісіне қосу нүктесі – энергия өндіруші ұйымның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін/ қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін энергия беруші ұйымның электр желісімен физикалық қосу орны;

      5) электр желісіне қосу туралы акт – Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған, техникалық шарттардың орындалуын және электр желісіне қосылуды растайтын құжат;

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Шарттың мәні";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Энергия өндіруші ұйым техникалық шарттардың талаптарын толық көлемде орындауға және техникалық шарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін немесе қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін пайдалануға беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Энергия өндіруші ұйым:

      1) техникалық шарттардың талаптарын оларда белгіленген мерзімдерде және осы Шартқа сәйкес толық көлемде орындауға;

      2) кешенді сынақтар басталғанға дейін жүйелік оператормен электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөнінде қызметтер көрсетуге шарт жасасуға;

      3) кешенді сынақтар басталғанға дейін сатып алушымен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасуға;

      4) кешенді сынақтар басталғанға дейін энергия беруші ұйыммен электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасуға;

      5) техникалық шарттардың талаптарын орындағаннан кейін Электр желілік қағидалардың талаптарына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісіне/қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісіне кешенді сынақтар жүргізуге міндетті.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Энергия беруші ұйым:

      1) техникалық шарттарда көрсетілген электр желісіне қосылу нүктесін энергия өндіруші ұйымның техникалық шарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін резервке қоюға;

      2) осы Шарттың талаптарын толық көлемде орындаған кезде энергия өндіруші ұйым өтінім бергеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін/қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін электр желісіне қосуға және қуатын беруге рұқсат беруге міндетті.

      7. Энергия беруші ұйым:

      1) энергия өндіруші ұйымның техникалық шарттардың қолданылу мерзімі өткенге дейін берген өтініші бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу шартына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін/қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалануға берудің соңғы мерзіміне дейін техникалық шарттардың қолданысын ұзартуға;

      2) техникалық шарттардың талаптары орындалмаған жағдайда электр желісіне қосуға рұқсат беруден бас тартуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, энергия өндіруші ұйымды алдын ала жазбаша хабардар ете отырып, техникалық шарттарға тиісті өзгерістер енгізуге құқылы.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Дауларды қарау";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы Шарт Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және техникалық шарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе электр желісіне қосу туралы актіге қол қойылғанға дейін, бірақ бұрын басталуына қарай қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін /қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алу шартында көрсетілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жаңа объектіні пайдалануға қабылдау туралы актіні ұсыну мерзімінен кешіктірмей қолданылады.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Шартты бұзу талаптары";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Еңсерілмейтін мән-жайлар";

      13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тараптардың Шарт талаптарын орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы еңсерілмейтін күш мән-жайлары нәтижесінде болған жағдайда, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.

      14. Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауға еңсерілмейтін күш салдарынан, яғни аталған жағдайларда төтенше және шарасыздық жағдайлары салдарынан кедергі келтіретін оқиғалар (табиғат құбылыстары, әскери іс-қимылдар және төтенше жағдай) еңсерілмейтін күш мән-жайлары болып танылады.

      15. Еңсерілмейтін күш мән-жайлар әрекетіне тап болған Тарап, еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындау себептерін, сипатын және олардың болжамды ұзақтығын көрсетіп, растаушы құжаттарды ұсына отырып, олар туындаған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде екінші Тарапқа хабарлауға міндетті.";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Шарттың өзге де талаптары";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: :

      "16. Тараптар техникалық шарттарды орындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін/ қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін электр желісіне қосу аяқталғаннан кейін осы Шартқа қосымшаға сәйкес электр желісіне қосу туралы актіге қол қояды.";

      Электр желісіне қосу туралы акт осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шарт жасасу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 9 наурыздағы
№ 73 Бұйрыққа
1-қосымша
  Жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану объектілерін,
қалдықтарды энергетикалық
кәдеге жарату объектілерін қосу
туралы үлгілік шартқа
қосымша

      _______________________

      (актіге қол қою орны)

      "____" __________ 20__ жылы

Электр желісіне қосу туралы акт _______________________________________________________________ (жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінің/қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінің атауы)

      Мына құрамдағы комиссия:

      _________________ ________________________________________________;

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      _________________ ________________________________________________;

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      __________________________________________________________________;

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      20 ___ жылғы "____"___________ № __ шарттың талаптарына сәйкес 20 ___

      жылғы "____" ____________ жаңартылатын энергия көздерін пайдалану

      объектісін/қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін

      ______________________________ электр желісіне қосу жүзеге асырылғаны

      туралы осы актіні жасады

      Энергия беруші ұйымның өкілдері :

      _________________ ________________________________________________;

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      _________________ ________________________________________________;

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      _________________ ________________________________________________.

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      Мөрдің орны (бар болса)

      Энергия өндіруші ұйымның өкілдері:

      _________________ ________________________________________________;

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      _________________ ________________________________________________;

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      _________________ ________________________________________________.

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

      Мөрдің орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 9 наурыздағы
№ 73 Бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 27 шілдедегі
№ 343 бұйрығына
2-қосымша

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты жасасу қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты жасасу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шарт жасасу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жаңа немесе қазіргі объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді құруды (кеңейтуді, реконструкциялауды) жоспарлайтын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі – энергия өндіруші ұйым) және электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері тікелей қосылатын энергия беруші ұйым (бұдан әрі – энергия беруші ұйым) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді қосу туралы үлгілік шарт (бұдан әрі – үлгілік шарт) жасасады.

2-тарау. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты жасасу тәртібі мен мерзімдері

      3. Тиісті объектісі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін орналастыру жоспарына енгізілген энергия өндіруші ұйым энергия беруші ұйымнан желіге қосуға арналған техникалық шарттарды алған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы шарт жасасуға еркін нысандағы өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жібереді.

      Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) энергия өндіруші ұйымның құрылтай құжаттары;

      2) желіге қосуға арналған техникалық шарттар;

      3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығымен бекітілген Электр желілік қағидалар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электр желілік қағидалар) талаптарына сәйкес әзірленген электр станциясына қуатын беру схемасы;

      4) Электр желілік қағидалардың 4-тармағына сәйкес электр станциясына қуат беру схемасын келісу туралы энергия беруші ұйым мен жүйелік оператор хаттарының көшірмелері.

      4. Энергия беруші ұйым өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген, ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде энергия өндіруші ұйымға табыс етілмеген құжаттарды көрсете отырып, тиісті хабарлама жібереді.

      Энергия өндіруші ұйым энергия беруші ұйымның хабарламасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттарды ұсынады.

      5. Энергия өндіруші ұйым осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттарды толық көлемде ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде үлгілік шартқа сәйкес энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін қосу туралы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасады.

      6. Тараптар міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісін қосу туралы шарт Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне сәйкес бұзылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады