"Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 наурызда № 22334 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21364 болып тіркелген, 2020 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларында:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) жазылған.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы, лицензия туралы, бюджетке лицензиялық алымның төленгені (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және оларды жауапты жұмыскерді тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алынған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияны және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік лицензияға қосымшаны не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тартуды ресімдейді және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бұрын қағаз нысанында берілген болса, көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оларды электрондық форматқа ауыстырады және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысанын алады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2021 жылғы 12 наурыздағы
№ 75 бұйрығына
қосымша
  Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға
арналған лицензия
беру қағидаларына
1-қосымша

"Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

1) ветеринариялық мақсаттағы ветеринариялық препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия беру – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия беру – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде, оның ішінде заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 5 (бес) жұмыс күні;
2) заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік лицензияны және (немесе) мемлекеттік лицензияға қосымшаны беру, мемлекеттік лицензияны және (немесе) мемлекеттік лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу не уәжді бас тартуды беру.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес:
1) лицензия беру үшін ̶ 6 (алты) айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін ̶ лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде ̶ 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда ̶ жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған, электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтініші;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтініші;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтердің электрондық нысаны;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтердің электрондық нысаны.
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған, электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған, электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші;
2) ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған кезде, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған, электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған, электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді);
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға лицензияны қайта ресімдеу жүргізілген заңды тұлғаның келісімі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген шешімнің электрондық көшірмесі;
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтердің электрондық нысаны;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтердің электрондық нысаны.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы, лицензия туралы, бюджетке лицензиялық алымды төлеу туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметінен бас тарту үшін мыналар негіздер болып табылады

1) жеке немесе заңды тұлғалардың бұл санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/69 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10898 болып тіркелген) бекітілген ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмейді;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде құжаттардың ұсынылмауы немесе дұрыс ресімделмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастыру жағдайында, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге қажетті құжаттардың ұсынылмауы немесе дұрыс ресімделмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бұрын заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болғандар қатарынан басқа заңды тұлғаға қайта ресімделсе.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар: 1414, 8 (7172) 701 998.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www. gov. kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұранымы.

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші

      Кімге________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен_______________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (лерінің) толық

      атауын көрсету керек)

      ___________________________________________________________________

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ________________________

      _________________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық почтасы _____________________________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Факсы __________________________________________________________

      Банктік шоты_____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің

      мекенжайы ______________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағандығы;

      қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.

      Жеке тұлға

      __________ _____________________             ______________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңбасы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20___ жылғы "__" _______

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші

      Кімге_________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

      орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының

      немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лерінің) толық

      атауын көрсету керек)

      _______________________________________________________________

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

      беруіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________

      (почталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық почтасы ___________________________________________

      Телефондары __________________________________________________

      Факсы ________________________________________________________

      Банктік шоты __________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын

      объектінің мекенжайы __________________________________

      _______________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағандығы;

      қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.

      Осымен ұсынылған (толтырылған) ақпараттың дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болатынымды растаймын.

      Басшы

      _________________________________             _____________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңбасы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" ________________

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша

Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

      1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген, ветеринариялық талаптарға және технологиялық жабдық жиынтығының нормативтеріне сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтер:

      ветеринариялық-санитариялық қорытындының нөмірі мен берілген күні

      ____________________________________________________________________

      сәйкестендіру нөмірі __________________________________________

      2. Өндірілетін ветеринариялық препараттың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтары, өндірілетін ветеринариялық препараттардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін құрал-жабдықтармен жабдықталған аккредиттелген зертхананың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдармен сынақ жұмыстарын (көрсетілетін қызметтерді) орындау туралы шарттың болуы (өлшеу құралдарының типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары, көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдық, "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру туралы сертификаттар және (немесе) салыстырып тексеру таңбасының бедерлері* және/немесе өлшем құралдарын калибрлеу** туралы сертификаттар, сондай-ақ сынақ зертханасын аккредиттеу аттестаты не аккредиттелген сынақ зертханамен жасалған шарт):

      1) өлшеу құралдарының типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары: меншік құқығын растайтын құжат немесе заңды құқықтарды растайтын құжат

      _____________________________

      _____________________________________________ __________________

      өлшем құралдарының атауы және қысқаша сипаттамасы _________

      ______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      өлшем құралдарының мақсаты___________________________________

      _______________________________________________________________

      шығарылған жылы және шығарылған елі ___________________________

      зауыттық нөмірі және түгендеудің күні ____________________________

      техникалық паспорттың нөмірі ___________________________________

      2) көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған бақылау аспаптарына, қосалқы

      материалдарға, жабдықтарға дайындаушы зауыттардың пайдалану паспорттарынан

      алынған мәліметтер: бақылау аспаптарының, қосалқы материалдар мен жабдықтардың

      атауы және қысқаша сипаттамасы___________________

      ______________________________________________________________

      паспорт нөмірі_________________________________________________

      паспорттың берілген күні________________________________________

      паспорт берген орган ___________________________________________

      жабдықтың мақсаты____________________________________________

      3) өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру туралы сертификаттар және (немесе)

      салыстырып тексеру таңбасының бедерлері* және/немесе өлшем құралдарын

      калибрлеу** туралы сертификаттар:

      сертификаттардың нөмірлері______________________________________

      берілген күні _________________________________

      сертификаттарды берген орган __________________________

      сертификаттардың қолданылу мерзімі _____бастап ______дейін_______

      Еспертпе:

      * өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру таңбасының бедерлері – Заңға сәйкес мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшеу құралдары үшін;

      ** Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген құралдар "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген зертханаларда калибрлеуден өтеді.

      4) сынақ зертханасын аккредиттеу аттестаты не аккредиттелген зертханамен жасалған шарттар туралы мәліметтер:

      сынақ зертханасын аккредиттеу аттестатының нөмірі_________________

      берілген күні___________________________________________________

      аккредиттеу аттестатын берген орган ______________________________

      құжаттың қолданылу мерзімі _______ бастап _________ дейін_________

      аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың нөмірі _______________

      ______________________________________________________________

      Шарттың жасалған күні__________________________________________

      шарттың қолданылу мерзімі ______ бастап ________ дейін__________

      3. Ветеринариялық препараттар өндіруді регламенттейтін нормативтік техникалық

      құжаттаманың болуы:

      1) ветеринариялық препаратты өндіру жөніндегі ұйым стандарты, өндірушінің

      басшысы бекіткен, өндірілетін ветеринариялық препаратқа арналған дайындау және

      бақылау жөніндегі нұсқаулық (иә/жоқ)

      ____________________________________

      ______________________________________________________________

      2) өндірушінің басшысы бекіткен ветеринариялық препараттарды қолдану (пайдалану)

      жөніндегі нұсқаулық (иә/жоқ) _____________________

      3) микроорганизмдердің өндірістік және бақылау штамдарына арналған паспорттар:

      штамның мақсаты _______________________________________________

      штаммның нөмірі ________________________________________________

      шартты белгі ____________________________________________________

      штамды кім алды ________________________________________________

      алынған күні ____________________________________________________

      штамм қандай жануарлардан алынды _______________________________

      штамм қандай мекемеден алынды __________________________________

      материалдың сипаттамасы_________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (түрі, өлшеп-салу, тұрақтандыру тәсілі)

      серологиялық қасиеті _____________________________________________

      титрлеу нәтижелері _______________________________________________

      4. Заңды тұлғалар үшін: басшылар мен мамандардың білікті құрамының: ветеринариялық препараттар өндірумен тікелей айналысатын және өндірістік бақылау бөлімшелерінде "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және (немесе) "ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (колледж) білімі бар мамандардың (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер); ветеринариялық препараттар өндірумен тікелей айналысатын және өндірістік бақылау бөлімшелерінде биотехнологиялық, химиялық немесе биологиялық жоғары немесе орташа білімі бар мамандардың; ветеринариялық препараттар өндірумен тікелей айналысатын бөлімшелер басшыларының және/немесе өндірістік бақылау бөлімшесі жұмыскерінің мамандық бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіру және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің болуы.

      Жеке тұлғалар үшін: "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің және (немесе) "ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (колледж) білімнің, мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің, соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің болуы.

      1) техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы мәліметтер:

      жоғарғы оқу орнының атауы__________________________________________

      мамандық және біліктілік ____________________________________________

      лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары/орта білімі туралы

      дипломның нөмірі __________________________________________________

      дипломның берілген күні ____________________________________________

      2) маманданудан/біліктілікті арттырудан өткені туралы мәліметтер:

      маманданудан/біліктілікті арттырудан өткен мекеменің атауы ____________

      _________________________________________________________________

      пән ______________________________________________________________

      сертификаттың нөмірі ______________________________________________

      сертификаттың берілген күні_________________________________________

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша

Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

      1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген ветеринариялық талаптарға және технологиялық жабдық жиынтығының нормативтеріне сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтер:

      ветеринариялық-санитариялық қорытындының нөмірі мен берілген күні _

      ___________________________________________________________________

      Сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

      2. Стандарттау жөніндегі құжаттардың (ұлттық және өңірлік стандарттар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін өлшеулерді орындау әдістемелері) болуы.

      Өлшеу құралдарының типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдарының болуы, көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған бақылау аспаптарының, қосалқы материалдар мен жабдықтың болуы, "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру туралы сертификаттардың және (немесе) салыстырып тексеру таңбасының бедерлерінің* және/немесе өлшеу құралдарын калибрлеу** туралы сертификаттардың болуы, ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін стандартты тестілердің болуы:

      1) стандарттау жөніндегі құжаттар (ұлттық және өңірлік стандарттар, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін өлшеулерді орындау әдістемелері) иә/жоқ (құжаттың атауын көрсету керек):

      ________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      2) өлшеу құралдарының типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары:

      меншік құқығын растайтын құжат немесе заңды құқықтарды растайтын

      құжат _______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      өлшеу құралдарының атауы және қысқаша сипаттамасы _______________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      өлшеу құралдарының мақсаты______________________________________

      ____________________________________________________________________

      шығарылған жылы және шығарылған елі ___________________________

      ____________________________________________________________________

      зауыттық нөмірі және түгендеу күні_________________________________

      ____________________________________________________________________

      техникалық паспорттың нөмірі ____________________________________

      ____________________________________________________________________

      3) көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған бақылау аспаптарына, қосалқы материалдарға, жабдықтарға дайындаушы зауыттардың пайдалану паспорттарынан алынған мәліметтер:

      бақылау аспаптарының, қосалқы материалдар мен жабдықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы___________________

      паспорттың нөмірі_______________________________________________

      паспорттың берілген күні________________________________________

      паспортты берген орган __________________________________________

      жабдықтың мақсаты_____________________________________________

      4) өлшеу құралдарындағы салыстырып-тексеру туралы сертификаттар және (немесе) салыстырып-тексеру таңбасының бедерлері* және/немесе өлшеу құралдарын калибрлеу** туралы сертификаттар:

      сертификаттардың нөмірлері_____________________________________

      берілген күні___________________________________________________

      сертификаттарды берген орган_____________________________________

      сертификаттардың қолданылу мерзімі __________бастап ________ дейін;

      Еспертпе:

      * өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру таңбасының бедерлері – Заңға сәйкес мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшеу құралдары үшін;

      ** Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген құралдар "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген зертханаларда калибрлеуден өтеді.

      5) базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге арналған

      стандарттық тесттердің бар-жоғы туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________

      3. Заңды тұлға басшысының "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы.

      Заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесінің штатында: ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасында "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және (немесе) "ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (колледж) білімі, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіру және біліктілігін арттырудың басқа да түрлері бар мамандардың (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер) болуы:

      1) техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы мәліметтер:

      мамандық және біліктілік ________________________________________

      лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары/орта білімі туралы

      дипломның нөмірі ____________________________________________

      дипломның берілген күні ________________________________________

      жоғарғы оқу орнының атауы_______________________________________

      ___________________________________________________________________

      2) маманданудан/біліктілікті арттырудан өткені туралы мәліметтер:

      маманданудан/біліктілікті арттырудан өткен мекеменің атауы

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      пән ______________________________________________________________

      сертификаттың нөмірі ______________________________________________

      сертификаттың берілген күні_________________________________________

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
5-қосымша
  Нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші

      Кімге_________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрі(лері)нің толық атауы)

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) қайта ресімдеуді сұраймын

      (керегінің астын сызу) №__________ бастап 20___ жылғы "___" _________ берілген)

      _________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі

      (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды)

      берген лицензиардың атауы)

      ____________________________________________________________________

      жүзеге асыруға (қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрі(лері)нің толық атауы)

      (тиісті тор көзде Х көрсетіңіз):

      1) жеке тұлға-лицензиаттың атының, әкесінің атының (бар болса), тегінің өзгеруі

      _________________________________________________

      2) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, атауының өзгеруі

      _________________________

      3) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, заңды мекенжайының өзгеруі

      _____________________________________________________________

      4) қызмет түрі атауының өзгеруі _________________________________

      5) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ___________________________.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ____________________

      ____________________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық почтасы _____________________________________

      Телефондары ____________________________________________

      Факсы __________________________________________________

      Банктік шоты ____________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің

      мекенжайы __________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағандығы; қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.

      Жеке тұлға

      ________________________             _____________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңбасы )       (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" ________

  "Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
6-қосымша
  Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші

      Кімге_________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен_________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

      орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының

      немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) қайта ресімдеуді сұраймын

      (керегінің астын сызу) №__________ бастап 20___жылғы "___" _________ берілген

      ___________________________________________

      __________________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері),

      берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды)

      берген лицензиардың атауы)

      _______________________________________________________________

      жүзеге асыруға (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрі(лері)нің

      толық атауы) (тиісті тор көзде Х көрсетіңіз):

      1) заңды тұлға-лицензиаттың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы

      16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке

      сәйкес (тиісті тор көзде Х қою қажет):

      бірігу ___________________________________________________

      қайта құру _______________________________________________

      қосылу ____________________________________________________

      бөліп шығару ______________________________________________

      бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуы__________________________;

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ________________________

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі _____________

      4) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________________

      5) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ___________________________.

      Заңды тұлғаның мекенжайы _____________________________________

      (елі – шетелдік заңды тұлға үшін, почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық почтасы ________________________________

      Телефондары ________________________

      Факсы _____________________

      Банктік шоты ________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің

      мекенжайы ________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағандығы;

      қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.

      Басшы____________                   ________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңбасы)       (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" ________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады