Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 наурызда № 22346 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 77 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 17-1/207 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10924 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған").

      2. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11008 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған").

      3. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 9-3/278 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11065 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған").

      4. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 146 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13697 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған").

      5. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 496 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17921 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 299 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19258 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/278 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 280 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19547 болып тіркелген, 2019 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 17-1/207 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 70 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20096 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 198 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20845 болып тіркелген, 2020 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/278 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 шiлдедегi № 215 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20944 болып тіркелген, 2020 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 366 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21723 болып тіркелген, 2020 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады