БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсаны № 366 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Өтінімдерді қабылдау өңдеуші кәсіпорынның тіркелген орны бойынша тиісті жылдың 1 сәуірінен 1 желтоқсаны (қоса алғанда) аралығында жүзеге асырылады.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын (бұдан әрі – Тізбе).
2. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.03.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) қой шаруашылығындағы оператор – саулық басы 500 бастан басталатын, тауарлық отарларға асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды жалға беруді жүзеге асыратын, сондай-ақ одан әрі бордақылау үшін еркек тоқтыларды сатып алуды жүзеге асыратын шаруашылық;";
18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қаржы институты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған кредит беру шарты шеңберінде жергілікті атқарушы органға (көрсетілетін қызметті берушіге) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 17-нысан бойынша арнайы шотқа субсидиялар аударуға өтінім береді.";
көрсетілген Қағидаларға 2 және 5-қосымшалар осы Тізбеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім
_________________________________________ жергілікті атқарушы органына
(облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)
кімнен:______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Маған сары май/қатты ірімшік/құрғақ (сүт майы алынбаған, майы алынған)* өндіру үшін _______ килограмм көлемінде ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға ______________________ теңге (сома цифрмен және жазбаша) мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
атауы _____________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ______________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________
мекенжайы: __________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: _________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ______________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _______________________________________________________
кім берді _______________________________________________________
берілген күні __________________________________________________
мекенжайы: ___________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: __________________________________________
Жеке тұлға үшін дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері ________________________________________________
хабарламаның берілген күні ______________________________________
2. Өңдеуші кәсіпорынның екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:
ЖСН/БСН _____________________________________________________
бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ________________________________
банктің немесе почта операторының деректемелері: ___________________
банктің немесе почта операторының aтауы: ________________________
банктің сәйкестендіру коды ______________________________________
жеке сәйкестендіру коды ________________________________________
БСН __________________________________________________________
Кбе ____________________________________________________________
3. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсалған шығындарды (өтінім берілген сәттегі) растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер**:
№ | Шот-фактура нөмірі | Шот-фактураның берілген күні | Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы | Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм | Бағасы, килограмына теңге, ҚҚС-ны есептемегенде | Құны, теңге | Сатушының атауы және ЖСН-сы/БСН-сы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жиыны (нақты сатып алу бағасы көрсетіледі) |
4. Тиесілі субсидиялар есептемесі (автоматты түрде толтырылады):
Тереңдете өңделген өнімнің атауы | Өндірілген өнімнің көлемі, килограмм | Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті | Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу нәтижесі | Шот-фактурадан алынған деректер бойынша нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі, килограмм | Субсидия нормативі, теңге/килограмм | Қысқартылған субсидия нормативі, теңге/килограмм (бар болса) | Бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге |
Ескертпе:
* бір өңдеуші кәсіпорын тереңдете өңдеу өнімдерінің бірнеше түрін өндірген жағдайда, өтінім өнімнің әрбір түрі бойынша жеке-жеке беріледі.
**әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативі және дайындаушы ұйым бойынша мәліметтер жеке-жеке толтырылады.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.
Өтінім беруші 20__ жылғы "___"________сағат____ қол қойып, жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
ЭСҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.03.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушілерге қойылатын өлшемшарттар
р/с | Субсидиялау бағыты | Өлшемшарттар | САЖ-да субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеру әдісі | Өтінімді беру мерзімі |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | Өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-та және АЖБ-да барлық мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі. | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 15 сәуірден 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін |
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы |
1. Өсімді молайтуда асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды мынадай талаптарға сәйкес пайдалану:1) жиырма бес аналық басқа кемінде бір асыл тұқымды тұқымдық бұқа;2) қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау;3) жасы ағымдағы жылдың 1 маусымына 12 айдан кем болмауы;4) бұрын тұқымдық түрлендіруде пайдаланылмаған. | САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл | |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы |
1) аналық баста тиісті тұқым бойынша Республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;2) аналық басты асыл тұқымды тұқымдық бұқаларының ұрығымен қолдан ұрықтандыру немесе өсімін молайтуда бірінші санатты асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану; | САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл; | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу |
1) өтінімді берген сәтте пайдаланылатын тұқымдық бұқаның САТЖАҚ-та және АЖБ-да тіркелуінің болуы және деректерінің сәйкестігі;2) етті мал шаруашылығындағы операторда есепке алу нөмірінің және арнайы комиссияның оң қорытындысы бар сыйымдылығы кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңының сертификатталған болуы (тек етті мал шаруашылығындағы операторлар үшін);3) етті мал шаруашылығындағы оператордың шаруашылықпен/ауыл шаруашылығы кооперативімен жасалған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды жалдау шартының немесе осы өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған қоғамдық табында тауар өндірушілердің асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекітіп беру және пайдалану жөніндегі елді мекен тұрғындары - мал иелері жиыны хаттамасының болуы;4) асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды мынадай нормативтерге сәйкес пайдалану:жиырма бес аналық басқа кемінде бір асыл тұқымды тұқымдық бұқа есебінен; | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 15 сәуірден 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін |
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | 1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-та және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;2) мал басында тиісті тұқым бойынша Республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;3) сатып алынған мал басының жасы сатып алу сәтінде (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте):қашарлар - 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда);құнажындар - 13 айдан 26 айға дейін (қоса алғанда);бұқашықтар - 6 айдан 26 айға дейін (қоса алғанда);4) өсімін молайту мақсатында сатыпп алынған асыл тұқымды аналық мал басын өлім-жітімнің зоотехникалық нормасы шегінде пайдалану - кемінде екі жыл. | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі) |
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | |||
5. | Шығу тегі асыл тұқымдыға сәйкес келетін ірі қара малдың импортталған аналық басын сатып алу |
1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-та және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;2) тиісті Республикалық палата ұсынған бонитер берген экспорттық сертификаттың немесе бонитирлеу ведомосінің болуы;3) сатушыдан (экспорттаушыдан) карантинге қойылған кездегі сатып алынған аналық мал басының жасы 6 айдан 27 айға дейін қоса алғанда аспайды; | ||
6. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 50 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарына өткізілген немесе орны ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату |
1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-та және АЖБ-да өткізілген немесе орны ауыстырылған бұқашықтардың тіркелуінің болуы және мәліметтердің сәйкестігі; | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген немесе орны ауыстырылғаннан бастап алты айдың ішінде беріледі) |
7. | Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату | Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорынға арнайы комиссияның оң қортындысының болуы, онда:1) жобалық қуаты тәулігіне кемінде 1500 бас болатын ірі қара малды соятын және етін сүйектен ажырататын өз жабдығының болуы;2) сойылған ірі қара малдың қалдықтарын кәдеге жарататын өз жүйесінің болуы;3) халықаралық сапа стандартына (халықаралық аудитпен, тиісті сертификатпен расталған) сәйкес болуы. | САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген өнім үшін төлем алынған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі) |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу | 1) аналық мал басында тиісті тұқым бойынша Республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;2) тұқымдық бұқалар ұрығының асыл тұқымдық құндылығы индекстерінің болуы: асыл тұқымдық сапаларының кешенді индексі, бағалаудың сенімділігі, сүт сауымы, тоңмай, өнімді тіршілік ету кезеңі, төлдеу жеңілдігі, ұрықтылығы, соматикалық жасушалардың құрамы;3) сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығына асыл тұқымды куәліктің (сертификаттың) болуы;4) қажеттілік нормасы (бір басқа екі доза есебінен). | САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі) |
1.1 | бір жынысты | |||
1.2 | қос жынысты | |||
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу: | 1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-та және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;2) аналық мал басында тиісті тұқым бойынша Республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;3) сатып алынған мал басының жасы сатып алу сәтінде (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте):қашарлар - 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда);құнажындар - 13 айдан 26 айға дейін (қоса алғанда);бұқашықтар - 6 айдан 26 айға дейін (қоса алғанда);4) өсімін молайту мақсатында сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын өлім-жітімнің зоотехникалық нормасы шегінде пайдалану - кемінде екі жыл. | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі) |
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | өтінімді берген сәтте аналық мал басының САТЖАҚ-та және АЖБ-да тіркелген болуы және деректердің сәйкестігі (ауыл шаруашылығы кооперативтерін қоспағанда). | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі) |
3.1 | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | 1) әр сиырдан май, ақуыз және соматикалық жасушалар көрсеткіштері бойынша сауылымға зоотехникалық бақылау жүргізу үшін ай сайын сүт сынамаларын іріктеу (аккредиттелген зертханаларда);2) азықты жыл сайынғы зоотехникалық талдау;3) пайдалануға берілген немесе тиісті инфрақұрылыммен жаңғыртудан өткен, сиырларды байламай ұстауға арналған қора-жайы, автоматтандырылған сауу қондырғысы бар сауу залы (карусель, шырша, параллель, тандем, роботталған машина), азықтық цехтары, ветеринариялық пункты бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы. | ||
3.2 | Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | 1) әр сиырдан май, ақуыз және соматикалық жасушалар көрсеткіштері бойынша сауылымға зоотехникалық бақылау жүргізу үшін ай сайын сүт сынамаларын іріктеу (аккредиттелген зертханаларда);2) азықты жыл сайынғы зоотехникалық талдау;3) пайдалануға берілген немесе тиісті инфрақұрылыммен жаңғыртудан өткен, тасымалданатын сауу қондырғыларын қоса алғанда, автоматтандырылған немесе машинамен саууға арналған жабдығы, азықтық цехтары, ветеринариялық пункты бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы. | ||
3.3 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 1) әр сиырдан май, ақуыз және соматикалық жасушалар көрсеткіштері бойынша сауылымға зоотехникалық бақылау жүргізу үшін ай сайын сүт сынамаларын іріктеу (аккредиттелген зертханаларда);2) тасымалданатын сауу қондырғыларын қоса алғанда, машина саууға арналған жабдығы,сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жай; тасымалды сауу қондырғысын қоса алғанда, машинамен сауу;ветеринариялық препараттарды сақтау орны, малға арналған бекіткіші бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы. | ||
3.4 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 1) жеке сүт қабылдау пунктінің болуы немесе сүт өңдеу зауытынан 100 километрге (қоса алғанда) дейінгі қашықтық кезінде меншікті/жалға алынған сүт тасығыштың болуы;2) дайындалған сүтті сүт өңдеуші кәсіпорынға өткізу. | ||
4. | Ірі қара малдың эмбриондарын сатып алу құнын арзандату | 1) эмбрионның асыл тұқымды құндылық индекстерінің болуы: асыл тұқымдық сапасының кешенді индексі, бағалаудың сенімділігі, сүт сауымы, тоңмай, өнімді тіршілік ету кезеңі, төлдеу жеңілдігі, ұрықтылығы, соматикалық жасушалардың құрамы;2) эмбрионға асыл тұқымды куәліктің (сертификаттың) болуы. | САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін |
5 | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | 1) субсидия алуға арналағн өтінімде көрсетілген аналық мал басының САТЖАҚ-та және АЖБ-да тіркелген болуы және деректердің сәйкестігі;2) шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаның ұрығымен қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша шарттың болуы;3) осы өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша ұрықтандырылған ірі қара малдың аналық басын ұрықтандыру және зерттеп-қарау актісінің болуы;4) асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығына Республикалық палата берген асыл тұқымдық куәліктің болуы;5) асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің тізіліміне енгізілген асыл тұқымды орталықтан ұрпақтарының сапасы бойынша бағаланған, жеке таңбасы бар асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығын сатып алуға арналған шарттың болуы. | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін |
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | 1) өтінімді берген сәтте асыл тұқымды тәуліктік балапанның САТЖАҚ-та тіркелген болуы;2) Республикалық палата берген асыл тұқымды мәртебенің болуы. | САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі) |
2. | Құс етін өндіру құнын арзандату | 1) жылына 500 тонна құс етінің нақты өндірісі (қызметін 12 айдан аз жүзеге асыратын тауар өндірушілер үшін өндірістің нақты көлемі қызмет кезеңіне айларға бөлінген және 12 айға көбейтілген өндірілген өнімнің нақты мәлімделген көлеміне сүйене отырып анықталады);2) жаңадан салынған немесе технологиялық жабдық бойынша жаңғыртудан өткен (құстарды күтіп-бағуға арналған жабдық, азықтандырудың, сумен жабдықтаудың, желдетудің автоматтандырылған жүйесі, құс сою желісі (сою цехы)) құс фабрикасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы;3) тізбеленген сертификаттардыңң (ИСО, ХАССП азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі) бірінің болуы. | САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі) |
3. | Күрке тауық етін өндіру құнын арзандату | |||
4. | Суда жүзетін құс етін өндіру құнын арзандату | 1) жылына 20 тонна құс етінің нақты өндірісі (қызметін 12 айдан аз жүзеге асыратын тауар өндірушілер үшін өндірістің нақты көлемі қызмет кезеңіне айларға бөлінген және 12 айға көбейтілген өндірілген өнімнің нақты мәлімделген көлеміне сүйене отырып анықталады);2) құстарды күтіп-бағуға арналған қора-жайы, союға арналған жабдығы бар құс фабрикасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы. | САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі) |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | Импорт кезінде: финалдық нысандағы тәуліктік балапанға асыл тұқымды куәліктің (сертификаттың) және/немесе финалдық нысандағы тәуліктік балапан алынған ата-енелеріне асыл тұқымдық куәліктің (сертификаттың) болуы;Елдің ішінде сатып алғанда: өтінім берген сәтте финалдық нысандағы тәуліктік балапанның ата-енелерінің Республикалық палатада тіркелген болуы. | САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі) |
2. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | |||
2.1 | 200 миллион данадан басталатын нақты өндіріс |
1) құс етінің нақты өндірісі жылына 20 млн. данадан бастап (қызметін 12 айдан аз жүзеге асырып келе жатқан тауар өндірушілер үшін қызмет кезеңі айларға бөлініп, 12 айға көбейтілген өндірілген өнімнің нақты мәлімделген көлеміне сүйене отырып айқындалады); | САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі) |
2.2 | 150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | |||
2.3 | 100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | |||
2.4 | 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | |||
2.5 | 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | |||
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | Өтінімді берген сәтте барлық мал басын САТЖАҚ-та және АЖБ-да тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі. | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін |
1.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы |
1) аналық баста Республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы; | САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл | |
1.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы |
1) мынадай талаптарға сәйкес аналық басты қолдан ұрықтандыруды пайдалану және (немесе) асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды (өзінің қошқарларын немесе жалдау шарттарымен) өсімді молайтуда пайдалану және оларды бұрын тұқымдық түрлендіруде пайдаланылмаған қошқарларға ауыстыру: | САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін |
2. | Асыл тұқымды қойларды сатып алу | 1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-та және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;2) сатып алынған мал басының жасы (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте):тұқымдық қошқарлар - 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда);қойлардың аналық басы - 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда);3) өсімін молайту мақсатында сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын өлім-жітімнің зоотехникалық нормасы шегінде пайдалану - кемінде екі жыл. | САТЖАҚ-пер және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі) |
3. | Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдалынылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу |
1) өтінім берген сәтте жалға алушыда 500 бас қойдың аналық басының болуы; | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін |
4 | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 5000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарына өткізілген қошқарлардың құнын арзандату |
1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-та және АЖБ-да өткізілген немесе орны ауыстырылған қошқарлардың тіркелуі және мәліметтердің сәйкестігі; | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген немесе орнын ауыстырған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі) |
5. | Қойлардың эмбриондарын сатып алу құнын арзандату | 1) донор ретінде пайдаланатын асыл тұқымды малда өз өнімділігі бойынша бағаның болуы;2) эмбрионға асыл тұқымдық куәліктің (сертификаттың) болуы. | САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін |
6. | Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық бастарын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | 1) субсидияларды алуға арналған өтінімде көрсетілген аналық мал басының САТЖАҚ-та және АЖБ-да тіркелуінің болуы және деректердің сәйкестігі;2) шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық бастарын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша шарттың болуы;3) осы өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша қойлардың аналық бастарын ұрықтандыру туралы актінің болуы;4) өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық қошқардың болуы. | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 1 мамырдан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін |
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларды сатып алу | 1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-та және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;2) сатып алынған мал басының жасы (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте) - 18 айдан 60 айға дейін (қоса алғанда);3) өсімін молайту мақсатында сатып алынған асыл тұқымды тұқымдық айғырды өлім-жітімнің зоотехникалық нормасы шегінде кемінде екі жыл пайдалану. | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі) |
Түйе шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды тұқымдық түйелерді сатып алу | 1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-та және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;2) сатып алынған малдың жасы (елдің ішінен сатып алған кезде - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде, импорттаған кезде - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте) - 12 айдан 60 айға дейін (қоса алғанда);3) өсімін молайту мақсатында сатып алынған асыл тұқымды тұқымдық түйені өлім-жітімнің зоотехникалық нормасы шегінде кемінде екі жыл пайдалану. | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі) |
Шошқа шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды шошқаларды сатып алу |
1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-та және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;2) сатып алынған жануар басының жасы: ел ішінен сатып алынған жағдайда асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде - 3 айдан 12 айға дейін (қоса алғанда); | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі) |
2. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | 1) өтінімді берген сәтте барлық мал басын, содай-ақ кемінде 50 бас мегежінді САТЖАҚ-та және АЖБ-да тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;2) өсімді молайтуда аналық және шошқа басын толықтыратын басты қолдан ұрықтандыруда пайдалану немесе зоотехникалық нормативтерге сәйкес асыл тұқымды тұқымдық еркек шошқаларды қолдан шағылыстыру кезінде елу басқа кемінде бір өндіруші еркек шошқаны немесе қолдан ұрықтандыру кезінде екі жүз басқа кемінде бір өндіруші еркек шошқаны пайдалану;3) тұқымдық еркек шошқаларды қатарынан екі жылдан артық пайдаланбау. | 1) және 3) САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл2) САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін |
Жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен | ||||
1. | Маралдардың (бұғылардың) аналық бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу |
1) өтінімді берген сәтте мал басын САТЖАҚ-та және Республикалық палатада тіркеудің болуы;2) аталықтардың жасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 36 айдан кем болмауы; | САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін |
2. | Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу |
1) САТЖАҚ-та кемінде 10 балара ұясының болуы және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы №136 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6334 болып тіркелген) бекітілген Есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарын есепке алу дәптерінен үзінді көшірменің | САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 15 сәуірден 1 қазанға (қоса алғанда) дейін |
3 | Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату: | Өтінімді берген сәтте аналық мал басының САТЖАҚ-та және АЖБ-да тіркелуі және деректердің сәйкестігі. | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін |
3.1 | Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы | Өтінімді берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен қашарлардың) меншікті аналық басының 600 бастан кем емес болуы. | ||
3.2 | Ірі қара малдың аналық басы | 1) өтінімді берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен қашарлардың) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;2) жайылымның болуы. | ||
3.3 | Ұсақ малдың аналық басы | 1) өтінімді берген сәтте меншікті қойдың/ешкінің аналық басының (12 айдан асқан) 300 бастан кем емес болуы;2) жайылымның болуы. | ||
3.4 | Жылқылардың аналық басы | 1) өтінімді берген сәтте меншікті аналық басының (36 айдан асқан) 50 бастан кем емес болуы;2) жайылымның болуы. | ||
3.5 | Түйелердің аналық басы | 1) өтінімді берген сәтте меншікті аналық басының (36 айдан асқан) 50 бастан кем емес болуы;2) жайылымның болуы. | ||
4. | Ешкілердің асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу |
1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-та және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі;2) сатып алынған мал басының жасы (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте) ешкілердің басы - 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда); | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі) |
5 | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату |
1) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-та және АЖБ-да аналық мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі; | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі) |
6 | Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату |
1) өтінімді берген сәтте аналық мал басын тіркеудің САТЖАҚ-та және АЖБ-да болуы және деректердің сәйкестігі; | САТЖАҚ-пен және АЖБ-мен интеграцияланған өзара іс-қимыл | ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі) |
Ескертпе:
Жануарларды күнтізбелік жыл ішінде сатып алған кезде ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар сомасының есебі жануарларды АЖБ-да тіркеген сәттен бастап жүзеге асырылады.
Мыналар субсидиялауға жатпайды:
1) бұрын сатып алу кезінде құнын арзандатуға субсидияланған, айырбас бойынша өзара есеп айырысу есебіне сатып алынған немесе өсімін молайту үшін пайдаланылмайтын жануарларды, асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу;
2) ағымдағы шағылыстыру маусымында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізілгені үшін субсидиялау бағыты бойынша ағымдағы жылы субсидияланған ірі қара малдың, қойдың, маралдардың аналық басымен және балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс;
3) ағымдығы жылы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды/асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды күтіп-бағу бағыты бойынша субсидияланған табындарда/отарларда өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқалар/асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар;
4) ауыл шаруашылығы кооперативтерін қоспағанда, тауар өндірушілер басқа жеке және заңды тұлғалардан одан әрі қайта сату және (немесе) өңдеу үшін сатып алған бұқашықтар/қошқарлар және мал шаруашылығы өнімдері;
5) тұқымдық түрлендіру нәтижесінде алынбаған, сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылауға және сою қуаты тәулігіне 50 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарына өткізілген немесе орны ауыстырылған бұқашықтар (асыл тұқымды аналық малдан алынған бұқашықтарды қоспағанда);
6) тұқымдық түрлендіру нәтижесінде алынбаған, сыйымдылығы бір уақытта кемінде 5000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылауға және сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарына өткізілген немесе орны ауыстырылған қошқарлар (асыл тұқымды аналық малдан алынған қошқарларды қоспағанда);
7) етті құс шаруашылығының жанама өнімдері – аяқтары, бастары, ішкі органдары;
8) қаптамасыз өткізілген өңделген сүт;
9) тауар өндірушілер, соңғы он екі айда асыл тұқымды мақсаттарға меншікті асыл тұқымды аналық мал басын сатқан жағдайда отандық асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу құнын арзандатуға субсидиялар алуға;
10) сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсыну және/немесе басқа мақсаттарға (құрылыс-монтаждау жұмыстары, техника/жабдық сатып алу, айналым қаражатын толықтыру) қаржыландыру көзделген кредит беру шарттарын қоспағанда, сатып алынатын импортталған асыл тұқымды ірі қара малды/қойларды немесе шығу тегі асыл тұқымдыға сәйкес келетін ірі қара малдың импортталған аналық басын қоспағанда, кредит беру шартында қосымша кепіл талабы көзделген жағдайда, арнайы шотқа аудару бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімдер;
11) ағымдағы жылы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізгені үшін субсидияланған қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет көрсеткені үшін аналық мал басы;
12) Қазақстан Республикасы аумағында орналаспаған, сүт өңдеу кәсіпорнына өткізілген сүт;
13) өтінім берген сәтте шаруашылықтағы аналық мал басынан тумаған бордақылау алаңдарына немесе ет өңдеу кәсіпорындарына өткізілген немесе орны ауыстырылған бұқашықтар/қошқарлар;
14) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес САТЖАҚ-та және АЖБ-да тіркелген мал басы туралы деректердің (жануардың сәйкестендіру нөмірі, жынысы, тұқымы, туған күні) алшақтығы бар тауар өндірушілер;
15) өткен жылы шығын келтірілген ауыл шаруашылығы жануарларының азыққа жұмсалған шығын құнын арзандату, сондай-ақ, ағымдағы жылы бұрын субсидияланған азық шығындарының құнын арзандатуға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары.
Субсидиялар алуға берілген өтінімдер шеңберінде тауар өндірушінің міндеттемелерді орындамауы алынған субсидияны қайтаруға негіз болып табылады.
аббревиатуралардың толық жазылуы:
САЖ – субсидиялаудың ақпараттық жүйесі;
САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры;
ХАССП (ағылшын тілінен HACCP – Hazard Analysіs and Crіtіcal Control Poіnts) – тәуекелдерді және сыни бақылау нүктелерін талдау үшін әзірленген және қабылданған халықаралық стандарт;
ИСО (ағылшын тілінен ІSO – Іnternatіonal Standard for Organіzatіon) – стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың дүниежүзілік федерациясы әзірлеген және қабылдаған халықаралық стандарт.
Субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушінің өлшемшарттарына 1-қосымша |
|
Нысан |
Елді мекен тұрғындары – мал иелері жиынының жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған қоғамдық табында асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекітіп беру және пайдалану жөніндегі хаттамасы
1. Елді мекен __________________________________________________
(өңірдің, елді мекеннің атауы)
2. Жиынның өткізілген күні 20___ жылғы "_____"_____________.
3. Жиынға малдары бар мал иелері __________ адам қатысты.
4. Ағымдағы жайылым маусымында қоғамдық табындағы ірі қара малдың ______________________________________________ аналық басын асыл тұқымды тұқымдық бұқалармен еркін шағылыстыруды ұйымдастыру жоспарлануда.
5. Асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды өсімді молайтуда зоотехникалық нормативтерге сәйкес пайдалану.
6. Қоғамдық табынның 6 айдан асқан тұқымсыз бұқаларын піштіру.
Қоғамдық табында тұқымдық бұқаларды бекітіп беру және пайдалану бойынша тұрғындар жиынына қатысушылардың тізімі
____________________________________________________________________
(өңірдің, елді мекеннің атауы)
Р/с | Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Қолы | Күні |
1. | ||||
2. | ||||
3. |
Жиынды өткізу қорытындылары бойынша жоғарыда көрсетілген елді мекен тұрғындары:
1) қоғамдық табында асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану туралы;
2) аталған қоғамдық табынның барлық тұқымсыз бұқаларын піштіру туралы шешім қабылдады.
Қоғамдық табында бекітілген тұқымдық бұқалардың тізімі:
р/с | Асыл тұқымды тұқымдық бұқаның бірдейлендіру нөмірі | Тұқымы | Тіркеу нөмірі | Бұқаның иесі |
1. | ||||
2. | ||||
3. |
Қоғамдық табындағы аналық бастың тізімі:
р/с № | Аналық бастың бірдейлендіру нөмірі | Тұқымы | Аналық мал басы иесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі |
1. | |||
2. | |||
3. |
Асыл тұқымды бұқаны жалға беретін жеке/заңды тұлға
______________ _________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Ауылдық округ әкімі ____________ _______________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Тұрғындар жиынының хатшысы ________ _________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Осы хаттаманың сканерленген көшірмесі мен мәліметтерін тиісті ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында орналастыруға тиіс.
Субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушінің өлшемшарттарына 2-қосымша |
|
1-нысан |
Ірі қара малдың аналық басын ұрықтандыру және зерттеп-қарау туралы акт
20___ жылғы "___"_______________ № _______
Біз, ұрықтандырушы-техник _____________________________________,
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
және шаруашылық/кооператив басшысы___________________________
___________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
төмендегі тізімдемеге сәйкес ______ бас аналық бас қолдан
ұрықтандырылғаны және зерттеп-қарау нәтижелері бойынша ірі қара малдың
_________ аналық басының нақты ұрықтандырылғаны анықталғаны туралы осы актіні жасадық.
Р/с № | Шаруашылықтың/ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы | Мал иесінің мекенжайы (елді мекен атауы) | Малдың бірдейлендіру нөмірі | Ұрықтандырылған күні | Зерттеп- қарау күні | Зерттеп-қарау нәтижесі |
Біз осы алынған төлді САТЖАҚ-та және АЖБ-да тіркеу және осы актінің мәліметтерін САТЖАҚ-қа енгізу міндеттемелерін қабылдаймыз.
Ұрықтандырушы-техник
______________ _____________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Шаруашылық/кооператив басшысы _______ ________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
2-нысан |
Қойдың аналық басын ұрықтандыру туралы акт
20__жылғы "___"_______________ № _______
Біз, ұрықтандырушы-техник ____________________________________,
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
және шаруашылық/кооператив басшысы____________________________
________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
төмендегі тізімдемеге сәйкес ______ бас қолдан ұрықтандырылғаны туралы осы актіні жасадық:
Р/с № | Шаруашылықтың атауы | Мал иесінің мекенжайы (елді мекен атауы) | Малдың бірдейлендіру нөмірі | Ұрықтандырылған күні |
Біз осы алынған төлді САТЖАҚ-та және АЖБ-да тіркеу және осы актінің мәліметтерін САТЖАҚ-қа енгізу міндеттемелерін қабылдаймыз.
Ұрықтандырушы-техник______________ _________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Шаруашылық/кооператив басшысы___________ _____________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Арнайы комиссияның субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушінің инфрақұрылымының сәйкестігі туралы қорытындысы
20 ___ жылғы "___" _______ |
1. Тауар өндірушінің атауы: ______________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/ заңды тұлғаның атауы)
2. Тауар өндірушінің мекенжайы:___________________________________
3. Шаруашылықтың есепке алу нөмірі _____________________________
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес шаруашылықтың қызмет түрінің коды: ____________________________________________________________________
5. Субсидиялау бағыты___________________________________________
6. Өткен жылғы нақты өндіріс (24-СХ нысаны бойынша жылдық статистикалық деректердің негізінде, қызметін 12 айдан аз жүзеге асырып келе жатқан тауар өндірушілер үшін нақты өндіріс көлемі айлардағы қызмет кезеңіне бөлініп, 12 айға көбейтілген өндірілген өнімнің нақты мәлімделген көлеміне сүйене отырып айқындалады)___________________________________
Аталған шаруашылықтарды қарап-тексеру және деректерді салыстырып-тексеру нәтижелері бойынша арнайы комиссия мынадай шешім қабылдайды:
Өлшемшарттар мен талаптар | Сәйкес келеді | Сәйкес келмейді |
Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас бұқашықтарды бордақылау алаңы: | ||
Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 5000 бас қошқарларды бордақылау алаңдары: | ||
Тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал/ тәулігіне кемінде 300 бас қой соятын ет өңдеуші кәсіпорындар: | ||
Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорын онда: | ||
Бағымдағы сиыр басы 600 бастан басталатын шаруашылықтар: пайдалануға берілген немесе тиісті инфрақұрылыммен жаңғыртудан өткен, | ||
Бағымдағы сиыр басы 400 бастан басталатын шаруашылықтар: пайдалануға берілген немесе тиісті инфрақұрылыммен жаңғыртудан өткен, | ||
Бағымдағы сиыр басы 50 бастан басталатын шаруашылықтар:1) сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жай; | ||
Етті құс фабрикасы: | ||
Суда жүзетін құс етін өндірумен айналысатын құс фабрикасы, онда:1) құстарды күтіп-бағуға арналған қора-жай;2) союға арналған жабдық бар. | ||
Жұмыртқалы құс фабрикасы:1) жылына 20 миллион данадан бастап нақты өндіріс;2) жаңадан салынған немесе технологиялық жабдық бойынша жаңғыртудан өткен (құстарды күтіп-бағуға арналған жабдық, азықтандырудың, сумен жабдықтаудың, желдетудің автоматтандырылған жүйесі, жұмыртқаларды сортқа бөлуге арналған автоматтандырылған машина);3) тізбеленген сертификаттардың (ИСО, ХАССП азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі) бірінің болуы. |
Ескертпе: қарап-тексеру нәтижелері бойынша тиісті бағанға әрбір өлшемшарт пен инфрақұрылым бойынша жеке-жеке қанат белгісі қойылады.
Арнайы комиссияның қорытындысы: _______________________________
_______________________________________________________________
Арнайы комиссияның құрамы:_____________________________________
_______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, (ұйымның атауы және лауазымы) (қолы)
_________________________________________ __________ ___________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, (ұйымның атауы және лауазымы) (қолы)
Тауар өндірушінің қолы___________________________________________
Осы қорытынды субсидиялаудың ақпараттық жұйесінде және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында орналастырылуы тиіс.
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ХАССП (ағылшын тілінен HACCP – Hazard Analysіs and Crіtіcal Control Poіnts) - тәуекелдерді және сыни бақылау нүктелерін талдау үшін әзірленген және қабылданған халықаралық стандарт;
ИСО (ағылшын тілінен ІSO – Іnternatіonal Standard for Organіzatіon) - стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың дүниежүзілік федерациясы әзірлеген және қабылдаған халықаралық стандарт.