"Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ - 305/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № ҚР ДСМ - 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 наурызда № 22349 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулардың номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту турал" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -305/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген, 2020 жылғы 24 желтоқсандағы ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1 қосымша:

      Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен маманданулар номенклатурасында:

      5-тарауда:

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. Зертханалық диагностика";

      140-145-тармақтар алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрыққа 3 қосымша:

      Денсаулық сақтау жұмыскерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарында:

      2- тарауда:

      1-параграфтың 5-тармағының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" даярлау бағыты бойынша жоғары білім (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім) және (немесе) МВА executive немесе full time дәрежесі, басшылық лауазымдарда кемінде бейін бойынша 5 жыл жұмыс өтілі.";

      2-параграфтың 8-тармағының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" дайындық бағыты бойынша жоғары білім (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім) және (немесе) МВА executive немесе full time дәрежесі, басшылық лауазымдарда кемінде бейін бойынша 2 жыл жұмыс өтілі.";

      3-параграфтың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Бизнес, басқару және құқық" дайындық бағыты бойынша жоғары (және/ немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономика, қаржы, құқықтық) немесе инженерлік-техникалық білімі және басшылық лауазымдарда бейін бойынша немесе денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілі немесе қосымша "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болған жағдайда басшылық лауазымдарда бейін бойынша немесе денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілі.";

      3-тарауында:

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Дәрігер (бейінді маман)*";

      2-параграфтың 26-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "*Ескертпе:

      Эпидемиологиялық жағдайды және инфекцияның репродуктивтілік көрсеткішін ескере отырып (бір науқасты оқшаулағанға дейін жұқтыратын адамдар саны)– 1,0, сондай-ақ стационарлардың төсек қорының бос болмау пайызы - 50% және одан да көп, карантиндік объектілерде (инфекциялық, провизорлық, карантиндік стационарлар) медициналық көмек көрсетуге резидент-дәрігерлер, сондай-ақ осы бұйрықтың 1 қосымшада көрсетілген өзге мамандық бойынша маманның қолданыстағы сертификаты болған кезде олардың келісімімен медицина қызметкерлері жіберіледі."

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Еңбек

      және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады