Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 148 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 наурызда № 22363 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің және әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылдың 18 мамырдағы № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20684 болып тіркелген, 2020 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің және әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының жедел басқаруында тұрған әскери мүлікті есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру тәртібін нақтылайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының бөлімшелерінде (бұдан әрі – мемлекеттік мекемелер) жарамсыз (шекті) жағдайға келген негізгі құралдар санатына жататын әскери мүлікті, материалдық емес активтерді немесе жоғалған қаруды, әскери және автомобильдік техниканы және өзге де әскери мүлікті есептен шығару "Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      Пайдаланылмайтын мүлкті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өндеу "Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өндеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жолдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      Запастар санатына жататын әскери мүлікті есептен шығару "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығының талаптарына және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің теңгерімінде есепте тұрған негізгі құралдар санатына жататын әскери мүлікті есептен шығаруды осы мемлекеттік мекемелер жоғары тұрған ұйыммен келісім бойынша жүргізеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тері-тон бұйымдарын, пималарды, жылы унтыларды, технологиялық кір жуу жабдықтарын, тыл қызметтерінің далалық техникалық құралдарын (оның ішінде базалық шассиді қоспағанда, май құю, сақтау, сору, сапасын бақылау, механизациялау және қосалқы құралдар), тігін және етікші машиналарының барлық түрлерін, қаптамаларды, етікші нығыздағыштарын, душ және дезинфекция қондырғылары мен камераларын (базалық шассиді қоспағанда), шатырлардың барлық түрлері мен модификацияларын, радиациялық, химиялық және биологиялық барлау, дозиметрлік бақылау аспаптарын, ұжымдық қорғау және арнайы өңдеу жинақтарын, ғимараттар мен құрылыстарды есептен шығару үшін әскери бөлім (жоғары әскери оқу орны, бөлімше) командирінің (бастығының) бұйрықтарымен комиссиялар құрылады. Аталған мүлікті есептен шығару Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының орталық комиссиясымен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      Мүкәммалдық мүлікті, инженерлік қару-жарақ, жеке броньды қорғау, белсенді қорғаныс және арнайы операцияларды қамтамасыз ету құралдарын, күзет және бейнебақылау техникалық құралдары жүйесін, арнайы киімді, арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер мен бөлімшелердің мүлкін, асхана-ас үй ыдысын, пішу және етікші шеберханаларына арналған (тігін машинасын, қаптамаларды, етікші нығыздағыштарын қоспағанда), тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелеріне арналған, асханалар, қоймалар, көкөніс сақтау орындары мүкәммалы мен жабдығын, салмақты өлшеу аспаптарын есептен шығаруды әскери бөлімдердің комиссиялары жоғары тұрған ұйыммен келісім бойынша жүзеге асырады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Әскери мүлікті есептен шығаруға арналған инспекторлық куәліктерді беруді Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығымен келісу бойынша мемлекеттік мекемелердің басшылары жүзеге асырады.";

      нұсқаулыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 562 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15699 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әуе көлігімен жол жүруі дәлелді баянаты мынадай лауазымды адамдардың (бұдан әрі - лауазымды адам) келісімдерінен кейін жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі не оны алмастыратын адам – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу бөліністерінің әскери қызметшілеріне;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы не оны алмастыратын адам – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне.

      Әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүруі (тасымалдау) дәлелді баянаты келісілген кезде лауазымды адамның және (немесе) уәкілетті адамның бұйрығының негізінде жүзеге асырылады."

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      ___________

      2021 жылғы "____" ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      ___________

      2021 жылғы "____" ____________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 148 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық ұланының және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі әскери-
тергеу органдарының жедел
басқаруында тұрған әскери
мүлікті есепке алуды және
есептен шығаруды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
қосымша
  БЕКІТЕМІН
Мемлекеттік мекеменің
басшысы
__________________________
(әскери (арнайы) атағы, қолы,
Т.А.Ә. (егер болса)
20___ ж "___"____

Атқарылған жұмыстар АКТІСІ

      Мына құрамдағы комиссия _____________________________________________

                              (комиссия төрағасы мен мүшелерінің әскери атағы, тегі)

      ____________________________________________________________ негізінде

                        (бұйрықтың нөмірі мен шығарылған күні)

      құжаттармен танысу және объектілерді қарау кезінде ______________________

      ______________________________________ анықтады.

      (атқарылған жұмыстардың сипаттамасы)

      Жұмыс төменде көрсетілген шығыс және жинақтаушы материалдарды пайдалана отырып жүргізілді:

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бірліктің бағасы

Сомасы
(теңге)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7















      Жұмысты орындадым: _______________________________________________

            (жұмысты жүргізген адамның әскери (арнайы) атағы, қолы, Т.А.Ә. (егер болса)

      Жұмысты қабылдадым: ______________________________________________

      (жұмысты қабылдаған адамның әскери (арнайы) атағы, қолы, Т.А.Ә. (егер болса)

      Комиссияның қорытындысы: ______________________________________________

      Комиссия төрағасы: ______________________________________________________

                              (әскери (арнайы) атағы, қолы, Т.А.Ә.) (егер болса)

      Комиссия мүшелері: ______________________________________________________

                              (әскери (арнайы) атағы, қолы, Т.А.Ә. (егер болса)

      ________________________________________________

      20____жылғы "___" ____________

      Ескертпе: 2-бағанда жинақтаушы материалдардың маркасы мен моделі,

      ал 7-бағанда атқарылған жұмыстар туралы қысқаша ақпарат жазылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады