"Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 231 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 наурызда № 22389 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20215 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 3 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізiлсiн:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 72-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау (бұдан әрі – жанама әдіс) тәртібін айқындайды.

      2. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау, салық декларацияларында көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын айқындау мақсатында жеке тұлғаға қатысты салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында қолданылады.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. МКО жанама әдістер негізінде айқындаған объектілер туралы мәліметтері жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсетілген тиісті деректермен салыстырылады.

      13. Салықтық бақылау кезінде жеке тұлғаның декларацияларында көрсетілген сомалар қабылданады.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармағымен толықтырылсын:

      "13-1. Жеке тұлғаның Салық кодексінің 635-бабында белгіленген мерзімде кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырмауы осындай жеке тұлғада:

      жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістердің;

      мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алу, иеліктен шығару, өтеусіз алу фактісінің болмағанын растау болып есептеледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Егер жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсетілген кірістері, жеке тұтынуға, оның ішінде мүлік сатып алуға жұмсаған шығыстарына сәйкес келмесе МКО кіріс пен салықты, өткен кезеңдердегі кірістерін ескере отырып, оның жұмсаған шығыстары негізінде айқындайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады