БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19784 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. ТІЖ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 176-бабында көзделген мынадай мерзімдерде ресімделеді:
1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту кезінде – тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту басталғаннан кеш емес;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде:
ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан – кедендік тазарту жүргізілген тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту басталғаннан кеш емес;
ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейінгі;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде – тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту басталғаннан кеш емес мерзімде;
4) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ЕАЭО мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде автомобиль өткізу пунктінде туындайды.";
2) Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 13.01.2025 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 13.01.2025 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі
№ | Тауардың атауы | Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні |
1. | Өндірілуі мен айналымы "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын | 2021 жылғы 1 шілде |
2. | Өндірілуі мен айналымы "Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті мен алкоголь өнімі | 2021 жылғы 1 шілде |
3. | Өндірілуі мен айналымы "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері | 2021 жылғы 1 шілде |
4. | Өндірілуі мен айналымы "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін темекі өнімдері | 2021 жылғы 1 шілде |
5. | Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты тауарлардың тізбесіне еңгізілген тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одағының Бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылады (осы тізбесінің 9-тармағында көрсетілгеннен басқа) | 2022 жылғы 1 ақпан |
6. | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар | 2021 жылғы 1 шілде |
7. | Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар | 2021 жылғы 1 шілде |
8. | Халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таңбалауға жататын тауарлар | 2022 жылғы 1 ақпан |
9. | Виртуалды қойма арқылы жазып беруге жататын тауарлар бойынша электрондық шот-фактуралар | 2021 жылғы 1 қараша |