БҰЙЫРАМЫН:
1. Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20208 болып тіркелген, 2020 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқықтылығы туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтердің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтердің нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтер
№ | Жеке тұлға туралы мәлімет | Нотариаттық іс-әрекеттер тарапы | Мәліметтер коды | |||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
жеке сәйкестендіру нөмірі | тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | тараптың жеке сәйкестендіру/бизнес-сәйкестендіру нөмірі | тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/атауы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||
Шарт/мәміле/куәлі мәнінің атауы (болған кезде) | Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркелу күні | Шарт/мәміле/куәлік мәнінің құны, теңгемен | Мүліктегі үлесі | Кадастрлық нөмірі | Нотариус туралы мәлімет | |||
жеке сәйкестендіру нөмірі | тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | |||||||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | ||
Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
"Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтер" нысанын нотариустар ұсынады және мынадай деректерді қамтиды:
1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2-бағанда – нотариаттық іс-әрекеттер тарапы болып табылатын жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;
3-бағанда – 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4-бағанда – нотариаттық іс-әрекеттер тарапы болып табылатын тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі. Егер тараптар бірнешеу болса, әрбір тарап бойынша деректер жеке жолмен көрсетіледі, бұл ретте 1-бағандағы реттік нөмір, қатысушылардың санына қарамастан өзгеріссіз қалады;
5-бағанда – 4-бағанда көрсетілген жеке/заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/атауы;
6-бағанда – мәліметтер коды:
001 – мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік бойынша, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік бойынша мәмілелер мен шарттар туралы мәліметтерді көрсету кезінде;
002 – мұраға құқық туралы берілген куәліктер туралы мәліметтерді көрсету кезінде;
003 – егер мәміледе (шартта) көзделген баға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда, төменде 004 және 005 мәліметтерінде көрсетілген жеке тұлғалар арасында жасалған қарыз шарттарын қоспағанда, осы тармақта көрсетілмеген басқа да мәмілелер мен шарттар туралы мәліметтерді көрсету кезінде;
004 – жеке тұлғалар арасында жасалған қарыз шарттары туралы мәліметтерді көрсету кезінде;
005 – мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жатпайтын мүлікті беру жөніндегі өзге де шарттар туралы мәліметтерді көрсету кезінде;
7-бағанда – шарт/мәміле/куәлік мәнінің атауы;
8-бағанда – нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу күні;
9-бағанда – 7-бағанда көрсетілген шарт/мәміле/куәлік мәнінің құны, теңгемен. Егер құн туралы деректер болмаған жағдайда, 9-бағанда нөл көрсетіледі;
10-бағанда – 7-бағанда көрсетілген мүліктегі үлесі;
11-бағанда – 7-бағанда көрсетілген шарт мәнінің кадастрлық нөмірі (болған кезде);
12-бағанда – нотариустың жеке сәйкестендіру нөмірі;
13-бағанда – нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).
Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну қағидалары және мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну қағидалары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 13-тармағына сәйкес әзірленді және және нотариустардың жеке тұлғалар бойынша мынадай мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер):
1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік бойынша, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік бойынша мәмілелер мен шарттар туралы;
2) мұраға құқық туралы берілген куәліктер туралы;
3) егер мәміледе (шартта) көзделген баға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі мыңдық еселенген мөлшерінен асқан жағдайда, осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында белгіленген жеке тұлғалар арасында жасалған қарыз шарттарын қоспағанда, осы тармақта көрсетілмеген басқа да мәмілелер мен шарттар туралы;
4) жеке тұлғалар арасында жасалған қарыз шарттары туралы;
5) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жатпайтын мүлікті беру жөніндегі өзге де шарттар туралы ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2-тарау. Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері
2. Жеке практикамен айналысатын нотариус (бұдан әрі – нотариустар) мәмілені, шартты куәландырған, мұраға құқық туралы куәлікті берген күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) мәліметті жолдайды.
3. Нотариустар мәліметтерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – БНАЖ) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша Комитеттің "Интеграцияланған деректер қоры" (бұдан әрі – ИДҚ) ақпараттық жүйесіне автоматтандырылған түрде беруді жүзеге асырылады.
4. БНАЖ және (немесе) ИДҚ жұмыстарында техникалық қате туындаған жағдайда нотариустар ақпараттық жүйелердің жұмысы қайта қалпына келген сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Мәліметтерді ұсынады.
5. Комитет осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.