Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқықтылығы туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 212 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20208 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. Бұйрықтық атауы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 25.03.2021 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтердің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 25.03.2021 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 702 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14732 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
​​​​​​​ Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
​​​​​​​ Қаржы министрінің
​​​​​​​ 2020 жылғы 2 наурыздағы
№ 212 бұйрығына
1-қосымша
нысан

Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтер

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.09.2022 № 948 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жеке тұлға бойынша мәліметтер (сатушы)

Нотариаттық іс-әрекеттер тарабы (сатып алушы)

Мәліметтер коды

Шарт/ мәміле/куәлік нысанасының (болған кезде) атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде)

Жеке сәйкестендіру/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде)/ атауы

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу күні

Талап ету құқығын сатып алу құны, теңгемен

Шарт/ мәміле/куәлік нысанасының құны, оның ішінде талап ету құқығын құны, теңгемен

Мүліктегі үлесі

Мәміле мен шарт мәнінің деректері

жылжымайтын мүліктің, оның ішінде басқаға беру шарты бойынша талап ету құқығы сатып алынған, содай-ақ мұрагерлік бойынша алынған жылжымайтын мүліктің мекенжайы

кадастрлық нөмірі

8

9

10

11

12

13

      кестенің жалғасы

Нотариус туралы мәліметтер


жеке сәйкестендіру нөмірі

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)


14

15


  "Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтер" нысанына
  қосымша

"Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      "Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктер бойынша мәліметтер" нысанын нотариустар ұсынады және мынадай деректерді қамтиды:

      1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;

      2-бағанда – нотариаттық іс-әрекеттер тарапы болып табылатын жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3-бағанда – 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      4-бағанда – нотариаттық іс-әрекеттер тарапы болып табылатын тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер Тараптар бірнешеу болса, әрбір тарап бойынша деректер жеке жолмен көрсетіледі, бұл ретте 1-бағандағы реттік нөмір қатысушылардың санына қарамастан өзгеріссіз қалады;

      5-бағанда – 4-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/заңды тұлғаның атауы;

      6-бағанда – мәліметтер коды:

      001 – мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік бойынша мәмілелер мен шарттар туралы мәліметтерді көрсету кезінде;

      002 – мұраға құқық туралы берілген куәліктер туралы мәліметтерді көрсету кезінде;

      003 – егер мәміледе (шартта) көзделген баға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда, төменде 004 және 005 мәліметтерде көрсетілген шарттарын қоспағанда, осы тармақта көрсетілмеген басқа да мәмілелер мен шарттар туралы мәліметтер көрсетілген кезде;

      004 – жеке тұлғалар арасында жасалған қарыз шарттары туралы мәліметтерді көрсету кезінде;

      005 – мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жатпайтын мүлікті беру жөніндегі шарттар туралы мәліметтерді көрсету кезінде, оның ішінде:

      005.1 – талап ету құқығын басқаға беру шарттары туралы мәліметтер көрсетілген кезде;

      7-бағанда – шарт/мәміле/куәлік мәнінің атауы;

      8-бағанда – нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу күні;

      9-бағанда – жеке тұлға сатып алған және/немесе бұрын талап ету құқығы, оның ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 335-бабына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы бойынша сатып алған құны. Егер құн туралы деректер болмаса, 9-бағанда нөл көрсетіледі;

      10-бағанда – 7-бағанда көрсетілген шарт/мәміле/куәлік мәнінің құны, оның ішінде талап ету құқығын басқаға беру құны. Егер құн туралы деректер болмаса, 10-бағанда нөл көрсетіледі;

      11-бағанда – 7-бағанда көрсетілген мүліктегі үлес;

      12-бағанда – жылжымайтын мүліктің, оның ішінде талап ету құқығын басқаға беру шарты бойынша талап ету құқығы сатып алынған, сондай-ақ мұрагерлік бойынша алған жылжымайтын мүліктің мекенжайы;

      13-бағанда – 7-бағанда көрсетілген шарт мәнінің кадастрлық нөмірі (болған кезде);

      14-бағанда – нотариустың жеке сәйкестендіру нөмірі;

      15-бағанда – нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 2 наурызындағы
№ 212 бұйрығына
2-қосымша

Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну қағидалары және мерзімдері

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 25.03.2021 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну қағидалары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 13-тармағына сәйкес әзірленді және және нотариустардың жеке тұлғалар бойынша мынадай мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер):

      1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік бойынша, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік бойынша мәмілелер мен шарттар туралы;

      2) мұраға құқық туралы берілген куәліктер туралы;

      3) егер мәміледе (шартта) көзделген баға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі мыңдық еселенген мөлшерінен асқан жағдайда, осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында белгіленген жеке тұлғалар арасында жасалған қарыз шарттарын қоспағанда, осы тармақта көрсетілмеген басқа да мәмілелер мен шарттар туралы;

      4) жеке тұлғалар арасында жасалған қарыз шарттары туралы;

      5) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жатпайтын мүлікті беру жөніндегі өзге де шарттар туралы, оның ішінде талап ету құқығын басқаға беру шарттары туралы ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.09.2022 № 948 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқық туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері

      2. Жеке практикамен айналысатын нотариус (бұдан әрі – нотариустар) мәмілені, шартты куәландырған, мұраға құқық туралы куәлікті берген күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) мәліметті жолдайды.

      3. Нотариустар мәліметтерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – БНАЖ) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша Комитеттің "Интеграцияланған деректер қоры" (бұдан әрі – ИДҚ) ақпараттық жүйесіне автоматтандырылған түрде беруді жүзеге асырылады.

      БНАЖ және ИДҚ интеграцияланғанға дейін жасалған мәмілелер бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Комитеттің жазбаша сұрау салуы бойынша осындай сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.09.2022 № 948 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. БНАЖ және (немесе) ИДҚ жұмыстарында техникалық қате туындаған жағдайда нотариустар ақпараттық жүйелердің жұмысы қайта қалпына келген сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Мәліметтерді ұсынады.

      5. Комитет осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады