"Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 171 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 наурызда № 22413 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 17.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20224 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 6 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, заңды тұлғаның жарғысынан, лицензия туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының жоғарғы заңгерлік білімі туралы (Порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан жоғарғы заңгерлік білімді растайтын құжаттың (диплом) электрондық көшірмесі талап етіледі), соттылығының болмауы туралы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы, көрсетілетін қызметті алушы басшысының еңбек қызметін растайтын (порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі талап етіледі), психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан (медициналық анықтамалар) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы, лицензиялық алымның, оның ішінде лицензияны қайта ресімдегені үшін төленгені туралы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті тексеріс жүргізілгеннен және қажетті құжаттарды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру құқығына құжаттарын қоса бере отырып, өзінің басшысының атына қағаз форматта баянат (еркін нысанда) жазады және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ" АЖ) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады және ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтінішті тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды, оларды толықтығына тексереді, зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны № 959 бұйрыққа сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда немесе стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.

      Көрсетілетін қызметті беруші тиісті тексеріс жүргізілгеннен және қажетті құжаттарды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу құқығына құжаттарын қоса бере отырып, өзінің басшысының атына қағаз форматта баянат (еркін нысанда) жазады және "Е-лицензиялау" МДБ" АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады және ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін өтінішті тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды, оларды толықтығына тексереді, зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны № 959 бұйрыққа сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда немесе стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.

      Көрсетілетін қызметті беруші тиісті тексеріс жүргізілгеннен және қажетті құжаттарды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру құқығына құжаттарын қоса бере отырып, өзінің басшысының атына қағаз форматта баянат (еркін нысанда) жазады және "Е-лицензиялау" МДБ" АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады және ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.";

      көрсетілген қағидаларына 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезінде – 10 (он) жұмыс күні.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын берген кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

      ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

      ";

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушыларға Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес күзет қызметімен айналысу құқығына берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
3) "Террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуді қоспағанда, күзет қызметтерінің барлық түрі" қызметтің кіші түрі үшін 1) тармақшаға сәйкес құжаттар қоса беріледі;
4) "Күзет қызметтерінің барлық түрі, оның ішнде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету" қызметтің кіші түрі үшін 1) тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге мынадай құжаттар:
меншік құқығында радиобайланыстың (радиожиіліктер мен жабдықтардың) болуын растайтын құжаттардың (түгендеу нөмірлері, жүкқұжаттар, фискалдық чектер немесе басқа құжаттар) не жалдау шартының электрондық көшірмелері;
штаттық орналастырудың және мобильді топтарды (жедел ден қою тобын) құру және тиісті қызметкерлерді лауазымға тағайындау туралы бұйрықтардың электрондық көшірмелері;
мобильді топтарға (жедел ден қою топтарына) арналған меншік құқығындағы көлік құралдарының болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      ";

      2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 4 және 5-қосымшалармен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      көрсетілген қағидаларына 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      көрсетілген қағидаларына 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 171 бұйрығына
1-қосымша
"Күзет қызметімен айналысу
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 2-қосымшамен
бекітілген

Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға/лицензияны қайта ресімдеуге/лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші

      __________________________________________________________________________

                        (ішкі істер органдарының толық атауы)

      __________________________________________________________________________

                  (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беруді/лицензияны қайта

      ресімдеуді/лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді

      сұраймын

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрі(лері)нің толық атауы көрсетілсін)

      Заңды тұлғаның мекенжайы (лары) ______________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,

      __________________________________________________________________________

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта _______________________________________________________

      Телефондар _______________________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________________

      Банктік шот _______________________________________________________________

                              (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _______________________________

                                                      (пошталық индексі, облысы, қаласы,

      __________________________________________________________________________

      ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні расталады.

      Заңды тұлға басшысының ЭЦҚ ________________

      Толтыру күні 20 ___ жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 171 бұйрығына
2-қосымша
"Күзет қызметімен айналысу
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 3-қосымшамен
бекітілген

Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру/қайта рәсімдеу және (немесе) лицензияға қосымшаны беру бойынша мәліметтер нысаны

      1. Жалпы ақпарат

      1) ________________________________________________________________________

      (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      2) ________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      2. Күзет ұйымы басшысының, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері

      басшыларының біліктілік талаптары туралы мәліметтер

      3) ________________________________________________________________________

      (мамандығы және біліктілігі)

      4) ________________________________________________________________________

      (лицензияланатың қызмет түрінің бейіні бойынша жоғарғы білім туралы дипломның

      нөмірі және берілген күні)

      5) ________________________________________________________________________

      (оқу орнының атауы)

      6) ________________________________________________________________________

      (жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың/жеке еңбек келісімшартының нөмірі

      және күні)

      7) ________________________________________________________________________

      (арнайы бағдарлама бойынша өткен курсы туралы куәліктің нөмірі және берілген

      күні)

      8) ________________________________________________________________________

      (даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының

      атауы және заңды мекенжайы)

      9) ________________________________________________________________________

      (теріс себептер бойынша босатылғаны туралы мәліметтер)

      10) _______________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 11), 12),

      15), 16) және 17) тармақшалары бойынша еңбек шартын бұзу туралы мәліметтер)

      3. Террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету үшін жеке күзет ұйымына, сондай-ақ оның филиалдары мен өкілдіктеріне қойылатын біліктілік талаптары туралы мәліметтер ("Күзет қызметтерінің барлық түрі, оның ішнде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету" қызметтің кіші түрін алған кезде толтырылады)

      11) _______________________________________________________________________

      (мобильді топтардың (жедел ден қою топтарының) саны)

      12) _______________________________________________________________________

      (мобильді топтарға (жедел ден қою топтарына) арналған көлік құралдарын

      мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің нөмірі мен күні)

      13) _______________________________________________________________________

      (қаруды сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсаттың нөмірі мен күні)

      4. Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу туралы

      мәліметтер

      14) _______________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келісу хатының нөмірі және күні)

      5. Лицензиялық алымның төлеуі

      15) _______________________________________________________________________

      (сомасы және төлеу туралы түбіртектің нөмірі және күні)

      6. Әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту

      16) _______________________________________________________________________

      (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 464-бабының 2-бөлігі бойынша

      лицензия алған кезде көрінеу анық емес (жалған) ақпарат беру үшін)

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 171 бұйрығына
3-қосымша
"Күзет қызметімен айналысу
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 4-қосымша
Нысан

Лицензия

      20____ жылғы "___" ___________                               №_____________

      ___________________________________________________________________ берілді

      (заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________ айналысуға

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына

      сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы)

      Ерекше шарттары __________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

      36-бабына сәйкес)

      Ескерту: __________________________________________________________________

      (иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)

      Лицензиар ________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      Басшы (уәкілетті адам) ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Алғашқы берілген күні: "____" ____________ _______ ж.

      Лицензияның қолданылу мерзімі: "____" ____________ _______ ж.

      Берілген орны ____________________________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 171 бұйрығына
4-қосымша
"Күзет қызметімен айналысу
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 5-қосымша
Нысан

Лицензияға қосымша

      Лицензияның нөмірі ____________

      Лицензияның берілген күні 20__ жылғы _________________

      Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі(лері) ________________________________

      __________________________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы)

      Лицензиат ________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Өндірістік база және/немесе объект ___________________________________________

      (орналасқан жері)

      Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары _______________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының

      36-бабына сәйкес)

      Лицензиар ________________________________________________________________

      (лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)

      Басшы (уәкілетті адам) ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Қосымшаның нөмірі _________________

      Қолданылу мерзімі "____" _______________ _____ ж.

      Қосымшаның берілген күні _______________ 20 ____ ж.

      Берілген орны _______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады