"Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 наурызда № 22417 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16669 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік кірістер органы талапты алғаннан кейін, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, Салық кодексінің 424-бабы 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін бюджеттен қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кетуінің дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру (бұдан әрі – тақырыптық тексеру) тағайындайды.

      Бұл ретте тақырыптық тексеру Салық кодексінің 152-бабы 2-тармағына сәйкес салық кезеңі үшін тағайындалады.

      Осы тармақтың ережелері, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты Салық кодексінің 433 және 434-баптарына сәйкес оның ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талабын қараған кезде қолданылмайды.

      Егер көрсетілетін қызметті алушының дербес шотында ҚҚС асып кету сомасының болмауы және (немесе) Салық кодексінің 208, 209, 210 және 424-баптарында белгіленген ҚҚС бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімі мен тәртібінің бұзылғандығы айқындалса, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС бойынша декларацияны табыс еткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, талапты қараудан бас тартатындығы туралы хабарлайды.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Салықтық бақылау шеңберінде АЭА қатысушысының ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған АЭА аумағына әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтыну шарттарын орындамау фактісі анықталған жағдайда, тауарлар салық салынатын импорт болып танылады және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кеден заңнамасында және (немесе) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға ҚҚС-ты төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, АЭА аумағына тауарларды әкелу күнінен бастап ҚҚС салуға жатады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. ҚҚС асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі кезінде көрсетілетін қызметті беруші ҚҚС қайтару туралы талаптар ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыда Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде салық есептілігін ұсыну бойынша орындалмаған салықтық міндеттемелерінің жоқ немесе бар болуын, сондай-ақ оның жеке шотында салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасын көрсетудің дұрыстығын тексереді.

      Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші қайта ұйымдастырылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты тақырыптық тексеру жүргізу фактісін тексереді.

      Егер ҚҚС төлеуші және оның құрылымдық бөлімшесі басқа мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебінде тұрған жағдайда, ҚҚС қайтару туралы талап келіп түскен көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйенің көмегімен ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талаптар ұсынылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік кірістер органына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша сұрау салу жолдайды.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағының жетінші бөлігіне және 433-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС асып кетуін қайтарған жағдайда не осы Қағидалардың 39-тармағына сәйкес ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолданудан бас тартқан кезде есептілік салық кезеңінің соңына өсу жиынтығымен декларация бойынша қалыптасқан ҚҚС-тың асып кету сомасы, қайтаруға ұсынылған, соның ішінде оңайлатылған тәртіппен қайтарылған ҚҚС асып кету сомаларының дұрыстығын растау жөніндегі тақырыптық тексерудің нәтижелері бойынша, бірақ Салық кодексінің 434-бабына сәйкес ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талабында көрсетілген ҚҚС-тан артық емес сомасында, не Салық кодексінің 433 және (немесе) 434-баптарына сәйкес ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талабында бір уақытта көрсету кезінде қалыптасқан ҚҚС-тан артық емес сомасында және Салық кодексінің 429-бабының 5-тармағына сәйкес қалған ҚҚС асып кету сомасында қайтарылуға жатады.

      Осындай тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға жататын ҚҚС асып кету сомасы есепті салықтық кезеңінің соңына өсу жиынтығымен декларация бойынша қалыптасқан асып кеткен сома, Салық кодексінің 433 және (немесе) 434-баптарына сәйкес қайтарылған ҚҚС сомасы мен тексеру нәтижелері бойынша расталмаған, бірақ ҚҚС қайтару туралы талапта көрсетілген ҚҚС сомасынан артық емес ҚҚС сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Өз өндірісінің тауарларын өндірушілер болып табылатын және Салық кодексінің 429-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушыларға осы параграфтың ережелері 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастар бойынша қолданылады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. ҚҚС асып кету сомасын қайтару мерзімі ішінде Салық кодексінің 212-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес ұзарту кезеңін ескере отырып, ҚҚС бойынша декларацияларды көрсетілетін қызметті берушіге табыс ету үшін Салық кодексінде белгіленген соңғы күн өткеннен кейін басталады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 254 бұйрыққа
қосымша
  Қосылған құн салығының
асып кетуін қайтару
қағидаларына
1-қосымша

"Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі – АЭА) аумағындағы аумақтық органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (арналарға қол жеткізу)

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" веб-порталы: Салық төлеушісінің кабинеті www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімідері

Қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кетуін қайтару бойынша:
1) ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салық кезеңі үшін өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайызды құрайтын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушыларға, - 55 (елу бес) жұмыс күні ішінде;
2) ҚҚС бақылау шотын пайдаланатын ҚҚС төлеушілер-көрсетілетін қызметті алушыларға – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
3) қалған жағдайларда – күнтізбелік 155 (бір жүз елу бес) күн ішінде.
Бұл ретте ҚҚС асып кету сомасын қайтару мерзімінің өтуі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 424-бабының 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін басталады.
Қызмет алушылар ҚҚС бақылау шотын пайдаланған кезінде ҚҚС асып кету сомасын қайтару мерзімінің өтуі Салық кодексінің 212-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес ұзарту кезеңін ескере отырып, ҚҚС бойынша декларацияны көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін Салық кодексінде белгіленген соңғы күн өткеннен кейін басталады.
4) Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін, ҚҚС төлеушілер-көрсетілетін қызметті алушыларға оңайлатылған тәртіппен қайтару – ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талабында көрсетілген салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияны көрсетілетін қызметті алушыға ұсыну үшін Салық кодексінде белгіленген соңғы күн өткеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
Салық кодексінің 212-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес ҚҚС бойынша салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда, ҚҚС асып кету сомасын қайтару ұзарту кезеңі ескеріле отырып жүргізіледі.
5) ҚҚС асып кетуі Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша, сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңіндегі пайдалы қазбалар экспортының басталғанынан бастап сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасқан көрсетілетін қызметті алушыға – қайтаруға көрсетілген ҚҚС асып кетуінің жинақталған сомасының анықтығы расталған салық кезеңінен бастап тең үлестермен 20 (жиырма) салық кезеңі ішінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, тақырыптық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның соңғы айының жиырма бесінші күнінен кешіктірілмей жасалады.
ҚҚС қайтару бойынша:
грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілерге төленген грант алушылар, орындаушылар болып табылатын, грант алушылар деп тағайындалған көрсетілетін қызметті алушыларға – грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша төленген ҚҚС қайтару туралы салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне (бұдан әрі – өкілдік) және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымынан жазбаша хабарламасы бар жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды алғаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Салық кодексінде көзделген ҚҚС асып кету сомасын қайтару кезінде:
1) мыналар:
ҚҚС бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын бейрезиденттен жұмыстар, қызметтер алған кезде төлеуге жататын ҚҚС есебіне, импортталатын тауарларға ҚҚС есебіне;
салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша; салық төлеушінің ҚҚС, салық және төлемдердің өзге де түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің салық және бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне ҚҚС асып кету сомасын есепке жатқызу;
2) ҚҚС асып кету сомасын салық берешегі болмаған жағдайда салықтардың және төлемдердің өзге де түрлері бойынша (талап бойынша) алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу;
3) салық берешегі болмаған кезде қалған ҚҚС асып кетудің қалған сомасын салық төлеушінің банктік шотына қайтару;
грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген ҚҚС қайтару кезінде:
1) мыналар:
ҚҚС бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын бейрезиденттен жұмыстар, қызметтер алған кезде төлеуге жататын ҚҚС есебіне, импортталатын тауарларға ҚҚС есебіне;
салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша;
салық төлеушінің ҚҚС, салық және төлемдердің өзге де түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің салық және бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне ҚҚС асып кету сомасын есепке жатқызу;
2) ҚҚС сомасын салық берешегі болмаған жағдайда салықтардың, төлемдердің өзге де түрлері бойынша (талап бойынша) алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу (қайтару);
3) грант алушыға немесе орындаушыға есепке жатқызулар жүргізілгеннен кейін оның банктік шотына қайтаруға жататын ҚҚС қалған сомасын қайтару;
өкілдіктерге және (немесе) өкілдіктің персоналына ҚҚС қайтару кезінде – Қазақстан Республикасының банктерінде ашылған өкілдіктердің және (немесе) өкілдіктер персоналының тиісті шоттарына ҚҚС қайтару;
көрсетілетін қызметті берушінің осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды және (немесе) қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемақы мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) портал, СЕӨС – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 
8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша төленген ҚҚС қайтару туралы салықтық өтініш;
2) ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – салық кезеңі үшін белгіленген нысандағы ҚҚС жөніндегі декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап.
Қосымша:
нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (осындай айналымдар болған кезде) растау үшін тауарлар экспорты бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
1) экспортталатын тауарларды жеткізуге арналған шарт (келiсiмшарт);
2) осы тармақтың төртінші бөлігінің 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органының немесе ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің кеден органының белгiсi бар тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
3) экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, тауарларды:
магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері бойынша;
кезеңді кедендік декларациялауды пайдалана отырып;
уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып әкеткен кезде кедендiк декларациялауды жүргiзген кеден органының белгiлерi бар тауарларға арналған толық декларацияның көшiрмесi;
4) тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері бойынша әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;
5) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның зияткерлік меншiк объектiсiне құқық туралы, сондай-ақ оның құнын растауы – зияткерлік меншік объектісі экспортталған жағдайда;
6) тауарларды экспорт кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының белгілері бар, сондай-ақ "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы" арнайы экономикалық аймағының бақылау-өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органының белгісі бар тауарларға арналған декларацияның көшірмелері;
кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкетiлген тауарларды немесе олардың қайта өңдеу өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін тауарлар экспорты бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
1) соған сәйкес кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімін экспорт кедендік рәсіміне өзгерту жүргізiлетiн тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
2) кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырумен ресiмделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
3) кедендік аумақта қайта өңдеу (тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу) кедендік рәсімімен орналастырумен тауарларды шет мемлекеттің аумағына әкелу кезiнде ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған шет мемлекеттің кеден органы куәландырған тауарларға арналған декларацияның көшiрмесi;
4) соған сәйкес шет мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін шет мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе экспорт кедендік рәсіміне өзгерту жүргізілетін тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
осы тармақта көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде Салық кодексінің 386-бабының 2-тармағының 2), 3) және 6) тармақшаларында және 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді;
нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын ҚҚС айналымдарын растау үшін Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттау бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
1) өзгерістер, толықтырулар және оларға қосымшалар ескеріле отырып, солардың негізінде тауарлар экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан әрі – шарттар (келісімшарттар), ал тауарлар лизингі немесе заттар түрінде қарыз берілетін жағдайда – лизинг шарттары (келісімшарттары), заттар түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар), тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар);
2) аумағына тауарлар импортталған ЕАЭО мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы, жанама салықтарды төлеу және (немесе) оларды төлеуден босату және (немесе) төлеудің өзге тәсілі туралы өтініш (қағаз тасымалдағыштағы түпнұсқасы немесе көшірмелері) не өтініштер тізбесі (қағаз тасымалдағыштағы немесе электрондық нысанда);
3) ЕАЭО мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
Тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша экспорттаған жағдайда тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;
4) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда оның құны туралы растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады;
Салық кодексінің 393-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатын қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағында өткізген жағдайда, қайта өңдеу өнімдерінің экспортын растау үшін салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) солардың негізінде қайта өңдеу өнімдерінің экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);
3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикiзатының әкетілуін растайтын тауарларға iлеспе құжаттардың көшірмелері.
Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыржолдар жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;
5) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (аумағына қайта өңдеу өнімдері импортталған ЕАЭО мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтарды төлеу (төлеуден босату немесе салықтық міндеттемелерді орындаудың өзге тәртібі) туралы белгісі бар қағаз тасымалдағышта);
6) қайта өңдеу өнімдерінің ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан әкетілуін растайтын тауарларға iлеспе құжаттардың көшірмелері.
Егер қайта өңдеу өнімдері аумағында алыс-берiс шикiзатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар орындалған ЕАЭО мүше мемлекеттің салық төлеушісіне өткізілсе – осындай қайта өңдеу өнімдерінің тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттардың негізінде.
Қайта өңдеу өнімдерін магистральдық құбыржолдар жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда, тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;
7) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар.
Қайта өңдеу өнімдерін сыртқы сауда тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша экспорттаған жағдайда қайтарылуға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың импортын (жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.
Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына одан әрі экспорттаған жағдайда, қайта өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) солардың негізінде қайта өңдеу өнімдерінің экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);
3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикізатын әкетуді растайтын тауарларға iлеспе құжаттардың көшірмелері.
Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыржолдар жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;
5) қайта өңдеу өнімдерінің ЕАЭО шегінен тыс жерлерге әкетілуін растайтын тауарларға iлеспе құжаттардың көшірмелері.
Қайта өңдеу өнімдерін магистральдық құбыржолдар жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша әкеткен жағдайда, тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;
6) тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асыратын ЕАЭО мүше мемлекеттің кеден органының белгілері бар, сондай-ақ осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, ЕАЭО кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан ЕАЭО мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларациялар;
7) мынадай жағдайларда:
тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері бойынша экспорт кедендік рәсімімен әкету;
кезеңді декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімімен әкету;
уақытша декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендiк рәсiмiмен әкету кезiнде кедендiк декларациялауды жүргiзген ЕАЭО мүше мемлекеттiң кеден органының белгiлерi бар тауарларға арналған толық декларация;
8) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде ол бойынша мемлекеттік кірістер органдарынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуі туралы хабарлама болатын, сондай-ақ тауарлардың экспортын растайтын құжат болып табылатын электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларациялар. Осы тармақшада көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация бар болған кезде осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді;
9) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар.
Қайта өңдеу өнімдерін сыртқы сауда тауар алмасу (бартерлік) операциялары бойынша экспорттаған жағдайда қайтарылуға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлардың импортын (жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі;
нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын ҚҚС айналымдарын растау үшін ЕАЭО-ғы халықаралық тасымалға салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
1) экспорттау жағдайында – тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтiнiштiң көшiрмесi;
2) импорттау жағдайында – тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушіден алынған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтiнiштiң көшiрмесi;
3) орындалған жұмыстардың актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктердің бұдан бұрын жеткізуін жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдап алу-тапсыру актiлерi;
4) шот-фактуралар;
жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы ЕАЭО мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО мүше сол немесе басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
1) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктердің бұдан бұрын жеткізуін жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдап алу-тапсыру актiлерi;
2) шот-фактуралар;
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен ЕАЭО мүше сол мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
1) ЕАЭО мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);
2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;
3) алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді растайтын құжаттар (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);
4) қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді растайтын құжаттар (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені орындау);
5) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан ҚҚС төленгенін растайтын тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (қағаз тасымалдағыштағы түпнұсқасы немесе көшірмесі) не өтініштер тізбесі (қағаз тасымалдағышта немесе электрондық нысанда).
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда осы тармақшада көрсетілген өтініш не өтініштер тізбесі ұсынылмайды;
6) Салық кодексінің 152-бабының 7-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар;
7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ЕАЭО мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды қайта өңдеу өнімдерін кейіннен ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізе отырып орындаған жағдайда, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі:
1) ЕАЭО мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге, дайын өнімді жеткізуге арналған шарттарды (келісімшарттарды);
2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттарды;
3) алыс-беріс шикізатын және дайын өнімді қабылдап алу-тапсыру актілерін;
4) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені);
5) Қазақстан Республикасының аумағынан қайта өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);
6) алыс-беріс шикізатының меншік иесінен алынған, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан ҚҚС төленгенін растайтын тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті;
7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысын;
8) Салық кодексінің 152-бабының 7-тармағында көзделген, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды қайта өңдеу өнімдерін кейіннен ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына өткізе отырып орындаған жағдайда, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі:
1) ЕАЭО мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттарды (келісімшарттарды);
2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттарды;
3) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені);
4) Қазақстан Республикасының аумағынан қайта өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);
5) тауарларды ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына экспорт кедендік рәсімімен әкету кезінде ресімделген тауарларға арналған декларацияның ЕАЭО мүше мемлекеттің кедендік декларациялауды жүзеге асырған кеден органы растаған көшірмесін;
6) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды іс жүзінде әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі, сондай-ақ тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылатын тауарларға арналған декларацияны ұсынады. Осы тармақшада көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде Салық кодексінің 449-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында белгіленген құжатты ұсыну талап етілмейді;
7) Салық кодексінің 152-бабының 7-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттарды;
8) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысын ұсынады.
ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Қазақстан Республикасының аумағында өткізе отырып әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарға Салық кодексінің 422-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынуға жатады.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені, сондай-ақ оның орындалуын ұсынады.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу уәкілетті орган белгілеген тауарларды қайта өңдеу шарттарына сәйкес келуге тиіс.
Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерінің атауы, сыныптамасы, олардың саны және құны;
2) қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) күні мен нөмірі, қайта өңдеу мерзімі;
3) қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары;
4) қайта өңдеу сипаттамасы;
5) қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер;
нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін бағалы металдар өндірісінің субъектілері және оны қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалар болып табылатын салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған аффинирленген алтынды өткізуі бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген аффинирленген алтынның құнын растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) аффинирленген алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аффинирленген алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
жүктерді тасымалдау кезінде:
халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты;
халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында және жүкті теміржол көлігінен су көлігіне ауыстырып тией отырып, халықаралық теміржол-су қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжат;
әуе көлігімен – жүкке арналған жүкқұжат (әуе жүкқұжаты);
теңіз көлігімен – коносамент немесе теңіз жүкқұжаты;
көліктің екі немесе одан көп түрімен транзитпен (аралас тасымал) – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент);
магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы:
есеп айырысу кезеңi iшiндегі экспорт және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның көшірмесі не есеп айырысу кезеңi iшiндегі кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларация;
орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктердің бұрын жеткізуін жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға қабылдап алу-тапсыру актiлерi;
жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау кезінде:
автомобиль көлігімен:
тұрақты тасымалдар кезінде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;
тұрақты емес тасымалдар кезінде – халықаралық қатынаста көлік қызметтерін көрсету туралы шарт;
теміржол көлігімен:
Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және пошта құжаттарын сату туралы есеп;
Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы;
теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдары үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость пен жол жүру және тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;
әуе көлігімен:
бас декларация;
жолаушы манифесі;
карго-манифест;
лоджит (орталық-тиеу кестесі);
жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті және багаж квитанциясы);
халықаралық қатынаста жолаушылар поездарының (вагондарының) жүріп өтуі бойынша көрсетілетін қызмет кезінде:
жолаушылар поезының заттай парағы;
осы тармақта көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде Салық кодексінің 387-бабының 4-тармағы бірінші бөлігі 1) тармақшасының сегізінші абзацында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу жөніндегі айналым бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
1) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде – әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты;
тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде – шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі).
2) әуе кемесіне жанар-жағармай материалдарының құйылғанын растайтын кеден органының белгісі бар шетелдік әуе кемесіне жанармай құюға арналған шығыс ордері немесе талап;
3) әуежай өткізген жанар-жағармай материалдары үшін ақы төлеу фактісін растайтын құжат;
4) қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамының шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және уәкiлеттi орган азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша бекiткен нысан бойынша және тәртiппен өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерiн растайтын қорытындысы;
нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін арнайы экономикалық аймақтарды (бұдан әрі – АЭА) құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды өткізу бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
1) АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);
2) еркін кедендік аймақ (бұдан әрі – ЕКА) кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса беріле отырып, тауарларға арналған декларацияның және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
осы тармақта көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде Салық кодексінің 389-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесін ұсыну талап етілмейді.
нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін шектері ЕАЭО кедендік шекарасының учаскесімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылатын немесе өткізілетін тауарларды өткізу кезінде салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
1) шектері ЕАЭО кедендік шекарасының учаскесімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен және (немесе) тұлғалармен (бұдан әрі – Субъектілер) тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);
2) ЕКА кедендік рәсімі бойынша тауарлардың шығаруын жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса беріле отырып, тауарларға арналған декларацияның және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;
3) субъектілерге тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
4) субъектілермен тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
Салық кодексінің 391-бабына сәйкес қайтаруға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде АЭА құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың өткізілгенін немесе іс жүзінде тұтынылғанын растайтын, АЭА қатысушы ұсынған деректер негізінде қалыптастырылатын кеден органының мәліметтері есепке алынады;
нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды (мұндай айналымдар болған кезде) растау үшін талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар ҚҚС босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге өз өндiрiсiнің тауарларын өткізу бойынша салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
1) жеткізілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) жұмыс бағдарламасын орындауға арналғаны көрсетіле отырып, талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар ҚҚС босатылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды жеткізуге арналған шарт;
2) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
3) салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
Салық кодексінің 393-бабының 2-тармағында көрсетілген тұрақсыз конденсаттың өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);
2) құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу актісі;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағына құбыржолдар жүйесі арқылы әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдап алу-тапсыру актісі.
Салық кодексінің 393-бабының 3-тармағында көрсетілген тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады:
1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) солардың негізінде қайта өңдеу өнімдерін өткізу жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);
3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар;
4) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы әкетілген жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына осындай алыс-беріс шикізатын қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;
5) аумағында алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жүзеге асырылған ЕАЭО мүше мемлекеттің салық төлеушісіне – оларды сатып алушыға қайта өңдеу өнімдерінің тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттар;
6) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен ашылған, Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттарына өткізілген қайта өңдеу өнімдері бойынша валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар;
7) Салық кодексінің 449-бабының 8-тармағында көзделген, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы;
ҚҚС бақылау шотын пайдаланатын ҚҚС төлеуші салықтық тексеру жүргізу жағдайында:
тауарды жеткізуге арналған шарт (лизинг шарты);
тауарды (лизинг нысанасын) алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
тауардың (лизинг нысанасының) тиеп-жөнелтілгенін растайтын, тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
сатып алынған тауар (лизинг нысанасы) үшін өнім берушінің бақылау шотына ҚҚС сомасының аударылу фактісін растайтын құжат.
Салық кодексінің 44-тарауында көзделген құжаттар осы Кодекстің 433-бабының 3-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер сатып алған (алған) тауарлар бойынша ҚҚС асып кету сомасын қайтару үшін растайтын құжаттар болып табылады.
грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген ҚҚС қайтару кезінде:
1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекет, шет мемлекеттің үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйым арасындағы грант беру туралы шарттың көшірмесін;
2) грант алушы не орындаушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушімен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесін;
3) ҚҚС қайтару туралы салықтық өтінішпен жүгінген кезде оның орындаушы ретінде тағайындалуын растайтын құжаттың көшірмесін;
4) тауарлардың тиеп жөнелтілгенін, жұмыстардың орындалғанын, қызметтердің көрсетілгенін және осы тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің алынғанын растайтын құжаттарды;
5) ҚҚС сомасын жеке жолмен бөліп көрсете отырып, ҚҚС төлеуші болып табылатын өнім беруші жазып берген шот-фактураны;
6) жүкқұжатты, тауар-көлік жүкқұжатын;
7) грант алушының немесе орындаушының материалдық жауапты адамының тауарды алғанын растайтын құжатты;
8) орындалған және грант алушы немесе орындаушы қабылдаған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгіленген тәртіппен ресімделген актілерін;
9) алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төленгенін, оның ішінде ҚҚС төленгенін растайтын құжаттар;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттердің консулдық мекемелеріне және олардың персоналына ҚҚС қайтару кезінде:
1) жиынтық ведомосі (тізілім);
2) ҚҚС төленгенін растайтын құжаттар (Кодексте айқындалған тәртіппен жазып берілген шот-фактуралар, төлеу фактісін растайтын құжаттар) көшірмелері.
Осы тармақта көрсетілген мемлекеттік кірістер органы жүргізетін салықтық тексеру барысында көрсетілетін қызметті алушы табыс ететін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап көрсетілген ҚҚС жөніндегі декларация табыс етілген салық кезеңі үшін, сондай-ақ ҚҚС бойынша салықтық тексерулер жүргізілмеген, бірақ талап ету мерзімінен аспайтын алдыңғы салық кезеңдері үшін қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша табыс етеді. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы белгісі бар талонды алады.
Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды;
порталға;
ҚҚС асып кетуін қайтару үшін – салық кезеңі үшін электрондық құжат нысанындағы ҚҚС жөніндегі декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап.
Портал, СЕӨС АЖ арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін жолданған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемелері

Егер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін шағын бизнес субъектілері, шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер – заңды тұлғалар және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушы жүгінсе;
2) көрсетілетін қызметті алушыға Салық кодекстің 411-бабының ережелерін қолданған салықтық кезеңі үшін:
ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша – шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өндірушілер;
ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру шаруашылығының өнімін қайта өңдеуді жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша – заңды тұлғалар:
ауыл шаруашылығы кооперативтері мына айналымдар бойынша:
өз өндірісінің, сондай-ақ осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өткізу;
өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін қайта өңдеу нәтижесінде алынған, осындай өнімді отандық өндірушіден сатып алынған және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген өнімді өткізу;
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша осындай кооператив мүшелеріне осы тармақшада көрсетілген айналымдарды олардың жүзеге асыруы мақсатында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету Салық кодекстің 411-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес;
3) салықтық тексеру аяқталған күнге:
өнім берушімен өзара есеп айырысулардың анықтығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге берілген сұрау салуларға жауаптар алынбаған;
тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілері бойынша "Пирамида" талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған;
ҚҚС сомаларының анықтығы расталмаған;
қарсы тексеру жүргізудің мүмкін болмауына байланысты, оның ішінде:
өнім берушінің орналасқан жері бойынша болмауы;
өнім берушінің есепке алу құжаттамаларының жоғалуы себебінен ҚҚС сомаларының анықтығы расталмаған сомалардың шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.
Бұл ретте осы тармақтың 3) тармақшасының үшінші бөлігінің ережелері мынадай:
қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;
құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 150 000 000 еселенген мөлшерін құрайтын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын Салық кодекстің 152-бабының 12-тармағына сәйкес;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезеңнің алдындағы соңғы 5 жылға есептелген салықтық жүктеменің орташа коэффициенті кемінде 20 пайыз болатын тексерілетін салық төлеушілердің тікелей өнім берушілері "Пирамида" талдамалық есебінің нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жойған жағдайда қолданылмайды.
Салықтық тексеру актісінде қосылған құн салығын қайтармау негіздері көрсетіледі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.kgd.gov.kz, www.mіnfіn.gov.kz интернет-ресурстарында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал, СЕӨС арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады