БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14941 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 97) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 97) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Әдістеме негізінде функционалдық шолу жүргізу Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Жұмыс тобынының құрамына:
1) орталық мемлекеттік органдар үшін:
уәкілетті органның өкілін;
аппарат басшысын не оны алмастыратын адамды, мемлекеттік орган басшысының орынбасарын, құрылымдық бөлімшенің басшысын/басшы орынбасарын, басқарма басшысын;
тәуелсіз салалық сарапшыларды (хронометраждық жұмыстар жүргізу үшін);
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін, кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілерін қосу ұсынылады;
2) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары үшін:
уәкілетті органның өкілін;
облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімінің орынбасарын, қала, аудан әкімін және олардың орынбасарларын, жергілікті атқарушы органдардың басқарушы буынының жұмыскерлерін (Басқармалардың басшысын және басшының орынбасарын), аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін;
тәуелсіз салалық сарапшыларды (хронометраждық жұмыстар жүргізу үшін);
тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) Қазақстан Республикасы өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерін, кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілерін қосу ұсынылады.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Ереженің міндеттерімен функциялардың және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен жергілікті атқарушы органдардың өңірлерді дамыту бағдарламаларының мақсаттарымен өзара іс-қимылына талдау жүргізу кезінде Жұмыс тобы мынадай анықтамаларға:
мемлекеттік органның міндеттеріне – мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына (нысанасына);
функцияның тікелей нәтижесіне – мемлекеттік органның функцияларын іске асырудың тікелей нәтижесіне негізделеді.
Мысалы:
облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің функциясы ("Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-9) тармақшасы): энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісімдерді жасасады, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
жергілікті атқарушы органдардың өңірлерді дамыту бағдарламасының мақсаты: "Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық саласындағы кәсіпорындарының жаңа технологиялар мен жаңартылатын ресурстарды қолдануын ұлғайту";
нысаналы индикатор:
"Қала халқының бір адамға шаққандағы бір күнге суды пайдалануын 2005 жылғы 220-240 литрден 2030 жылға қарай 50%-ға қысқарту";
"2030 жылға қарай энергия өндіру үшін ағынды сулардың 30%-ын қолдану".";
21-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) "Бонустардың мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16998 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін қолданылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бонустардың мөлшерін есептеу әдістемесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
басымдықтар – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) бекітілген "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі) сәйкес осы тұлға үшін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы белгілейтін орталық атқарушы органның аппарат басшысының басымдықтары;
бонус – мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем;
есепті кезең – бағалау жылының бірінші қаңтарынан бастап отыз бірінші желтоқсанын қоса алғанда, он екі айды құрайтын күнтізбелік жылға тең мемлекеттік қызметші жұмысының нәтижелерін бағалау кезеңі;
мемлекеттік органның нысаналы индикаторлары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, Маңғыстау облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы арасында жасалған меморандумда белгіленген пилоттық органның нысаналы индикаторлары;
нысаналы бонус – "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес мөлшерде көзделген мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бонусы;
нысаналы бонус қоры – бекітілген штат саны лимиттеріне сәйкес осы пилоттық органның әрбір мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің нысаналы бонустарынан қалыптастырылған пилоттық органның бонус қоры;
түзетілген бонус – тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нысаналы индикаторларға қол жеткізу нәтижелері бойынша нысаналы бонусты түзетуден кейінгі мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бонусы;
түзетілген бонус қоры – пилоттық органның нысаналы индикаторларына қол жеткізу нәтижелері бойынша пилоттық органның нысаналы бонус қорын түзетуден кейінгі пилоттық органның бонус қоры;
түйінді нысаналы индикаторлар (бұдан әрі – ТНИ) – қол жеткізу олардың қызметінің тиімділігін көрсететін, саяси қызметшінің меморандумына/"А" корпусы қызметшісінің келісіміне сәйкес не "Б" корпусы қызметшісі қызметінің ерекшелігін негізге ала отырып белгіленетін көрсеткіштер.".
2. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Иргалиев |
№ ___/_____/_____/_____ ФУНКЦИЯЛАР ПАСПОРТЫ (мемлекеттік органның нөмірі/құрылымдық бөлімше/функция түрі/реттік нөмірі)
Мемлекеттік органның атауы: | ||||
Құрылымдық бөлімше: | ||||
Құжат көзіне байланысты функцияның атауы: ҚР-ның тиісті нормативтік құқықтық актісінен функциялар мәтіні толық келтіріледі | мемлекеттік орган туралы ережеден | салалық Заңдардан және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарынан | өзге де нормативтік құқықтық актілерден (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысынан, бұйрықтардан және тағы басқалары.) | |
* Егер функция мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылса, онда үшінші көзде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес атауы және көрсетілетін қызмет коды көрсетіледі (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген).ФУНКЦИЯ СИПАТТАМАСЫ (тиісті ұяшықта Х түрінде және өзге де ақпаратты қажет болған жағдайда көрсетіңіз)
1 | “ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕР ТУРАЛЫ” ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫНА СӘЙКЕС ФУНКЦИЯНЫҢ ТҮРІ | |
1.1 | Стратегиялық функция болып табыла ма? | |
Жоспарлы құжаттарды әзірлеу, қабылдау, мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындау, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар стратегиялық функциялар болып табылады | ||
1.2 | Реттеуші функция болып табыла ма? | |
Мемлекеттік функциялардың іске асырылуын нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі функциялар реттеуші функциялар болып табылады | ||
1.3 | Іске асыру функциясы болып табыла ма?* | |
жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, рұқсат беру құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беруге бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады | ||
1.3.1 |
* Функция мемлекеттік қызмет болып табыла ма? | |
жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер қызметінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және бақылау жөніндегі функциялар бақылау функциялары болып табылады. |
2. ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҰЗАҚТЫҒЫНА ЖӘНЕ ОРТАҚТЫҒЫ ДӘРЕЖЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ФУНКЦИЯНЫҢ ТҮРІ
Тиісті ұяшықта Х түрінде және өзге де ақпаратты қажет болған жағдайда көрсетіңіз | уақытша іске асыру мерзімі көрсетіледі | тұрақты | тән емес * |
* Тән емес функция – мемлекеттік органның өз қызметіне тән емес және бәсекелес ортаға азаматтық қоғам институттарына беруге жататын, мынадай белгілердің біріне сәйкес келетін функциясы: артық болып табылады (мемлекеттік органның әкімшілік-басқару процесінен алып тастау жұмыс немесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендеуіне алып келмесе); қолдайтын болып табылады (яғни ішкі әкімшілік-шаруашылық қызметті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ ішкі бақылау қызметінің функциясы мен мемлекеттік органның бұқаралық ақпарат құралдарының функциясы); негізгі болып табылады, бірақ бұл ретте мемлекеттік реттеу шегінен тыс, сондай-ақ нәтижелері және осындай функцияларының енгізу нәтижелері мен мақсаты тиімсіз (рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі, мемлекеттік бақылау)
3. ФУНКЦИЯНЫ КІМ ОРЫНДАЙДЫ
мемлекеттік органның дербес бөлімшесі | |
атауы | |
штаты | |
функцияны нақты орындаушылардың саны | |
бірнеше бөлімшелермен бірлесіп | |
атауы | |
бөлімшелер саны | |
аты | |
функцияны нақты орындаушылардың саны | |
қатысу дәрежесі еркін нысанда (пайыздық қатынаста) | |
аумақтық органдармен бірлесіп | |
атауы | |
аумақтық органдар саны | |
штаты | |
функцияны нақты орындаушылардың жалпы саны | |
қатысу дәрежесі еркін нысанда | |
мемлекеттік органның ведомствосы | |
атауы | |
басқарманың атауы | |
штаты | |
функцияны нақты орындаушылардың саны | |
ведомстволық бағынысты ұйымдар: |
Мемлекеттік мекеме | Республикалық мемлекеттік кәсіпорын | Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын | Акционерлік қоғам | Жауапкершілігі шектеулі серіктестік | |
атауы | |||||
мемлекеттің қатысу үлесі | |||||
штаты | |||||
функцияны нақты орындаушылардың саны | |||||
* Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінен қосымша ақпарат сұралады; | |||||
бәсекелес орта | |||||
атауы | |||||
беру тәсілі | |||||
штаты | |||||
функцияны нақты орындаушылардың саны. |
4. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ:
республикалық бюджет | жергілікті бюджет | көрсетілетін қызметті алушылардың есебінен (көрсетілетін қызмет құнын көрсету) | өзге де қаржыландыру көздері (нақты қандай екенін көрсету) |
егер функцияны ведомстволық бағынысты ұйымдар орындаса, онда ұйымдар қызметінің жылдық қаржыландырылуы көрсетіледі ___________________
егер функцияны бәсекелес орта орындаса, онда бәсекелес ортадан көрсетілетін қызметті сатып алу құны жылына __________________________ көрсетіледі
5. ФУНКЦИЯНЫ ТҰТЫНУШЫ:
мемлекеттік органның дербес бөлімшесі | |
жоқ | |
мемлекет | |
мемлекеттік органның, құрылымдық бөлімшенің, ведомствоның, ведомстволық бағынысты ұйымның атауы | |
кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес азаматтар | |
аумақтық қамту | |
орташа жасы | |
әлеуметтік мәртебесі | |
кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ұйымдар | |
ұйымдық-құқықтық нысаны (мысалы қоғамдық бірлестік) | |
кәсіпкерлік субъектілері | |
ұйымдық-құқықтық нысаны (жеке кәсіпкер, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам, өзін-өзі реттейтін ұйым, коммерциялық емес ұйым және басқалары). | |
аумақтық қамту | |
экономикалық қызмет түрі |
6. ФУНКЦИЯНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
(функцияны іске асыру үшін қажетті іс-шаралардың (мысалы, құжаттың сараптамасы жүргізіледі, құжатты келісу, құжат беру және тағы басқа) қысқаша, кезең-кезеңдік сипаттамасы)
Егер нормативтік құқықтық актіде функцияны іске асыру тәртібі регламенттелген болса, онда оның атауы қосымша көрсетіледі.
7. ФУНКЦИЯНЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ БАҚЫЛАУДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ:
жоқ | |
қажет | |
бақылау функциясының атауы | |
бақылау субъектісі | |
бақылау түрі (тексеру немесе бақылаудың өзге де нысандары) | |
жауаптылық түрі (тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық) |
8. ЕГЕР ФУНКЦИЯ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ БОЛЫП ТАБЫЛСА:
тұтынушы үшін қызмет құны __________________ | |
реттелетін қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейіне байланысты көрсетілетін қызмет түрі | |
лицензия | |
рұқсат | |
хабарлама | |
қызметті көрсету нысаны | |
электрондық | |
қағаз түрінде | |
аралас | |
тұтынушы үшін қызмет көрсету мерзімі ______________________ | |
сол арқылы қызмет көрсетілетін ұйымның атауы_________________________________________________________ |
9. ФУНКЦИЯНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ ИНДИКАТОРЛАРЫ (мақсаттары мен міндеттерін еркін нысанда сипаттау)
10. ФУНКЦИЯНЫ БЕРУДІҢ ҰСЫНЫЛЫП ОТЫРҒАН ТӘСІЛІ:
берілмейді | |
(себебін жазу) | |
аутсорсинг | |
(конкурстық негізде сыртқы орындаушылармен келісімшарттар жасасу арқылы мемлекеттік органдардың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етумен байланысты емес мемлекеттік функцияларының нақты түрлерін іске асыру бойынша өкілеттіліктерін бәсекелес ортаға беру); | |
мемлекеттік тапсырма | |
(жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да міндеттерді орындауға заңды тұлғаларға тапсырыс беру); | |
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс | |
(бюджет қаражаты есебінен үкіметтік емес ұйымдар орындайтын, әлеуметтік салада міндеттерді шешуге бағытталған, әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру нысанына тапсырыс); | |
көрсетілетін қызметті алушылардың есебінен | |
(функцияларды мемлекеттік қаржыландырусыз беру); | |
міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеу | |
(жеке және заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын бекітуге, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ өзін-өзі реттеу субъектілерінің мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз етуге негізделген кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметін өз бетінше реттеуі) |
11. БЕРУДІҢ ҰСЫНЫЛЫП ОТЫРҒАН НЫСАНЫ
пилоттық жоба | |
кезеңдік беру | |
баламалы беру | |
(мемлекеттік органда сақтай отырып функцияны беру, бұл ретте тұтынушыға мемлекеттен немесе бәсекелес ортадан көрсетілетін қызметті алу таңдауы ұсынылады) | |
ішінара беру | |
толық беру |
Құрылымдық бөлімшенің басшысы