БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жер учаскесін сатып алу-сатудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19436 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жер учаскесін сатып алу-сатудың үлгілік шартында:
7-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) осы Шарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде берілген жер учаскесіне төлем жасау жөніндегі міндет орындалмаған жағдайда, Сатып алушы учаскеге төлем жасалған күнге дейін жер учаскесі үшін сома төленуі тиіс күннен бастап мерзімі өткен мерзімге өсімпұлды (тұрақсыздық айыбын) күнтізбелік 30 күн ішінде төлеуге міндетті.
Өсімақы сомасы (тұрақсыздық айыбы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін негізге ала отырып, мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есептеледі.
Жер учаскесі бөліп төлеуге сатылған жағдайда 12) тармақша мынадай редакцияда жазылады:
"12) жер учаскесі үшін ай сайынғы төлемді кешіктірген жағдайда Сатып алушы Сатушыға жер учаскесінің төленбеген құнынан мерзімі өткен әрбір күн үшін 0,1 пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді;";".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашкы ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі