"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 63-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 143 бұйрығына қосымша |
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар
№ | Көрсетілетін қызметтің атауы | Саны | Ақпараттық-цифрлық көлем (Мегабайт) | Бағасы, теңге (қосылған құн салығын есептеусіз) |
1 | Техникалық-экономикалық негіздемелерді; үлгілік жобаларды; жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну | 1 жинақ | 100-ге дейін | 2 079 |
2 | 100-ден 300-ге дейін | 2 426 | ||
3 | 300-ден 500-ге дейін | 2 982 | ||
4 | 500-ден 700-ге дейін | 3 538 | ||
5 | 700-ден 1000-ға дейін | 4 233 | ||
6 | 1000-нан 1500-ге дейін | 5 345 | ||
7 | 1500-ден 2000-ға дейін | 6 735 | ||
8 | 2000-нан 2500-ге дейін | 8 125 | ||
9 | 2500-ден 3000-ға дейін | 9 515 | ||
10 | 3000-нан 3500-ге дейін | 11 600 | ||
11 | 4000-нан 5000-ға дейін | 14 380 | ||
12 | 5000-нан 6000-ға дейін | 17 160 | ||
13 | 6000-нан 7000-ға дейін | 19 940 | ||
14 | 7000-нан 10000-ға дейін | 25 500 | ||
15 | 10000-нан астам | 29 670 |