"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 378 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 22464 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 97 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 10.02.2023 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 378 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18744 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінің ақпараттық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағының 19-56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1, 2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл және қару-жарақ бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі (бұдан әрі – ҚР ҚК) өрт қауіпсіздігі шараларын нақтылайды";

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өртке қарсы қорғаныс қызметін ұйымдастыру (өрт сөндіру наряды, өрт-бекеттік қызметті өткеру, өртке қарсы қорғаныс командалары (өрт сөндіру есептоптары), өртке қарсы қорғау мүлкімен қамтамасыз ету);

      2) өрт-профилактикалық жұмысты ұйымдастыру (өрт-профилактикалық жұмысты жүргізу, жеке құрамды өрт-профилактикалық тұрғысынан даярлау, әскери бөлімдердің (мекемелердің) өртке қарсы қорғаныс жай-күйін өрт-техникалық тұрғысынан тексеру, объектілердегі өрт қауіпсіздігі шаралары) жатады.";

      3-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өрт профилактикасы – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өртті болдырмауға, оның өршуін шектеуге, сондай-ақ өрт сөндіру үшін жағдайлар жасауға бағытталған ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар кешені;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өрт-бақылау органы – ҚР ҚК-ның, әскер түрлерінің, тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың және гарнизондардың өртке қарсы қорғаныс қызметі.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әскери бөлім (мекеме) объектілерінің өрт қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету және жеке құрам үшін қауіпсіз жағдайлар жасау үшін бөлім командирі (мекеме бастығы) әскери бөлімдер мен мекемелер жеке құрамының "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысында (бұдан әрі – ӨҚҚ) көрсетілген өрт қауіпсіздігі талаптарын зерделеу жөніндегі өртке қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізуді ұйымдастырады.

      5. Өртке қарсы қорғау қызметінің лауазымды адамдары және әскери бөлімнің (мекеменің) тәуліктік наряды жеке құрамның ӨҚҚ талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асырады, өрт шыққан жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне дереу хабарлайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Өрт сөндіру нарядының қызмет өткеруі жауынгерлік міндетті орындау болып табылады және жеке құрамнан Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары ішкі қызмет жарғысының (бұдан әрі – ІҚЖ) және осы Нұсқаулықтың талаптарын нақты сақтауды талап етеді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік мереке және күзетілетін объектілер (арсеналдар, базалар, қоймалар) аумағында жоғары өрт қауіптілігімен байланысты жаппай тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу күндері әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) шешімі бойынша өртке қарсы қорғанысты күшейту мақсатында өртке қарсы қорғаныс командасының резерві немесе әскери бөлімнің (мекеменің) басқа да бөлімшелері есебінен тәуліктік өрт сөндіру нарядының санын арттыру жүргізіледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Өрт сөндіру бекеттерінің саны және оларды орналастыру осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәуліктік өрт сөндіру нарядының ведомосында айқындалады, оны өртке қарсы қорғаныс командасының бастығы әзірлейді.";

      21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Бекетшілерді ауыстыру үшін өрт сөндіру нарядының бастығы кезекті ауысымның бекетшілерін өртке қарсы қорғаныс командасы депосының гаражында бір қатарға сапқа тұрғызады және қызмет өткеру бойынша нұсқаулар береді.

      22. Әскери бөлімдерде (мекемелерде) штаттық өртке қарсы қорғаныс командалары ҚР ҚК әскери қызметшілерімен жасақталады. Өртке қарсы қорғаныс командаларының құрамына мерзімді қызмет әскери қызметшілерін қосуға жол берілмейді.

      23. Өрт сөндіру автомобильдерінің (мотопомпалардың) саны мен түрі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 348 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде 2015 жылғы 24 шілдеде № 11741 болып тіркелген) Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін өртке қарсы қорғаныс мүлікпен жабдықтау нормаларына сәйкес айқындалады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Бірнеше әскери бөлім (мекеме) орналастырылған әскери қалашықтарда гарнизон бастығының шешімімен штаттан тыс бір гарнизондық өрт сөндіру құрама командасын құруға жол беріледі.";

      31, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Өрт сөндіру нарядының құрамына:

      1) наряд бастығы;

      2) өрт сөндіру автомобильдерінің (мотопомпаларының) саны бойынша жүргізушілер (моторшылар) кіреді.";

      32. Штаттан тыс өрт сөндіру командалары өрт сөндіру немесе өрт сөндіруге бейімделген автомобильдермен, мотопомпалармен, сондай-ақ әскери бөлімнің (мекеменің) штаттық тиесілігіне сәйкес өрт сөндіру жабдығымен қамтамасыз етіледі.

      33. Әскери мүлікпен және жауынгерлік техникамен жұмыс жүргізу орындарында ӨҚҚ-ның сақталуын бақылау, шыққан өртті сөндіру және мүлікті (техниканы) эвакуациялау үшін өрт сөндіру есептоптары тағайындалады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Әскери бөлімдердің (мекемелердің) бөлімшелерінде күн сайын кешкі тексеру (жұмыс күні) аяқталғаннан кейін рота бойынша кезекші өрт шыққан жағдайға өрт сөндіру есептобын нақтылайды.";

      5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Өртке қарсы қорғаныс мүлкімен қамтамасыз ету";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы мыналарды орнатуды, қызмет көрсетуді және жөндеуді:

      1) автоматты өрт дабылдамасын;

      2) күрделі құрылыс және жөндеу кезіндегі автоматты өрт сөндіру жүйелерін;

      3) найзағайдан қорғау құрылғыларын;

      4) сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтауды (өрт сөндіру крандары, гидранттар, су тоғандары);

      5) электр шаруашылығын;

      6) жанар-жағармай материалдары қоймалары жерүсті резервуарлары топтарының, зымырандарды, қару мен оқ-дәрілерді сақтау орындарының айналасына топырақ үюді қамтамасыз етеді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Өрт-профилактикалық жұмысты ұйымдастыру";

      39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Өрт-бақылау органдары лауазымды адамдарының жұмысы айлық жұмыс жоспарларында айқындалады.

      Жоспарларды әскери бөлім командирі, өртке қарсы қорғаныс қызметі бағынысында болатын мекеме бастығы бекітеді.

      40. Айлық жұмыс жоспарлары өрт-профилактикалық жұмысты және өрт жағдайын талдауды ескере отырып жасалады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Жұмыстар тізбесі осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери бөлім (мекеме) өртке қарсы командасының ұйымдастыру-профилактикалық іс-шаралары мен шаруашылық жұмыстарының бір айлық жоспарына жеке бөлім болып енгізіледі.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Жыл сайын өрт қаупі бар кезеңде ҚР ҚК мемлекеттік мекемелерінің кешенді комиссияларымен және жоспарлы тексерулермен әскери бөлімдер зымыран-артиллериялық қару-жарақ (бұдан әрі – ЗАҚ) қоймаларының, қару-жарақты (оқ-дәрілерді) сақтау арсеналдарының және базаларының өртке қарсы жай-күйі тексеріледі.";

      46-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өртке қарсы қорғаныс қызметінің (командасының) бастығы – күн сайын;";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Осы объектілердің өртке қарсы жай-күйіне жауаптылардың қатысуымен бөлім (мекеме) өрт сөндіру нарядының адамдары күн сайын қарап тексеруге жататын жарылу-өрт қаупі бар үйлер мен құрылыстар (сақтау орындары, қоймалар, парктер, ангарлар, цехтар, шеберханалар) тізбесі әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығымен бекітіледі.";

      50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Автоматты өрт сөндіру қондырғыларына қызмет көрсету және жөндеу, оттан қорғау құрамдарын жағу (сіңіру) жөніндегі жұмыстар, өрт сөндіргіштердің барлық түрлерін қайта зарядтау, сынау және жөндеу, ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы өрт сөндіру баспалдақтарын және шатырлардағы қоршауларды пайдаланып сынау тікелей мүдделі мемлекеттік мекеменің (баланста ұстаушының) қаражаты есебінен жүргізіледі.

      51. Өртке қарсы даярлық әскери бөлімдердің (мекемелердің) жеке құрамын өрттен сақтандыру шараларына, өрт сөндіру құралдарын қолдануға және өрт шыққан кездегі іс жүзіндегі іс-қимылдарға оқытып-үйрету мақсатында ұйымдастырылады және жүргізіледі.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Әскери бөлімдердің командирлерін (мекемелердің бастықтарын) және өрт қауіпсіздігіне жауапты лауазымды адамдарды өртке қарсы режим бөлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білу ауқымында өрт-техникалық минимум бойынша даярлауды және штаттық өртке қарсы қорғаныс командаларының мамандарын мамандықтар бойынша оқытып-үйретуді әскери бөлімдер (мекемелер) жүргізеді.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Әскери бөлімнің (мекеменің) өртке қарсы қорғанысын ұйымдастыру және жай-күйін тексеру нәтижелері бойынша тексеруші орнында осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыруды және оның жай-күйін тексеру актісін жасайды.

      Өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыруда және оның жай-күйінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар жою мерзімі күнтізбелік 30 күн болатын қысқаша тұжырымдалған болуға тиіс.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Өрт қауіпсіздігі шаралары";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Шеберханалар, сақтау орындары, қоймалар, парктер (гараждар), ангарлар, цехтар, тұрақты және уақытша жұмыс істеу пункттері және өрт тұрғысынан қауіпті басқа да үй-жайларды күн сайын оларды жабар алдында осы үй-жайларға жауапты лауазымды адамдар және бөлімнің өрт сөндіру нарядының адамдары қарап тексереді.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Далалық жағдайларда өрт сөндіру мүлкін (мүкәммалын) орналастыру өрт шыққан кезде жеке құрамның оларды тез пайдалану мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Лагерь аумағында өрт сөндіру құралдарын сақтау үшін сыйымдылығына қарамастан, әрқайсысы 2 шатырға қызмет көрсету есебінен бір өртке қарсы қалқан жабдықталады.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Сақтау орындары мен қойма үй-жайларында жарықтандыру желісінің электр сымдары және электр шамдары тек өтетін жолдардың үстінде орналастырылады. Барлық қауіптілік санатындағы өндірістік үй-жайларда электр шамдарын ілу биіктігі еденнен кемінде 2,5 м болып айқындалады.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Өндірістік мұқтажды және қойма аумағын күзет жарығымен қамтамасыз ететін трансформаторлар мен кіші станциялар қоршаудан тыс орнатылады.

      Жылжымалы электр станциялары сақтау орындарынан немесе тиеу-түсіру жұмыстары пункттерінен кемінде 25 м арақашықтықта, ал тасымалданатын жарық беру нүктелері оқ-дәрілер штабельдерінен кемінде 5 м арақашықтықта орналастырылады.

      Жылжымалы электр станциясынан электр қозғалтқыштарға, трансформаторларға және жарық беру нүктелеріне электр энергиясын беру ақаусыз оқшауланған кабель бойынша жүргізіледі.

      Сақтау орындары мен тиеу-түсіру платформаларын жарықтандыру кезінде бөлу құрылғысы сақтау орнынан немесе платформадан кемінде 5 м жерде бағанда металл шкафта орнатылады.

      Қозғалтқыштар мен іске қосу аспаптарына электрмен қоректендіруді жүргізу үшін газ құбырларындағы сым немесе броньды кабель қолданылады.

      Шыны қалпақшалары, сақтандырғыш торлары, резеңке шлангідегі жұмсақ сымдары бар және желіден кернеуі 24 В аспайтын тасымалданатын электр лампалар қолданылады. Сымның оқшаулануы кемінде айына бір рет мегомметрмен жүйелі түрде тексеріледі.

      Жұмыс пункттерінде жарық беру желілерін жүргізу үшін жарықтандыру газ құбырларындағы сым жарық беру арматурасын қосу схемасымен топта қолданылады. Герметикалық және жарылыс қаупі жоқ жарық беру арматурасы қолданылады.

      Қойма аумағына электр энергиясын беру бір пункттен жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін желі ажыратылады, тарату құрылғысы құлыппен жабылады және мөрленеді.";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Өрт кезінде машиналарды (әуе кемелерін) дереу алып шығуды қамтамасыз ету үшін күн сайын арнайы тарту құрылғыларымен кезекші тартқыштар мен әскери қызметшілердің қажетті саны бөлінеді.";

      98-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) карбюратор қозғалтқыштары бар машиналардың отын бактары толтырылмауы, ал олардың ішкі беті жуылған болуы және жұмыстық-консервациялайтын маймен өңделуге тиіс. Дизельді қозғалтқышты машиналардың отын бактары толтырылып ұсталады. Ерекше жағдайларда өрт қауіпсіздігінің тиісті шараларын қабылдаумен машина бактарын бензинмен толтырып, белгіленген мерзімде оны жаңартумен ұстауға болады. ЖМ паркін орналастыру, жоспарлау (ғимараттар мен құрылыстардың кезектесіп орналасуы) және жабдықтау өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес орындалады;";

      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "99. ЖМ паркінің қару-жарағы мен әскери техникасына (бұдан әрі – ҚӘТ) техникалық қызмет көрсету және жөндеу аймағында:

      1) өрт сөндіру гидранттары немесе су қоймалары;

      2) кезекші және өрт сөндіру құралдарын орналастыру үшін алаңдар орналасады.";

      115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Ағаштар мен бұталарды отырғызу ЖМ паркінің өрт қаупін арттырмауға, өрт сөндіру машинасының ғимараттар мен құрылыстарға жақындауына бөгет жасамауға, парк бойынша сақшылардың, тәуліктік наряд адамдарының және өрт сөндіру нарядының қызмет атқару кезінде парк аумағын шолуына кедергі келтірмеуге тиіс.

      Ағаштар егілген жерден жолдарға, ЖМ паркі ғимарттары мен құрылыстарына дейінгі арақашықтық өсімдіктердің одан әрі өсуін ескере отырып таңдалады.";

      121 және 122-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "121. Бөлшектерді жуу бекеттері жасанды ағынды-сору желдеткішімен жабдықталатын ЖМ паркінің оқшауланған үй-жайларында орналастырылады. Бекеттердің барлық электр жабдығы жарылудан қорғалған күйде орындалады. Жууға арналған ванналар стационарлы орнатылады, үй-жай көлеміне сұйықтық буларының кіруін болдырмайтын мықты жабылатын қақпақтармен және кейбір жерлерінде сорып шығару құралдарымен жабдықталады. Жуатын сұйықтықтар ретінде өртке қатысты қауіпсіз техникалық жуу құралдарын пайдалану қажет.

      122. Жарылу қаупі бар газдар мен қоспаларды бөлумен болатын технологиялық процеспен ЖМ паркінің үй-жайы табиғи және жасанды ағынды-сору желдеткішімен жабдықталады.";

      135-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      135. Өрт қауіпсіздігіне:

      1) сақтау орындарын жүктеу және бірге сақтау кезінде ӨҚҚ-ны сақтаумен;

      2) тұтанудың берілуі бойынша қауіпсіз арақашықтықты сақтаумен, жергілікті жерде сақтау орындарын өзара ұтымды орналастырумен және топырақ үюмен;

      3) оқ-дәрілерді сақтау орындарына дұрыс орналастырумен және салып қоюмен, сақтау режимін сақтаумен;

      4) оқ-дәрілермен технологиялық операцияларды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаумен қол жеткізіледі.";

      140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "140. Мүлікті қатарлап реттеп салу өтпелер мен шығатын есіктер бос болатындай есеппен жүргізіледі. Мүлікті пештерге, жылыту радиаторларына, электр сымдары мен шамдарға тікелей жақын реттеп салуға, сондай-ақ сақтау орындарында мүлікті тасымалдауға және реттеп салуға байланысты емес жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.";

      146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "146. Өрт сөндіру су тоғандары жабыны қатты жол бойында қорғалатын ғимараттың немесе құрылыстың жақын нүктесінен 50 м алыс емес қашықтықта орналастырылады.";

      149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "149. Тепловоздар және автотракторлық техника техникалық аумаққа оларды өрт сөндіру наряды тексергеннен кейін және ұшқын өшіргіш, өрт сөндіргіш және киіз бар болған кезде жіберіледі.";

      156-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жолдар мен өтпелер бойында олардан 2,5 м алыс емес қашықтықта, ал сақтау орындарының қабырғасынан әрбір құрылыс екі гидрантпен қамтамасыз етілетіндей есеппен сақтау орындарының қабырғаларынан 5 м жақын емес қашықтықта орнатылатын өрт сөндіру гидранттарымен, бұл ретте құрылыс шегінде гидранттар арасындағы арақашықтық 200 м артық емес құрайды;";

      158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "158. Стационарлық әскери жанармай қоймасы ғимараттар мен құрылыстардан бар кіреберіс жолдарды, теміржол жолдарын пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, өртке қарсы алшақтықты сақтай отырып, әскери бөлімнің (мекеменің) аумағында орналастырылады.";

      159-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ӨҚҚ-ға сәйкес құрылыстар, тасалар, жабдық пен жанармай қорлары бытырап орналасқан жерде;";

      170-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) нығыздалған (орнатылған) жойғыш бөліктері бар және оларсыз зымырандарды сынау, жойғыш бөліктерді дайындау және зымырандармен түйістіру, зымырандар мен зымыран қозғалтқыштарын оларды оқтағаннан кейін құрастыру жүргізілетін барлық типтегі және сыныптағы зымырандармен жүргізілетін регламенттік жұмыстар цехтары;";

      171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "171. Цехтарда құрал-саймандар мен айла-бұйымдарды сақтау үшін цех қоймалары ұйымдастырылады. Бұл қоймаларда өрт қаупі жоқ материалдардың ауыспалы қорын цехта жұмыстарды жүргізу үшін қажетті мөлшерде уақытша сақтауға жол беріледі.

      Цехтардың қоймалық үй-жайларында өрт қауіпсіз, сондай-ақ өрт қауіпті материалдарды ұзақ уақыт сақтауға жол берілмейді. Мұндай сақтау үш ауысым қажеттіліктен аспайтын материалдар қорларын құруға рұқсат етілетін шығыс қоймаларында ұйымдастырылады.

      Цехтың шығыс қоймалары цехтан 40 м арақашықтықта жанбайтын материалдардан салынады, қажет болған жағдайларда олар орталық жылыту жүйесі арқылы жылытылады және электрмен жарықтандырылады.";

      173-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "173. Әрбір сақтау орны база командирінің бұйрығы негізінде сақтау орнының бастығына бекітіліп беріледі, ол сақтау орнында және олардың айналасындағы аумақта ӨҚҚ талаптарын сақтайды.

      Сақтау орнындағы жұмыстың аяқталуы бойынша өртке қарсы қорғаныс командасының өкілдері тексереді, одан кейін сақтау орнының есіктері жабылады және жауаптының мөрімен мөрленеді.";

      175-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "175. Жарылу қаупі бар элементтер бар сақтау орындары мен алаңдарда мүлікті әкелуден (әкетуден), сақтау үшін реттеп салудан және сақтау орнына шағын жөндеуден басқа, мынадай талаптар сақталған кезде қандай да бір жұмысты жүргізуге жол берілмейді:

      1) жұмыстар жүргізу үшін жұмыс жетекшісі тағайындалады;

      2) жұмысшылар өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауы қажет;

      3) төбе жабыны жоқ сақтау орнының шатырын жөндеу кезінде жарылу қаупі бар элементтердің үстіне элементтерді әртүрлі заттардың, құралдардың кенеттен құлап кетуінен сақтайтын кенеп немесе тор жабу қажет;

      4) еденді жөндеу кезінде жарылу қаупі бар элементтерді сақтау орнының жанына немесе оның ішіндегі бос алаңға орналастырумен оларды жинап алу қажет.";

      183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "183. Жарылу- және өрт қаупі бар үй-жайлар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталады.";

      184. Бастапқы сатыда өрт ошақтарын жою үшін базалардың цехтарында, сақтау орындарында, жұмыс істеу пункттерінде және басқа да құрылыстары мен ғимараттарында өрт сөндіру құралы өрт сөндіру қалқандары орнатылады, бұл ретте зымырандар мен оқ-дәрілер бар цехтар, сақтау орындары мен жұмыс пункттері үшін өрт сөндіру құралына (әрбір қалқанда) қосымша мыналар жабдықталады:

      1) суы бар бөшкелер – 2 дана;

      2) құмы бар жәшік – 1 дана;

      3) баспалдақ – 1 дана.

      Өрт құрал-сайманы қалқандарда орналастырылады. Қалқандар әрбір объекті жанында 10 – 15 м арақашықтықта орнатылады.

      185-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      185. Базаның техникалық аумағында өрт сөндіру мақсатында әрбір 100 оқ-дәрілер вагонына сыйымдылығы 50 м3 су тоғандарында сақталатын кемінде 50 м3 есебінен су қоры жасалады. Су тоғандары екі және одан да көп су тоғандарынан әрбір объектіге бір уақытта су беруді қамтамасыз ететіндей есеппен оқ-дәрілер бар сақтау орындарынан (цехтан), алаңнан және штабельдерден 50 м аспайтын арақашықтықта су тоғандары салынады. Су тоғандарына жылдың кез келген маусымында өрт сөндіру автомашинасының келуін қамтамасыз ететін кірмежолдар жабдықталады. Су тоғаны жанында өрт сөндіру автомашиналары басқа автомашиналардың өтуі үшін жолды жаппайтындай орналастырылады.

      186. Базада өрт сөндіру автомобильдерінің маршруттар схемасы әзірленеді, ол ең қашықтағы сақтау орнына өрт сөндіру машиналары өрт дабылы сигналын алған сәттен бастап 10 мин кешікпей келе алатындай есеппен жасалады.

      187. Автотракторлық техника базаның техникалық аумағына оны өрт сөндіру наряды тексергеннен кейін жіберіледі. Техникалық аумақта жұмыс істейтін әрбір автомобиль немесе трактор өрт сөндіргіштермен, қылшық жүнді матамен жабдықталуы және онда ақаусыз отын жүйесі, түтін шығару құрылғылары (тұншықтырғыш) және ұшқын өшіргіш болуы қажет.

      Өрт сөндіру құралдарымен жабдықталмаған автокөлікке оқ-дәрілер мен зымырандарды тиеуге жол берілмейді.";

      189-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "189. Базаның техникалық аумағында темекі шегуге тыйым салынады. Темекі шегу әкімшілік-шаруашылық аумақта ол үшін арнайы бөлінген және жабдықталған орында жол беріледі.";

      7-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-параграф. Зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймаларындағы өрт қауіпсіздігі шаралары";

      196-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "196. Оқ-дәрлерді сақтау орындары арасындағы арақашықтық топырақ үюмен – кемінде 50 м, топырақ үюсіз – кемінде 100 м болуға жол беріледі.

      Сақтау орындарын оқ-дәрілермен және зымырандармен (жарылғыш заттардың бар болуы бойынша) 150 т аспайтын, бірақ бір сақтау орнына 15 вагоннан аспайтындай етіп толтыруға жол беріледі. Жарылғыш заттардың мөлшері снарядтардағы, миналардағы, бастиекті және жарылғыш бөліктердегі жарылғыш зарядтар массасын және дәрілік зарядтардың жалпы массасының жартысын қосумен айқындалады.";

      205-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "205. Зымырандар мен оқ-дәрілер тиелген ЖМ-ға және көлік құралдарына жанар және жағармай материалдарын құю (толық құю) мынадай қауіпсіздік шараларын сақтаумен жүргізіледі:";

      8-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-параграф. Инженерлік оқ-дәрілер қоймаларындағы өрт қауіпсіздігі шаралары";

      206 және 207-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "206. Инженерлік оқ-дәрілер жарылу қауіптілігінің жіктемесі бойынша қауіпті жүктердің бірінші сыныбына жатады және қауіптіліктің 4 кіші тобына бөлінеді.

      1-қауіптілік кіші тобына – жаппай жарылу қаупі бар оқ-дәрілер. Жаппай жарылу – барлық штабельді немесе оқ-дәрілерді сақтау орнын бір уақытта қамтитын жарылыс.

      2-қауіптілік кіші тобына – жаппай жарылмайтын оқ-дәрілер. Бұл кіші топқа жаппай жарылмайтын, бірақ жарылу кезінде бытырау, жергілікті жерді миналау және айналадағы заттарды елеулі түрде зақымдау қауіптілігі бар оқ-дәрілер жатады.

      3-қауіптілік кіші тобына – массасы жарылмайтын, өрт қауіпті оқ-дәрілер. Бұл кіші топқа жану кезінде көп мөлшерде жылу бөлетін немесе бірінен соң бірі елеулі жарылумен немесе бытыраумен жанатын немес сол ғана және екеуі де болатын оқ-дәрілер жатады.

      4-қауіптілік кіші тобына – елеулі қауіптілігі жоқ оқ-дәрілер. Бұл кіші топқа тек тұтанған немесе тұтына бастаған жағдайда жарылудың елеусіз қауіптілігі бар оқ-дәрілер жатады. Жарылыстың әсері тұтана бастаудың сыртқы көзі орамның ішіндегісінің тез жарылуын тудырмайтындай ораммен шектеледі.

      210-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "210. Қоймалардың техникалық аумағы онда сақталатын оқ-дәрілердің өрт шығу және жарылу қауіптілігі деңгейіне байланысты қауіптілік санаттары бойынша өндірістік аймақ және оқ-дәрілерді сақтау аймақтары (алаңдары) болып бөлінеді.

      Аймақтар ішіндегі сақтау орындары құрылымдық ерекшеліктеріне, онда орналастырылатын оқ-дәрілерге байланысты штаттық емес жағдайлардың (өрт, жарылыс, миналау, от және тұтандыру көздерінің шашырауы) салдары барынша оқшауланатындай етіп топтастырылады.

      Техникалық аумақтағы ғимараттар мен құрылыстар (сақтау орындары), олар әкімшілік-шаруашылық аумаққа және тұрғын үй-тұрмыстық қалашыққа жақындаған сайын бұл ғимараттардың (құрылыстардың) қауіптілік санаты төмендейтіндей болып орналастырылады. Бұл ретте қауіптілік санаты бар ғимараттар мен құрылыстарды (сақтау орындарын) тұрғын үй-тұрмыстық қалашықтан және әскери бөлімшелерді орналастыруға арналған қалашықтан кемінде 1 км арақашықтықта орналастыру қажет.";

      212-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "212. Жанар, жағармай материалдары, отын және басқа да материалдық құралдар қоймалары өртке қарсы жыралар арақашықтығын сақтай отырып, әкімшілік-шаруашылық аумақта орналастырылады.";

      218-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "218. Сақтау объектілерінде, сақтау объектілері жанындағы тыйым салынған аймақтарда және тыйым салынған аудандарда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындарды, ғимараттар мен құрылыстарды қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сақтау объектілері хабардар ету және тыйым салынған аудандар мен тыйым салынған аймақтарда өрт, авария және табиғи зілзала салдарын жоюда және адамдар мен мүлікті эвакуациялауда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп әрекет ету жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

      Жоспарды іс жүзінде пысықтауды сақтау объектілері және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жылына бір реттен сиретпей наурыз бен маусым айлары кезеңінде жүргізеді.";

      220-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "220. Техникалық аумақта сыйымдылығы кемінде 50 м3 жабық өрт сөндіру су тоғандары жабдықталады. Өрт сөндіру тоғандары қорғалатын ғимарат пен құрылыстың ең жақын нүктесінен 50 м аспайтын арақашықтықта орналастырылады.

      Күзету периметрінің сыртқы сымды қоршауының сыртқы жағынан барлық ені бойынша жыртылған ені 50 м өртке қарсы қорғау жолағы жасалады.";

      233-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "233. Оқ-дәрілерді тасымалдауға арналған автомобиль мыналардан жиынтықталады:

      1) үш өрт сөндіргішпен;

      2) жануы қиын су өткізбейтін матамен;

      3) 200 мм ұзындықта жерге тиіп тұратын жерге түйістіру металл шынжыры және тұрақта статикалық және атмосфералық зарядтардан қорғауға арналған темір қадамен.";

      9-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-параграф. Атыс қаруын және оқ-дәрілерді сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары";

      244-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өрт болған жағдайда кедергісіз (маневрсіз) шығуын қамтамасыз ету үшін көлік құралдары сақтау орындарында 1 – 2 қатарда немесе тізбектеліп былай орналастырылады: тартқыш және ол сүйрейтін тіркеме. Қарама-қарсы жақтарға шығу қамтамасыз етілген кезде екі қатар етіп орналастыруға жол беріледі.";

      10-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-параграф. Жанар және жағармай материалдарының қоймаларындағы өрт қауіпсіздігі шаралары";

      252-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "252. Ыдыстағы жанармай мен арнайы сұйықтықтарды сақтауға арналған әрбір сақтау орны:

      1) әскери бөлім командирі бекіткен ыдыстағы жанармайды және техникалық құралдарды сақтау қағидалары, сақтау режимі және өрт болған жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі көрсетілген өрт қауіпсіздігі жөнінде жеке құрамға нұсқаулықпен;

      2) сүртетін материалдар үшін металл жәшіктермен;

      3) өрт сөндіру құрал-жабдығымен жабдықталады.";

      255-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өрт сөндіру құрал-жабдығы мен жабдықты тексеру және қысқы жағдайларға дайындау, өрт сөндіргіштердің зарядталуын және оларды жылылауды тексеру, құмды құрғақ күйінде сақтау жағдайларын жасау;";

      260-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "260. ӨҚҚ сақтау, сондай-ақ өрт дабылы сигналдары бойынша іс-қимылдар қойма аумағындағы барлық адамдар үшін міндетті.";

      11-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-параграф. Өндірістік үй-жайлардағы өрт қауіпсіздігі шаралары";

      316-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "316. Полигондардың жеке құрамы электр қондырғыларын пайдалану кезінде ӨҚҚ талаптарын орындайды.

      Жұмыс кернеуі 1 000 вольтқа дейін электр қондырғыларына қызмет көрсету бойынша жұмыстарды электр қондырғыларымен жұмыс істеуге рұқсатнамасы бар полигонның лауазымды адамдары орындайды. Оларға: полигон бастығының көмекшісі – электр-арнайы жабдық жөніндегі инженер, полигонды қамтамасыз ету взводының командирі, бастықтар мен аға электриктер – полигонның оқу-жаттығу объектілерінің операторлары жатады.";

      318-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "318. Электр қондырғылармен жұмыс істеуге рұқсатнаманы талап ететін лауазымдарды атқаратын полигонның жеке құрамы жыл сайын нұсқау беруден (нұсқау беру журналында тіркеумен) және рұқсатнама алу үшін электр қондырғыларын пайдалану кезінде ӨҚҚ талаптарын білу мәніне тестілеуден өтеді.";

      320-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "320. Жеке құрам үшін қауіп төнетін немесе авария, өрт немесе жарылыс қатері төнетін ӨҚҚ талаптарын бұзуды немесе ондағы ақаулықты анықтай отырып, электр қондырғыларын пайдаланатын жеке құрам белгіленген кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдайды және полигон бастығына ақаулықтар мен қабылданған шаралар туралы баяндайды.";

      323-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "323. От қаупі бар жұмыстар жүргізілген объектінің өртке қарсы жай-күйіне жауапты лауазымды адамдар олар аяқталғаннан кейін 3 – 5 сағат бойы жұмыстар жүргізілген орындарды кезең-кезеңімен тексеруді жүзеге асырады.";

      325-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "325. ӨҚҚ талаптарына сәйкес парктің ғимараттары мен құрылыстарына найзағайдан қорғау жобасы әзірленеді.

      Қолданыстағы, сондай-ақ шаруашылық тәсілмен салынып жатқан ЖМ паркінің ғимараттары мен құрылыстарының найзағайдан қорғау жобалары қажет болған кезде жергілікті жобалық ұйымдардың мамандарын тарта отырып, әскери бөлімнің күштері әзірлейді.

      Қайта салынатын ЖМ паркінің ғимараттары мен құрылыстарында найзағайдан қорғау жобасын аудандық пайдалану бөлімдері әзірлейді.";

      340-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "340. ЖМ паркінің найзағайдан қорғау құрылғылары ақаусыз және сенімді жай-күйде сақталады. Пайдалану процесінде найзағайдан қорғау құрылғыларының ақаусыз жай-күйде сақталуына және ұсталуына жауаптылықты әскери бөлімінде әскери бөлімнің командирі және оның тыл жөніндегі орынбасары (МТҚ) атқарады.

      Жайтартқыштарды пайдалану және оларды ақаусыз жай-күйде сақтау үшін тікелей жауаптылық аудандық пайдалану бөлімі бастығының бұйрығымен электр шаруашылыққа жауапты адамға жүктеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланғанын күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      ____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады