Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 ақпанда № 31891 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 138) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 10 ақпандағы
№ 97 Бұйрыққа
1 қосымша

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шараларын нақтылайды.

2-тарау. Өрт қауіпсіздігі шаралары

1-параграф. Әскери бөлім, мекеме аумағындағы өрт қауіпсіздігі шаралары

      2. Құрылыс пен мүлік сақталатын алаңнан және машинадан 50 метр жақын жерде ашық отты жағуға жол берілмейді.

      3. Әскери бөлімнің, мекеменің әкімшілік аумағында тек арнайы жабдықталған орындарда ғана темекі шегуге рұқсат етіледі.

      4. Өрт сөндіру құралы, су айдыны, кран, гидрант, сорғы, мотопомпа ақаусыз және толық әзірлікте ұсталады, ал олардың орналасқан жері көрсеткішпен белгіленеді. Қысқы уақытта барлық өрт сумен жабдықтау көзі жылытылады.

      5. Шеберхананы, сақтау орнын, қойманы, паркті (гаражды), ангарды, цехты, тұрақты және уақытша жұмыс істеу пунктін, өрт тұрғысынан қауіпті үй-жайды күн сайын оларды жабар алдында осы үй-жайға жауапты лауазымды адамдар және бөлімнің өрт сөндіру нарядының адамдары қарап-тексереді.

2-параграф. Әскерлер лагерьде орналасқан кездегі өрт қауіпсіздігі шаралары

      6. Әскери бөлім лагерьде орналастырылған кезде лагерьлік жиын бастығы өрт қауіпсіздігін ұйымдастырады және лагерь орналасқан жердегі өрт қауіпсіздігінің жай-күйін бақылайды. Лагерьде өрт сөндіру есептоптары құрылады.

      7. Лагерьде орнатылған шатырлар бөлімше маңдайшебі бойынша үш немесе екі шатырдан қойылады. Маңдайшеп бойынша іргелес шатырлар арасындағы арақашықтық – 2,5 метр, ал тереңдігі – 5 метр.

      8. Темекі шегуге арналған орын шатырлардан кемінде 15 метр арақашықтықта жабдықталады. Шатырда темекі шегуге және от қаупі бар заттарды, жанғыш сұйықтықты сақтауға жол берілмейді.

      9. Шатырда металл пеш орнатылған кезде мынадай өртке қарсы іс-шаралар жүргізіледі:

      1) металл пеш тұғырға қойылған кезде пеш астындағы ағаш еден мынадай болып оқшауланады: металл пеш тұғырының биіктігі футерлеусіз кемінде 0,2 метр болып орнатылады, пеш астындағы жанатын еден тегіс төселген кірпішпен оқшауланады;

      2) тұғыры жоқ металл пеш қойылған кезде пеш астындағы негіз тегіс төселген кірпіштен жасалады;

      3) металл пеш жанудан қорғалмаған ағаш конструкциядан кемінде 1 метр және жанудан қорғалған конструкциядан кемінде 0,7 метр арақашықтықта орнатылады;

      4) пештің от жағатын саңылауы алдына көлемі 0,7 х 0,5 метр болаттан жасалған қаңылтыр төсеме табақ шегеленеді немесе осындай көлемде бір қатар кірпіштен төсем жасалады;

      5) металл пеш шатыр матасынан және жанғыш заттардан кемінде 1 метр арақашықтықта орнатылады;

      6) от жағатын есіктен шатыр матасына дейінгі арақашықтық кемінде 1,25 метр болып белгіленеді.

      10. Пеш жағу бөлім командирінің бұйрығымен тағайындалған және нұсқау берілген пеш жағушының тұрақты қадағалауымен жүргізіледі.

      11. Пешті жағу кезінде:

      1) пешті қараусыз қалдыруға;

      2) пешті жағу үшін жанғыш сұйықтықты жағуға және қолдануға;

      3) пешті қатты қыздыруға;

      4) пештерде, мұржаларда және оларға тікелей жақын жерде киімді, отын мен жанғыш заттарды кептіруге;

      5) от жағу кезінде от жағатын есікті ашық қалдыруға;

      6) жарықтары және ақаулы есіктері бар ақаулы пешті жағуға;

      7) пештің ішінен ұзын ағашты жағуға жол берілмейді.

      12. Шатырдағы электр сымы өткізіліп тұрған орын оқшауланады, ал сымның өзі сенімді бекітіледі. Электр шамы шатыр матасынан және басқа да жанатын мүліктен кемінде 40 сантиметр арақашықтықта орналастырылады.

      Электр қыздырғыш аспабын қосуға, электр шамын қағазбен (матамен) орауға жол берілмейді.

      13. Лагерьде өрт шығуды болғызбау мақсатында мынадай өрт қауіпсіздігі шаралары орындалады:

      1) техника тұратын орын шатырдан кемінде 50 метр арақашықтықта ұйымдастырылады;

      2) далалық асүйді орнатуға арналған орын шатырдан кемінде 25 метр арақашықтықта айқындалады;

      3) найзағайдың ағаштан шатырға өтуін болғызбау үшін оны ағаштан 10 метрге жақын орналастыруға жол берілмейді.

      14. Өрт сөндіру мүлкін (құралын) далалық жағдайда орналастыру өрт шыққан кезде жеке құрамның оларды тез пайдалану мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Лагерь аумағында өрт сөндіру құралын сақтау үшін өрт қалқаны әрқайсысының сыйымдылығына қарамастан, 2 шатырға қызмет көрсетуі есебінен жабдықталады.

      15. Далалық өрт қалқаны екі 40 орындық шатырға өрт қалқанының бір жиынтығы есебінен орнатылады.

      16. Шатырдағы өрт сөндіргіш:

      1) бір 40 орындық шатырға екі дана;

      2) бір 20 орындық шатырға немесе қосалқы және басқа да мақсаттағы шатырға бір дана есебінен орналастырылады.

      Шаруашылық жабдықталым пунктінде бір жиынтық өрт қалқаны, әрбір шатырға екі өрт сөндіргіш орнатылады.

3-параграф. Электр қондырғысын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары

      17. Жауынгерлік машина (бұдан әрі – ЖМ) паркін статикалық электрден қорғау статикалық заряд түзілетін барлық металл құбырды, ыдысты, конструкцияны және жабдық бөлшегін жерге тұйықтау арқылы жүзеге асырылады. Статикалық электрден қорғайтын жерге тұйықтағыш ретінде найзағайдың қайта көрінісінен қорғайтын жерге тұйықтағыш пайдаланылады.

      18. Қойманы электрмен жабдықтау мемлекеттік электр жүйесінің жергілікті желісінен немесе жеке дербес стационарлық дизель электр станциясынан жүзеге асырылады.

      Резервтегі қуаттандыру көзі ретінде әскери жылжымалы электр станциясы қолданылады.

      19. Мемлекеттік энергия жүйесінің электр желісінен электр энергиясын қабылдайтын трансформаторлық кіші станциялар әкімшілік-шаруашылық аумақта орналастырылады және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидаларының (бұдан әрі – ЭОҚ) талаптарына сәйкес жабдықталады.

      Техникалық аумақтағы кіші станцияның кернеуі төмен шиналарына тек техникалық аумақтың тұтынушылары қосылады.

      20. Техникалық аумақ күзет периметрінің сыртқы сым қоршауынан тек қойманы электрмен жабдықтауға арналған әуедегі электр тарату желісіне дейінгі арақашықтық кемінде:

      1) кернеу 35 кВ жоғары болған кезде – 400 метр;

      2) кернеу 10–35 кВ болған кезде – 200 метр;

      3) кернеу 3 және 6 кВ болған кезде – 100 метр;

      4) кернеу 1 кВ дейін болған кезде – 50 метр болып айқындалады.

      21. Техникалық аумақтағы электрмен жабдықтаудың және олардың күзету периметрінің барлық сыртқы желісі жерде (траншеяда) тартылған кабельмен орындалады. Күрделі геологиялық жағдайда (тасты, батпақты және құмды топырақ) жерүсті темір-бетонды жабық лотоктарда кабельді тартуға жол беріледі, бұл ретте:

      1) бронь үстіндегі жабыны жанбайтын броньдалған кабельдер қолданылады;

      2) темір-бетонды лотоктар жаңбыр суының ағуына кедергі жасамайтындай етіп жоспарланған трассамен кемінде 2 процент еңіспен арнайы бетонды алаңдарда салынады;

      3) ғимаратқа кіргізу алдында кемінде 50 метр ұзындықта кабель топырақ астымен тартылады.

      22. Сақтау орны мен қойма үй-жайындағы жарықтандыру желісінің электр сымы және электр шамы тек өтетін жолдың үстінде орналастырылады. Барлық қауіптілік санатындағы өндірістік үй-жайдағы электр шамын ілу биіктігі еденнен кемінде 2,5 метр болып айқындалады.

      23. Техникалық аумақты сыртқы жарықтандыру дербес және қойманың басқа да аумағын сыртқы жарықтандыруға байланысты емес болып орнатылады. Күзетілетін периметрді жарықтандыруды басқару қарауыл үй-жайынан жүзеге асырылады. Бұл жарықтандыруды басқару қашықтан және табиғи жарықтандыру деңгейіне ден қоятын құрылғыдан автоматты түрде жүргізіледі.

      24. Қойма аумағының өндірістік мұқтажы мен күзеттік жарықтандыруды қамтамасыз ететін трансформатор мен кіші станция қоршаудан тыс орнатылады.

      Жылжымалы электр станциясы сақтау орнынан немесе тиеу-түсіру жұмысы пунктінен кемінде 25 метр арақашықтықта, ал тасымалданатын жарық нүктесі – оқ-дәрілер штабелінен кемінде 5 метр арақашықтықта орналастырылады.

      Жылжымалы электр станциясынан электр қозғалтқышына, трансформаторға және жарық нүктесіне электр энергиясын беру оқшаулағышы ақаусыз кабель арқылы жүргізіледі.

      Сақтау орнын және тиеу-түсіру платформасын жарықтандыру кезінде тарату құрылғысы сақтау орнынан немесе платформадан кемінде 5 метр арақашықтықта бағанда металл шкафта орнатылады.

      Қозғалтқышқа және іске қосу аспабына электрмен қуаттандыруды жүргізу үшін газ құбырындағы сым немесе броньдалған кабель қолданылады.

      Тасымалданатын электр шамы шыны қалпақшамен, сақтандырғыш тормен, резеңке шлангідегі иілгіш сыммен және кернеуі 24 В аспайтын желіден қуаттандырумен пайдаланылады. Сымды оқшаулау айына бір реттен сиретпей мегомметрмен ұдайы тексеріледі.

      Жұмыс істеу пунктінде жарықтандыру желісін жүргізу үшін жарықтандыру арматурасын қосу схемасының тобы бар газ құбырындағы сым қолданылады. Герметикалық және жарылу қаупі жоқ жарықтандыру арматурасы пайдаланылады.

      Қойма аумағына электр энергиясын беру бір пункттен жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін желі ажыратылады, тарату құрылғысы құлыпқа жабылады және мөрленеді.

      25. Базаның электр қондырғысын пайдалану және монтаждау ЭОҚ талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      26. Сақтау орнында ЭОҚ талаптары сақталған жағдайда электр жарығын қолдануға жол беріледі. Оқ-дәрілер бар сақтау орнында тек кернеуі 24 В аспайтын төмен вольтты электр жарығын қолдануға жол беріледі.

      Әрбір сақтау орнының ажыратқышы (ажыратып-қосқышы) сақтау орнының сыртқы жағында кіреберіс есік жанында металл шкафта орналастырылады, ол құлыпқа жабылады және сақтау орнының бастығы мөрлейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін ажыратқыш сөндіріледі, ал сақтау орны токтан ажыратылады.

      27. Өрт қауіпсіздігі мақсатында:

      1) арнайы даярлығы және осы жұмысты орындауға рұқсаты жоқ адамдардың жабдықты және электр энергиясы желісін жөндеу бойынша жұмысты жүргізуіне;

      2) сымды түсқағазбен, плакатпен және басқа да жанғыш қаптау материалымен желімдеуге немесе жабуға;

      3) жарықтандыру электр желісінің құрылғысы үшін байланыс жасайтын сымды қолдануға жол берілмейді.

4-параграф. Жауынгерлік машина паркіндегі, гараждағы және ангардағы өрт қауіпсіздігі шаралары

      28. Машинаны үй-жайда және қалқа астында сақтаған кезде олар қозғалтқыштары қақпаға қаратылып орналастырылады.

      29. Тұраққа арналған үй-жайда және қалқа астында машиналар 2 қатардан аспайтындай орналастырылады.

      30. Машина мен ғимарат элементі арасындағы арақашықтық:

      1) машина арасында, сондай-ақ қабырға мен қабырғаға параллельді орналастырылған машина арасында – 0,8 метр;

      2) машинаның алдыңғы жағы мен қабырға немесе қақпа арасында – 0,7 метр;

      3) машинаның артқы жағы мен қабырға немесе қақпа арасында –0,5 метр;

      4) бірінен кейін бірі тұрған машиналар арасында – 0,6 метр болып көзделеді.

      Машинаны ашық алаңда және қалқа астында сақтаған кезде бұл арақашықтық 0,1 метрге ұлғайтылады.

      31. Машинаны жанатын сақтау орнында және жанатын қалқа астында сақтаған кезде қалқа мен сақтау орны әрбір 10 машинадан кейін өртке қарсы қабырғамен (брандмауэрмен) бөлінеді.

      32. Өрт шыққан кезде машинаны (әуе кемесін) дереу шығаруды қамтамасыз ету үшін күн сайын тіркеп-сүйреу құралы бар кезекші тартқыштар мен әскери қызметшілердің қажетті саны бөлінеді.

      33. Машинаны ұзақ сақтауда ұстаудың мынадай тәртібі белгіленеді:

      1) карбюраторлы қозғалтқышы бар машинаның отын багы толтырылмайды, ал оның ішкі қабаты жуылады және моторлы жұмыс-консервациялық маймен өңделеді. Дизель қозғалтқышы бар машинаның отын багы толтырылған күйде ұсталады. ЖМ паркінің орналасуы, жоспарлануы (ғимарат пен құрылыстың өзара орналасуы) және жабдықталуы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларының (бұдан әрі – № 55 Қағидалар) талаптарына сәйкес орындалады.

      34. ЖМ паркінің қару-жарағы мен әскери техникасына (бұдан әрі – ҚӘТ) техникалық қызмет көрсету және жөндеу аймағында:

      1) өрт сөндіру гидранты немесе су тоғаны;

      2) кезекшілерді және өрт сөндіру құралын орналастыруға арналған алаң орналастырылады.

      35. Кезекшілер және өрт сөндіру құралы үлгілік өрт сөндіру депосы болмаған жағдайда жылытылатын сақтау орнында бір қатарға орналастырылады. ҚӘТ-ның әрбір үлгісі үшін дербес шығу жолы көзделеді.

      36. Далалық парктің кезекші құралына арналған алаң бақылау-техникалық пункт (бұдан әрі – БТП) жанында орналастырылады. Кезекші шынжыр табанды және дөңгелекті тартқыш, өрт сөндіру автомобилі бір қатарға орналастырылады.

      37. БТП ғимаратында қоршаған ауа температурасы теріс болған кезде өрт сөндіргішті сақтауға арналған орын қосымша жабдықталады.

      38. Отын құю пункті жанар-жағармай материалын (бұдан әрі – ЖЖМ) қабылдаудың, сақтау мен берудің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      39. Машинаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу пунктінде әрбір сақтау орны:

      1) ішкі өртке қарсы су құбырымен;

      2) өрт дабылдамасымен жабдықталады.

      40. Жылытылатын сақтау орны өрт сөндіру машинасын, кезекші тартқышты орналастыру және күтіп-ұстау үшін жабдықталады.

      41. Аккумуляторлық үй-жай өрт қаупі және жарылу қаупі бар аймақтарға жатады.

      42. Аккумуляторлық зарядтау станциясында үй-жайдың 200 шаршы метрауданына тасымалданатын өрт сөндіргіш орналастырылады. Өрт сөндіргіш көрінетін және қолайлы жерде орнатылады.

      43. Қойма ғимаратында ағымдағы жабдықталымдағы,жұмсалмайтын қордағы әскери-техникалық мүлікті (бұдан әрі – ӘТМ) сақтауға арналған үй-жай, ӘТМ-ны өңдеуге және қайта консервациялауға арналған үй-жай өртке қарсы қабырғамен жабдықталады және бір-бірінен бөлінеді.

      Әрбір үй-жай жеке сыртқа шығатын есікпен жабдықталады.

      44. Лак-бояу және химиялық материалға арналған қойма жартылай тереңдетілген үй-жайда немесе жартылай тереңдетілген ғимаратта ЖМ паркінің ғимаратынан кемінде 10 метрқашықтықта жабдықталады. Лак-бояу материалын сақтауға арналған үй-жай химиялық материалды сақтауға арналған үй-жайдан өртке қарсы қабырғамен бөлінеді.

      45. Қоймада мүлікті қабылдау, беру және есепке алу үшін қойма бастықтарының жұмыс орындары жабдықталады, олар қойма үй-жайы шегінде аралық қалқамен (бітеу бөлік биіктігі 1,2 метрден аспайтын әйнектелген немесе торлы, жиналмалы-бөлшектенетін және жылжымалы) бөлінеді.

      Мүлікті қабылдау және оны беруге дайындау үшін жұмыс орнында өрт жабдығы, құралы және өрт сөндіру есептобының стендісі орнатылады.

      46. Оқ-дәрілерді техникалық қарап-тексеруге арналған алаң тек әскери бөлімнің артиллериялық қоймасы біршама қашықтықта болған кезде ғана жабдықталады және сақтауда ұсталатын жойғыш жиынтық тиелген ЖМ оқ-дәрілерін техникалық қарап-тексеру үшін арналған. Алаң парк ғимараты мен құрылысынан кемінде 40 метрқашықтықта орналасқан көлемі 15 х 15 метр учаскеде жабдықталады. Алаң топырақпен үйіп көмілген кезде бұл арақашықтық 25 метрге дейін қысқартылады. Отын құю пунктіне (ЖЖМ қоймасына) және ашық от көзіне дейінгі арақашықтық кемінде 300 метрді құрайды.

      Алаң найзағайдан қорғау құрылғысымен және өрт құралымен жабдықталады.

      Егер ЖМ паркінің аумағы алаңды ғимарат пен құрылыстан қауіпсіз қашықтықта орналастыруға мүмкіндік бермесе, онда ол парк жанында жабдықталады.

      Алаңда жұмыс істеу үшін оқ-дәрілер машинадан штаттық ыдыста (тығында) беріледі.

      47. Кезекші көлік құралын орналастыруға арналған алаң олар үшін жылытылатын үй-жай болмаған кезде жабдықталады. Осы алаң БТП жанында орналастырылады және жарықтандырылады. Алаң көлемі – 10 х 30 метр.

      Алаң, сондай-ақ кезекші құралға арналған үй-жай жанында қосымша өрт сөндіру құралын бір жерде шоғырландыру мақсатында орталық өрт сөндіру бекеті жабдықталады.

      Бекетте 30 әскери қызметшіге есебінен өрт сөндіргіш, күрек пен шелек, сүймен, балта мен металл багра орналастырылады.

      48. Жеке құрам ЖМ паркінде жұмыс істеген кезеңде өртке қарсы қорғаныс штаттық командасы немесе әскери бөлімнің штаттық емес өрт сөндіру командасы құрамынан өрт сөндіру патрулі тағайындалады, оның міндеті өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қадағалау, өрттің алдын алу бойынша шаралар қабылдау және ол туралы хабардар ету болып табылады.

      49. ЖМ паркінде және барлық үй-жайда жұмысты ұйымдастырған кезде тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін жеке құрамнан өрт сөндіру есептобы тағайындалады. Есептоп құрамына тағайындалған адамдардың атағы, тегі және аты-жөні және олардың міндеттері өрт сөндіру есептобының стендісіне енгізіледі. Бөлімше командирлері (жұмыс жетекшілері) есептоп жетекшісі болып табылады.

      50. ЖМ паркінде өртке қарсы жырадан басқа, ЖМ паркі аумағында оттың таралуына кедергі болып табылатын қорғау аймағы құрылады. Қорғау аймағы және өртке қарсы жыра шегінде ӘТМ-ныреттеп-салуға және сақтауға жол берілмейді.

      51. ҚӘТ-ны жуған кезде ағынды суға мұнай өнімінің түсуі нәтижесінде жарылу қаупі бар қоспаның түзілуінен сақтандыру үшін жуу бекетінде ағынды су тазарту құрылысында тазартылады.

      52. ЖМ паркі ғимаратынан кемінде 50 метр арақашықтықта жанғыш сұйықтық пен материалды ыдыста сақтауға жол беріледі, бұл ретте ашық сақтау алаңы кюветпен жабдықталады.

      Ыдыстың металл тығынын бұрау үшін арнайы ұшқын қаупі жоқ құрал пайдаланылады.

      Ұшқын шығаратын құралды (балға, кескіш) қолдануға жол берілмейді.

      53. Бөлшектерді жуу бекеті ЖМ паркінің оқшауланған үй-жайында орналастырылады, ол жасандыағынды-сору желдеткішімен жабдықталады. Бекеттің барлық электр жабдығы жарылыстан қорғалған.Жууға арналған ванна стационарлық түрде орнатылады, тығыз жабылатын қақпақпен және үй-жай ауасына сұйықтық буының түсуін болғызбайтын жергілікті сорғымен жабдықталады. Жуатын сұйықтық ретінде өрт тұрғысынан қауіпсіз техникалық жуу құралын пайдалану қажет.

      54. ЖМ паркінің жарылу қаупі бар газ бен қоспа бөлінетін технологиялық процесі бар үй-жайы табиғи және жасанды ағынды-сору желдеткішімен жабдықталады.

      55. ЖМ паркі қазандығының түтін құбыры ғимарат шатырынан кемінде 5 метрге жоғары орнатылады. Күл мен қожды шығару кезінде оған су құйылады және ЖМ паркінен әкетіледі.

      56. Сұйық отындағы қазандық жұмыс істеген кезде мынадай өртке қарсы талаптар орындалады:

      1) отыны бар шығыс багын үй-жай ішінде қазандықтан 5 метрге жақын емес арақашықтықта (бак үшін–1 текше метргедейін) орнатуға жол беріледі, ал сыйымдылығы үлкен болған кезде отын багы қазандықтан өртке қарсы қабырғамен бөлінеді немесе сыртқа орналастырылады;

      2) шығыс багын бүріккішпен жалғайтын құбыржолда кемінде екі шұра болады;

      3) тек зауытта жасалған бүріккіш қолданылады;

      4) шығыс багы ғимарат сыртында орнатылған ағызатыныдыспенжалғанғанқайта құю құбыр жолымен жабдықталады;

      5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10799 болып тіркелген) бекітілген Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес қайта құю құбырында бекітпе ысырма (шұра) орнатылмайды.

      57. ЖМ паркінде өрт туралы уақтылы хабардар ету үшін дыбыстық дабылдама құралының қажетті саны орнатылады.

      58. ЖМ паркінде және ангарда өрт шығуынан сақтандыру үшін:

      1) жанармай құйылған цистернаны орналастыруға және сақтауға;

      2) өрт тұрғысынан қауіпті қыздырғышты қолдануға;

      3) тұрақта ҚӘТ-ға (әуе кемесіне) жанармай құюға;

      4) отын багы және отын өткізгіші ағып тұрған ҚӘТ-ны (әуе кемесін) сақтауға;

      5) тұрақта бактагыдан басқа, ЖЖМ және бос ыдысты сақтауға;

      6) тысты, капотты және киімді керосинмен, бензинмен немесе басқа жанғыш сұйықтықпен жууға және тазартуға;

      7) май сіңген шүберекті, тысты, арнайы киімді ҚӘТ-да сақтауға;

      8) машина тұрағында және жанармай құю кезінде ашық отты және "жарқанат" шамын қолдануға;

      9) ҚӘТ бар сақтау орнында қақпаның алдында бөгет жасауға, онда қойма, шеберхана және тұрғын үй жасауға;

      10) машинаның (әуе кемесінің) сақтау орнында қақпаны құлыпқа, металл тросқа және ішкі тиекке жабуға;

      11) орналастыру тәртібін бұзуға;

      12) отын багы ашық және мөрленбеген ҚӘТ-ны сақтауға;

      13) ҚӘТ агрегатын ашық отпен қыздыруға;

      14) тұрақта ҚӘТ-ны оталдырылған күйде қалдыруға;

      15) ҚӘТ-ға арналған сақтау орнында қызметтік үй-жай орналастыруға;

      16) қазандықта шығыс багындағыдан басқа, от қаупі бар материал мен жанғыш сұйықтықты сақтауға;

      17) қазандықта бөгде адамның болуына және кезекші ауысым операторының демалуына жол беруге;

      18) жұмыс істеп тұрған қазандықты қараусыз қалдыруға және қазандықтың отын құбыры мен отын багын жылыту үшін ашық отты қолдануға;

      19) № 55 Қағидалардың талаптарына сәйкес отты қолдану жұмысы бойынша сынақ тапсырмаған адамдардың өрт қауіпсіздігі талаптарын білуін тексермей, оларды жұмысқа тартуға;

      20) отты қолдануға арналған ақаулы аппаратурада жұмысқа кірісуге;

      21) ҚӘТ тұрағында отты қолдануға;

      22) жерге тұйықталмаған әуе кемесіне отын құюға;

      23) әуе кемесінің қозғалтқышын қыздыруға және іске қосуға;

      24) әуеайлаққа өрт сөндіру құралынсыз техниканы кіргізуге;

      25) отты қолдану кезінде май мен тез тұтанатын сұйықтық ізі бар арнайы киім мен қолғапты пайдалануға;

      26) жеке құрамның аккумуляторлық зарядтау станциясында демалуына және тұруына;

      27) жарылу қаупі жоқ электр жабдығын қолдануға;

      28) аккумуляторлық зарядтау станциясында пеш қоюға және электр қыздырғыш құралын пайдалануға;

      29) ғимараттан, ӘТМ және техника бар алаңнан 40 метрге жақын жерде от жағуға, сондай-ақ сақтау орнында, қоймада және басқа да өрт қаупі бар үй-жайда темекі шегуге және ашық отты құралды қолдануға;

      30) ғимаратта қатып қалған су құбырын және басқа да құбырды ашық отпен жылытуға;

      31) жанатын ғимараттан, құрылыстан және құрылыс материалынан 20 метрге жақын жерге битум мен шайырды қайнатуға арналған қазандық орнатуға жол берілмейді.

      59. Өртті уақтылы сөндіру мақсатында ЖМ паркінің объектісі ішкі өртке қарсы су құбырының өрт сөндіру кранымен жабдықталады.

      Гидранттан ғимарат қабырғасына дейінгі арақашықтық кемінде 5 метр болып белгіленеді. Гидрант арасындағы аралық 200 метрден аспайтын болып қолданылады. Гидранттың жол жүру бөлігінен қашықтығы 2,5 метрден аспайды.

      Көмілген өрт сөндіру гидранты құдығы қақпақпен жабылады, ол ластан және қардан ұдайы тазартылып тұрады.

      ЖМ паркінің өрт сөндіру су тоғанындағы судың көлемі су шығысы бір секундта 10 литр болатын 3 сағат өрт сөндіруге есептеледі. Әрбір су тоғынының сыйымдылығы кемінде 50 текше метр.

      Өрт сөндіру су тоғанынан жанармай бар резервуарға дейінгі арақашықтық 40 метр, ең жақын ғимаратқа немесе құрылысқа дейін – 40 метрден аспайтын болып қамтамасыз етіледі.

      Өрт сөндіру су тоғаны мен гидрант аумақта әрбір ғимаратқа (құрылысқа) 2 су тоғанынан немесе гидранттан су беру қамтамасыз етілетіндей орналастырылады. Өрт сөндіру су тоғаны мен гидрант тақтайшамен және көрсеткішпен белгіленеді.

      60. ҚӘТ тұрағы сыйымдылығы 0,5 текше метржәшікте құрғақ құммен және көлемі 1 х 1 метр қылды жүн матамен немесе киіз жамылғымен әрбір 500 текше метр құм салынған бір жәшік есебінен қамтамасыз етіледі.

      Құм салынған жәшік құмды атмосфералық жауын-шашыннан ылғалдануынан сақтандыру үшін қақпақпен жабдықталады. Жәшік қалақты күрекпен немесе құмға арналған қалақпен жабдықталады. Жазғы уақытта су құйылған кемінде 2 бөшке орнатылады.

      61. ЖМ паркіндегі өрт сөндіру құралы қызыл түске боялған қалқанда сақталады. Бір өрт сөндіру қалқаны 400 шаршы метр ауданды қорғау үшін арналған.

      Қалқан көзге көрінетін жерге орнатылады және еркін қолжетімді болады.

      Өрт сөндіру қалқаны, құм салынған жәшік, қылды жүн мата немесе киіз жапқыш, су құйылған бөшкебір жерге қойылады және әрбір сақтау орны немесе тұрақ жанында өрт сөндіру бекеті түрінде орналастырылады.

      ЖМ паркінде өрт сөндіру құралы бар қалқанға пломба қойылады. Қалқанда тізімдеме ілініп бекітіледі.

      62. Күштер мен құралдардың өрт шыққан жерге тез жетуі үшін ЖМ паркінде паркішілік жол мен өтпежолдың жеткілікті саны көзделеді.

      Жол мен өтпежол ғимаратқа және өрт сөндіру сумен жабдықтау көзіне кедергісіз кіреберіспен қамтамасыз етіледі және қоршауға алынады.

      Өтпежол ЖМ паркінің ғимараты мен құрылысы қабырғасынан 5-8 метр арақашықтықта жасалады.

      63. Жеке құрамды автомобильде (шанақта) сыйымдылығы кемінде 2 литр жеңіл алынатын өрт сөндіргішті нығайту кезінде (автобуста өрт сөндіргіш жүргізушінің кабинасында болады) автомобиль көлігімен жеткізуге жол беріледі.

      64. Оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, жанармайды және қауіпті жүкті жеткізу кезінде мынадай шарттар сақталады:

      1) жүргізушіге жүкті тиеу және жеткізу және № 55 Қағидаларды сақтау туралы арнайы нұсқау беріледі;

      2) машина өрт сөндіргішпен және шанақтың сол жақ алдыңғы бұрышында қызыл жалаушамен жарақталады және "Қауіпті жүк" деген тану белгісі қойылады;

      3) жанармай жеткізу үшін бөлінген машинада сөндіргіш радиатор астына алға шығарылады;

      4) ыдыстың бүйір және артқы қабырғасына (жәшік пен шкаф есігіне) "От қауіпті" деген жазу жазылады;

      5) отын құю көлігінде цистернаны жерге тұйықтауға арналған жарақ болады;

      6) елді мекенде және өрт тұрғысынан қауіпті жерде аялдауға жол берілмейді;

      7) кабинада, шанақта және машинадан 15 метрге жақын арақашықтықтаа темекі шегуге жол берілмейді.

      65. Орманда әрекет ететін әскердің автомобиль техникасын дайындау кезінде машинаны үйіндіден тазарту үшін арамен, балтамен және арқанмен, сондай-ақ өрт сөндіру құралымен қосымша қамтамасыз ету көзделеді. Жөндеу бөлімшелері тікелей орман шетіне, жол және соқпақ жанында орналаспай, өз әскерінің жауынгерлік реттілігіне жақын жерде өрістетіледі. Орналасқан ауданнан жылдам шығу үшін қосалқы жол дайындалады.

5-параграф. Қару мен оқ-дәрілерді сақтау объектісіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары

      66. Қару мен оқ-дәрілерді сақтау объектісінің өрт қауіпсіздігі өнеркәсіп және азаматтық объектіде төтенше жағдай, зілзала және қойма маңында өрт шыққан кезде, сондай-ақ тұрғындарды, объектіні және қоршаған ортаны қоймадағы авариялық жағдай әсерінен қорғау үшін оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтиды.

      67. Өрт қауіпсіздігіне:

      1) сақтау орнын жүктеу және бірлесіп сақтау кезінде № 55 Қағидаларды сақтаумен;

      2) детонация беру бойынша қауіпсіз арақашықтықты сақтаумен, жергілікті жерде сақтау орнын өзара ұтымды орналастырумен және топырақпен үйіп көмумен;

      3) оқ-дәрілерді сақтау орнына дұрыс орналастырумен және реттеп салумен, сақтау режимін сақтаумен;

      4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 711қбпү бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (зымыран-артиллериялық қару-жарақ) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың (бұдан әрі – № 711 Нұсқаулық) талаптарына сәйкес оқ-дәрілер бар технологиялық операцияларды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаумен қол жеткізіледі.

      68. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай іс-шаралар орындалады:

      1) барлық қойма аумағының сыртқы қоршауынан 400 метр қауіпсіз арақашықтық, тыйым салынған аймақ белгіленеді;

      2) қоймаға тыйым салынған аудан айқындалады;

      3) хабардар ету және тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудандағы өрт, авария мен зілзала салдарын жою жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары пысықталады;

      4) тыйым салынған аймақта және тыйым салынған ауданда қауіптілігі жоғары объектіні орналастыру бойынша тыйым салу мен шектеу орындалады.

      69. Жұмыс аяқталғаннан кейін күн сайын аумақтан өндірістік қалдық пен қоқыс шығарылады.

      Техникалық аумақ ұсақ өскіннен, бұтадан, бұтақтан, шөпшектен және құрғақ өсімдіктен тазартылады, ағаш 2 метр биіктікке дейін бұтақтан тазартылады. Әр ғимарат маңы 20 метр арақашықтықта жапырақ пен құрғақ шөптен толық тазартылады, ғимарат маңы қабырғадан 1 метр арақашықтықта шөптен қашалып тазартылады.

      70. Қойманың (сақтау орнының) техникалық аумағына өртегіш заты бар адамдарды кіргізуге жол берілмейді.

      Қойма (сақтау орны) аумағында шөп кептіруге және құрғақ шөпті өртеуге жол берілмейді.

      71. Қоймада (сақтау орнында):

      1) ол үшін арналмаған мүлікті сақтауға;

      2) қоймада (сақтау орнында) өтпежол мен шығатын жолдың алдында бөгет жасамауға;

      3) қағазбен, картонмен, полимерлі материалдан жасалған үлдірмен және оттан қорғайтын құраммен өңделмеген матамен стеллажды қаптауға және терезені қараңғылауға жол берілмейді.

      72. Мүлікті штабельге реттеп салу еркін өту және шығу жолын ескеріп жүргізіледі. Мүлікті пешке, жылыту радиаторына, электр сымы мен шамға өте жақын реттеп салуға, сондай-ақ сақтау орнында мүлікті тасуға және реттеп салуға байланысты емес жұмыс жүргізуге жол берілмейді.

      73. Қойма (сақтау орны) жанында құрылыс материалын, отын қорын немесе қандай да бір мүлікті, сондай-ақ бос ыдысты және тығынды жинап қоюға, ортақ сақтау орнында тез тұтанатын сұйықтықты сақтауға жол берілмейді.

      74. Электр жарығын орнату кезінде барлық қойма (сақтау орны) сыртқы ажыратқышпен жабдықталады. Сыртқы ажыратқыш пен сақтандырғышы бар топтық қалқан металл жәшікке орналастырылады. Қоймадағы (сақтау орнындағы) шамдалдың жабық түрі пайдаланылады және негізгі және қарау жолы бойына қойылады. Сақтау орны ішінде электр розеткасын орнатуға және қызметтік үй-жай жасауға жол берілмейді.

      75. Жұмыс аяқталғаннан кейін техникалық күзет құралынан басқа, сақтау орнындағы барлық электр желісі сыртқы ажыратқыш арқылы өшіріледі.

      76. Оқ-дәрілерге арналған сақтау орны өрт сөндіру есептобының стендісімен жабдықталады.

      Барлық сақтау орнында (қоймада), цехта және жұмыс істеу пунктінде жұмыс уақытында жұмысшылар қатарынан өрт сөндіру есептобы тағайындалады.

      Өрт сөндіру есептобының стендісі көрінетін жерде ілінеді. Жұмыс басталар алдында өрт сөндіру есептобына нұсқау беріледі, олардың өртке қарсы қорғаныс және өрт шыққан жағдайда әрекет ету жөніндегі міндеттерін білуі тексеріледі.

      77. Күн сайын жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс жетекшісі өртке қарсы қорғаныс қызметінің өкілімен бірлесіп, барлық жұмыс орны мен үй-жайды тексереді және анықталған кемшілікті жояды, цехты (жұмыс істеу пунктін, сақтау орнын) қуаттандыру электр желісінен ажыратады, үй-жайды жабады және мөр басады.

      78. Тыйым салынған аудан (болған кезде) өртке қарсы тұрғыдан дайындалады (өртке қарсы соқпақ пен қорғау жолағы, су қоры жасалады және оларға кірмежол жабдықталады, орман сиретіледі).

      79. Қойманың техникалық аумағында өрт сөндіру мақсатында су қоры жасалады. Өрт сөндіру су тоғанының (резервуар) мөлшерін және оларды орналастыруды әрбір ғимараттың (құрылыстың) өрт сөндіруін қамтамасыз ету шартын негізге ала отырып, пайдаланылатын сақтау орны үшін сыйымдылығы 50 текше метр, реконструкцияланатын және жаңадан салынатын сақтау орны үшін 100 текше метр кемінде екі өрт сөндіру су тоғанынан қабылдау қажет.

      80. Өрт сөндіру су тоғаны (резервуар) қорғалатын ғимараттың (құрылыстың) топырақпен үйіп көмілген жер артында қорғалатын ғимараттың немесе құрылыстың ең жақын нүктесінен 50 метрден жақын емес және негізгі және қосалқы жол бойынша ең алыс нүктеден 200 метрден алыс емес арақашықтықта орналастырылады.

      Әрбір өрт сөндіру су тоғаны негізгі немесе қосалқы жол бойынша қозғалу үшін кедергі келтірмейтіндей кемінде 2 өрт сөндіру автомобилін орнату үшін қатты жабыны бар кірмежол алаңымен қамтамасыз етіледі.

      81. Шаруашылық-ауызсу және өндірістік су, сондай-ақ өртке қарсы мақсат үшін су беруге арналған сорғы станциясы әрбір мақсат үшін жеке қосалқы сорғы агрегатымен қамтамасыз етіледі.

      82. Базада шаруашылық-ауызсу немесе өндірістік су құбырымен біріктірілетін өртке қарсы су құбыры құрылғысы көзделеді.

      Судың өрт қорының жұмсалмауы шаруашылық сорғының су жинау құрылғысы конструкциясымен және бірінші көтергіштің екі резервуарының болуымен қамтамасыз етіледі, олардың біреуінде жұмсалмайтын су қоры болады.

      83. Оқ-дәрілер қоймасының су құбыры желісі:

      1) жол мен өтпежол бойында олардан 2,5 метрден алыс емес, ал сақтау орны қабырғасынан кемінде 5 метр арақашықтықта әрбір құрылыс екі гидрантпен қамтамасыз етілетіндей есеппен қойылатын өрт сөндіру гидрантымен, бұл ретте құрылыс шегіндегі гидрант арасындағы арақашықтық 200 метрден аспайды;

      2) желіге ысырмамен жабдықталады, ол желі учаскесінің біреуі жөндеуге ажыратылған кезде ғимаратты толық сумен жабдықтау тоқтамайтындай, жұмыс сипаты бойынша сумен жабдықтауда (асхана, монша, қазандық) үзіліске жол бермейтіндей, бір уақытта біреуден аспайтын су беру колонкасы ажыратылатындай есеппен қойылады.

      84. Өртке қарсы қорғаныс командасын қойма аумағының кез келген пунктіне шақырту дыбыстық дабылдамамен және телефон арқылы қамтамасыз етіледі. Дабылдаманың ақаусыздығы күн сайын тексеріледі.

      85. Найзағай кезеңінде өрт шығуды уақтылы анықтау және жою мақсатында жеке құрамның күшімен сақтау орнын және цехты қадағалау ұйымдастырылады. Өртке қарсы қорғаныс командасы жауынгерлік әзірлікке келтіріледі, жылжымалы бекет пен патруль қадағалау жүргізеді.

      86. Тепловоз бен басқа техника техникалық аумаққа оны өрт сөндіру наряды тексергеннен кейін және ұшқын сөндіргіш, өрт сөндіргіш және киіз, қылшықты мата болған, сондай-ақ ақаусыз отын жүйесі және шығару құрылғысы (сөндіргіш) болған кезде өткізіледі.

      87. Өрт қаупі бар кезең басталар алдында орман өртіне (құрғақ жаз, көрші аудандағы орман және дала өрті) қарсы күресті ұйымдастыру үшін әскери бөлім командирінің бұйрығымен орман-дала өртін жою және сөндіру және қойма аумағына оттың өтуінен сақтандыру жөніндегі кезекші бөлімше (команда) құрылады.

      Бөлімшеге қажетті жол-жер қазу техникасы беріледі, от сөндіру құралы дайындалады.

      88. Өрт сөндіру депосы әкімшілік-шаруашылық аумақта техникалық аумақ күзет периметрінің сыртқы сым қоршауынан кемінде 70 метр арақашықтықта және техникалық аумаққа кірмежолға жақын орналасады. Өрт сөндіру депосын әкімшілік аумақта орналастыру техникалық аумақ ғимараты мен құрылысына дейін келу уақыты 10 минуттан аспайтын жағдай негізге алынып айқындалады.

      89. Оқ-дәрілер қоймасында жүргізілетін өртке қарсы іс-шаралар өрттің шығу мүмкіндігі туралы ескертеді. Базаның өртке қарсы қорғаныс командасының жеке құрамы өртті тез сөндіруге ұдайы әзірлікте болады.

      90. Күн сайын өртке қарсы қорғаныс командасы құрамынан табель бойынша тиесілі өрт сөндіру құралы, автомобиль және керек-жарақ бар тәуліктік наряд тағайындалады.

      Найзағай кезеңінде өртенуді уақтылы анықтау және жою мақсатында база жеке құрамының күшімен сақтау орнын және цехты қадағалау ұйымдастырылады. Өртке қарсы қорғаныс командасының барлық жеке құрамы жауынгерлік әзірлікке келтіріледі, жылжымалы бекет өрт сөндіру автомобилінде техникалық аумаққа жіберіледі және мұнарадан қадағалау жүргізіледі.

      91. Оқ-дәрілермен жұмыс жүргізуге қатысатын жеке құрамға қоймада жұмыс басталар алдында қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқау беріледі.

      92. Қарап-тексеру (тексеру) оқ-дәрілер үлгісі бекітілген адамдардың қатысуымен жүргізіледі.

      Қарап-тексеру (тексеру) кезінде зымыран-артиллериялық қару-жарақты сақтауды ұйымдастыру (оның ішінде сақтау шарты, сақтау орнының, найзағайдан қорғау, өрт сөндіру құралының және дабылдаманың жай-күйі) тексеріледі.

      93. Техникалық қызмет көрсету кезінде өрт сөндіргіш тексеріледі, зарядталады.

      94. Сақтау орны өртке қарсы тұрғыдан және найзағайдан қорғаумен жабдықталады.

      95. Сақтау орындарында қару-жарақ техникалық қызмет көрсету мен эвакуациялауды жүргізу қолайлылығын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 442қбпү бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15690 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандар мен оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға (бұдан әрі – № 442 Қағидалар) сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жиынтықталған түрде, партия бойынша орналастырылады.

      96. Көлік құралы бар сақтау орны 1,5 кірпішті өртке қарсы қабырғалармен секцияға бөлінеді. Әрбір сакцияда 10 – 15 көлік бірлігін орналастыруға жол беріледі. Сақтау орнының есігі мен қақпасы тек сыртынан жабылады.

      97. ЖМ-ны және көлік құралын ашық алаңда орналастырудың барлық жағдайында өрт шыққан жағдайда олардың кедергісіз (маневр жасамай) шығуы қамтамасыз етіледі.

      98. Көлік құралы:

      1) кабинаның сыртына бекітілген өрт сөндіргішпен;

      2) қылшықты матамен (киіз жапқыш (1 х 1 метр);

      3) сол жақ бортта қызыл жалаушамен;

      4) жұмсақ тіркеп-сүйреу арқанымен немесе қатты тіркеп-сүйрегішпен жабдықталады.

      99. Зымыран мен оқ-дәрілерді сақтау және жеткізу кезінде:

      1) автомобиль және тіркеме шанағында зымыранмен және оқ-дәрілермен бірге ЖЖМ тасымалдауға;

      2) қозғалтқышты іске қосуды жеңілдету үшін ашық от көзін қолдануға;

      3) көлік құралынан 50 метрге жақын жерде темекі шегуге және от жағуға;

      4) жанармайды бір автомобиль багынан екіншісінің багына құю арқылы отын құюға;

      5) автомобильді елді мекенде тоқтатуға;

      6) ақаулы автомобильді және өрт сөндіру құралы жоқ автомобильді пайдалануға жол берілмейді.

      100. Зымыран мен оқ-дәрілер тиелген ЖМ-ға және көлік құралына ЖЖМ құю (толық құю) мынадай қауіпсіздік шараларын сақтаумен жүргізіледі:

      1) отын құю машинасы отын құю колонкасынан (отын құюшыдан) 2 метрге жақын емес жерде орнатылады;

      2) кезекті машина отын құйылатыннан 10 метрге жақын емес жерде орналасады;

      3) жаппай отын құю кезінде өрт сөндіру құралы бар өрт сөндіру бекеті қойылады;

      4) отын құйылатын машинаның қозғалтқышы сөндіріледі;

      5) отын құйылатын машинаға жанармай құйылған кезде ол отын құю орнынан сүйреткішпен шығарылады.

      101. Техникалық аумақтың бақылау-өткізу пункті темекі шегу керек-жарағын сақтауға арналған жәшікпен, өрттік жетонмен, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі, объектіні күзетуге қабылдау және тапсыру жөніндегі нұсқаулықтармен жабдықталады.

      102. Үй-жайда пиротехникалық құрамның өздігінен тұтануынан өрт шығуын болғызбау үшін:

      1) жұмыс уақытында бір ауысым қажеттілігінен астам үлгі қорын жинақтауға;

      2) жұмыс аяқталғаннан кейін пиротехникалық құрам аспасын ашық түрде қалдыруға жол берілмейді. Аспа ақаусыз эксикаторға орналастырылады.

      103. Оқ-дәрілер қоймасы өрт сөндіру құралымен жабдықталады. Қойма аумағына кіреберісте әрбір өрт сөндіру құралының 10 бірлігінен тұратын орталық өрт сөндіру бекеті орналастырылады.

      Өртке қарсы құралақаусызжай-күйде ұсталады.

6-параграф. Әскери-техникалық мүлік қоймасындағы өрт қауіпсіздігі шаралары

      104. Қоймада (үй-жайда) заттар мен материалды сақтау оның өрт қаупі бар физикалық-химиялық қасиетін (ылғал түскенде, ауамен жанасқанда тотығу, өздігінен қызу және тұтану қабілеті), өрт сөндіргіш заттың үйлесімділігі мен біртектілігі белгілерін ескеріп жүргізіледі.

      105. Қолданылатын өрт сөндіргіш заттың біркелкі болуына қарамастан, материал мен тауарды каучукпен немесе авторезеңкемен бір секцияда бірге сақтауға жол берілмейді.

      106. Жанғыш газыбар баллон, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтығы бар ыдыс, сондай-ақ аэрозоль орамы күннің және өзге де жылудың әсерінен қорғалады.

      107. Көп қабатты қоймада аэрозоль орамын реттеп салу өртке қарсы бөлікте тек жоғарғы қабатта жүзеге асырылады, бөліктегі орам саны 150000 данадан аспайды.

      108. Қойманың оқшауланған бөлігінде қойманың жалпы сыйымдылығы 900000 қаптамадан аспайтын болған кезде 15000-нан аспайтын қаптаманы (қорапты) сақтау жүзеге асырылады. Қойма шатырсыз, жеңіл ашылатын жабыны бар ғимаратта орналастырылады.

      109. Ортақ қоймада аэрозоль орамын 5000 данадан аспайтын санда сақтау жүзеге асырылады.

      110. Ашық алаңда немесе қалқа астында аэрозоль орамы тек жанбайтын контейнерде сақталады.

      111. Қойма үй-жайында стеллажсыз тәсілмен сақтау кезінде материал қатарлап жиналады. Қойма үй-жайының есігіне қарама-қарсы ені есік еніне тең, бірақ кемінде 1 метр еркін өтпежол қалдырылады.

      112. Қоймада әрбір 6 метр сайын ені кемінде 0,8 метрұзына бойы өтпежол жасалады.

      113. Қойма үй-жайының ішіндегі ағаш конструкция оттан қорғау құрамымен өңделеді.

      114. Транзиттік электр кабелі, газ және басқа да коммуникация өтетін үй-жайда қойманы орналастыруға жол берілмейді.

      115. Шамдалдан сақталатын тауарға дейінгі аралық – кемінде 0,5 метр және жанғыш құрылыс конструкциясының сыртқы қабатына дейін 0,2 метр.

      116. Қойма үй-жайында тауартанушы, сарапшы, қоймашы жұмыс орнын оқшаулау үшін әйнектелген қалқа өрт шыққан жағдайда адамдарды немесе тауар-материалдық құндылықты кедергісіз эвакуациялауды ескеріп орнатылады.

      117. Қойма үй-жайында және дебаркадерде тиеу-түсіру және көлік құралының тұруына және оларды жөндеуге жол берілмейді.

      118. Рампаға (платформаға) түсірілген жүк пен материал жұмыс күнінің соңына қарай алынады.

      119. Қойма ғимаратында ыдысты ашуға, жарамдылығын тексеруге және ұсақ жөндеуге, өнімді өлшеп орауға, өрт қауіпті сұйықтықтың жұмыс қоспасын (нитро бояу, лак) дайындауға байланысты барлық операция сақтау орнынан оқшауланған үй-жайда жүргізіледі.

      120. Қойманың электр жабдығы жұмыс күні аяқталғаннан кейін токтан ажыратылады. Қойманы электрмен жабдықтауды ажыратуға арналған аппарат қойма үй-жайынан тыс, жанбайтын материалдан жасалған қабырғаға немесе жеке тұрған тірекке қойылады, шкафқа немесе пломбалауға арналған құрылғысы бар қуысқа орнатылады және құлыпқа жабылады.

      121. Қойма үй-жайында кезекші жарықтандыруға, сондай-ақ газ плитасын, электрмен жылыту аспабын пайдалануға және штепсель розетка қоюға жол берілмейді.

      122. Материалашық алаңда сақталған кезде бір секция (штабель) ауданы 300 шаршы метрден аспайды, ал штабель арасындағы өртке қарсы бөлік – кемінде 6 метр.

      123. База мен қойма аумағында орналасқан ғимараттарда персоналдың және басқа да адамдардың тұруына жол берілмейді.

      124. № 55 қағидаларға сәйкес нақтыланған А, Б және В1-В4 санаттағы қойма үй-жайына локомотивтердің кіруіне жол берілмейді.

      125. Цехті қоймаларда жеңіл тұтанатын және жанар-жағар сұйықтықтарды № 55 қағидаларға сәйкес белгіленген нормадан асатын санда сақтауға жол берілмейді.

      126. Түтіннен тазартуға арналған саңылауы бар терезесі жоқ жертөле және цоколь қабатындағы үй-жайында, сондай-ақ ғимараттың ортақ саты торын осы қабатпен қосқан кезде, жанғыш ыдыста жанғыш материалды немесе жанбайтын материалды сақтауға жол берілмейді.

      127. Ағаш материалы қоймасында сақталатын материалдың шекті көлемін, өртке қарсы бөлік пен штабель арасындағы, сондай-ақ штабель мен көршілес объекті арасындағы өтпежолды көрсетіп, штабельдердіорналастыру жоспары әзірленеді.

      128. Штабельдер арасындағы өртке қарсы бөлікте ағаш материалын, жабдықты жинауға жол берілмейді.

      129. Штабельдерге бөлінген орын шөп жамылғысынан, жанғыш қоқыс пен қалдықтан топыраққа дейін тазартылады немесе қалыңдығы кемінде 0,5 метр құм, жер немесе қиыршық тас қабатымен жабылады.

      130. Әрбір қойма үшін нысанның жұмыскерлері мен техникасын тарту мүмкіндігін ескеріп, штабельдерді, баланс үймесін, жоңқаны бөлшектеу жөніндегі шараларды айқындай отырып, жедел өрт сөндіру жоспары әзірленеді. Жыл сайын көктем-жазғы өрт қауіпті кезең басталар алдында нысаның барлық ауысымы мен өртке қарсы қызмет тиісті бөлімшелерінің жұмыскерлерін тартып жоспар пысықталады. Жазғы уақытта қойма аумағын кезең-кезеңімен суарып тұру қажет.

      131. Қоймадағы алғашқы өрт сөндіру құралынан басқа, жедел өрт сөндіру жоспарында айқындалатын мөлшерде әртүрлі өрт сөндіру техникасының қоры бар пункт (бекет) жабдықталады. Ағаш материалы қоймасы өрт сөндіру үшін қажетті су қорымен қамтамасыз етіледі.

      132. Қоймада ағаш материалын сақтауға байланысты емес жұмыс істеуге жол берілмейді.

      133. Ағаш материалы қоймасындағы жұмысшыларға арналған тұрмыстық үй-жай өртке қарсы бөлікті сақтап, тек жеке ғимаратта жасалады.

      134. Бұл үй-жайды жылыту үшін тек зауытта жасалған электрмен жылыту аспабы қолданылады.

      135. Іштен тұтану қозғалтқышы бар шығыр дөңгелек ағаш штабельдерінен кемінде 15 метр арақашықтықта жасалады.

      136. Шығыр маңындағы алаң кесек қалдықтан, қабықтан және басқа да жанғыш қалдықтан және қоқыстан тазартылады. Қозғалтқышқа отын құюға арналған ЖЖМ бір бөшкеден аспайтын мөлшерде және шығырдан кемінде 10 метр және жақын штабельден 20 метр арақашықтықта сақталады.

      137. Ағаш материалы штабельдерінреттеп салу және бөлшектеу кезінде көлік пакеттері тек өтпежолдың бір жағынақойылады, бұл ретте жолдың қалған жүру бөлігінің ені кемінде 4 метр болады. Штабельдерге жинап салынған ағаш материалының жалпы көлемі оның қоймаға тәуліктік түсімінен арттыруға жол берілмейді.

      138. Көлік пакетін өртке қарсы бөлікте, өтпежолда, өрт сөндіру су көзіне кірмежолда орнатуға жол берілмейді.

      139. Механизмнің жұмысы уақытша тоқтатылған жағдайда көлік пакетін іріктеу және орналастыру, мүкәммалдық шатыр мен төсеме материалын сақтау арнайы алаңда жүргізіледі.

      140. Көлік пакетін су өткізбейтін қағазбен орау (бұл операция бірыңғай технологиялық процесте болмаған кезде) арнайы бөлінген алаңда жүргізіледі.

      141. Пайдаланылған су өткізбейтін қағаз, оның қалдығы мен қиығы контейнерге жиналады.

      142. Жабық қоймада штабель мен ғимарат қабырғасының шығыңқы бөлігі арасындағы өтпежолдың ені кемінде 0,8 метр. Қойма есігіне қарама-қарсы ені есік еніне тең, бірақ кемінде 1 метр өтпежол қалдырылады.

      143. Жабық қоймада қалқа мен қызметтік үй-жайдың болуына жол берілмейді.

      144. Жабық қойма мен қалқа астындағы алаң едені жанбайтын материалдан жасалады.

      145. Жабық қоймада, бункерде және негізі жанбайтын материалдан жасалған ашық алаңда жоңқаны сақтауға жол беріледі.

      146. Жоңқа беру конвейерлерінің электр қозғалтқыштары орналасқан үйшіктер II отқа төзімділік дәрежесінен төмен болмауы көзделеді, бұл № 55 Қағидаларға сәйкес айқындалады.

      147. Жоңқаның қызу температурасын бақылау үшін үйме ішінде термоэлектр түрлендіргішті орнату үшін жанбайтын материалдан жасалған құдық көзделеді.

7-параграф. Жанар және жағармай материалы қоймасындағы өрт қауіпсіздігі шаралары

      148. Өрт шыққан немесе авария болған жағдайда қойма аумағында жанармайдың ағуын болғызбау үшін жерүсті және жартылай көмілген резервуар тобының резервуары, сондай-ақ жеке резервуар топырақпен үйіп көміледі. Топырақпен үйіп көму сыйымдылығы барлық резервуардың жерүсті бөлігі сыйымдылығының жартысынан төмен болмайды, ал төгілген жанармай бетінің айнасы топырақпен үйіп көмілген жердің жоғарғы жиегінен 0,2 метрден төмен болады. Жерүсті резервуары қабырғасынан топырақпен үйіп көмілген жерге дейінгі аралық кемінде 2 метр.

      149. Жанармайға арналған құбыр жолын газ құбыры, өрт су құбыры, жылу құбыры, сондай-ақ кернеуі жоғары және төмен кабелі бар ортақ траншеяда төсеуге жол берілмейді.

      Айдау кезінде жылыту талап етілетін мұнай өніміне арналған құбыр жолы өтпейтін жанбайтын арнада бу құбырымен және конденсат құбырымен бірге төселеді.

      Құбыр жолды топырақпен көміп төсеудің ең төмен тереңдігі құбырдың жоғарғы жағына дейін кемінде 0,8 метр және арнада төсеу кезінде қораптың жоғарғы жағынан 0,6 метрге жол беріледі.

      150. Ыдыста жанармай мен арнайы сұйықтықты сақтауға арналған әрбір сақтау орны:

      1) сүрту материалына арналған металл жәшікпен;

      3) өрт сөндіру құралымен жабдықталады.

      151. Қойма аумағына кірген кезде автомобильде өрт сөндіру құралының және жерге тұйықтауға арналған құрылғының болуы тексеріледі.

      152. Қойманы көктем-жаз жағдайында жұмысқа дайындау кезінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) өрт сөндіру құралының, жабдығы мен өрт сөндіргіш зарядының жай-күйі тексеріледі және оларға техникалық қызмет көрсетіледі;

      2) статикалық электрді бұру үшін найзағайдан қорғау құрылғысы мен жерге тұйықтау тексеріледі;

      3) қойма және кіремежол ретке келтіріледі;

      4) қойма аумағы қоқыстан (құрғақ шөптен, жапырақтан) тазартылады.

      153. Қойманы күз-қыс жағдайында жұмысқа дайындау кезінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) жолды қардан тазарту үшін қажетті құрал-сайман дайындалады;

      2) су құбыры, өрт су тоғаны, гидрант, өрт краны, су құбырының колонкасы мен құдық тексеріледі және жылытылады;

      3) өрт сөндіру құралы мен жабдығы қысқы жағдайға тексеріледі және дайындалады, өрт сөндіргіштің зарядталуы және олардың жылытылуы тексеріледі, құмды құрғақ күйде сақтауға жағдай жасалады;

      4) қойма аумағы қоқыстан тазартылады.

      154. Қойма орманда орналастырылған кезде қойманы өрт шыққан кезде қауіпсіз жерге тез жылжытып орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында оған арналған учаске орман шетіне жақын жерде таңдалады.

      155. Резервуар қазаншұңқырда топпен қойылады.

      Резервуарлар бір жерде аз уақыт сақталған жағдайда олар ашық қазаншұңқырда немесе өртке қарсы топырақпен үйіп көмілген табиғибүркемедеорнатылады.

      156. Стационарлықотын құю пункті:

      1) жанармай мен майды сақтауға арналған резервуарды;

      2) май мен жағармайды сақтауға арналған ыдысты;

      3) жанармай беруге арналған отын құю колонкасын;

      4) май беруге арналған құю колонкасын;

      5) отын құю құралын, салмақ өлшеу аспабын (таразы, метршток, мұнай денсиметрі) және оны сақтауға арналған жәшікті немесе шкафты;

      6) өрт сөндіру құралын қамтиды.

      157. Қойманың өртке қарсы қорғанысы бойынша іс-шаралар бөлім командирі бекіткен жылдық жоспарға сәйкес жүргізіледі.

      158. Жұмыс істеу орны өрт сөндіру құралымен (өрт сөндіргішпен, құм салынған жәшікпен, су құйылған бөшкемен, шелекпен, күрекпен) қамтамасыз етіледі. Жұмыс істеу орнында өртке қарсы қорғаныс нұсқаулығы ілінеді.

      Өрт сөндіру құралы резервуарға, сақтау орнына және отын құю пунктіне жақын қойылады. Осы құралмен бірге басқа мүлікті сақтауға жол берілмейді.

      159. Жұмыс аяқталғаннан кейін өрт сөндіру наряды қойманы жабар алдында аумақты және қойманы тексереді.

      Егер қойма белгіленген уақыттан тыс күзетке тапсырылса, лауазымды адамдар жабылғанға дейін 45 минуттан бұрын ол туралы өрт сөндіру жасағының бастығын хабардар етеді.

      160. Қоймада жөндеу, монтаждау жұмысы орындалған кезде отпен істелетін жұмыс сорғы станциясынан, резервуарлық парктен және мұнай өнімі бар жеке тұрған резервуардан кемінде 20 метр аралықта жүргізуге жол беріледі. Егер резервуарлық паркте резервуарды мұнай өнімімен толтыру (оны босату) жүргізілсе, отты қолдану осы резервуардан кемінде 40 метр арақашықтықта жүргізіледі (электрмен дәнекерлеу агрегаты сырт жағынан, мұнай өнімі бар резервуардан кемінде 20 метр арақашықтықта топырақпен үйіп көміледі).

      161. Отпен істелетін жұмыс кезінде мынадай қауіпсіздік шаралары сақталады:

      1) жұмыс учаскесінде оны жүргізудің барлық уақытына қажетті өрт сөндіру құралы бар өрт сөндіру бекеті қойылады;

      2) қатар тұрған барлық резервуардың ауызы құбырдағы ысырма асбест жапқышпен жабылады, ол ыстық уақытта сумен ылғалдандырылады;

      3) ашық отпен жұмыс істейтін орында ұшқынның ұшуын болғызбау үшін көлемі 1,5 х 2 метр киіз немесе асбест қалқан орнатылады.

      Отқа қауіпті жұмыс әскери бөлім командирінің бұйрығымен бекітіледі, онда жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, өрт-жарылу қаупі бар үй-жайдағы жұмыс істеу шарттары көрсетіледі.

      162. Жанармай жеткізуге арналған жүк автомобилінің сөндіргіші алға шығарылады және әрбір автомобиль өрт сөндіру құралымен (өрт сөндіргішпен, қылшықты матамен немесе киіз жапқышпен, құм салынған жәшікпен, күрекпен) қамтамасыз етіледі.

      163. Автомобиль багына жанармай құюға, автомобильді жанармай құю учаскесінде отын құятын жағына қарай сөндіргішін қаратып қоюға жол берілмейді.

      164. Отын құю пунктінде машинаға отын мынадай талаптарды сақтап құйылады:

      1) шанақта жеке құрамы бар машина отын құюға жіберілмейді;

      2) машина отын құю колонкасынан 2 метрге жақын қойылмайды;

      3) кезекті машина отын құйылатыннан 5 метрге жақын болмайды, қалған машина 1-2 метр аралыққа қойылады;

      4) машиналарға жаппай отын құю кезінде өрт сөндіру құралы бар өрт сөндіру бекеті қойылады;

      5) отын құйылатын машинаның қозғалтқышы өшіріледі;

      6) жанармай құйылатын машинаға ол төгілген кезде төгілген жанармай машинадан толық тазартылғанға дейін қозғалтқышты оталдыруға жол берілмейді, қажет болған жағдайда жанармай төгілген автомобиль отын құю пунктінен сүйреткішпен шығарылады;

      7) қозғалтқыштың оталуын жөндеуге және реттеуге, сигналды қосып көруге жол берілмейді;

      8) сыртқы жарық болмаған кезде отын құю орны автомобиль фарымен немесе аккумулятор шамымен, сондай-ақ отын құю колонкасынан 10 метр жақын емес орнатылған жылжымалы электр станциясынан жарықтандырылады.

      165. Жанармай құю отын құю кранының біріктірмесі тығыз болған, отынның ағуы болмаған және отын құю құралы мұқият жерге тұйықталған кезде жүзеге асырылады.

      166. Өрт сөндіргіш сақталатын жерде "Өрт сөндіргіш" деген жазу ілінеді. Қысқы уақытта өрт сөндіргіш жылытылған шкафқа қойылады.

      Өрт сөндіру құралы қызыл түске боялған арнайы қалқанға қойылады. Қалқан жанына құм салынған жәшік қойылады.

      Жылытылмайтын үй-жайға қойылған су құйылған бөшкеге қыста судың қату температурасын төмендету үшін натрий хлор (ас тұзы) немесе ащы калий салынады.

      167. Авиациялық техникаға отын құю үшін ұшу аппаратының топтық отын құйғышты қолданған кезде отын құю алдында орталықтандырылған отын құюшының бастығы және зертхана бастығы (зертханашы) өрт сөндіру және жерге тұйықтау құралының бар болуын және ақаусыздығын тексереді.

      168. Улы техникалық сұйықтықты сақтау орнында:

      1) құрғақ ұнтақ құм салынған жәшік (құрғақ үгінді);

      2) қалақты күрек;

      3) су құйылған бөшке (жазда) және шелек;

      4) жеке қорғану құралы;

      5) өрт сөндіру құралы болады.

      Сақтау орнының есігіне, қақпаға (сұйықтық алаңда сақталған кезде) қауіп белгілері салынады.

8-параграф.Өндірістік үй-жайдағы өрт қауіпсіздігі шаралары

      169. Тез тұтанатын сұйықтықты (керосин, бензин, ацетон, нитролак) қолдануға байланысты жұмыс және аккумулятор батареясын зарядтау жүргізілетін үй-жай арнайы желдеткішпен жабдықталады. Электр қозғалтқышы, шамдал, электр тарату құрылғысы жарылыстан қорғалып орнатылады. Зарядтау агрегаты мен газбен дәнекерлеу аппаратының генераторы жеке үй-жайда орнатылады. Осы үй-жайда пешті орнатуға жол берілмейді.

      170. Тез тұтанатын сұйықтық бір күндік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде жақсы бітелген металл ыдыста болады және жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы жабдықталған қойма үй-жайына шығарылады.

      Сұйық отынмен жұмыс істейтін өндірістік пеш пен агрегаттың сыйымдылығы 1 текше метрден асатын шығыс багы оқшауланған үй-жайда, ал сыйымдылығы 1 текше метрге дейінгі – агрегаттан кемінде 5 метр арақашықтықта жанбайтын қабырғада орнатылады.

      171. Сүрту материалын, майланған шүберек пен ескі шүберекті жинау үшін барлық өндірістік үй-жайда жұмыс аяқталғаннан кейін босатылатын қақпағы бар металл жәшік орнатылады.

      Майланған арнайы киім өндірістік үй-жайдан (цехтан) тыс арнайы шкафта ілінген күйде сақталады. Арнайы киім қалтасында майланған сүрту материалын қалдыруға жол берілмейді.

      172. Жұмыс аяқталғаннан кейін күні бойы жиналған барлық өндірістік қалдық пен қоқыс шеберхананың үй-жайынан шығарылады.

      173. Өрт қауіпсіздігі мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес осы жұмысты орындауға рұқсаты жоқ адамдарға газбен жабдықтауды жөндеу жөніндегі жұмысты жүргізуге жол берілмейді.

9-параграф. Резервуарлық паркті күтіп-ұстау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары

      174. Резервуарды топырақпен үйіп көму көлемі осы топырақпен үйіп көмілген жердегі ең үлкен резервуардың көлеміне тең етіп орындалады және ұдайы ақаусыз жай-күйде ұсталады. Бұл ретте топырақпен үйіп көму тұтастығы мен биіктігін, сондай-ақ резервуарлық парк шекарасы бойынша өту жолын бұзуға жол берілмейді.

      175. Толтыруды және деңгейді өлшеуді бақылауға және автоматтандыруға арналған құрылғы желісін қоспағанда, резервуардың топырақ үйілген жері ішінде және тікелей резервуарда электр жабдығын орнатуға және электр желісін төсеуге жол берілмейді.

      176. Көрсетілген электр аппаратурасы мен сымды ЭОҚ-ға сәйкес жарылыстан қорғалып орындалған жағдайда ғана пайдалануға жол беріледі.

      177. Резервуарлық парктегі құбыр жолының коммуникациясы резервуармен авария болған жағдайда мұнай мен мұнай өнімін бір ыдыстан екіншісіне айдау мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей көзделеді.

      178. Жылдың қысқы кезеңінде резервуар шатыры қардан уақтылы, сондай-ақ резервуарлық парк аумағындағы жол мен өрт сөндіру жолы қардан тазартылады.

      179. Жылытуға немесе жазғы уақытта ұзақ сақтауға жататын резервуарды мұнаймен немесе мұнай өнімімен толтыру кезінде сұйықтық деңгейі (резервуардың толып кетуін болдырмау үшін) жылыту кезінде сұйықтықтың кеңеюін ескере отырып белгіленеді. Суық мұнай өнімінің ең жоғары деңгейі сыйымдылық биіктігінің 95 пайызынан, ал сұйытылған газдың – 83 пайызынан аспайды.

      180. Жарылу және өрт қаупі бар үй-жайда көмірсутектің концентрациясын тұрақты бақылау үшін жарық және дыбыс дабылдамасы бар газ талдағыш орнатылады.

      181. Әрбір резервуар жиналып қалған шөгіндіден жүйелі түрде (кестеге сәйкес) тазартылады.

      182. Резервуарда мұнайды жылытқыш үстіндегі сұйықтық деңгейі кемінде 50 сантиметр болған кезде жылытуға жол беріледі.

      183. Резервуардағы тұтқыр мұнай өнімі қызмет көрсетуші персоналдың тұрақты бақылауымен тек бу иректүтігімен жылытылады.

      184. Мұнай өнімімен толтырылған резервуарда жұмыс ұшқынға қауіпсіз құралды пайдалану арқылы ғана жүргізіледі.

      185. Резервуарлық парктегі өнеркәсіптік су бұру желісі тұрақты су деңгейі кемінде 0,25 метр болатын және резервуардың топырақ үйілген жерінен тыс шығарылған арқанмен басқарылатын сақпанмен жабдықталған арнайы құдықта орнатылатын гидравликалық бекітпемен қамтамасыз етіледі. Сақпанның қалыпты күйі – жабық.

      186. Мұнаймен немесе мұнай өнімімен толтырылған резервуардағы жарықты жою бойынша отпен жүргізілетін және механикалық жұмысқа жол берілмейді.

      187. Резервуарлық парктің және жеке тұрған резервуардың барлық аумағында көрінетін жерде белгіленген өртке қарсы режимді бұзуға жол бермеу туралы жазба орнатылады.

      188. Статикалық электр зарядының пайда болуын болдырмау үшін:

      1) соғылған кезде ұшқын шығармайтын материалдан жасалған және сынама алғышқа дәнекерленген ток өткізетін арқаны бар сынама алғыш қолданылады (арқанды резервуар шатырындағы жерге тұйықтау клеммасына жалғау қажет);

      2) статикалық электр зарядын жинамайтын матадан жасалған киім пайдаланылады.

      189. Күкіртті мұнай өнімі сақталатын резервуар үшін пирофорлы күкіртті темір шөгіндісінен тазарту бойынша жоспарлы жұмыс кестесі әзірленеді.

      190. Пайдаланылатын резервуарлық парк аумағындағы ашық отты қолдануға (дәнекерлеу, кесу) байланысты барлық құрылыс және монтаждау жұмысы нысан басшылығының жазбаша рұқсаты негізінде жүргізіледі.

      191. Топырақпен үйіп көмілген жердің ішінде және топырақпен үйіп көмілген жерде құбыржолды төсеу және жөндеу кезінде қазылған траншея осы жұмыс аяқталғаннан кейін дереу топырақпен көміледі, ал топырақпен үйіп көмілген жер қалпына келтіріледі. Жұмыста үзіліс ұзақ болған кезде уақытша топырақпен үйіп көму ұйымдастырылады.

      192. Деңгейді өлшеу және сынама алу тәуліктің жарық уақытында орындалады. Түнгі уақытта сынама алу немесе деңгейді өлшеу кезінде жарық беру үшін жарылу қаупі жоқ аккумулятор шамы ғана қолданылады, оларды жарылу қаупі бар аймақтан тыс жерде ғана қосу және ажырату жүзеге асырылады, қалта шамын қолдануға жол берілмейді.

      193. Авария кезінде төгілген мұнай өнімінен тазарту үшін, сондай-ақ топырақпен үйіп көмілген жерден су бұру жолында нөсер суды ағызу үшін топырақпен үйіп көмілген жердің шегінен тыс іске қосылатын сақпан-клапан түріндегі бекітпе құрылғы орнатылады.

      194. Мыналарға:

      1) герметикалық емес жабдықты және бекітпе арматурасын пайдалануға;

      2) жобалау құжаттамасында белгіленген топырақпен үйіп көмілген жердің биіктігін азайтуға;

      3) қисық және жарығы бар резервуарды, сондай-ақ ақаулы жабдықты, бақылау-өлшеу аспабын, өнім өткізгішті және тұрақты өртке қарсы құрылғыны пайдалануға;

      4) топырақпен үйіп көмілген жерге ағаш, бұта, шөп отырғызуға;

      5) жанғыш негізге ыдысты қоюға;

      6) резервуар мен цистернаны шамадан тыс толтыруға;

      7) мұнай және мұнай өнімін ағызу немесе құю кезінде резервуардан сынама алуға;

      8) найзағай уақытында мұнай және мұнай өнімін ағызуға және құюға жол берілмейді.

      195. Тыныс алу клапаны мен от бөгегіш жасаушы зауыттың техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес тексеріледі.

      196. Тыныс алу арматурасын қарап-тексеру кезінде клапандар мен торлар мұздан тазартылады. Оларды ашық оттың көмегімен жылытуға жол берілмейді және тек өрт қаупі жоқ тәсілмен ғана жүргізіледі.

      197. Резервуарлық паркте жөндеу жұмысын жүргізу кезінде тек газ шығаратын құбырда ұшқын сөндіргіштері бар трактор мен автомобильдің резервуардың топырақпен үйіп көмілген жері ішіндегі аумаққа кіруі, ал автокөліктің пайдаланылатын немесе қорғалмаған резервуарға жақындауы кемінде 20 метрге жақын емес арақашықтықта жүзеге асырылады.

      198. Резервуарлық парк жұмыскерлерінің пайдалану процесінде, сондай-ақ ықтимал авария болған немесе өрт шыққан кезде қажетті ауыстырып-қосуды жылдам және қатесіз жүргізу үшін құбыржолдың орналасу схемасы болады және олар барлық ысырманың арналуын білуге тиіс.

      199. Егер жөндеу жұмысы алдында мұнай құбырын мұнайдан толық босату мүмкін болмаса, онда мұнайдың төгілуін болдырмау шаралары қабылданады.

10-параграф. Әуеайлақтағы (тікұшақ айлағындағы) өрт қауіпсіздігі шаралары

      200. Әрбір әуеайлақ үшін әуеайлақта орналасқан бөлімшелер жеке құрамының және әуеайлақтың ұшу алаңы бойынша автокөлік қозғалысы маршрутының схемасы әзірленеді.

      Схемада өрт сөндіру бекетінің орны көрсетіледі.

      201. Арнайы автомобильдің мынадай жағдайда:

      1) сұйықтық аққан немесе газ аққан;

      2) жерге тұйықтау құрылғысы болмаған немесе ақаулы болған;

      3) арнайы шанақта, резервуарда, ыдыста, баллонда жазу болмаған немесе дұрыс жазылмаған;

      4) өрт сөндіру құралы болмаған немесе ақаулы болған жағдайда парктен шығуына жол берілмейді.

      202. Ұшу алаңы аймағында әуе кемесіне қызмет көрсетуге бөлінетін автокөлік үшін өрт сөндіру құралы бар алаң жабдықталады. Бір әуеайлақта авиациялық техниканың орналасуына байланысты бірнеше алаң жабдықталады. Алаң ғимарат пен құрылыстан оның от қауіптілігі дәрежесіне байланысты кемінде 15 метр арақашықтықта орналастырылады. Әуеайлақты ұшуға дайындаумен қатар алаң қардан және бөгде затпен ластанудан мұқият тазартылады.

      203. Өрт сөндіру бекетінің өрт (әуеайлақ) автомобилі командалық-диспетчерлік пунктке жақын жерде, ұшу аға инженерінің қарамағына бөлінетін техникалық көмек құралы (автокран, тартқыш) инженерлік-авиациялық қызметтің басқару пунктіне жақын жерде осы мақсаттар үшін бөлінген алаңда орналастырылады.

      204. Қауіпті жүкті тасымалдау үшін бөлінген автокөлік өрт сөндіргішпен және шанақта сол жағынан алдынан бекітілетін қызыл жалаушамен жабдықталады.

      205. Газдың стационарлық газдандыру қондырғысы:

      1) жабық, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін желдетілетін үй-жайда – стационарлық газдандыру қондырғысы;

      2) автомобиль шанағында – сұйытылған газдың жылжымалы газдандырғышы орналастырылады. Қондырғыдан газды қауіпсіз орынға жіберу көзделеді.

      206. Оттегі және жанғыш газ бар баллонды сақтауға арналған қойма өрт сөндіру құралымен қамтамасыз етіледі және бір-бірінен және өндірістік ғимараттан кемінде 20 метр, тұрғын үйден кемінде 150 метр және қоғамдық үй-жайдан кемінде 200 метр арақашықтықта болады.

      Қоймада белгіленген орынға қауіпсіздік техникасы және қоймадағы баллонды қолдану жөніндегі нұсқаулықтар, қағидалар мен плакаттар ілінеді.

      Кез келген жанғыш материалды сақтауға және баллон бар қоймадан 25 метр жақын жерде ашық отты қолдануға байланысты жұмысты жүргізуге жол берілмейді.

      207. Әуе кемесінің кабинасын және жеке құрамның орналасқан жерін жылытуға арналған жылытқышты пайдалану кезінде:

      1) өрт сөндіру құралының және жерге тұйықтау құрылғысының болуын және ақаусыздығын;

      2) жылыту қондырғысы үшін қолданылатын отынның сапасын және сортын;

      3) сақтандырғыш құрылғының, қорғау және дабылдама құралының ақаусыздығын және қолданыс қабілетін қадағалау қажет.

      208. Әуеде іске қосу қондырғысын пайдалану кезінде:

      1) тахосигналдық және қорғану аппаратурасының;

      2) авариялық жұмыс режимі сигналының;

      3) аккумулятор батареясының;

      4) өрт сөндіру жүйесінің ақаусыздығы мен қолданыс қабілетін қадағалау қажет.

      209. Оттегіні ЖЖМ-мен бір үй-жайда сақтауға жол берілмейді.

      Өрт шыққан жағдайда сөндіруді көмірқышқылды өрт сөндіргішпен немесе құммен жүргізу қажет.

      210. Электр-газ техникасының күштік қондырғысын іске қосар алдында автомобильдегі өрт сөндіру құралының ақаусыздығын тексеру және іске қосу орнында өртке қарсы тұрғыдан алаң дайындау қажет. Отын құю кезінде отынның, майдың және жұмыс сұйықтығының төгілуіне және осы сұйықтықтың электр жүйесінің сымы мен агрегатына түсуіне жол бермеу (төгілген кезде оны ескі шүберекпен сүрту) қажет. Жанғыш сұйықтық сіңген ескі шүберекті электр-газ техникасында сақтауға жол берілмейді.

      Электр-газ техникасында өрт сөндіру үшін суды пайдалануға жол берілмейді.

11-параграф. Корабльдегі өрт қауіпсіздігі шаралары

      211. Корабльде өрттің алдын алу мақсатында:

      1) электр тізбегінде көзделмеген сақтандырғышты орнатуға;

      2) қызметтік және тұрғын үй-жайдан (каютадан) шыққан кезде электр энергиясын тұтынушыны қосылған күйде қалдыруға;

      3) шикі немесе тез тұтанатын және жанғыш сұйықтық пен басқа да заттар сіңген сүрту материалын (пакля, ескі шүберек) сақтауға;

      4) жанар-жағармай материалын, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықты ашық күйінде, сондай-ақ жаңадан боялған парусинаны бүктелген түрде және нашар желдетілетін үй-жайда сақтауға;

      5) лак-бояу материалын катерде сақтауға;

      6) оқшаулағыш газтұмшаны оттегі баллонынан, жауынгерлік зарядтау бөлімшесінен және торпеда резервуарынан, кабель трассасынан, отын құбыржолы мен ыдысынан 1 метр жақын жерге, жылу бөлінуі жоғары (+50° С жоғары) және тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтың, сондай-ақ су мен будың ағуы немесе жиналуы ықтимал жерге орналастыруға;

      7) штепсельдік розетканы, жалғағыш және тарату қорабын, шамдалды қалпақсыз және қорғаныш торсыз ашық күйде қалдыруға жол берілмейді.

      Дәнекерлеу жұмысы және ашық отты қолдану жұмысы аяқталғаннан кейін жұмыс жүргізілген үй-жайды (орынды), сондай-ақ онымен іргелес үй-жайды жинау және қарап-тексеру жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін 3–5 сағат ішінде орынды мерзімді тексеру жүзеге асырылады.

      212. Портта және айлақта зәкірде (бөшкеде, арқандап байлауда) тұрған кезде қоқыс арнайы баржаға немесе қабырғаға шығарылады және белгіленген орында жиналады, бұл ретте өрт қауіпсіздігі шаралары сақталады. Корабльдің тұрақ орны бойынша пирсте өрт сөндіру құралының жиынтығы бар қалқан жабдықталады.

      213. Ашық теңізде қоқыс арнайы пеште (оттықта) өртеледі немесе қақпағы бар контейнерге жиналады.

      214. Корабльде жарылысты және от жағумен өртті имитациялауға жол берілмейді.

      Корабль экипажы нақты өртті сөндіру бойынша іс-қимылды полигонда және оқу-жаттықтыру кешенінде пысықтайды.

      215. Пирс тиісті тәртіппен және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жай-күйде ұсталады:

      1) оны мұнай өнімінен, қоқыстан (әсіресе тұтанатын) жүйелі түрде тазарту;

      2) қоқысты тек осы үшін арнайы бөлінген баржаға немесе айлақ қабырғасынан және пирстен алыс жердегі аумақта қойылған жәшікке салу;

      3) пирске және жағалау базасының жағалау объектісіне кіреберіс жолды бос, ал өрт сөндіру құралын ақаусыз жай-күйде ұстау;

      4) темекі шегу үшін темекі тұқылына арналған урнамен жабдықталған арнайы орын бөлу.

      Айлақ қабырғасын және пирсті жүкпен үйіп тастауға, онда өрт қауіпсіздігінің қажетті шараларын сақтамай от жағуға жол берілмейді.

      216. Корабльде ақаусыз өрт сөндіру құралының және авариялық-құтқару мүлкінің толық жиынтығы, сондай-ақ жеке және ұжымдық құтқару құралының қажетті саны айқындалады.

      Авариялық-құтқару мүлкі мен өрт сөндіру құралы тек тікелей арналуы бойынша пайдаланылады.

      217. Ашық от корабльде әртүрлі жұмыс үшін тек электр механикалық жауынгерлік бөлім командирінің рұқсатымен ғана пайдаланылады.

      Ашық оттың жанына өрт сөндіру құралы бар бекетші (вахташы) қойылады.

      218. Ашық отты жарықтандыру құралы ретінде:

      1) зымыраны, торпедасы және оқ-дәрісі бар жертөле мен үй-жайда;

      2) бөлікте, цистернада, шахтада және контейнерде;

      3) ұшу аппараттары ангарында;

      4) аккумулятор батареясы үй-жайында;

      5) отынның барлық түрін сақтау орнында;

      6) сырлау қоймасында және шкиперлік қор қоймасында;

      7) пакли және азық-түлікті сақтау орнында;

      8) желдетуі қиын үй-жайда, сондай-ақ жаңадан боялған үй-жайда;

      9) кеме, арнайы желдету және желдеткіш жабын шахтасына жақын жерде пайдалануға жол берілмейді.

      219. Температура + 30 С жоғары көтерілген жағдайда жертөледегі ауаны салқындату және оның көтерілу себептерін анықтау үшін барлық шараларды қабылдау қажет.

      220. Зымыраны мен оқ-дәрісі бар жертөледе:

      1) өзімен бірге атыс қаруы, патрон, жарылғыш зат, сіріңке және тұтандыру аспабы бар адамдардың болуына;

      2) дұрыс емес электр сымын орнатуға;

      3) тасымалданатын электр шамын, электр құралын, электр желдеткішін және электр жылытқышын пайдалануға жол берілмейді.

      Зымыранды, торпеданы және оқ-дәріні (қоймадан, пирстен, арнайы баржадан, қабырғадан) тиеу және түсіру кезінде корабль дереу жүрісін беруге дайындалады; рульде, шпильде, түскіште, бас машинада, су басу (суару) клапанында және арқандап байлауда (корабльде де, қабырғада да) вахта атқарылады; авариялық партия (топ) жауынгерлік әзірлікке, қалған бөлімшелер корабль командирі көрсеткен әзірлікке келтіріледі.

      Егер тиеу (түсіру) көлік құралынан жүргізілсе, авария қаупі төнген жағдайда оны корабль бортынан дереу бұру (әкету) қамтамасыз етіледі.

      221. Неғұрлым қауіпті орындарда зымырандарды, торпедаларды және оқ-дәрілерді тиеу (түсіру) № 711 нұсқаулыққа сәйкес жақсы білетін старшинамен немесе матрос-бекетшімен (вахташымен) іске асырылады.

      222. Зымыранды, торпеданы және оқ-дәріні тиеу және түсіру кезінде олардың құлауын және металл заттарға соғылуын болдырмайтын шаралар қабылданады.

      223. Ұшыру қондырғысында, контейнерде немесе шахтада жарылыс қаупін тудыратын зымыранмен авариялық жағдай туындаған кезде зымыранды басқа корабль немесе объекті үшін қауіпсіз бағытта авариялық ұшыру жүргізіледі.

      224. Жертөледегі тез тұтанатын және жанғыш сұйықтық құйылған цистерна, әсіресе ондағы температура көтерілген кезде желдетіледі. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтың ағуын болдырмау үшін барлық саңылау (қылта) мен құбыр жолы жабылады. Отын цистернасын ашу және құбыр жолын бөлшектеу кезінде жақын жерде ашық оттың болуына жол берілмейді.

      Жертөледегі тез тұтанатын және жанғыш сұйықтық температурасы ауыр (күңгірт) сорт үшін + 50° C аспауға және жеңіл (ашық) сорт үшін + 25 ° C аспауға тиіс.

      225. Корабльде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтық арнайы жабдықталған цистернада немесе корабль бойынша бұйрықпен тағайындалған, қандай да бір от көзінен алыс орында жоғарғы палубада штаттық ыдыста сақталады және жақсы желдетіледі.

      Төгілген тез тұтанатын және жанғыш сұйықтық дереу паклямен немесе ескі шүберекпен сүртіледі, ал үй-жай желдетіледі. Палубаны, аралықты және жиһазды сүрту үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықты және басқа да от қаупі бар материалды пайдалануға жол берілмейді.

      226. Трюмде судың және жанғыш материалдың жиналуына жол берілмейді. Трюмге түсетін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтық дереу жойылады.

12-параграф. Полигондағы өрт қауіпсіздігі шаралары

      227. Жеке құрамды орналастыру орындарында, казармаларда, ғимараттарда және полигонның өндірістік үй-жайларында өртке қарсы іс-шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарығысымен бекітілген Ішкі қызмет жарғысына (бұдан әрі – Ішкі қызмет жарғысы) сәйкес ұйымдастырылады.

      228. Полигон аумағында өртті болғызбау үшін:

      1) оқ-дәрілерді, жарылғыш және жанғыш заттарды қол немесе станокты танкіге қарсы гранатаатқыш және отшашар артына 90° секторда және 30 метр жақын жерге орналастыруға;

      2) ыстық және құрғақ ауа райында жарқырағыш оқпен және снарядпен атуға;

      3) оқ атушының артқы жағында 3 метрге жақын және жанынан 1 метрге жақын кедергі болған кезде ашық оқ ату бекінісінде реактивті жаяу әскер отшашарынан оқ атуға;

      4) оқ атушының артқы жағында 6 метрге жақын және жанынан 1 метрге жақын кедергі болған кезде ауданы 45 текше метрден аз жабық үй-жайдан реактивті жаяу әскер отшашарынан оқ атуға;

      5) оқ-дәрісі бар қуыста, орда және жертөледе, жарылғыш және тез тұтанатын заттар мен материалға жақын жерде, оқ-дәріні, жарылғыш затты, ЖЖМ мен жанғыш материалды тасымалдайтын автомобильде темекі шегуге;

      6) танктің, ЖМ-ның, броньды транспортердің, трактор мен автомашинаның жарылғыш заттар мен ЖЖМ сақтау орнына жақын жерде орналасуына;

      7) қандай да бір жару жұмысын жүргізуге, сондай-ақ өсімдігі кеуіп қалған жерде бейтарап және улы түтін шашкасын тұтандыруға және тез тұтанатын заттар мен материалға жақын жерде бос артиллериялық оқпен атуға;

      8) қалған дәріні оқ ату бекінісінде өртеуге жол берілмейді.

      229. Нысана алаңы маңында дала, орман алабы мен орман екпесінен жырту жүргізіледі.

      230. Полигон жабдығы элементінің (нысана қондырғысы, тарату құдығы, электр жетегі, теміржол өтпежолы, нысана қалқаны) жергілікті жері және кабель желісін салу маршруты кеуіп қалған шөптен тазартылады.

      231. Электр қондырғысын пайдаланатын жеке құрам № 55 Қағидалардың талаптарын бұзуды немесе ондағы жеке құрам үшін қауіп төндіретін немесе авария, өрт немесе жарылыс қаупін төндіретін ақаулықты анықтап, анықталған кемшілікті жоюға шаралар қабылдайды және полигон бастығына ақаулық пен қабылданған шаралар туралы баяндайды.

      232. Өрт шыққан жағдайда және қоршау бекетінен оқ атуды жалғастыру қаупі туралы сигнал алған кезде оқ атуды тоқтатудың жалпы сигналы беріледі.

      Оқ ату қауіпті жойғаннан және ол туралы полигон (оқу-жаттығу объектісі) бастығына баяндағаннан кейін оқу-жаттығу (оқ ату) жетекшісінің рұқсатымен қайта басталады.

13-параграф. От қаупі бар жұмысты жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары

      233. Тұрақты және уақытша пункттер, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, өрт және жарылу қаупі бар үй-жайдағы жұмыстың ерекше жағдайы, жазбаша рұқсатты ресімдеу, жұмысты дайындау, жүргізу кезінде және аяқталғаннан кейін Ішкі қызмет жарғысына сәйкес өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарының орындалуын бақылау көзделетін от қауіпті жұмысты жүргізу тәртібі бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығымен жарияланады.

      234. Уақытша (біржолғы) от қаупі бар жұмысты жүргізуге рұқсат тек осы жұмысты орындау кезеңіне беріледі.

      Отты қолданатын жұмысқа оны жүргізуді өртке қарсы қорғаныс қызметімен келіскеннен кейін және отты қолдану жұмысын жүргізуге рұқсатта көзделген іс-шараларды орындағаннан кейін кірісуге жол беріледі.

      От қаупі бар жұмысты жүргізу уақыты мен орны туралы ақпарат өртке қарсы қорғаныс қызметіне ол басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірілмей, ал авариялық жағдайда дереу ұсынылады.

      От қаупі бар жұмыс жүргізілген объектінің өртке қарсы жай-күйіне жауапты лауазымды адамдар ол аяқталғаннан кейін 3 – 5 сағат ішінде жұмыс жүргізілетін орынды мерзімді тексеруді жүзеге асырады.

14-параграф. Найзағайдан және статикалық электрден өрт қауіпсіздігі шаралары

      235. Ғимарат, құрылыс және ашық сақтау алаңы найзағайдан қорғау құрылғысымен жабдықталады.

      Найзағайдан қорғауды монтаждау үшін мынадай негізгі бастапқы деректер:

      1) объектінің атауы және орналасқан жері;

      2) қорғалатын құрылыстың технологиялық және құрылыс сипаттамасы;

      3) қорғалатын ғимарат пен құрылысқа жақын жерде (10-15 метрге дейін) металл конструкцияның, ағаштың және басқа да биік заттың болуы туралы, сондай-ақ осы құрылысқа барлық енгізу (құбыр, кабель, байланыс сымы, өрт дабылдамасы) туралы мәліметтер көрсетіледі.

      236. ЖМ паркі ғимараты мен құрылысының сыртқы жерүсті металл конструкциясы мен коммуникациясында болатын жоғары әлеуетті үйіндіден қорғау үшін қорғалатын ғимаратқа немесе құрылысқа кіретін жолда осы конструкция импульстік кедергісі 20 Ом аспайтын жерге тұйықтағышқа немесе сыртқы жерүсті металл конструкциясындағы құрылысқа жақын және импульстік кедергісі 20 Ом аспайтын жерге тұйықтағышқа коммуникация қосылады.

      237. Әрбір жайтартқышта оның реттік нөмірі, орнатылған жылы көрсетілген және найзағай кезінде жайтартқышқа жақын болу қаупі туралы ескерту жазбасы бар тақтайша орнатылады.

      238. Әрбір ғимарат пен құрылыс, объекті үшін жайтартқыштың нөмірленуі жеке (бірінші нөмірден бастап) жүргізіледі және трафареттің сол жақ жоғарғы бұрышына қос сан түрінде қойылады, мұнда бірінші сан бас жоспар бойынша объект ғимаратының немесе құрылысының нөмірін, ал екінші сан (дефис арқылы) – жайтартқыштың реттік нөмірін білдіреді. Жоғарғы оң жақ бұрышында жайтартқыштың орнатылған жылы көрсетіледі.

      Объектінің қорғалатын ғимараты мен құрылысы қабырғасының көрінетін жерінде (ашық сақтау алаңы үшін – әрбір объектінің бірінші жайтартқыш бөлігінде) шартты белгі бейнеленеді немесе ғимарат пен құрылыс іргетасының, жерге тұйықтағыш пен найзағайдан қорғау құрылғысы ток бұрғышының өзара орналасуын көрсететін осы белгісі бар плакаттар бекітіледі.

      239. ЖМ паркі объектісінің найзағайдан қорғау құрылғысы ақаусыз және сенімді жай-күйде ұсталады.

      240. Найзағайдан қорғау құрылғысы жұмысының тұрақты сенімділігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын найзағай маусымы басталар алдында барлық найзағайдан қорғау құрылғысына қарап-тексеру және тексеру жүргізіледі.

      241. ЖМ паркінің ғимараты мен құрылысын найзағайдан қорғау құрылғысының кедергі шамасын айқындау бойынша өлшеу найзағай маусымы басталар алдында немесе құрғақ ауа райында жер беті құрғақ болған кезде жүргізіледі.

      242. Найзағайдан қорғау құрылғысын қарап-тексеру және тексеру кезінде:

      1) найзағай қабылдағыш пен ток бұрғыштың бүтіндігі, олардың қосылуы мен діңгектерге бекітілуінің сенімділігі көзбен шолып қарап-тексеріледі;

      2) механикалық беріктігінің бұзылуы салдарынан ауыстыруды немесе жөндеуді қажет ететін найзағайдан қорғау құрылғысының элементі анықталады;

      3) найзағайдан қорғау құрылғысы жеке элементінің тат басуының бұзылу дәрежесі айқындалады;

      4) тат басудан зақымдалған элементті тат басудан қорғау және күшейту бойынша шаралар қабылданады;

      5) найзағайдан қорғау құрылғысы барлық элементінің ток өткізгіш бөліктері арасындағы электр қосылысының сенімділігі тексеріледі;

      6) найзағайдан қорғау құрылғысының ғимарат немесе құрылыс мақсатына сәйкестігі тексеріледі және алдыңғы кезеңде құрылыс және технологиялық өзгерістер болған жағдайда найзағайдан қорғауды жаңғырту және реконструкциялау жөніндегі іс-шаралар белгіленеді;

      7) найзағайдан қорғау құрылғысының барлық жерге тұйықтағышы кедергісінің шамасы өлшенеді.

      Найзағайдан қорғау құрылғысы жерге тұйықтағышының кедергісі және топырақтың үлес кедергісі әрбір аспапқа қоса берілетін паспортқа сәйкес кедергі өлшегіштің көмегімен өлшенеді.

      Найзағайдан қорғау құрылғысына қажетті құжаттаманың, жайтартқыштың нөмірі, оның орнатылған жылы көрсетілген плакаттардың және найзағай кезінде жайтартқыш маңында болу қаупі туралы ескерту жазбасының, ғимарат пен құрылыс іргетасының, жерге тұйықтағыш пен найзағайдан қорғау құрылғысы ток бұрғышының өзара орналасуы туралы трафареттің болуы тексеріледі.

      243. Барлық жерге тұйықтағыш, ток бұрғыш және оның қосылған жері 5 жылда 1 рет ашыла отырып, мерзімді бақылауға ұшырайды, бұл ретте жыл сайын олардың жалпы санының 20 пайызы тексеріледі. Найзағайдан қорғаудың жерге тұйықтағышын ашу жоспары аудандық пайдалану бөлімінде әзірленеді, оны аудандық пайдалану бөлімінің бастығы бекітеді.

      244. Тат басумен зақымданған жерге тұйықтағыш пен ток бұрғыш олардың көлденең қимасының ауданы 25 пайыздан астам азайған кезде жаңасымен ауыстырылады.

      245. Найзағайдан қорғау құрылғысын кезектен тыс қарап-тексеруді зілзаладан (дауылды жел, жер сілкінісі, өрт, су басу) және төтенше қарқынды найзағайдан кейін жүргізу қажет.

      246. Найзағай кезінде найзағайдан қорғау құрылғысында және оның маңында жұмыстың барлық түрін жүргізуге жол берілмейді.

      247. Жайтартқыштан және оның жерге тұйықтағышынан 15 метрге жақын орналасқан жол (автомобиль және теміржол) және жаяу жүргінші жолының учаскесінде найзағай кезінде адамдардың осы жерде болу қаупі туралы ескерту жазбалары бар плакат орнатылады және айналма жол көзделеді.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 10 ақпандағы
№ 97 Бұйрыққа
2 қосымша

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 378 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18744 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 378 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 180 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22464 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 378 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 97 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27035 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады