БҰЙЫРАМЫН:
1. "Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20006 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 13 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны бірінші басшы не аппарат басшысы мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бекітеді және мемлекеттік органның веб-сайтына орналастырылады.".
2. Стратегиялық талдау және даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Иргалиев |