"Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну нысанын, мерзімдерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 539 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 307 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 сәуірде № 22509 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну нысанын, мерзімдерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 539 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20804 болып тіркелген, 2020 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін мен нысанын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін, заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерін ұсыну нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін, заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерін ұсыну қағидалары мен мерзімдері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін, заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерін ұсыну нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 6 сәуірдегі
№ 307 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 539 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 16-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның (бұдан әрі – Заңды тұлға) жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері

      2. Заңды тұлға Мәліметтердің өзгеруіне байланысты Мәліметтерді күнделікті ұсынады.

      3. Мәліметтер Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "электрондық үкімет" шлюзі арқылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Төлемдерді өңдеу ұйымы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша автоматтандырылған тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің "Интеграцияланған деректер қоры" ақпараттық жүйесіне Мәліметтерді ұсынады.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетті осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 6 сәуірдегі
№ 307 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 539 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтер

Жеке тұлға бойынша мәлімет

Жарнаны, аударымды, төлемді жүзеге асырған тұлға

Төлем белгілеу коды

Жарна, аударым, төлем және (немесе) олар бойынша өсімпұл төленген күні

Кезеңі

Жарна, аударым, төлем және (немесе) олар бойынша өсімпұл сомасы, теңгемен

жеке сәйкестендіру нөмірі

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Ескертпе: * жеке тұлғалар туралы ұсынылатын мәліметтерге мынадай деректер жатады:

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары және (немесе) олар бойынша өсімпұл бойынша;

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) олар бойынша өсімпұл бойынша, сондай-ақ зейнетақы төлемдерi бойынша;

      мемлекет Бірыңғай жинақтаушы зейнеақы қорында міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын сақтау бойынша зейнетақы төлемдерін алушыларына зейнетақы төлемдеріне құқықты алған сәтіне инфляцияның деңгейін ескере отырып іс жүзінде енгізілген міндетті және (немесе) кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде алушыға кепілдік берген төленген сомалар бойынша;

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік аударымдары және (немесе) олар бойынша өсімпұл бойынша, сондай-ақ әлеуметтiк төлемдер бойынша;

      мынадай әлеуметтік төлемдер (жәрдемақылар) бойынша:

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

      мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, мемлекеттік жәрдемақы алушыларды жерлеуге арналған біржолғы төлем;

      бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

      бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік көмек;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге әлеуметтік төлемдер;

      құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      банкроттық нәтижесінде жойылған заңды тұлғалардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу үшін төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлем.

  "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шешімі бойынша
құрылған,
Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес зейнетақы
жарналарын, әлеуметтік
аударымдар мен әлеуметтік
төлемдерді, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға
жарналар мен аударымдарды
есепке алуды қамтамасыз ететін
заңды тұлғаның жеке тұлғалар
туралы қолда бар мәліметтер"
нысанына
қосымша

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтер" нысаны мынадай деректерді қамтиды:

      1-бағанда – реті бойынша нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда – оның пайдасына зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударым, әлеуметтік төлем жүзеге асырылған жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      3-бағанда – оның пайдасына зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударым, әлеуметтік төлем жүзеге асырылған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

      4-бағанда – жарналарды, аударымдарды, төлемдерді жүзеге асырған тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      5-бағанда – жарналарды, аударымдарды, төлемдерді жүзеге асырған заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

      6-бағанда – "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) сәйкес төлем мақсатының тиісті коды көрсетіледі;

      7-бағанда – жарналар, аударымдар, төлемдер және (немесе) олар бойынша өсімпұл төленген күні көрсетіледі;

      8-бағанда – жарналар, аударымдар, төлемдер және (немесе) олар бойынша өсімпұл жүргізілген кезең (ай, тоқсан, жыл) көрсетіледі;

      9-бағанда – жарналар, аударымдар, төлемдер және (немесе) олар бойынша өсімпұл сомасы көрсетіледі, теңгемен.

      Ескертпе: Нысанды ұсынған кезде зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және әлеуметтік төлемдер, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары мен аударымдары туралы мәліметтер бөлек ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады