"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 сәуірде № 22515 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 9984 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Сотталғандарға: сәлемдеме алу құқығымен ұзақтығы екі сағат қысқа мерзімді, ұзақтығы 2 тәулік ұзақ мерзімді мекеме аумағында кездесулер берілді. Кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде сотталғандарға бұдан басқа ұзақтығы 5 тәулікке дейін мекеме аумағынан тыс жерде тұрумен ұзақ мерзімді кездесу беріледі. Сотталғанның немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініші бойынша кездесу бір тәулікке немесе кездесу ұзақтығы қысқаруы мүмкін. Бұл ретте, кездесу толықтай пайдаланылған болып саналады.

      Сотталғанның асырап алған және кәмелетке толмаған балаларына онымен кездесу алардың заңды өкілдерінің еріп жүруімен беріледі.

      Қысқа мерзімді кездесулер бөлме биіктігі бойынша органикалық шыныдан жасалған (сотталғандар және келушілер үшін) арнайы қалқалармен өзара бөлініп орнатылған үстелдер арқылы арнайы жабдықталған бөлмелерде өткізіледі. Бөлмелерде сөйлесу құрылғысы бар кабиналар орнатылады.

      Жазаны өтеудің жеңілдікті жағдайындағы сотталғандарға қысқа мерзімді кездесулер сотталғандар мен келушілер үшін араларын оқшаулатқыш аралық жабынмен бөлмей орнатылатын үстелдер арқылы арнайы жабдықталған бөлмелерде ұсынылады.

      Жазаны өтеудің дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларындағы сотталғандарға олар келіскен кезде қысқа мерзімді кездесулер сондай-ақ бейнебайланыс арқылы ұсынылады.

      Жазаны өтеудің қатаң жағдайындағы сотталғандарға бейнебайланыс арқылы қысқа мерзімді кездесулер эпидемияға қарсы режимдік-шектеу шараларын өткізумен байланысты кездесулер тоқтатылған кезеңде ұсынылады.

      Бейнебайланыс арқылы қысқа мерзімді кездесулер бейнекездесулер өткізу үшін техникалық жабдықтармен және байланыспен жабдықталған арнайы бөлмелерде ұсынылады.";

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады