БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 1382 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17360 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Бұйрықпен бекітілген құқықтық кадастрды жүргізуге қойылатын талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Талаптарда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) оператор – "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" Мемлекеттік деректер қорын (бұдан әрі – ЖМТ МДҚ) қолдауды және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйым;
2) құқықтық кадастр – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) бірыңғай мемлекеттік тізілімі;
3) пайдаланушы – нақты функцияларды орындауға арналған қолданыстағы ЖМТ МДҚ пайдаланатын "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемкорпорация) қызметкері;
4) ЖМТ МДҚ әкімшісі – Оператордың қызметкері, ЖМТ МДҚ сүйемелдеуге және пайдаланушыларды қолдауға жауапты;
5) ЖМТ МДҚ өңірлік әкімшісі – ЖМТ МДҚ пайдаланушыларына кеңес берумен қолдау көрсететін Оператордың өңірлік филиалының маманы, ЖМТ МДҚ-ға қожетімділігі жоқ;
6) "Service Desk" автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – SD АЖ) – ЖМТ МДҚ функционалы бойынша сұрау салуларды тіркеуге арналған портал;
7) іркіліс – ЖМТ МДҚ жоспардан тыс уақытша оны пайдалану мүмкіндігінің жоқтығына әкеледі;
8) сұрау салу – пайдаланушының ЖМТ МДҚ қызмет көрсету қажеттілігіне тіркелген өтініші;
9) 1 - желідегі қызметкер – пайдаланушылардан қоңырауларды қабылдайтын, ЖМТ МДҚ жұмысы бойынша кеңес беретін, сонымен қатар SD АЖ сұрау салуларды тіркеу және эслакациялауды жүзеге асыратын Оператордың қызметкерлері;
10) 2 - желідегі қызметкер – ЖМТ МДҚ функционалдық және техникалық қолдауды, сұрау салуларды шешуді, талдауды жүзеге асыратын Оператордың қызметкерлері;
11) 3 - желідегі қызметкер – пайдаланушылардың ескертулері мен ұсыныстарын жинауды, талдауды жүзеге асыратын Оператордың қызметкерлері.
Бекітілген бұйрықпен құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларына:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Қағидада қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) қол жеткізу – "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" Мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖМТ МДҚ) есептік жазбаны құру бойынша шаралар, алғашқы парольді беру, бастапқы және негізгі парольді қолдану және ауыстыру;
2) оператор – ЖМТ МДҚ қолдауды және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйым;
3) құқықтық кадастр – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) бірыңғай мемлекеттік тізілімі;
4) пайдаланушы – нақты функцияларды орындауға арналған қолданыстағы ЖМТ МДҚ пайдаланатын "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемкорпорация) қызметкері;
5) ЖМТ МДҚ әкімшісі – Оператордың қызметкері, ЖМТ МДҚ сүйемелдеуге және пайдаланушыларды қолдауға жауапты;
6) ЖМТ МДҚ өңірлік әкімшісі – ЖМТ МДҚ пайдаланушыларына кеңес берумен қолдау көрсететін Оператордың өңірлік филиалының маманы, ЖМТ МДҚ-ға қожетімділігі жоқ;
7) есептік жазба – пайдаланушы туралы ақпарат: пайдаланушының аты, оның паролі, ЖМТ МДҚ жұмыс жасау кезіндегі ресурстарға қол жеткізу құқықтары;
8) бастапқы пароль – ЖМТ МДҚ әкімшісі есептік жазбаны құру кезінде белгілейтін символдардың қиыстырылуы (әріптер, сандар, арнайы символдар);
9) негізгі пароль – ЖМТ МДҚ пайдаланушысы белгілейтін символдардың қиыстырылуы (әріптер, сандар, арнайы символдар);
10) "Service Desk" автоматтандырылған жүйе (бұдан әрі –SD АЖ) – ЖМТ МДҚ функционалы бойынша сұрау салуларды тіркеуге арналған портал;
11) IP мекенжай – IP хаттамасы бойынша құрастырылған компьютерлік желідегі түйіннің бірегей желілік мекенжайы;
12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі