"Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 22538 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16289 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 7 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ереже бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы (бұдан әрі – Ереже) осы ереже "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кедендік реттеу туралы кодекс) 480-бабы 1-тармағына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 182-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) шағым – уәкілетті органға өтініш берушімен берген тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым, сондай-ақ оған қосымша (қосымшалар).";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жұмыс органы шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне:

      шағымның;

      салықтық тексеру актісінің және (немесе) көшпелі кедендік тексеру актісінің және (немесе) камералдық кедендік тексеру актісінің;

      тексеру нәтижелері туралы хабарламаның көшірмелерін жібереді.

      Құжаттардың көрсетілген көшірмелері Комиссия мүшелерінің:

      мемлекеттік органдар қызметкерлері болып табылатындарға – мемлекеттік органдардың Интранет-порталындағы бірыңғай электронды пошта жүйесінде;

      мемлекеттік органдар қызметкерлері болып табылмайтындарға - олармен жұмыс органдарына ұсынылған электронды пошта мекен-жайларына жіберіледі.

      Өтініш беруші шағымға қосымша материалдарды қоса берген жағдайда Комиссия мүшелері қажет болған кезде мұндай құжаттармен жұмыс органында таныса алады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Шағымдалған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешім түрлерін қабылдайды:

      шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;

      шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Хаттамада:

      отырыс орны мен күні;

      қатысқан Комиссия мүшелерінің, шақырылған адамдардың (болған жағдайда), жұмыс органы өкілдерінің тізімі;

      шағым берген өтініш берушінің атауы немесе тегі, аты және әкесінің аты (егер ол тұлғаны куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес–сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі – ЖСН (БСН));

      шағымдалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нөмірі мен күні;

      шағымдалған хабарламаны шығарған мемлекеттік кірістер органының атауы;

      қабылданған шешім қамтылуы тиіс.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Бұрын шағымдалған және шешім шығарылған тексеру нәтижелері туралы хабарламаға қайта шағым түскен кезде уәкілетті орган мұндай шағымды қараусыз, сондай-ақ Комиссия отырысына шығармай қалдырады.";

      көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен қарастырылған шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 9 сәуірдегі
№ 319 Бұйрыққа
1–қосымша
  Тексеру нәтижелері туралы
хабарламаға шағымдарды
қарау бойынша апелляциялық
комиссия туралы ережеге
1–қосымша
нысан

      Апелляциялық комиссия мүшелерінің ДАУЫС БЕРУ ПАРАҒЫ __________________________________________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

      ___________________ шағымы бойынша

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ___________________

      Күні____________

Мәселе №

Мәселе мазмұны

Апелляциялық комиссия мүшесінің шешімі

Қолдаймын

Қолдамаймын









      __________________ Қолы

      Ескертпе: тікелей Апелляциялық комиссия отырысында толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін жұмыс органының қызметкерлеріне беріледі.

      "Қолдаймын", "Қолдамаймын" деген бағандарда қабылдаған шешімін негізге ала отырып, қол қойылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 9 сәуірдегі
№ 319 Бұйрыққа
2–қосымша
  Тексеру нәтижелері туралы
хабарламаға шағымдарды
қарау бойынша апелляциялық
комиссия туралы ережеге
2–қосымша
нысан

Апелляциялық комиссия отырысының № ___ ХАТТАМАСЫ

________________

_______________

(орын)

(күн)

      Апелляциялық комиссия төрағасы: (көрсетіледі) Апелляциялық комиссия мүшелері: (көрсетіледі) Апелляциялық комиссия хатшысы: (көрсетіледі) ҚАТЫСҚАНДАР: шақырылған адамдар (болған кезде): (көрсетіледі) жұмыс органының өкілдері: (көрсетіледі) _______________________________________________________________________шағымы (шағым берген тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес–сәйкестендіру нөмірі), шағымдалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нөмірі мен күні, шағымдалып отырған хабарламаны шығарған мемлекеттік кірістер органының атауы көрсетіледі) ШЕШІМ:_______________________________________________________________________________ (қабылданған шешім көрсетіледі) Апелляциялық комиссия төрағасы: ______________________________________________________________________________________________________________ (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Апелляциялық комиссия хатшысы: ______________________________________________________________________________________________________________ (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады