Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың болуын негіздейтін материалдарды, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелері мен есептерін ұсыну қағидаларын және тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 170 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 сәуірде № 22543 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың болуын негіздейтін материалдарды, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелері мен есептерін ұсыну қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың болуын негіздейтін материалдардың тізбесі бекітілсін;

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті (Қ. Н. Оразалин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 14 сәуірдегі
№ 170 бұйрығына
1-қосымша

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың болуын негіздейтін материалдарды, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелері мен есептерін ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың болуын негіздейтін материалдарды, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелері мен есептерін ұсыну қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына сәйкес әзірленген.

2-тарау. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалдарды ұсыну тәртібі

      2. Қазақстан Республикасының аумағында өңірлік немесе жаһандық ауқымда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) заңнамаға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті негіздемелері мен есептеулері бар Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен ақша бөлу туралы өтінішхатты ұсынады.

      3. Жергiлiктi ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, Министрліктің аумақтық бөлімшелері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың тиiстi жергiлiктi атқарушы органының резервiнен ақша бөлу туралы өтінішхатты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi органының қарауына ұсынады.

      4. Материалдарда төтенше жағдай аймағы, қайтыс болған және зардап шеккен адамдардың саны, материалдық нұқсанның мөлшері, төтенше жағдайды жоюға жергілікті атқарушы органнан, ұйымдардан бөлінген және шығындалған қаражат мөлшері, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың бар-жоғын негіздейтін тізбеде берілген мәліметтер көрсетіледі.

      5. Тиісті органдар келіп түскен өтінішхатты оның келіп түскен күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарайды. Қосымша құжаттарды (қаржылық есептеулер, негіздемелер, төтенше жағдайдың ауқымы туралы ақпарат, әкімдер шешімдерінің көшірмелері) талап ету кезінде қарау мерзімі 5 жұмыс күніне ұзартылады. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың орын алуын негіздейтін материалдар тізбесінде көрсетілген мәліметтері жоқ материалдар қараусыз қайтарылады.

3-тарау. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар

      6. Төтенше жағдайлар туындаған кезде оларға жедел ден қою мақсатында азаматтық қорғаудың басқару органдары өз құзыреті шегінде:

      1) қалыптасқан ахуалды талдауды, төтенше жағдайдың таралу ауқымын айқындауды, адам шығыны мен материалдық нұқсанды алдын ала бағалауды;

      2) халықты құлақтандыруды;

      3) төтенше жағдайдың ықтимал өршуін бағалауды, ахуал туралы деректерді қорытуды және аналитикалық материалдар дайындауды;

      4) төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес азаматтық қорғау күштері мен құралдарын жедел жіберуді;

      5) авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқаруды, төтенше жағдайды жою мәселелері бойынша қажетті шұғыл шаралар мен басқарушылық шешімдер қабылдауды;

      6) төтенше жағдайды жоюға тартылатын азаматтық қорғау күштері мен құралдарының іс-қимылдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруды;

      7) төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қатамасыз ету жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде таралу ауқымына қарай төтенше жағдайларды жою үшін материалдық-техникалық ресурстардың қорларын пайдалануды;

      8) төтенше жағдайды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес төтенше жағдайларды жоюға тартылатын азаматтық қорғау күштері мен құралдарының жай-күйін бақылауды жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 14 сәуірдегі
№ 170 бұйрығына
2-қосымша

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негіздейтін материалдар тізбесі

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың орын алуын негіздейтін материалдар тізбесі:

      1) әкімнің (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана), аудандық (қалалық) әкімнің немесе Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi комиссия төрағасының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi комиссия мүшелерінің және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен зардап шеккен объектілерді және халықты тексеру туралы шешімі;

      2) комиссия мүшелері қол қойған және мөр басқан төтенше жағдай туындаған аумақтарды және объектілерді тексеру актісі (орын алған төтенше жағдай, төтенше жағдай аймағының ауданы, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдалу және қирау дәрежесі мен сипаты, зардап шеккен адамдардың саны, нұқсан мөлшері, төтенше жағдайды жою шаралары туралы негізгі мәліметтер көрсетілген);

      3) қалпына келтіру жұмыстарының құнын алдын ала есептеуді қоса ұсына отырып, зардап шеккен тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар саны туралы мәліметтер;

      4) өтінішхаттарда өтініш жасаушы көрсеткен сұрау сомасына шығындардың сметалық жиынтық есебімен (бірінші кезектегі жұмыстар түрлері бойынша, материалдық-техникалық, қаржы және адамзат ресурстары есептерінің толық сомаларын ашумен) төтенше жағдайларды жою бойынша шұғыл жұмыстарға Комиссия мүшелері және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің, аудан (қала) әкімінің қаржы-экономикалық қызмет бастығы қол қойған жобалау-сметалық құжаттамалар;

      Жобалау-сметалық құжаттамаларға жойылған тауар-материалдық құндылықтардың құны кірмейді;

      5) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабы 2-тармағында көзделген іс-шараларды орындау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жасалған жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін растайтын ақаулық ведомостар, сондай-ақ "Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16073 болып тіркелген) сәйкес жасалған алдын ала шығындар ұсынылады;

      6) бірінші кезектегі жұмыстарды жүргізу үшін жергілікті бюджетте көзделген қаражаттың болмауы туралы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (ауылдық округ) әкімі немесе оның міндетін атқарушы адам, сондай-ақ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (қала) әкімдігінің қаржы-экономикалық қызмет басшысы қол қойған ақпарат;

      7) ағымдағы қаржылық жыл ішінде жергілікті, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша іс-шараларға республикалық немесе жергілікті бюджеттерден бұрын бөлінген қаражат туралы мәліметтер;

      8) қираған объектілерді салу немесе оларды күрделі жөндеу үшін төтенше резервтен қаражат бөлу қажеттілігі кезінде құжаттармен қоса құрылыс жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы ұсынылады;

      9) зардап шеккен ғимараттарды, құрылыстарды, азаматтар мүлкін сақтандыруды өтеу және сақтандыру сыйақыларын төлеу туралы мәліметтер, егер бар болса;

      10) біржолғы көмек алуға төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтардың облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкіміне, аудан (қала) әкіміне жазған өтініштері негізінде жасалған азаматтардың тізімі;

      11) біржолғы көмек алуға тілек білдіретін, төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтардың алдын ала саны туралы мәліметтер;

      12) орын алған төтенше жағдайдың, келтірілген нұқсанның және төтенше жағдайлардың салдарларының ауқымын растайтын басшы немесе оның міндетін атқарушы қол қойған және мөр басылған мүдделі мемлекеттік органдардың еркін нысандағы қорытындысы;

      13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу (жұмыстар түрлері, сұралатын сомаларды көрсете отырып) негіздемесі.

      Ескертпе: Үкіметтің резервінен біржолғы көмек алуға, қираған объектілерді салуға немесе күрделі жөндеуге ақша бөлінген жағдайда бастапқы кезеңде алдын ала қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін 1), 2), 4), 5), 6), 7), 9), 10), 11) -тармақтарда көзделген құжаттар ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады