Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 сәуірде № 22583 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабы 2-тармағының 26-26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.03.2024 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 19 сәуірдегі
№ 236 бұйрығымен бекітілген

Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жауапты құрылымдық бөлімше – жер учаскелерін есепке алу бойынша функциялар жүктелген тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының құрылымдық бөлімшесі;

      2) жер учаскесі – Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

      3) жекеше әріптес – мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әріптес ретінде әрекет ететін адамдарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасаған жеке кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

      4) концессионер – концессия шартын жасаған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) мемлекеттік мекемелерді және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп проценті тікелей немесе жанама түрде мемлекетке (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа) тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) концессия шарты – концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн, концессияны iске асыру шарттарын айқындайтын жазбаша келiсiм;

      6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қорғаныс объектілері – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығында бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;

      7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптарын айқындайтын жазбаша келiсiм;

      8) тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.

2-тарау. Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру тәртібі

      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша уақытша өтеусіз пайдалануға беруге жататын жер учаскесін таңдауды аудандық пайдалану бөлімі бастығының ұсынысы бойынша гарнизон бастығы жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша уақытша өтеусіз пайдалануға беруге жататын жер учаскесін таңдау қорытындылары бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес жер учаскесін таңдау актісі жасалады.

      5. Жер учаскесін таңдау актісі оны бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшеге жолданады.

      6. Жауапты құрылымдық бөлімше бекітілген жер учаскесін таңдау актісін алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жекеше әріптеске немесе концессионерге уақытша өтеусіз пайдалануға беруге жататын жер учаскелерінің тізбесін қалыптастырады және оны тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының бірінші басшысы келіседі.

      7. Жекеше әріптеске немесе концессионерге уақытша өтеусіз пайдалануға беруге жататын жер учаскесін бөлген кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығымен бекітілген Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларының талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28399 болып тіркелген) сәйкес жерге орналастыру жобасы жасалады.

      Жерге орналастыру жобасын бекіткеннен кейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын жасау жүргізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.03.2024 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін уақытша өтеусіз пайдалануға жер учаскесін беру жасасқан мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде, оның ішінде концессия шарты бойынша жүзеге асырылады.

      9. Жер учаскелері жекеше әріптеске немесе концессионерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзіміне, оның ішінде концессия шарты бойынша беріледі.

  Қорғаныс объектілерін салу,
реконструкциялау және
пайдалану үшін мемлекеттік-
жекешелік әріптестік шарттары
бойынша, оның ішінде
концессия шарты бойынша жер
учаскесін уақытша өтеусіз
пайдалануға беру қағидаларына
қосымша
  Нысан
  БЕКІТЕМІН:
____________________________
(Т.А.Ә. (болған кезде))
20___ жылғы "___" __________
____________________________
(қол қою мен мөрдің орны)

Жер учаскесін таңдау актісі 20___ жылғы "___"_____________ № ____

      Осы акті

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      қорғаныс объектісін салу үшін ауданды алдын ала барлау және учаскені зерттеу жүргізілгені туралы .

      Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: ___________________________________________

      Жер учаскесінің алаңы (гектар) _______________________________________________

      Мерзімі (жыл) _____________________________________________________________

      Учаске және құрылыс объектісі туралы қосымша мәліметтер

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (объектінің қабаттылығы, жоспарланған объектінің алаңы)

      ________________________________________________________________________________

      Жер учаскесін тексеру материалдары негізінде:

      1. ________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________ құрылысы

      (құрылыс объектісінің атауы)

      үшін ___________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан орны)

      мекенжайы бойынша жер учаскесін беру мүмкін деп саналсын.

      2. Жер учаскесін пайдалану кезінде мыналарды орындау (сақтау) қажет:

      1) __________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________;

      3) __________________________________________________________.

  Лауазымды адам
____________________________
(Т. А.Ә. (болған кезде))
20___ жылғы "____" ________
________________ қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады