"Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 926 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 сәуірде № 22592 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 926 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12478 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) оқу жұмыс жоспарларының болуы;;

      2) штаттағы оқытушылардың "Өрт қауіпсіздігі" немесе "Төтенше жағдайларда қорғау" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімінің болуы, өртке қарсы қызмет бөліністерінде басшы лауазымда практикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес болуы;

      3) интернет желісіне қосылған компьютерлермен, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сай келетін оқу кабинеттерімен, оқытудың техникалық құралдарымен, макеттермен, тренажерлармен, оқулықтармен және оқу әдістемелік материалдармен жарақталуы;

      4) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі материалдық және материалдық емес активтердің (өрт сөндіру техникасы, жаттығу-машықтану мұнарасы, жылу-түтін камерасы, психологиялық дайындық жолағы) болуы;

      5) оқу әдебиетін, оқу міндеттері мен тапсырмаларын, бейнефильмдердің тақырыптық жинақтарын, оқу-көрнекі материалдарын, бақылау карточкаларын, оқыту бағдарламаларын, емтихан билеттерінің жиынтықтарын, практикалық тапсырмалар сипаттамаларын және әрбір оқу бағдарламасына басқа да оқу-әдістемелік материалдарды қамтитын оқу-әдістемелік материалдар қорының болуы.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады