Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 926 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 желтоқсанда № 12478 болып тіркелді.

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 236 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 11 маусымда № 9502 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 маусымда, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 23 шілдедегі № 141 (28365) болып жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
  2015 жылғы 16 қарашадағы
  № 926 бұйрығымен
  бекітілген

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптары

      1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтары (бұдан әрі - Мамандандырылған оқу орталықтары) "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) бекітілген бағдарлама бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер мамандарының бастапқы даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша арнайы даярлық пен оқу курсын қамтамасыз етеді.

      2. Мамандандырылған оқу орталықтарына мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) оқу жұмыс жоспарларының болуы;;

      2) штаттағы оқытушылардың "Өрт қауіпсіздігі" немесе "Төтенше жағдайларда қорғау" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімінің болуы, өртке қарсы қызмет бөліністерінде басшы лауазымда практикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес болуы;

      3) интернет желісіне қосылған компьютерлермен, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сай келетін оқу кабинеттерімен, оқытудың техникалық құралдарымен, макеттермен, тренажерлармен, оқулықтармен және оқу әдістемелік материалдармен жарақталуы;

      4) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі материалдық және материалдық емес активтердің (өрт сөндіру техникасы, жаттығу-машықтану мұнарасы, жылу-түтін камерасы, психологиялық дайындық жолағы) болуы;

      5) оқу әдебиетін, оқу міндеттері мен тапсырмаларын, бейнефильмдердің тақырыптық жинақтарын, оқу-көрнекі материалдарын, бақылау карточкаларын, оқыту бағдарламаларын, емтихан билеттерінің жиынтықтарын, практикалық тапсырмалар сипаттамаларын және әрбір оқу бағдарламасына басқа да оқу-әдістемелік материалдарды қамтитын оқу-әдістемелік материалдар қорының болуы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.04.2021 № 178 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің едәуір даярланған қызметкерлері немесе тиісті біліктілігі бар басқа мамандар сабақ өткізуге тартылуы мүмкін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 04.02.2021 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер мамандарын арнайы даярлау және оқыту курстары күзетілетін объектінің өндiрiстiк қызмет ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады