БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 31 шілдедегі № 1192 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17348 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықпен бекітілген Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидаларына:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әділет департаменттері тоқсан сайын өсу қорытындысымен келесі есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне қарай Әділет министрлігіне жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағым арыздар туралы есеп нысан бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағым арыздар туралы есепті электронды түрде ұсынады.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы