Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға, сондай-ақ сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 сәуірде № 22604 болып тіркелді

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-2-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға сыйақы мөлшерлемесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      2021 жылғы "____" _________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 22 сәуірдегі
№ 104 бұйрығына
1-қосымша

Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға сыйақы мөлшерлемесі

Әдебиет түрі

Өлшем бірлігі

Өлшем бірлігінің ең төменгі жалақыға шаққандағы құны

1.

Энциклопедиялық және анықтамалық әдебиет

1 авторлық парақ*

6,0

2.

Балалар және жасөспірімдерге арналған әдебиет

6,0

3.

Мәдениет және өнер туралы әдебиет, оның ішінде ноталық әдебиет (ноталық шығармаларда ноталар шығарманың жалпы көлемінің 50% құрайды)

6,0

4.

Көркем әдебиет

6,0

5.

Танымдық әдебиет

6,0

6.

Қоғамдық-саяси әдебиет

6,0

7.

Ғылыми-көпшілік әдебиет

6,0

8.

Аударма әдебиет

6,0

9.

Мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған әдебиет

6,0

      Ескертпе:

      * "Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларын бекіту және оны іріктеу өлшемшарттарын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15467 болып тіркелген) сәйкес әдебиеттің көлемі авторлық парақтарда өлшенеді, ол: прозада – 40 000 белгіге, поэзияда – 700 өлең жолдарына тең. Фотоальбомның, сурет-альбомның және кітап-альбомның көлемі авторлық парақтарда өлшенеді, ол иллюстрациялық және бейнелеу материалдарының кескін ауданының 3000 шаршы сантиметріне тең.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 22 сәуірдегі
№ 104 бұйрығына
2-қосымша

Сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемесі

Әдебиет түрі

Өлшем бірлігі

Өлшем бірлігінің құны айлық есептік көрсеткішпен

1.

Энциклопедиялық және анықтамалық әдебиет

1 авторлық парақ*

2

2.

Балалар және жасөспірімдерге арналған әдебиет

2

3.

Мәдениет және өнер туралы әдебиет, оның ішінде ноталық әдебиет (ноталық шығармаларда ноталар шығарманың жалпы көлемінің 50% құрайды)

2

4.

Көркем әдебиет;

2

5.

Танымдық әдебиет;

2

6.

Қоғамдық-саяси әдебиет;

2

7.

Ғылыми-көпшілік әдебиет;

2

8.

Аударма әдебиет;

2

9.

Мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған әдебиет

2

      Ескертпе:

      * "Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларын бекіту және оны іріктеу өлшемшарттарын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15467 болып тіркелген) сәйкес әдебиеттің көлемі авторлық парақтарда өлшенеді, ол: прозада – 40 000 белгіге, поэзияда – 700 өлең жолдарына тең. Фотоальбомның, сурет-альбомның және кітап-альбомның көлемі авторлық парақтарда өлшенеді, ол иллюстрациялық және бейнелеу материалдарының кескін ауданының 3000 шаршы сантиметріне тең.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады