"Электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 304 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 142/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 сәуірде № 22606 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 428/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 11.11.2022 № 428/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17191 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасында:

      1-қосымшада:

      1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бөлім. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана";

      реттік нөмірлері 83 және 84-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 382 және 383-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

382.

Көші-қон саласындағы мемлекеттік және өзге қызметтерді көрсету, есепке алу

Қандас мәртебесін беру

"Қандас" ДҚ ААЖ (ішінара)

Өтініштерді тіркеу, қарау, шешімдерді құру және келісу процестерін автоматтандыру.
Қазақстан Республикасының азаматтарынан өтініштерді электрондық түрде қабылдауды автоматтандыру

Қандас мәртебесін беру туралы өтініштер тізілімі Қандас куәліктерінің тізілімі

ЖҚӘББ

383.

Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады


Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарының, уақытша орналастыру орталықтарының тізбесі

ЖҚӘББ

  ";

      реттік нөмірі 389-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

389.

Көші-қон саласындағы мемлекеттік және өзге қызметтерді көрсету, есепке алу

Қандастарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады

"Қандас" ДҚ ААЖ (ішінара)



ЖҚӘББ

  ";

      реттік нөмірі 397-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

397.

Әлеуметтік көмек көрсету саласындағы есепке алу және мониторингілеу

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандастарға бюджеттік қаражат есебінен әлеуметтік көмек көрсетеді

"Е-собес" ААЖ, ӘК ААЖ, МОДҚ АЖ, ЭМС ААЖ

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды есепке алуды автоматтандыру

Қандастарға бюджеттік қаражат есебінен әлеуметтік көмек көрсету туралы мәліметтер

ЖҚӘББ

  ";

      реттік нөмірі 510-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

510.

Денсаулық сақтау саласындағы қызметті ұйымдастыру

қандастар мен көшіп келушілердің медициналық көмек алуын қамтамасыз етеді

"Медстат" ААЖ, "Денсаулық көрсеткіштері" АЖ, ДҚБЖ, МОИП, ЭМС ААЖ, ЭҚАБЖ


Қандастар мен көшіп келушілердің медициналық көмек алуы туралы мәліметтер

ДБ

  ";

      реттік нөмірі 519-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

519.

Денсаулық сақтау саласындағы қызметті ұйымдастыру

азаматтарды және қандастарды тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық көмекпен, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде уақытша бейімдеу және уытсыздандыру жөніндегі қызметтермен қамтамасыз етеді

"Медстат" ААЖ, "Денсаулық көрсеткіштері" АЖ, ДҚБЖ, МОИП, ЭМС ААЖ, ЭҚАБЖ


Азаматтарды және қандастарды тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде уақытша бейімдеу және уытсыздандыру жөніндегі қызметтермен қамтамасыз ету туралы мәліметтер

ДБ

  ";

      2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлім. Аудан, облыстық маңызы бар қала";

      реттік нөмірі 231-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

231.

Көші-қон саласындағы қызметті ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын қандастарға жұмысқа орналасуға, кәсiптiк даярлықтан өтуге, қайта даярлаудан өтуге және бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдем көрсетедi

"Қандас" ДҚ ААЖ

Қандастарды жұмысқа орналастыру, кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы мәліметтерді есепке алуды автоматтандыру

Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын қандастарға жұмысқа орналасуға, кәсiптiк даярлықтан өтуге, қайта даярлаудан өтуге және бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдем көрсетуге өтініштер тізілімі
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес қандастарға арналған жұмысқа орналасу, кәсiптiк даярлықтан өту, қайта даярлаудан өту және бiлiктiлiгiн арттыру туралы хабарламалар тізілімі

ЖӘББ

  ";

      реттік нөмірі 233-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

233.

Көші-қон саласындағы қызметті ұйымдастыру

қандастарға қазақ тiлiн және өздерiнiң қалауы бойынша орыс тiлiн үйрену үшiн жағдай жасайды

"Қандас" ДҚ ААЖ



ЖӘББ

  ";

      3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бөлім. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауыл округі";

      аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ААЖ – Селекциялық және тұқым жұмысының бірыңғай ақпараттық қоры;

      АЖБ – "Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру";

      АӨК БАБЖ – Агроөнеркәсіп кешенінің салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі;

      АХАТ АЖ – Азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі ақпараттық жүйесі;

      АШБ – Ауыл шаруашылығы басқармасы;

      ӘА – Әкім Аппараты;

      "Әділет" НҚА АҚЖ – "Әділет" нормативтік-құқықтық актілер ақпараттық-құқықтық жүйесі;

      ӘЕС БАЖ – Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі;

      ӘҚ ААЖ – "Әлеуметтік қамсыздандыру" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      ӘҚБ – Әкімшілік құқық бұзушылық;

      ББ – Білім басқармасы;

      ББ – Білім беру бөлімі;

      БПМ АЖ – "Бюджеттік процестің мониторингі" ақпараттық жүйесі мемлекеттік мүлік тіркелімі;

      БРК АЖ – "Балық ресурстарының кадастры" ақпараттық жүйесі;

      БЭҚМ АЖ – "Бірыңғай электрондық құжаттар мұрағаты" ақпараттық жүйесі;

      БЭПЖ – Бірыңғай электрондық пошталық жүйесі;

      "Денсаулық көрсеткіштері" АЖ – "Денсаулық көрсеткіштері" ақпараттық жүйесі;

      ДБ – Денсаулық сақтау басқармасы;

      ДҚБЖ – Дәрімен қамсыздандыруды басқару жүйесі;

      ДШСБ – Дене шынықтыру және спорт басқармасы;

      ДШСБ – Дене шынықтыру және спорт бөлімі;

      ДІБ – Дін істері басқармасы;

      ЕҚТАК АЖ – "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кадастры" ақпараттық жүйесі;

      "Е-қызмет" ЫАЖ – "Е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

      ЕЛ МДҚ АЖ – "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесі;

      "Еңбек нарығы" ААЖ – "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      "Е-собес" ААЖ – "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      ЖББ – Жерді бақылау басқармасы;

      ЖКАЖБ – Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;

      ЖҚАШБ – Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі;

      ЖҚӘББ – Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;

      ЖҚБ – Жер қатынастары басқармасы;

      ЖМК АЖ – "Жануарлар әлемінің мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесі;

      ЖСБ – Жастар саясаты басқармасы;

      ЖҮӘББ – Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;

      ИИДБ – Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы;

      "Кадрлар" ААЖ – "Кадрлар" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      КБ – Кәсіпкерлік басқармасы;

      КБ – Кәсіпкерлік бөлімі;

      "Қандас" ДҚ" ААЖ – "Қандас" деректер қоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      ҚБ – Құрылыс басқармасы;

      ҚК АЖ – "Қазнашылық-клиент" ақпараттық жүйесі;

      ҚОҚ БАЖ – Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;

      ҚР БП ҚСжАЕК АЖ – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық жүйесі;

      ҚТКШБ – Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық бөлімі;

      "Медстат" ААЖ – "Медстат" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      МЖК ААЖ – "Мемлекеттік жер кадастры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      МҚК ААЖ – "Мемлекеттік қала құрылысы кадастры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      ММҚБ – Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы;

      МММ ЭДҚ – Меншіктің мемлекеттік мониторингі электрондық деректер қоры;

      ММТ АЖ – Мемлекеттік мүлік тізілімі ақпараттық жүйесі;

      МОДҚ ААЖ – "Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      МОИП – Мемлекеттік органдардың интранет-порталы;

      МСҚББ – Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы;

      МТ АЖ – "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі;

      МТДБ – Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі;

      СЕӨС – "Салық есептілігін өңдеу сервистері" ақпараттық жүйесі;

      СҚБ – Сәулет және қала құрылысы басқармасы;

      СҚБ – Сәулет және қала құрылысы бөлімі;

      СРББАТЖ – Су ресурстарын басқару жөніндегі бірыңғай ақпараттық-талдамалық жүйе;

      ТДБ – Тілдерді дамыту басқармасы;

      ТИБ – Тұрғын үй инспекциясы бөлімі;

      ТРБ – Табиғи ресурстар басқармасы;

      ТЭК АЖ – "Техникалық-экономикалық көрсеткіштер" ақпараттық жүйесі;

      ШЖК АЖ – "Шетелдік жұмыс күші" ақпараттық жүйесі;

      ІСБ – Ішкі саясат басқармасы;

      ІСБ – Ішкі саясат бөлімі;

      ЭҚАБЖ – Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;

      ЭҚБ – Экономика және қаржы басқармасы;

      ЭҚБ – Экономика және қаржы бөлімі;

      ЭМС ААЖ – "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      ЭТКШБ – Энергетика және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық басқармасы;

      ЭҮӨШ АЖ – "Электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзі" қосалқы жүйесі ретінде" ақпараттық жүйесі;

      ЭҮП – "Электрондық үкімет порталы";

      ЭШК ААЖ – "Электрондық шаруашылық бойынша кітап" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      "e-Learning" ЭОЖ – "e-Learning" электрондық оқыту жүйесі.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Өңірлермен өзара іс-қимыл департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының алтыншы абзацын қоспағанда, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады