Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 250 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 сәуірде № 22607 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 22 сәуірдегі
№ 250 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер) қорғаныс объектілерін иеліктен шығару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жауапты құрылымдық бөлімше – әскерлерді пәтерлерге орналастыру, Қарулы Күштердің инфрақұрылымын күтіп ұстау және дамыту жөніндегі функциялар жүктелген тиісті сала уәкілетті мемлекеттік органының құрылымдық бөлімшесі ;

      2) жекеше әріптес – "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2010 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік әріптес ретінде әрекет ететін адамдарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасаған жеке кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

      3) концессионер – концессия шартын жасаған, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) мемлекеттік мекемелерді және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп проценті тікелей немесе жанама түрде мемлекетке (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа) тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) концессия шарты – концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн, концессияны iске асыру шарттарын айқындайтын жазбаша келiсiм;

      5) Қарулы Күштердің қорғаныс объектілері – Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығында бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;

      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде, оның ішінде концессия шарты бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптарын айқындайтын жазбаша келiсiм;

      7) тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.

2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару тәртібі

      3. Қорғаныс объектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша шығындарды өтеу мақсатында жекеше әріптеске немесе концессионерге иеліктен шығарылады.

      4. Жауапты құрылымдық бөлімше Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінің өтінімдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін Қарулы Күштердің иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады, ол тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының бірінші басшысына келісуге ұсынылады.

      5. Жауапты құрылымдық бөлімше "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабы 2-тармағының 26-28) тармақшасына сәйкес Тізбені әзірлейді.

      6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерін бағалау Заңның 7-бабының 24-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Тізбені бекіткеннен кейін "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      7. Конкурстық құжаттамада қамтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, концессия шартының жобаларында Қарулы Күштердің қорғаныс объектілерін жекеше әріптеске және концессионерге беру тәртібі мен мерзімдері көрсетіледі.

      8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия объектісі мемлекеттік қабылданғаннан кейін Қарулы Күштердің иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша Заңның 22-бабы 2-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес пайдаланылмайтын деп танылады.

      9. Қарулы Күштердің қорғаныс объектілерін иеліктен шығару мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия объектісі мемлекеттік қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті қабылдау-беру актісімен (тапсыру актісі) ресімделеді.

      10. Мүлікті қабылдау-беру актісіне (тапсыру актісіне) беруші және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қояды және оны мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      11. Қабылдау-беру актісі (тапсыру актісі) қазақ және орыс тілдерінде үш данада, қабылдау-беру актісін (тапсыру актісін) ресімдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан жасалады.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттары бойынша,
оның ішінде концессия шарты
бойынша жекеше әріптеске және
концессионерге шығындарды
өтеу үшін қорғаныс объектілерін
иеліктен шығару қағидаларына
қосымша
  Нысан
  БЕКІТЕМІН:
Лауазымы
____________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
_____ 20___ жылғы "___"_____
(қолы)
  Мөр орны

Қабылдау-беру актісі (тапсыру актісі) __________________________________________________________ (қабылданатын (берілетін) объектінің атауы, орналасқан жері)

      ___________________________                   20___ жылғы "____" __________

      (елді мекеннің атауы)

      Осы акті: __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (объектіні қабылдау (беру) үшін негіз болып табылатын құжаттың атауы)

      негізінде жасалды.

      Біз, төменде қол қоюшылар, беруші тарап құрамындағы комиссия:

      ______________________________________________________________________,

      лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      _________________________________________________________________________,

      лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      _________________________________________________________________________,

      лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      қабылдаушы тарап құрамындағы комиссия:

      _________________________________________________________________________,

      лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      _________________________________________________________________________,

      лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      _________________________________________________________________________,

      лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      объектіні қабылдауды (беруді) жүргізді _______________________________________.

                        (қабылданатын (берілетін) объектінің атауы, орналасқан жері)

      Қабылдау-тапсыру сәтінде объект ___________________________________________

      _______________________________________________________________ орналасқан.

      (қабылданатын (берілетін) объектінің техникалық жай-күйі)

      Тараптардың қабылданатын (берілетін) объекті бойынша, оның ішінде құқық

      белгілейтін, техникалық және басқа да құжаттама бойынша бір-біріне наразылығы жоқ.

      Қосымша ________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      (қабылданатын (берілетін) объекті бойынша құжаттар тізбесі)

      Беруші тараптың комиссия мүшелері: _______________________________________

      __________________________________________________________________________

      лауазымы қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      _________________________________________________________________________

      лауазымы қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      __________________________________________________________________________

      лауазымы қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      Қабылдаушы тарап комиссиясының мүшелері: _____________________________

      _________________________________________________________________________

      лауазымы қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      __________________________________________________________________________

      лауазымы қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

      __________________________________________________________________________

      лауазымы қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады