Мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 22633 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 65-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.09.2022 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 27 сәуірдегі
№ 119 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-10) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік спорттық тапсырысты (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативін есептеу кезінде бірыңғай тәсілді айқындайды.

      Әдістеме осы Әдістеменің 1-қосымшасында (бұдан әрі – 1-қосымша) көзделген спорттық үйірме түрлерінің тізіміне қатысты, осы Әдістеменің 2-қосымшасына (бұдан әрі – 2-қосымша) сәйкес спорттық үйірме түрлеріне қойылатын талаптарды ескере отырып қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.09.2022 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Әдістемеде келесі ұғымдар қолданылады:

      1) арнайы балалар тобы – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды немесе бір нозологиялық топтағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды ғана қабылдауға жол берілетін спорттың белгілі бір түрі бойынша сабақ өткізуге арналған балалар тобы;

      2) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – инфрақұрылымды, мүлікті ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстарды және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін негізге ала отырып айқындалатын спорттық процесті жүзеге асыруға арналған шығыстарды қаржыландыру;

      3) инклюзивті балалар тобы – әртүрлі нозологиялық топтардағы мүмкіндіктері шектеулі немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тобына 2 баладан аспайтын балаларды қабылдауға жол берілетін спорттың белгілі бір түрі бойынша сабақ өткізуге арналған балалар тобы;

      4) интеграцияланған балалар тобы – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тобына немесе әртүрлі нозологиялық топтардағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға 2-ден астам баланы қабылдауға жол берілетін спорттың белгілі бір түрі бойынша сабақ өткізуге арналған балалар тобы;

      5) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық үйірмелер үшін балалар мен жасөспірімдерге дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік кепілдендірілген құнының қаржылық қамтамасыз ету нормативі (бұдан әрі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі);

      6) нозологиялық топ – денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ауытқуларын сипаттайтын санаттарға жіктелуі;

      7) оқу-жаттығу процесі – белгілі бір спорт түрі бойынша спорт шеберлігін қалыптастыруға, жеке адамды, моральдық және ерік-жігер қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған, спорт секцияларында шұғылданатын балаларды тәрбиелеу, оқыту және олардың функционалдық мүмкіндіктерін арттыру процесі;

      8) өнім беруші – білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер.

2-тарау. Мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативті есептеу алгоритмі

      3. Есеп беру кезеңінде өнім берушінің балаларға көрсеткен қызметтерінің құнын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:

      S = N * T, мұндағы:

      S – балаға төленетін сома, теңгемен;

      N – айына нақты келу саны, бірақ 2-қосымшаға сәйкес белгіленген шектен артық емес;

      Т – бір сабақ үшін, құны теңгемен.

      Инклюзивті, интеграцияланған және арнайы топтардағы балалармен сабақ өткізу үшін көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу мүмкіндіктері шектеулі және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін есептеу құнын бөле отырып жүзеге асырылады.

      4. Бір сабақтың құнын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:

      T = ИМАҚТ + ШПТ, мұндағы:

      ИМАҚТ – өнім берушінің инфрақұрылымын және мүлкін ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстар;

      ШПТ – оқу-жаттығу процесін жүзеге асыруға арналған шығыстар.

      5. Бір сабақтың ИМАҚТ шығыстарын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:

      ИМАҚТ = ИМАҚҚ + (ИМАҚҚ * ӨҢІРК) + (ИМАҚҚ + ИМАҚҚ * ӨҢІРК * ИҚТК-V, мұндағы:

      ИМАҚҚ – өнім беруші мүлкінің инфрақұрылымын ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстардың базалық құны, ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерлемесінен есептеледі және коммуналдық қызметтерді, жалдау қызметтерін қамтиды, интернет және телефон байланысы, бейнебақылау, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған шығындар, ағымдағы жөндеу жүргізу және сабақтар өткізу үшін инфрақұрылымның және күнделікті шығыс материалдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін арнайы шығыс материалдарын қоспағанда, өзге де ағымдағы шығындар. Қызмет көрсетудің стационарлық режимі үшін көрсеткіш шамасының мәні 1 АЕК * 0,045 құрайды, қызмет көрсетудің қашықтықтан режимі үшін (бейнеконференцбайланыс технологияларын пайдалана отырып) 1 АЕК * 0,01125 құрайды.

      ӨҢІРK – осы Әдістемеге 3-қосымшада (бұдан әрі – 3-қосымша) ұсынылған мәндерге сәйкес өнім беруші қызметтер көрсеткен өңірге түзету коэффициенті.

      ИҚТК-V – әрбір спорт түрі үшін 2-қосымшада ұсынылған мәндерге сәйкес өнім берушінің инфрақұрылымын қамтамасыз етудің күрделілігіне түзету коэффициенті және инфрақұрылымның жұмыс істеуін, оларға қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз ететін арнайы шығыс материалдарын сатып алуды қамтиды. Арнайы жабдықты қажет ететін, инфрақұрылымды пайдаланатын өнім берушілерге қолданылады және түзету коэффициенттерінің келесі диапазонына ие:

инфрақұрылымның күрделілігі

мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы жарақтандыруды талап етпейтін спорт түрлері үшін маңызы

мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы жабдықты қажет ететін спорт түрлері үшін маңызы

өте жоғары

2,50

3,25

жоғары

1,50

1,95

орташа

1,00

1,30

төмен

0,50

0,65

өте төмен

0,30

0,39

      Мемлекеттік орган тарапынан өнім берушілердің мәжбүрлі тоқтап тұруына, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан балалардың спорттық үйірмеге бармауына әкеп соғатын шектеу шаралары белгіленген жағдайда, бір сабақтың ИМАҚТ шығыстарын есептеу 5-тармақтың формуласына сәйкес әрбір өткізілмеген сабақ үшін толық көлемде жүзеге асырылады.

      6. Бір сабақтың ШПТ шығыстарын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:

      ШПТ = ШПҚ + ШПҚ * ӨҢІРK + (ШПҚ + ШПҚ * ӨҢІРK) * МШ-ШПК + ШПK-М, мұндағы:

      ШПҚ – оқу-жаттығу процесін жүзеге асыру үшін еңбекке ақы төлеу шығыстарының базалық құны ең төмен есептік көрсеткіш мөлшерлемесінен есептеледі және негізгі және қосалқы персоналдың еңбегіне ақы төлеуді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын қамтиды, міндетті медициналық сақтандыру және бірыңғай жиынтық төлем бойынша жарналар мен аударымдар (өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қосымша төлемдермен және еңбекақы төлемдерімен байланысты шығыстар. Топтарда сабақ өткізу режимі үшін көрсеткіш шамасының мәні 1АЕК * 0,215, сабақ өткізудің жеке режимі үшін 1АЕК * 0,28 құрайды.

      МШ-ШПК – әрбір спорт түрі үшін 2-қосымшаға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балалар немесе ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін бейімделген арнайы оқу бағдарламаларымен оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету қажеттілігіне түзетуші коэффициент: егер қажеттілік болса 1 және егер қажеттілік болмаса 0.

      ШПK-М – сабақ аяқталғаннан кейін есептен шығарылатын сабақты өткізуге арналған күнделікті шығыс материалдарына арналған шығындар. Қажеттілік спорттың әрбір түрі үшін 2-қосымшамен айқындалады, ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерлемесінен есептеледі және егер қажеттілік бар болса 1АЕК * 0,08 және егер күнделікті шығыс материалдарымен жарақтандыру талап етілмесе 0 құрайды.

      Мемлекеттік органдар тарапынан өнім берушілердің мәжбүрлі тоқтап тұруына, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан балалардың спорттық үйірмеге бармауына әкеп соғатын шектеу шаралары белгіленген жағдайда, бір сабақтың ШПТ шығыстарын есептеу әрбір өткізілмеген сабақ үшін мынадай формулаға сәйкес жүзеге асырылады:

      ШПТ = ШПҚ + ШПҚ * ӨҢІРK, мұндағы ШПҚ – көрсеткіш шамасының мәні 1АЕК * 0,054 құрайды.

  Мемлекеттік спорттық
тапсырыстың жан басына
шаққандағы нормативтік
қаржыландыру әдістемесіне
1-қосымша

Секцияларының түрлерінің тізімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.09.2022 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Спорт түрінің атауы

Жаяу қолжетімділік әлеуеті *

Сабақтарды жыл бойы өткізу мүмкіндігінің әлеуеті**

Жаппай таралушылық әлеуеті ***

Ұлт денсаулығы үшін елеулі маңызы бар әлеуеті ****

1

2

3

4

5

6

Жазғы олимпиадалық спорт түрлері

1.

Баскетбол

орташа

иә

жоғары

қолданылмайды

2.

Бокс

жоғары

иә

жоғары

қолданылмайды

3.

Еркін күрес

жоғары

иә

жоғары

қолданылмайды

4.

Грек-рим күресі

жоғары

иә

жоғары

қолданылмайды

5.

Классикалық волейбол

орташа

иә

средний

қолданылмайды

6.

Спорттық гимнастика

орташа

иә

жоғары

қолданылмайды

7.

Көркем гимнастика

орташа

иә

жоғары

қолданылмайды

8.

Дзюдо

жоғары

иә

жоғары

қолданылмайды

9.

Каратэ

жоғары

иә

жоғары

қолданылмайды

10.

Таеквондо (WTF)

жоғары

иә

жоғары

қолданылмайды

11.

Жеңіл атлетика

төмен

иә

орташа

иә

12.

Жүзу

төмен

иә

орташа

иә

13.

Теннис

төмен

иә

төмен

иә

14.

Үстел теннисі

жоғары

иә

жоғары

қолданылмайды

15.

Футбол

орташа

иә

орташа

қолданылмайды

Қысқы олимпиадалық спорт түрлері

16.

Коньки спорты

төмен

иә

төмен

иә

17.

Мәнерлеп сырғанау

төмен

иә

орташа

иә

18.

Шаңғы жарыстары

төмен

иә

төмен

иә

19.

Шайбалы хоккей

төмен

иә

орташа

иә

Ұлттық спорт түрлері

20.

Қазақ күресі

жоғары

иә

орташа

қолданылмайды

Олимпиадалық емес спорт түрлері

21.

Футзал (мини-футбол)

орташа

иә

орташа

қолданылмайды

22.

Спорттық би

жоғары

иә

жоғары

қолданылмайды

23.

Шахматтар

жоғары

иә

жоғары

қолданылмайды

Көру мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт түрлері

24.

Голбол

орташа

иә

төмен

иә

25.

Дзюдо

жоғары

иә

төмен

иә

26.

Жеңіл атлетика

төмен

иә

төмен

иә

27.

Жүзу

төмен

иә

төмен

иә

28.

Шахматтар

жоғары

иә

төмен

иә

29.

Дойбы

жоғары

иә

төмен

иә

Есту қабілеті шектеулі балаларға арналған спорт түрлері

30.

Бадминтон

орташа

иә

төмен

иә

31.

Баскетбол

орташа

иә

төмен

иә

32.

Еркін күрес

жоғары

иә

төмен

иә

33.

Грек-рим күресі

жоғары

иә

төмен

иә

34.

Волейбол

орташа

иә

төмен

иә

1

2

3

иә

5

иә

35.

Дзюдо

жоғары

иә

төмен

иә

36.

Каратэ

жоғары

иә

төмен

иә

37.

Таеквондо (WTF)

жоғары

иә

төмен

иә

38.

Жеңіл атлетика

төмен

иә

төмен

иә

39.

Жүзу

төмен

иә

төмен

иә

40.

Теннис

төмен

иә

төмен

иә

41.

Үстел теннисі

жоғары

иә

төмен

иә

42.

Футбол

орташа

иә

төмен

иә

43.

Футзал (мини-футбол)

орташа

иә

төмен

иә

44.

Шахматтар

жоғары

иә

төмен

иә

45.

Дойбы

жоғары

иә

төмен

иә

Тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға арналған спорт түрлері

46.

Отырып ойнайтын волейбол

орташа

иә

төмен

иә

47.

Жеңіл атлетика

төмен

иә

төмен

иә

48.

Жүзу

низкий

иә

төмен

иә

49.

Үстел теннисі

жоғары

иә

төмен

иә

50.

Дартс

жоғары

иә

төмен

иә

51.

Шахматтр

жоғары

иә

төмен

иә

52.

Спорттық би

жоғары

иә

төмен

иә

53.

Тұрып ойнайтын волейбол

орташа

иә

төмен

иә

54.

Бочча

жоғары

иә

орташа

иә

55.

Футбол 7х7

орташа

иә

орташа

иә

Біріктірілген топтарға арналған спорт түрлері

56.

Адаптивтік жүзу

төмен

иә

орташа

иә

57.

Адаптивтік каратэ

жоғары

иә

орташа

иә

58.

Адаптивтік таеквондо

жоғары

иә

орташа

иә

59.

Барлығына арналған Бочча

жоғары

иә

орташа

иә

60.

Адаптивтік футбол

жоғары

иә

орташа

иә

61.

Адаптивтік баскетбол

орташа

иә

орташа

иә

62.

Адаптивтік бадминтон

орташа

иә

орташа

иә

63.

Адаптивтік волейбол

орташа

иә

орташа

иә

64.

Адаптивтік теннис

жоғары

иә

орташа

иә

      Ескертпе:

      * Жаяу қолжетімділік әлеуеті – білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының қолда бар инфрақұрылымы, тұрғын үй инфрақұрылымы негізінде сабақтар өткізу үшін өнім берушінің инфрақұрылымын өрістету жеңілдігі бойынша спорт түрін бағалау критерийі. Спорт түрінің әлеуетін бағалау үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган келесі жіктеуші пайдаланады:

      "жоғары": көппәтерлі тұрғын үйлер базасында, жертөле, цокольдық және тұрғын үй-жайларда өрбіту мүмкіндігі;

      "орташа": білім беру ұйымдарының, мәдениет және спорт ұйымдарының объектілері мен құрылыстарының базасында өрбіту мүмкіндігі;

      "төмен": арнайы жабдықтары мен үй-жайлары бар және ұлт денсаулығы үшін елеулі маңызы бар арнайы құрылыстар жағдайында ғана өрістету мүмкіндігі.

      **Жыл бойы сабақ өткізу мүмкіндігінің әлеуеті – маусымдылық пен ауа райы жағдайларына спецификалық тәуелділіктің болуы немесе болмауы бойынша спорт түрін бағалау критерийі. Спорт түрінің әлеуетін бағалау үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган келесі жіктеуші пайдаланады:

      "иә": қызметтер жыл бойы көрсетілуі мүмкін;

      "жоқ": маусымдық тәуелділік бар және тізімге енгізілмейді.

      ***Жаппай таралушылық әлеуеті – факторлар кешенімен, оның ішінде жаяу жүру қолжетімділігімен, ілеспе шығыстардың құнымен және тарихи қалыптасқан қажеттілікпен байланысты халық арасында қажеттілік бойынша спорт түрін бағалау критерийі. Спорт түрінің әлеуетін бағалау үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган келесі жіктеуші пайдаланады:

      "жоғары": спорт түрі халықтың кең ауқымында тұрақты жоғары сұранысқа ие;

      "орташа": спорт түрі халықтың кең ауқымында қалыпты сұранысқа ие;

      "төмен": спорт түрі халықтың тар шеңберіне ғана сұранысқа ие және Ұлт денсаулығы үшін елеулі мәнге ие.

      **** Ұлт денсаулығы үшін елеулі маңызы бар әлеует – жаяу қолжетімділік пен жаппай таралушылықтың төмен көрсеткіштері бар түрлерге қолданылатын спорт түрін бағалау критерийі. Бұл спорттың маңыздылығын талап етілетін әлеуметтік ортадағы балалардың физикалық денсаулығына әсер ету тұрғысынан талдау үшін қолданылады. Спорт түрінің әлеуетін бағалау үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мынадай жіктеуші пайдаланады:

      "иә": қызметтің маңызды әлеуметтік мәні бар;

      "жоқ": көрсетілетін қызметтер көлемінің статистикасына сәйкес қызметтің айқын әлеуметтік басымдығы жоқ.

  Мемлекеттік спорттық
тапсырыстың жан басына
шаққандағы нормативтік
қаржыландыру әдістемесіне
2-қосымша

Спорт секцияларының түрлеріне қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.09.2022 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Спорт түрінің атауы

Сапа нормативі

Сабақтар өткізу үшін инфрақұрылымға қойылатын талаптар

Оқу-жаттығу процесіне қойылатын талаптар

бір балаға айына төленетін сабақтардың ең көп саны

бір балаға жылына төленетін ішкі есептік іс-шаралардың ең көп саны

жаттығуды бастау үшін балалардың ең төменгі жасы, жыл

10 жасқа дейінгі балалар үшін сабақтың ең аз ұзақтығы, минут

10 жастан кейінгі балалар үшін сабақтың ең аз ұзақтығы, минут

топтағы балалардың ең көп саны, адам

жарақтандыру мен қызмет көрсетудің күрделілігін бағалау*

коммуникациялардың қашықтықтан түріне жол беру

мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы жабдықтау қажеттілігі

мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы оқу бағдарламаларын қолдану қажеттілігі

күнделікті шығыс материалдарымен жабдықтау қажеттілігі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Жазғы олимпиадалық спорт түрлері

1.

Баскетбол

12

6

9

60

90

20

орташа

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

2.

Бокс

12

6

10

60

90

12

орташа

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

3.

Еркін күрес

12

6

10

60

90

20

төмен

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

4.

Грек-рим күресі

12

6

10

60

90

20

төмен

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

5.

Классиалық волейбол

12

6

9

60

90

20

орташа

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

6.

Спорттық гимнастика

12

6

5

60

90

20

орташа

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

7.

Көркем гимнастика

12

6

5

60

90

20

орташа

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

8.

Дзюдо

12

6

10

60

90

20

төмен

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

9.

Каратэ

12

6

8

60

90

20

төмен

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

10.

Таеквондо (WTF)

12

6

8

60

90

20

төмен

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

11.

Жеңіл атлетика

12

6

9

60

90

16

орташа

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

12.

Жүзу

12

6

7

60

60

16

өте жоғары

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

13.

Теннис

12

6

5

60

90

12

жоғары

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

14.

Үстел теннисі

12

6

6

60

90

12

төмен

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

15.

Футбол

12

6

8

60

90

20

орташа

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

Қысқы олимпиадалық спорт түрлері

16.

Конькимен жүгіру спорты

12

6

9

60

90

20

өте жоғары

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

17.

Мәнерлеп сырғанау

12

6

4

60

90

20

өте жоғары

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

18.

Шаңғы спорты

12

6

9

60

90

20

жоғары

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

19.

Шайбалы хоккей

12

6

5

60

90

20

өте жоғары

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

Ұлттық спорт түрлері

20.

Қазақ күресі

12

6

10

60

90

20

төмен

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

Олимпиадалық емес спорт түрлері

21.

Футзал

12

6

8

60

90

20

орташа

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

22.

Спорттық би

12

6

6

60

90

20

орташа

жоқ

қажет емес

жоқ

қажет емес

23.

Шахматтар

12

6

7

60

90

16

өте төмен

иә

қажет емес

жоқ

қажет емес

Көру кемістігі бар мүгедектер арасындағы спорт түрлері

24.

Голбол

12

6

10


60

10

орташа

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

25.

Дзюдо

12

6

10


60

10

төмен

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

26.

Жеңіл атлетика

12

6

10


60

10

орташа

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

27.

Жүзу

12

6

8

60

60

10

өте жоғары

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

28.

Шахматтар

12

6

8

60

60

10

өте төмен

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

29.

Дойбы

12

6

8

60

60

10

өте төмен

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

Есту кемістігі бар мүгедектер арасындағы спорт түрлері

30.

Бадминтон

12

6

8

60

60

12

орташа

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

31.

Баскетбол

12

6

8

60

60

16

орташа

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

32.

Еркін күрес

12

6

8

60

60

12

төмен

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

33.

Грек-рим күресі

12

6

8

60

60

12

төмен

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

34.

Волейбол

12

6

8

60

60

16

орташа

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

35.

Дзюдо

12

6

8

60

60

12

төмен

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

36.

Каратэ

12

6

8

60

60

12

төмен

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

37.

Таеквондо (WTF)

12

6

8

60

60

12

төмен

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

38.

Жеңіл атлетика

12

6

8

60

60

12

орташа

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

39.

Жүзу

12

6

8

60

60

12

өте жоғары

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

40.

Теннис

12

6

8

60

60

10

жоғары

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

41.

Үстел теннисі

12

6

8

60

60

10

төмен

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

42.

Футбол

12

6

8

60

60

16

орташа

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

43.

Футзал

12

6

8

60

60

16

орташа

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

44.

Шахматтар

12

6

6

60

60

12

өте төмен

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

45.

Дойбы

12

6

6

60

60

12

өте төмен

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек спортшылар арасындағы спорт түрлері

46.

Отырып ойнайтын волейбол

12

6

10


60

16

орташа

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

47.

Жеңіл атлетика

12

6

10


60

12

орташа

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

48.

Жүзу

12

6

6

60

60

10

өте жоғары

жоқ

қажет

иә

қажет емес

49.

Үстел теннисі

12

6

10


60

10

төмен

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

50.

Дартс

12

6

8

60

60

10

өте төмен

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

51.

Шахматтар

12

6

4

60

60

12

өте төмен

ия

қажет емес

иә

қажет емес

52.

Спорттық би

12

6

7

60

60

12

орташа

жоқ

қажет

иә

қажет емес

53.

Тұрып ойнайтын волейбол

12

6

10


60

16

орташа

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

54.

Бочча

12

6

6

60

60

16

орташа

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

55.

Футбол 7х7

12

6

8

60

60

16

төмен

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

Интеграцияланған топтарға арналған спорт түрлері

56.

Адаптивті жүзу

12

6

6

60

60

10

жоғары

жоқ

қажет

иә

қажет емес

57.

Адаптивті каратэ

12

6

6

60

60

10

төмен

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

58.

Адаптивті таеквондо

12

6

6

60

60

10

төмен

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

59.

Барлығына арналған Бочча

12

6

6

60

60

10

орташа

жоқ

қажет

иә

қажет емес

60.

Адаптивті футбол

12

6

6

60

60

10

орташа

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

61.

Адаптивті баскетбол

12

6

12


90

12

орташа

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

62.

Адаптивті бадминтон

12

6

8

60

90

12

орташа

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

63.

Адаптивті волейбол

12

6

12


90

16

орташа

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

64.

Адаптивті теннис

12

6

12


90

8

жоғары

жоқ

қажет емес

иә

қажет емес

      Ескертпе:

      *Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның сабақтар өткізу үшін жарақтандырудың және инфрақұрылымға қызмет көрсетудің күрделілігін бағалау өлшемшартының келесі мәндердің жол берілетін тізбесі болады:

      "өте төмен" - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін және көппәтерлі тұрғын үйлердің базасында, жертөле, цокольді үй-жайларда, оның ішінде тұрғын үй-жайлар мен пәтерлерде жұмыс істей алатын инфрақұрылым;

      "төмен" - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін және көп пәтерлі тұрғын үйлер базасында, жертөле, цокольді үй-жайларында жұмыс істей алатын инфрақұрылым;

      "орташа" - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін инфрақұрылым, бірақ арнайы жабдықтың болуына байланысты қолданыстағы білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы, мәдениет және спорт ұйымдарының нысандары мен құрылыстары негізінде ғана өрбуі мүмкін;

      "жоғары" - жаяу қолжетімділік өлшеміне сай келмейтін және суды қарқынды пайдалануға немесе жасанды мұз жасауға байланысты емес, белгілі бір спорт түрі бойынша сабақтар өткізуге арналған арнайы жабдықталған спорт объектілерінде ғана өрістетілуі мүмкін инфрақұрылым;

      "өте жоғары" - жаяу қолжетімділік өлшеміне сай келмейтін және суды қарқынды пайдалануға немесе жасанды мұз жасауға байланысты белгілі бір спорт түрі бойынша сабақтар өткізуге арналған арнайы жабдықталған спорт объектілерінде ғана өрістетілуі мүмкін.

      жаттығуды бастау үшін балалардың ең төменгі жасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы "Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы" № 42 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9881 болып тіркелген) реттеледі.

  Мемлекеттік спорттық
тапсырыстың жан басына
шаққандағы нормативтік
қаржыландыру әдістемесіне
3-қосымша

Түзету коэффициенті мәндерінің тізімі ӨҢІРК

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.09.2022 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Өңір

Мәні

1

2

3

1.

Абай облысы

0,64

2.

Ақмола облысы

0,29

3.

Ақтөбе облысы

0,36

4.

Алматы облысы

0,29

5.

Атырау облысы

0,57

6.

Батыс Қазақстан облысы

0,30

7.

Жамбыл облысы

0,29

8.

Жетісу облысы

0,29

9.

Қарағанды облысы

0,37

10.

Қостанай облысы

0,37

11.

Қызылорда облысы

0,29

12.

Маңғыстау облысы

0,37

13.

Павлодар облысы

0,29

14.

Солтүстік Қазақстан облысы

0,29

15.

Түркістан облысы

0,12

16.

Ұлытау облысы

0,37

17.

Шығыс Қазақстан облысы

0,64

18.

Нұр-Сұлтан қаласы

0,73

19.

Алматы қаласы

0,75

20.

Шымкент қаласы

0,29

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады