"Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 198 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 сәуірде № 22646 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:

      3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелік ететін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      2) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі – клиенттердің тапсырыстарын өңдеуге және оларды таксимен тасымалдаушының орындауына, оның ішінде аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын қолдана отырып беруге арналған, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы болып табылатын тасымалдаушы немесе өзге де тұлға құратын қызмет;

      3) багаж түбіртегі – багажды автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшін қабылдағанын растайтын құжат;

      4) багажды автомобиль – жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында жолаушылардың багаждарын (жүктерін) тасымалдауға арналған жүк автомобилі;

      5) борт журналы – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген және тігілген, тасымалдаушының мөрімен бекітілген жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралында болатын журнал, оған автокөлік құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өткені туралы белгілер қойылады;

      6) диспетчерлік жүйе – жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының қозғалысы туралы нақты уақыт режимінде үздіксіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүйе;

      7) диспетчерлік жүйе операторы – диспетчерлік жүйені ұйымдастыру және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлғалар;

      8) жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері (аялдау пункті) – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатында автокөлік құралдарының аялдауына арналған жол бойындағы белдеу учаскесі;

      9) жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу жолымен жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;

      10) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі-автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне байланысты құжаттарды тіркеуді, өңдеуді, сақтауды, есепке алуды және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға және тасымалдау процесіне қатысушыларға осындай құжаттар туралы ақпаратты беруді қамтамасыз ететін зияткерлік көлік жүйесінің компоненті;

      11) қауіпті учаскелер – автомобиль жолдарының жүріп өткенде жол-көлік оқиғасы болуының жоғары қаупі туындайтын немесе қозғалыс режимінің елеулі өзгерістеріне байланысты учаскелері;

      12) қозғалыс кестесі – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);

      13) қолмен жуу – автокөлік құралдарын су берудің жоғары қысымды аппараттарын, су жеткізу жүйелерін және (немесе) ыдыстардағы суды пайдалану арқылы қолмен жуу;

      14) маршрут – автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгіленген бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттері арасында белгіленген жүретін жолы;

      15) маршрут схемасы – аялдау пункттері, олардың ара қашықтықтары, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, теміржол өтпелері, көпірлер және тоннельдер) көрсетілген маршруттың графикалық шартты бейнеленуі;

      16) механикаландырылған жуу – жуу құрамы және суды жеткізу үшін құрылғылармен, айналатын және (немесе) қозғалатын щеткалармен, сондай-ақ желдеткіш құрылғысымен жарақтандырылған арка үлгісіндегі ауыстырылатын тетіктерден тұратын автокөлік құралдарын автоматты жуу;

      17) рейс – маршруттың бастапқы пунктінен соңғы пунктіне дейінгі автобустың, шағын автобустың, троллейбустың жолы;

      18) спутниктік навигация аппаратурасы – көлік құралына жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары бойынша оның ағымдағы орналасқан жерін, жүру бағыты мен жылдамдығын айқындау, қосымша борт жабдығымен деректер алмасу үшін, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері бойынша ақпарат алмасу үшін орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;

      19) такси тасымалы – жеке кәсіпкердің немесе меншік құқығында немесе басқа заңды негіздерде автомобильге иелік ететін заңды тұлғаның жолаушылар мен багажды ақылы немесе жалға тасымалдау үшін көрсететін қызметі;

      20) таксимен тасымалдаушы – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      21) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында пайдаланылатын және таксиге тапсырыс беруге және көлік құралын экипажымен қоса жалға алуға ұялы байланыс қызметтері немесе Интернет арқылы қолжетімділік берілетін бағдарламалық өнім;

      22) таксометр – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;

      23) техникалық аялдама – автобустар мен шағын автобустардың жолаушыларды маршруттан түсіруді және маршрутқа отырғызуды көздемейтін аялдамасы;

      24) үшінші жақ - жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру туралы келісім жасасқан тасымалдаушыны, ал жолаушылар мен багажды тұрақты халықаралық автомобильмен тасымалдау кезінде маршрутқа қызмет көрсетуге рұқсат алған тұлғаны қоспағандағы тұлға.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама парағын қағаз немесе электрондық-цифрлық құжат түрінде ресімдейді.

      Жолдама парағын қағаз тасығышта ресімдеу кезінде тасымалдаушы оның Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркелуін қамтамасыз етеді.";

      206-тармақ алып тасталсын;

      208-тармақ алып тасталсын;

      324-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "324. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс, бұл ретте:

      1) қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустарды (І класты), шағын автобустарды, сондай-ақ қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустарды (ІІ класты) пайдалануға рұқсат етіледі;

      2) қалааралық облысаралық және халықаралық автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустар (ІІ класты) немесе алысқа жүретін автобустар (ІІІ класты) пайдаланылуы тиіс. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша осы маршруттардың ұзақтығы 300 км-ге дейін болса, шағын автобустарды пайдалануға рұқсат етіледі;

      3) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың маршруттарында қолданылатын автобустар мен шағын автобустар халықаралық және аймақаралық тасымалдауды жүзеге асыруда- диспетчерлік жүйеге автокөлік құралының ағымдағы орналасқан жері туралы нақты уақыт режимінде ақпарат бере отырып, спутниктік навигация аппаратурасымен жабдықталады.";

      мынадай мазмұндағы 324-1-тармақпен толықтырылсын:

      "324-1. Жолаушылар мен багажды тұрақты және тұрақты емес тасымалдау осы Қағидалардың 324-тармағы 3) тармақшасының талаптары сақталған кезде жүзеге асырылады.";

      351-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "351-2. Автовокзалдар мен автостанцияларда эпидемиялық маңызы бар объектілерді пайдалану "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 19, 20 және 24-баптарына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда немесе қызметті бастау туралы хабарлама бергенде рұқсат етіледі.";

      379-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "379. Диспетчерлік қызметтің негізгі функциялары:

      1) автобустардың, шағын автобустардың жөнелтілуін және автовокзалға (автостанцияға) уақтылы келуін қадағалау;

      2) маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалысын қадағалау және реттеу;

      3) тасымалдаушыларды, жолаушыларды және басқа автовокзалдардың диспетчерлік қызметтерін маршрут бойынша жүрудің күрделілігіне, соның ішінде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалысты шектеулер немесе тыйым салулар туралы хабардар ету;

      4) маршруттағы, соның ішінде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалыстың ерекшеліктері туралы жүргізушілерге нұсқау беру;

      5) маршрут бойынша ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалысты шектеулер немесе тыйым салулар кезінде жолаушыларды орналастыру;

      6) жол органдарын, ӘПК-ні, төтенше жағдайлар жөніндегі органдарды маршрут бойынша жүрудің күрделілігі, оның ішінде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалыстың шектеулері немесе мүмкін еместігі және осыған байланысты автобустар мен шағын автобустардың уақтылы келмеуі туралы хабардар ету;

      7) жолаушыларды отырғызу және багажды тиеу үшін автобустардың, шағын автобустардың кестеде белгіленген уақытта және тиісті санитарлық жай-күйде уақтылы берілуін қадағалау;

      8) жүргізушілердің рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан және автобустардың, шағын автобустардың рейс алдындағы техникалық тексеруден өтуін қадағалау (автовокзалдың, автостанцияның немесе тасымалдаушының тиісті қызметтерінің оларды өткізгені туралы құжаттық растаудың болуы;

      9) басқа автовокзалдардың, автостанциялардың диспетчерлік қызметтерін автобустарда, шағын автобустарда бос немесе босаған орындардың болуы туралы, сондай-ақ қозғалыс кестесіндегі өзгерістер немесе автобустар мен шағын автобустардың кестеден озып кету (қалып қою уақыты), қосымша рейстерді алып тастау немесе кестеде көзделмеген рейстер енгізу, қосымша автобустың жөнелтілуі туралы хабардар ету;

      10) автобустардың немесе шағын автобустардың жөнелтілу уақыты туралы белгісі бар автовокзалдың және автостанцияның мөрімен бектілген жол құжаттамасын ресімдеу, сондай-ақ диспетчерлік журнал жүргізу;

      11) халықаралық қатынаста жүргізушіге автовокзал мен автостанцияның мөрімен бекітілген жолаушылар тізімін беру;

      12) жүргізушілерде нақты маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат құжаттарының (куәліктің, маршрут схемасының, жол қағазының) болуын қадағалау;

      13) жолдама парағына Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде осы Қағидалардың 200-тармағының екінші бөлігімен көзделген талаптарды сақтау туралы белгі енгізу.";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      12-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың отыз сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2021 жылғы 27 сәуірдегі
№ 198 бұйрығына
қосымша
  Автомобиль көлігімен
жолаушылар мен багажды
тасымалдау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жолдама парақ

1

Жолдама парағының нөмірі


2

Жолдама парағын ресімдеу күні


3

Тасымалдау түрі (тұрақты, тұрақты емес, такси)


4

Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты халықаралық тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензиясы бар, сондай-ақ жолаушылар алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін және автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған тасымалдаушының атауы (бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)


5

Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты республикаішілік тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ жолаушылар алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін және автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған тасымалдаушының атауы (бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)


6

Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар, сондай-ақ жолаушылар алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін және автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған тасымалдаушының атауы (бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)


7

Такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген, сондай-ақ жолаушылар алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін және автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған тасымалдаушының атауы (бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)


8

Рұқсат беру құжатының нөмірі мен түрі, беру мерзімі және аяқталу мерзімі


9

Жүргізушінің (-лердің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


10

Ағымдағы кезеңге міндетті техникалық байқаудан өткен және лицензияға қосымшаға енгізілген автобустың, шағын автобустың маркасы мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі


11

Таксимен тасымалдау кезінде ағымдағы кезеңге міндетті техникалық байқаудан өткен автокөлік құралдарының маркасы және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі


12

Жолаушыларды отырғызудың және түсірудің бастапқы, аралық және соңғы пункттері көрсетілген автобус, шағын автобус қозғалысының маршруты


13

Автобустың, шағын автобустың бастапқы пунктінен шығу уақыты


14

Тұрақты емес автобус тасымалдарының түрі (туристік, экскурсиялық, іс-шараларға қызмет көрсету бойынша)


15

Тұрақты емес автобус тасымалдары кезінде бастапқы пункттен шығу орындары (мекенжайы)


16

Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау кезінде бастапқы шығу пунктінде орналасқан автовокзалдың, автостанцияның немесе жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің мекенжайы және атауы


17

Жүргізушіні (жүргізушілерді) медициналық куәландыру


18

Автокөлік құралын рейс алдындағы техникалық тексеру


19

Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша Автовокзалдар, автостанциялар немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттері аумағынан жолаушыларды отырғызудың болмауы туралы белгі


20

Автобустың, шағын автобустың соңғы пунктіне келу уақыты


21

Автобустармен, шағын автобустармен жолаушылар мен багажды тұрақты және тұрақты емес тасымалдау кезіндегі жолаушылар тізімі (жолдама парағына қосымша)


22

Жолдама парағы қолданылуының аяқталу уақыты мен күні


      Ескертпе:

      1. Жолдама парағының 19-тармағында көлік құжаттарын басқарудың Бірыңғай жүйесінде автовокзал белгі қояды.

      Облыс орталығында, Республикалық маңызы бар қалада немесе астанада біреуден артық автовокзал болған жағдайда жолдама парағының 19-тармағында "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін автовокзалдың диспетчерлік қызметтері белгі қояды.

      Егер көрсетілген талаптарға сәйкес келетін екі немесе одан көп автовокзал болса, белгіні осы қызметте ең үлкен тәжірибесі бар автовокзал қояды:

      1) стационарлық металл іздегіш (металл детектор);

      2) портативті (қол) аспаптар;

      3) рентгендік-телевизиялық құрылғы.

      2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы тасымалдау басталғанға дейін екі сағат бұрын көлік құжаттарының Бірыңғай жүйесінде жол парағын жасайды.

  Жолдама парағына
қосымша

Жолаушылар тізімі

№ п/п

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жеке сәйкестендірунөмірі

Туу туралы куәліктің нөмірі (балалар үшін)










































































































































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады