БҰЙЫРАМЫН:
1. "Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. Осы Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне (бұдан әрі - ҚАК), "Пробация туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды. ";
5-тармақтың 2) тармақшасына мынадай редакцияда жазылсын:
5. Аумақтық Пробация қызметтері:
2) ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) қолданыстағы автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйелері және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) ақпараттық жүйелері, сондай-ақ интернет желісіне қосылған қолда бар телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) бойынша сотталған адамдарды тексеруді жүзеге асырады.";
140- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"140. Пробация қызметінің бастығы немесе оны ауыстыратын адам сотталғанға ҚАК-пен және сот жүктеген шектеулерге сәйкес тиісті құралдарды орнатудың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, бас бостандығын шектеуге сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы жазбаша ескертуді бір жыл мерзімге, ал шартты сотталғанға қатысты сот қаулысымен ұзартылған пробациялық бақылау мерзіміне электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы шешім қабылдайды;".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |