"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 417-бабының 9-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындауыңың бақылауы жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 413 бұйрықпен бекітілген |
Тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 417-бабының 9-1-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
Осы Қағидалар тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Осы Қағидалар шеңберінде мынадай ұғымы пайдаланылады:
жазбаша қарсылық – тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісінің нәтижелерімен жазбаша келіспеуі.
2-тарау. Тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету тәртібі мен мерзімдері
3. Кодекстің 417-бабының 9-1-тармағында көзделген камералдық кедендік тексеру актісі жасалғанға дейін, мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жібереді немесе табыс етеді.
4. Камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісі тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің аяқталу күніне дейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей қолын қойдыра отырып жібереді немесе табыс етіледі.
5. Тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін табыс ету мүмкіндігі болмаған кезде немесе тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша тексерілетін тұлғаның болмауына байланысты пошта операторы немесе байланыс операторы оны қайтарғанда, мемлекеттік кірістер органы осындай құжаттар қайтарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде 2 (екі) куәгерді тарта отырып, осындай тұлғаның орналасқан жері бойынша зерттеп-қарауды жүргізеді.
Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша зерттеп-қарау актісі жасалады, онда:
актінің жасалған орны, күні мен уақыты;
актіні жасаған мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
мемлекеттік кірістер органының атауы;
тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы, оның жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.
Куәгер ретінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның әрекеттері нәтижесіне мүдделі емес, кәмелетке толған, әрекетке қабілетті кез келген азамат шақырылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлғаның жұмыскерлеріне, құрылтайшыларына (қатысушыларына) куәгерлер ретінде қатысуға жол берілмейді.
Зерттеп-қарау нәтижесінде тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша тексерілетін тұлғаның іс жүзінде болмауы анықталған кезде, зерттеп-қарау актісін жасаған күн камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін табыс еткен күн болып табылады.
3-тарау. Тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қараудың тәртібі мен мерзімдері
6. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 130-бабының 3-тармағына сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын, тексерілетін тұлғаларды қоспағанда, тексерілетін тұлға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін алған немесе табыс етілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
Бұл ретте ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын, тексерілетін тұлғалар камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін алған немесе табыс етілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
Тексерілетін тұлға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын мынадай тәсілдермен:
1) келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен – қағаз жеткізгіште;
3) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы – электрондық нысанда ұсынады.
7. Жазбаша қарсылықта:
1) камералдық кедендік тексеруді жүргізетін мемлекеттік кірістер органының атауы;
2) жазбаша қарсылықты беруші тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
3) жазбаша қарсылықты беретін тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН);
4) жазбаша қарсылық берілген күн;
5) жазбаша қарсылық беруші тұлға өзінің талаптарын және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелерді негіздейтін мән-жайлар;
6) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
8. Камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының жазбаша қарсылықты қабылдаған және тіркеген күні жазбаша қарсылықты беру күні болып табылады.
9. Жазбаша қарсылықты камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы онда көрсетілген мәселелер шегінде жазбаша қарсылық келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте, жазбаша қарсылықты қарау мерзімі:
1) осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жазбаша сұрау салу жолдаған кезде – осындай сұрау салу жолданған күннен бастап жауап алынған күнге дейін;
2) осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес тексерілетін тұлғаға және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттің тиісті органына және (немесе) өзге ұйымдарға сұрау салу жолдаған кезде – осындай сұрау салу жолданған күннен бастап жауап алынған күнге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы жазбаша қарсылықты қарау мерзімін тоқтата тұрған кезде тексерілетін тұлғаға мынадай тәсілдермен:
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен;
2) "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының веб-қосымшасына немесе жеке кабинетіне электрондық тәсілмен сұрау салу жолданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осындай тоқтата тұру туралы ақпаратты жолдайды.
10. Камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы тексерілетін тұлғаның жазбаша қарсылығымен келіспеген кезде мынадай:
1) Салық кодексінің 130-бабының 3-тармағына сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын;
2) инвестициялық және (немесе) арнайы инвестициялық келісімшарттар жасаған;
3) камералдық кедендік тексерудің алдын ала актілері бойынша оларға есептелетін кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар сомасы "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 000-еселенген мөлшерінен асып кеткен тексерілентін тұлғаларға қатысты жазбаша қарсылықты қарау мерзімінің ішінде Комитетке сұрау сауды жолдайды.
Сұрау салуға мынадай құжаттар:
камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісі;
тексерілетін тұлғаның жазбаша қарсылығы;
камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының жазбаша ұстанымы;
есептер, сондай-ақ камералдық кедендік тексеру барысында алған тексерілетін тұлғаның жазбаша қарсылығында жазылған мәселелерді қозғайтын өзге де құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі.
11. Комитет камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын, оны Комитетте тіркеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, қарсылық берген тұлға өзінің аталған мән-жайларды растайтын талаптары мен дәлелдерін негіздеген мән-жайлар шегінде, сондай-ақ камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының ұстанымында көрсетілген дәлелдер мен негіздемелер шегінде қарайды.
Комитет камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын қарау кезінде, тексеретін тұлғаға және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарына жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпараттар не түсіндірулер ұсыну туралы сұрау салуды жолдайды.
Бұл ретте сұрау салуды қарау мерзімі сұрау салуды жолдаған күннен бастап жауап алған күнге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Сұрау салуды қараудың қорытындысы бойынша Комитет камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына тексеретін тұлғаның жазбаша қарсылығында жазылған мәселелер бойынша дәлілделген негіздемемен жауап жолдайды.
12. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілмеген тексеретін тұлғаның жазбаша қарсылығын қарау кезінде камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы жазбаша қарсылықты қарау мерзімі ішінде тексеретін тұлғаға және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарына жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпараттар не түсіндірулер ұсыну туралы сұрау салуды жолдайды.
Бұл ретте көрсетілген сұрау салуларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 44-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды.
Шетел мемлекетінің мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.10.2022 № 1101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мерзімде жазбаша қарсылықты қараудың қорытындысы бойынша, сондай-ақ осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес ұсынылған сұрау салуға жауапты ескере отырып, тексерілетін тұлғаға Кодекстің 417-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес камералдық кедендік тексеру актісін табыс ету жолымен Кодекстің 417-бабында белгіленген тәртіппен және мерзіммен камералдық кедендік тексеруді аяқтайды.
14. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мерзімде тексерілетін тұлға жазбаша қарсылықты ұсынбаған немесе тексерілетін тұлға жазбаша қарсылықты кері қайтарып алған кезде, камералдық кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы тексерілетін тұлғаға Кодекстің 417-бабының 9-тармағының талаптарына сәйкес камералдық кедендік тексеру актісін жолдау немесе табыс ету жолымен Кодекстің 417-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде камералдық кедендік тексеруді аяқтайды.