"Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 147 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 мамырда № 22686 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12665 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қашықтан оқыту – педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;";

      3-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар (бұдан әрі – жауапты жұмыскерлер) мерзім сайын, кемінде үш жылда бір рет оқұ орталықтарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтеді.";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне оқыту және білімді тексеру күндізгі оқу немесе "оn-lіne" режимінде желілік технология бойынша қашықтықтан оқыту нысанында жүргізілуі мүмкін.

      22. Оқу орталығының мыналарды:

      1) аудио-бейнетехникамен жабдықталған оқу сыныбын (меншікті немесе жалға алынған);

      2) тестілеу үшін компьютерлерді;

      3) оқытудың әртүрлі тақырыптары бойынша көрнекі құралдарды;

      4) оқу-әдістемелік материалдарды (мерзімді басылымдар) қамтитын материалдық-техникалық базасы бар.

      Қашықтықтан оқыту кезінде оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу орталығында:

      1) оқу контенті мен білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әкімшілік ақпараты бар парақтардан тұратын білім беру порталының;

      2) оқытуды интернет желісі арқылы "оn-lіne" режимде (бейнеконференция) жүргізу мүмкіндігі бар мультимедиалық сыныптардың болуы талап етіледі.";

      28-тармақтың бірінші бөлігі мынададй редакцияда жазылсын:

      "28. Емтихан комиссиясы төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына оқу орталығының басшысы, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келісу бойынша), жұмыскерлердің өкілі, сондай-ақ Қағидалардың 24-тармағында аталған мамандардың ішінен адамдар кіреді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Жауапты жұмыскерлердің білімдерін тексеру үшін емтихан комиссиясы тестілеу өткізеді.

      Тестілеу процесі емтихан тапсыратын адамдарды сәйкестендіру және процесті бақылау мақсатында бейне және аудиожазбамен бекітіледі. Жазба алты ай ішінде сақталады.";

      33-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      34-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
С. Шапкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады