"Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 420 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 мамырда № 22687 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16408 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысандарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы мәліметтер нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтердің нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы, сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі"

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 420 бұйрығына
1-қосымша
  нысан

Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы 20__ жылғы "__"_____ бастап 20__ жылғы "__"_____ аралығындағы кезең үшін мәліметтер

Салық төлеуші

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банк филиалының, банк шоттары ашылған оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері

Банк шотының түрі

Банк шотындағы валюта

Банк шотындағы нөмірі

Кезеңнің басындағы банк шотындағы ақша қалдығы

Кезеңнің соңындағы банк шотындағы ақша қалдығы

ЖСН*/БСН**

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/атауы

БСН**

БСК***

атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      __________________________________________________________________________

      (нысанды жасауға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы)

      __________________________________________________________________________

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе), қолы)

      Ескерту:

      аббревиатураның толық жазылуы:

      *ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмері;

      **БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмері;

      ***БСК – банктік сәйкестендіру коды.

      "Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы" деген нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшаға сәйкес келтірілген.

      Көрсетілгіен мәліметтерді ұсыну мерзімі – мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

  ""Банк шоттарының бар-жоғы
және олардың нөмірлері туралы,
осы шоттардағы ақшаның
қалдығы туралы" нысанына
қосымша

"Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы мәліметтерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы 13) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабы 6-1 және 6-2-тармақтарына сәйкес әзірленді.

      Нысанды жүргізудің негізгі міндеті банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы мәліметтерді алу болып табылады.

      2. Нысанды банктер, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банк филиалы және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер бойынша мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде толтырады және ұсынады.

      3. Нысан 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті жеке тұлғалар бойынша жіберіледі.

2. "Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      4. Нысанның 2-бағанында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмері/бизнес-сәйкестендіру нөмері (бұдан әрі - ЖСН/БСН) көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында банк шоттары ашылған Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банк филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында банк шоттары ашылған Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банк филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.

      8. Нысанның 6-бағанында кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банк филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.

      9. Нысанның 7-бағанында банк шотының түрі көрсетіледі.

      10. Нысанның 8-бағанында банк шотындағы валюта түрі көрсетіледі.

      11. Нысанның 9-бағанында салық төлеушінің банк шотындағы нөмірі көрсетіледі.

      12. Нысанның 10-бағанында кезеңнің басындағы банк шотындағы ақша қалдығы көрсетіледі.

      13. Нысанның 11-бағанында кезеңнің соңындағы банк шотындағы ақша қалдығы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 420 бұйрығына
2-қосымша
  нысан

Банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы20__ жылғы "__"_____ бастап 20__ жылғы "__"_____ аралығындағы кезең үшін мәліметтер

Салық төлеуші

Салық төлеушінің банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы

ЖСН*/БСН**

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/атауы

банк шотына ақшаның түсуі

күні

төлем сомасы

ақшаны жөнелтушi

жіберуші банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің деректемелері

төлемнің мақсаты

ЖСН*/БСН***

атауы

БСН**

БСК***

атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      кестенің жалғасы


банк шотынан ақшаның аударылуы

күні

төлем сомасы

бенефициар

бенефициар банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің деректемелері

төлемнің мақсаты

ЖСН*/БСН***

атауы

БСН**

БСК***

атауы

12

13

14

15

16

17

18

19

      __________________________________________________________________________

      (нысанды жасауға жауапты тұлғаның тегі,аты,әкесінін аты (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы)

      __________________________________________________________________________

      (басшының тегі,аты,әкесінін аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе), қолы)

      Ескерту:

      аббревиатураның таратып жазылуы:

      *ЖСН – жеке сәйкестендіру номері;

      **БСН – бизнес-сәйкестендіру номері;

      ***БСК – банктік сәйкестендіру коды.

      Осы нысаның қосымшасына сәйкес келтірілген "Банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы" нысанын толтыру бойынша түсіндірме.

      Көрсетілгіен мәліметтердін ұсыну мерзімі – салық органының сұрау сауалын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

  "Банк шоттарындағы ақшаның
қозғалысы туралы" нысанына
қосымша

"Банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы мәліметті жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 6-1-тармағына сәйкес әзірленді. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы мәліметтерді алу болып табылады.

      2. Нысанды банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы мәліметтерге салық органының сұрау сауалын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар толтырады және ұсынады.

      3. Нысан банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарына тексерілетін жеке тұлғаға қатысты салықтық тексеру кезінде жіберіледі. Басқа жағдайларда ақшаның қозғалысы туралы мәлімет жалпы сомамен (айналыммен) ұсынылады.

      4. Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде Нысан мыналарға:

      заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;

      мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;

      өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік лауазым атқаратын адамға және осы кезеңде оның жұбайына (зайыбына) қатысты;

      жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты жіберіледі.

2. "Банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы" нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      4. Нысанның 2-бағанында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру номері/бизнес-сәйкестендіру номері (бұдан әрі – ЖСН/ БСН) көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында банк шотына ақшаның түскен күні көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында банк шотына түскен төлемінің сомасы көрсетіледі.

      8. Нысанның 6-бағанында ақша жөнелтушiнің ЖСН/БСН-і көрсетіледі.

      9. Нысанның 7-бағанында ақша жөнелтушiнің атауы көрсетіледі.

      10. Нысанның 8-бағанында ақша жөнелтушi банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің БСН-і көрсетіледі.

      11. Нысанның 9-бағанында ақша жөнелтушi банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.

      12. Нысанның 10-бағанында ақша жөнелтушi банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің атауы көрсетіледі.

      13. Нысанның 11-бағанында банк шотына түскен ақша төлемінің мақсаты көрсетіледі.

      14. Нысанның 12-бағанында ақша жөнелтушi-салық төлеушінің банк шотынан ақшаның аударылған күні көрсетіледі.

      15. Нысанның 13-бағанында ақша жөнелтушi-салық төлеушінің банк шотынан аударылған ақша төлемінің сомасы көрсетіледі.

      16. Нысанның 14-бағанында бенефициардың ЖСН/БСН көрсетіледі.

      17. Нысанның 15-бағанында бенефициардың атауы көрсетіледі.

      18. Нысанның 16-бағанында бенефициар банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің БСН көрсетіледі.

      19. Нысанның 17-бағанында бенефициар банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің БСК көрсетіледі.

      20. Нысанның 18-бағанында бенефициар банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің атауы көрсетіледі.

      21. Нысанның 19-бағанында ақша жөнелтушiнің банк шотынан аударған төлемнің мақсаты көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 420 бұйрығына
3-қосымша
  нысан

20__ жылғы "__" _________ бастап 20__ жылғы "__" _________ аралығындағы кезең үшін сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер

Жеке тұлға туралы мәлімет

Кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің, оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері

Кредит берілген күні

ЖСН*

тегі, аты, әкесінін аты (ол болған жағдайда)

БСН**

БСК***

Атауы

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Кредит беру туралы шарттын нөмірі және күні

Банк шотынын нөмірі

Банк шотынын валютасы

Берілген кредит сомасы

Шарт бойынша белгіленген шектің сомасы

Кезең басындағы кредит сомасының қалдығы

8

9

10

11

12

13

      кестенің жалғасы

Негізгі қарыздың төлеген сомасы

Төленген сыйақы сомасы

Төленген пайыз сомасы

Кредит сомасының қалдығы

Кредит түрі

негізгі қарыз

сыйақы

пайыз

14

15

16

17

18

19

20

      __________________________________________________________________________

      (нысанды жасауға жауапты тұлғаның тегі,аты,әкесінін аты (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы)

      __________________________________________________________________________

      (басшының тегі,аты,әкесінін аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе), қолы)

      Ескерту:

      аббревиатураның таратып жазылуы:

      *ЖСН – жеке сәйкестендіру номері;

      **БСН – бизнес-сәйкестендіру номері;

      ***БСК – банктік сәйкестендіру коды.

      Осы нысаның қосымшасына сәйкес келтірілген "Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме.

      Көрсетілгіен мәліметтердін ұсыну мерзімі – салық органының сұрау сауалын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

  "Сыйақыны қоса алғанда,
өтеу сомаларын көрсете отырып,
активтер мен міндеттемелер
туралы декларацияны ұсыну
жөніндегі міндет туындаған
жеке тұлғаға берілген кредиттер
туралы мәліметтер" нысанына
қосымша

"Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабы 6-2-тармағына сәйкес әзірленді.

      Нысанды жүргізудің негізгі міндеті сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді алу болып табылады.

      2. Нысанды сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерге салық органының сұрау сауалын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар толтырады және ұсынады.

      3. Нысан 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті жеке тұлғалар бойынша жіберіледі.

2. "Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      4. Нысанның 2-бағанында жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру номері көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында кредит берген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің, оның құрылымдық бөлімшелерінің бизнес сәйкестендіру номері көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің, оның құрылымдық бөлімшелерінің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі.

      8. Нысанның 6-бағанында кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің, оның құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.

      9. Нысанның 7-бағанында кредит берілген күні көрсетіледі.

      10. Нысанның 8-бағанында кредит беру туралы шарттың нөмірі және күні көрсетіледі. Мәліметтер шарттар бөлігінде бөлек ұсынылады.

      11. Нысанның 9-бағанында жеке тұлғаның банк шотының нөмірі көрсетіледі.

      12. Нысанның 10-бағанында жеке тұлғаның банк шотының валютасы көрсетіледі.

      13. Нысанның 11-бағанында жеке тұлғаға берілген кредит сомасы көрсетіледі.

      14. Нысанның 12-бағанында шарт бойынша белгіленген шектің сомасы көрсетіледі.

      15. Нысанның 13-бағанында кезең басындағы кредит сомасының қалдығы көрсетіледі.

      16. Нысанның 14-бағанында негізгі қарыздың төлеген сомасы көрсетіледі.

      17. Нысанның 15-бағанында төленген сыйақы сомасы көрсетіледі.

      18. Нысанның 16-бағанында төленген пайыз сомасы көрсетіледі.

      19. Нысанның 17-бағанында кредиттің сыйақы қалдығының сомасы көрсетіледі.

      21. Нысанның 18-бағанында кредиттің пайыз қалдығының сомасы көрсетіледі.

      22. Нысанның 19-бағанында кредиттің негізгі қарызының қалдығының сомасы көрсетіледі.

      23. Нысанның 20-бағанында кредиттің түрі көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады