Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар сатып алған және өткізілген түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтары туралы есептілікті ұсыну нысаны мен мерзімін айқындау туралы" Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 161 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20260 болып тіркелген, 2020 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың сатып алған және өткізілген түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары туралы есептілікті ұсыну нысаны мен мерзімінде (1-ТҚМСҚЖ):
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайда ұсынылады: Индустрия және индустриялық даму жөніндегі уәкілетті органға.".
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы