"Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 347-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 мамырда № 22847 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18006 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 21 мамырдағы
№ 347-НҚ бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 862 бұйрығына
1-қосымша

Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) стандарттау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – стандарттау саласында басшылық етуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі – техникалық реттеу тізілімдеріндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің, ұлттық стандарттау жүйесінің және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдерінің мәліметтері мен ақпараттарын сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе.

      3. Қағидалар ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілеріне таратылады.

      4. Ұлттық стандарттау жоспарын (бұдан әрі – ұлттық жоспар) стандарттау жөніндегі ұлттық орган (бұдан әрі – ұлттық орган) құрады және уәкілетті орган ұлттық стандарттау жүйесін дамытудың стратегиялық мақсаттары мен бағыттарын есепке ала отырып жыл сайын бекітеді.

      5. Ұлттық жоспарды қалыптастыру рәсімдері ұсыныстарды жинау және талдау, ұлттық жоспар жобасын әзірлеу және келісу арқылы техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады және ҚР СТ 1.7 "Ұлттық стандарттау жоспары. Әзірлеу, келісу, бекіту, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі" ұлттық стандарттармен (бұдан әрі – ҚР СТ 1.7) белгіленеді.

      6. Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне жіберілетін ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің ұсыныстары бойынша оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу рұқсат етіледі.

      7. Ұлттық жоспарға енгізілген стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды қаржыландыру Заңның 35-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Ұлттық жоспар жобасын қалыптастыру

      8. Ұлттық жоспар ұлттық, мемлекетаралық стандарттарын және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды (бұдан әрі – стандарттау жөніндегі құжаттар), негіз қалаушы стандарттарға сәйкес өткен жылдың ұлттық жоспарынан ауысатын мемлекетаралық стандарттардың екінші кезеңін әзірлеу жөніндегі мәліметтерді қамтиды.

      9. Ұлттық жоспарды қалыптастыруды бастау туралы ақпарат ұлттық орган мен уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады. Ұлттық орган ұлттық жоспарды қалыптастыруды бастағаны туралы хабарламаны ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілеріне жібереді.

      10. Ұлттық жоспар жобасы:

      1) мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің және басқа да мүдделі тараптардың ұсыныстары;

      2) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің (бұдан әрі – техникалық комитеттер) жұмыс жоспарлары;

      3) стандарттау жөніндегі қолданыстағы құжаттарға және ұлттық стандарттарды әзірлеу қажеттіліктеріне алдын ала талдауларды есепке ала отырып, техникалық регламенттермен өзара байланысты стандарттар тізбесін кеңейту;

      4) стандарттау саласында жүргізілген мониторинг нәтижелері;

      5) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына жауап беретін өзге де мәліметтер көздері негізінде қалыптастырылады.

      11. Ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері, жоспарланған кезең алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей, техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде ұлттық жоспарға енгізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба қойылған өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) жібереді.

      Өтінімге:

      1) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу, оның ішінде стандарттау жөніндегі балама құжаттардың болуы жағдайында, олардың қажеттігі мен орындылығы туралы мәліметтер;

      2) стандарттау жөніндегі құжатты әзірлеуге мүдделі ұйымдардың атауы;

      3) стандарттау объектісі және оның сипаттамалары туралы мәліметтер;

      4) негізгі нормативтік база (дереккөз) туралы мәліметтер;

      5) өткізілген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және алынған нәтижелер (болған жағдайда) туралы мәліметтер;

      6) осы стандарттау объектісіне талаптарды белгілейтін стандарттау жөннідегі құжаттарды қайта қарау/жоюды қажетсінбеу немесе қажеттігі туралы ақпарат көрсетіле отырып, түсіндірме жазба беріледі.

      12. Техникалық комитеттердің стандарттар әзірлеу бойынша ұсыныстары стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу бөлігінде техникалық комитеттер жұмыс жоспарларын есепке алып, осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтінім түрінде ресімделеді.

      13. Ұлттық жоспар жобасына қосуға арналған ұсыныстар қолданыстағы стандарттау жөніндегі құжаттарға және стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу қажеттігіне өткізілген алдын ала талдауды есепке алып, техникалық регламенттерге өзара байланысты стандарттарға талдау негізінде енгізіледі.

      14. Мемлекеттік органдар мен техникалық комитеттер жүзеге асыратын стандарттау саласындағы мониторинг нәтижелері бойынша ұлттық жоспар жобасына қосуға арналған ұсыныстар осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтінім түрінде ресімделеді.

      15. Ұлттық жоспар жобасына қосуға арналған ұсыныстар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына жауап беретін өзге де мәліметтер көздері негізінде (қабылданған мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, техникалық регламенттердің, мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулардың және нормативтік құқықтық актілердің ұлттық және мемлекетаралық стандарттармен қамтамасыз етілуін талдау, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге бағытталған стандарттарда қосымша талаптарды белгілеу мүмкіндіктерін талдау) енгізіледі.

      16. Ұлттық жоспар жобасына қосуға арналған ұсыныстар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарынан туындайды, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескереді.

      17. Ұлттық орган келіп түскен өтінімдерге талдау жүргізеді және ұлттық жоспар жобасын қалыптастырады.

3-тарау. Ұлттық жоспарды әзірлеу, келісу және бекіту

      18. Ұлттық жоспар жобасын ұлттық орган осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді.

      Ұлттық жоспар жобасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) стандарттардың мемлекетаралық жіктеуіші бойынша коды;

      2) стандарттау жөніндегі құжат жобасының атауы;

      3) әзірлеу негіздемесі;

      4) негізгі нормативтік база;

      5) жұмыстарды орындау (әзірлеуді бастау, жобаның соңғы редакциясын уәкілетті органға бекітуге ұсыну) мерзімдері;

      6) қаржыландыру көзі;

      7) өтінімді берген ұйым атауы және оның бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      8) ұлттық орган қалыптастыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтің коды;

      9) стандарттау жөніндегі құжатты әзірлеуге мүдделі ұйымдардың атаулары көрсетілуге тиіс.

      19. Ұлттық жоспардың жобасы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірілмей барлық ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілердің қарауы үшін техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде күнтізбелік алпыс күнге орналастырылады.

      20. Ұлттық орган техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы ұлттық жоспар жобасының орналастырылғаны туралы субъектілерді хабардар етеді.

      21. Ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері ескертулер мен ұсыныстар ұсынғаннан кейін, ұлттық орган пікірлер жиынтығын қалыптастырады және оны техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде орналастырады.

      Ұлттық орган ұлттық жоспар жобасының және пікірлер жинағының жария талқылауын өткізеді.

      22. Жария талқылау қорытындылары бойынша ұлттық орган мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен ұлттық жоспардың жобасын түпкілікті қарауды жүргізеді.

      23. Ұлттық орган жоспарланған кезең алдындағы жылдың 20 қазанынан кешіктірмей техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде уәкілетті органға ұлттық жоспар жобасының түпкілікті редакциясын жібереді.

      24. Ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінен ұлттық жоспар жобасына келіп түскен өтінімдер мен түсіндірме жазба қоса беріледі. Түсіндірме жазбада белгіленетін басым бағыттарға келіп түскен ұсыныстардың саны, оның ішінде себептерін көрсете отырып, қабылдаған және қабылданбаған ұсыныстардың саны, жоспарланған жұмыстар, талдамалық шолу туралы ақпарат қамтылады.

      25. Ұлттық жоспар жоспарланған кезең алдындағы жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде жарияланады.

4-тарау. Ұлттық жоспарға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі

      26. Ұлттық орган ҚР СТ 1.7 сәйкес өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі мен орындылығын көрсете отырып, мүдделі субъектілердің ұсыныстары негізінде ұлттық жоспарға өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды қалыптастырады және оны уәкілетті орган бекітеді.

      Ұлттық жоспарға өзгерістер стандарттау жөніндегі құжаттардың атауы, әзірлеу үшін негіздер және негізгі нормативтік база бөлігінде енгізіледі.

      Ұлттық жоспарға толықтырулар стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу туралы жаңа мәліметтерді енгізуді көздейді.

  Ұлттық стандарттау жоспарын
әзірлеу қағидаларына
қосымша
  нысан

Ұлттық стандарттаудың 20__ жылға арналған жоспары

р/с №

Стандарттардың мемлекетаралық сыныптауышы бойынша коды

Стандарттау жөніндегі құжат жобасының атауы

Әзірлеу негіздемесі

Негізгі нормативтік база

Жұмыстарды орындау мерзімдері

Қаржыландыру көзі

Өтінімді берген ұйым атауы және оның бизнес сәйкестендіру нөмірі

Ұлттық орган қалыптастыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтің коды

Стандарттау жөніндегі құжатты әзірлеуге мүдделі ұйымдардың атауы

әзірлеуді бастау

жобаның соңғы редакциясын уәкілетті органға бекітуге ұсыну

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1- бөлім. Республикалық бюджет қаражаты есебінен әзірленетін стандарттар

1.1 Негіз құраушы ұлттық стандарттар












1.2 Техникалық регламенттер тізбесіне өзара байланысты ретінде қосылатын ұлттық және мемлекетаралық стандарттар












1.3 Экономика секторларындағы ұлттық және мемлекеттаралық стандарттар












1.4 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауыштары












2- бөлім. Бастамашылық тәртіппен әзірленетін стандарттар (қаржыландырудың өзге көздері есебінен)













Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады