"Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 20 шілдедегі № 91 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 52 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 мамырда № 22868 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) және 69) тармақшаларына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 20 шілдедегі № 91 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21015 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) және 69) тармақшаларына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      2-қосымшада:

      Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:

      5-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 4-бағанда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті тәртіпте жеке сәйкестендіру нөмірі (12 цифрдан тұратын) және бар болса – шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар үшін көрсетіледі;

      2) 5-бағанда "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң) 6-бабы 3-тармағының ерекшеліктерін ескере отырып, Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 6-бабының 1-тармағында немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21340 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 938 бұйрығымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына және күдікті операцияны айқындау белгілеріне (бұдан әрі – Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидалары) 5-қосымшамен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері кодтарының анықтамалығында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің атауы көрсетіледі;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) 8-бағанда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес жеке басты куәландыратын құжатқа сай азаматтығы елінің екі әріпті коды (азаматтығы жоқ адам үшін көрсетілмейді) көрсетіледі;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) 12-бағанда валюталардың әріпті кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;";

      3-қосымшада:

      Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:

      6-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 4-бағанда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті тәртіпте жеке сәйкестендіру нөмірі (12 цифрдан тұратын) және бар болса – шетелдіктер немесе азаматтағы жоқ адамдар үшін көрсетіледі;

      2) 5-бағанда "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң) 6-бабы 3-тармағының ерекшеліктерін ескере отырып, Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 6-бабының 1-тармағында немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21340 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 938 бұйрығымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына және күдікті операцияны айқындау белгілеріне (бұдан әрі – Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидалары) 5-қосымшамен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері кодтарының анықтамалығында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттардың біреуінің атауы көрсетіледі;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) 8-бағанда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес жеке басты куәландыратын құжатқа сай азаматтығы елінің екі әріпті коды (азаматтығы жоқ адам үшін көрсетілмейді) көрсетіледі;";

      8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) 12-бағанда валюталардың әріпті кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;

      9) 13-бағанда жеке тұлға азаматтығы тиесілі елінің мына кодтары көрсетіледі:

      "1" – жеке тұлғаның азаматтығы елі Ақшаны жылыстатумен күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енгізілген;

      "2" – жеке тұлғаның азаматтығы елі оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын мына елдердің бірі болып табылады:

      Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Вайоминг штатының, Гуам аралының, Делавэр штатының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана);

      Андорра Княздігі;

      Антигуа және Барбуда мемлекеті;

      Багам аралдарының Достастығы;

      Барбадос мемлекеті;

      Белиз мемлекеті;

      Бруней Даруссалам мемлекеті;

      Біріккен Танзания Республикасы;

      Вануату Республикасы;

      Гватемала Республикасы;

      Гренада мемлекеті;

      Джибути Республикасы;

      Доминики Достастығы;

      Доминикан Республикасы;

      Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;

      Гайана Кооперативтік Республикасы;

      Коста-Рика Республикасы;

      Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) арнайы әкiмшiлiк ауданының аумағы бөлiгiнде ғана);

      Либерия Республикасы;

      Ливан Республикасы;

      Лихтенштейн Княздігі;

      Мавритания Ислам Республикасы;

      Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана);

      Мальдив Республикасы;

      Мальта Республикасы;

      Мариан аралдары;

      Маршалл аралдары Республикасы;

      Марокко Корольдігі (Танжер қаласының аумағы бөлігінде ғана);

      Мьянма Одағы;

      Науру Республикасы;

      Нигерия Федеративтiк Республикасы;

      Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана);

      Палау Республикасы;

      Панама Республикасы;

      Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Самоа Тәуелсiз Мемлекетi;

      Сейшель аралдары Республикасы;

      Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;

      Сент-Китс және Невис Федерациясы;

      Сент-Люсия мемлекеті;

      Суринам Республикасы;

      Тонга корольдігі;

      Тринидад және Тобаго Республикасы;

      Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (Ангилья аралдары, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралы, Теркс және Кайкос аралдары аумақтары бөлiгiнде ғана);

      Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы;

      Филиппин Республикасы;

      Француз Республикасы (Франциялық Гвиана және Франциялық Полинезия аумақтары бөлігінде ғана);

      Черногория Республикасы;

      Шри-Ланка Демократиялық Республикасы;

      Ямайка;

      "3" – жеке тұлғаның азаматтық елі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясымен қабылданған оған қатысты халықаралық санкция (эмбарго) қолданған шетел мемлекеті (аумақ) болып табылады;

      "4" – жеке тұлғаның азаматтық елі жеке тұлға елінің жоғарыда көрсетілген тиістілік кодтарына енгізілген ел болып табылмайды.

      Егер жеке тұлғаның азаматтық елі жеке тұлға елінің екі немесе одан да көп тиістілік кодтарына енгізілсе, онда жеке тұлғаның азаматтық елі енгізілген барлық тиістілік коды көрсетіледі. Мысалы, егер елдің тиістілік коды "1" және "2" болса, онда "1, 2" көрсетіледі.

      Азаматтығы жоқ адамдар үшін жоғарыда көрсетілген белгілерді көрсету талап етілмейді;";

      4-қосымшада:

      Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:

      5-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 4-бағанда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті тәртіпте жеке сәйкестендіру нөмірі (12 цифрдан тұратын) және бар болса – шетелдіктер немесе азаматтағы жоқ адамдар үшін көрсетіледі;

      2) 5-бағанда "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң) 6-бабы 3-тармағының ерекшеліктерін ескере отырып, Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 6-бабының 1-тармағында немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21340 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 938 бұйрығымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына және күдікті операцияны айқындау белгілеріне (бұдан әрі – Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидалары) 5-қосымшамен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері кодтарының анықтамалығында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттардың біреуінің атауы көрсетіледі;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) 8-бағанда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес жеке басты куәландыратын құжатқа сай азаматтығы елінің екі әріпті коды (азаматтығы жоқ адам үшін көрсетілмейді) көрсетіледі;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) 12-бағанда валюталардың әріпті кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) 14, 15, 16 және 17-бағандарда үлестес тұлғамен мәміле жасалған күні жүргізілген барлық операциялар бойынша сатып алудың және (немесе) сатудың орташа сараланған, ең жоғары, ең төменгі бағамдары (бағасы) және тиісінше 11-бағанда көрсетілген операция түріне қарай үлестес тұлға үшін бағам (бағалы металдың бір граммы үшін бағасы) көрсетіледі;";

      6-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 4-бағанда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1 бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес заңды тұлға тіркелген елдің екі әріпті коды көрсетіледі.";

      5-қосымшада:

      Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:

      5-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 3 және 12-бағандарда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1 бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес банк тіркелген елдің екі әріпті коды көрсетіледі;

      2) 4 және 13-бағандарда банк елінің мынадай тиістілік кодтары көрсетіледі:

      "1" – банк елі Ақшаны жылыстатумен күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енгізілген;

      "2" – банк елі оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын мына елдердің бірі болып табылады:

      Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Вайоминг штатының, Гуам аралының, Делавэр штатының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана);

      Андорра Княздігі;

      Антигуа және Барбуда мемлекеті;

      Багам аралдарының Достастығы;

      Барбадос мемлекеті;

      Белиз мемлекеті;

      Бруней Даруссалам мемлекеті;

      Біріккен Танзания Республикасы;

      Вануату Республикасы;

      Гватемала Республикасы;

      Гренада мемлекеті;

      Джибути Республикасы;

      Доминики Достастығы;

      Доминикан Республикасы;

      Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;

      Гайана Кооперативтік Республикасы;

      Коста-Рика Республикасы;

      Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) арнайы әкiмшiлiк ауданының аумағы бөлiгiнде ғана);

      Либерия Республикасы;

      Ливан Республикасы;

      Лихтенштейн Княздігі;

      Мавритания Ислам Республикасы;

      Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана);

      Мальдив Республикасы;

      Мальта Республикасы;

      Мариан аралдары;

      Маршалл аралдары Республикасы;

      Марокко Корольдігі (Танжер қаласының аумағы бөлігінде ғана);

      Мьянма Одағы;

      Науру Республикасы;

      Нигерия Федеративтiк Республикасы;

      Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана);

      Палау Республикасы;

      Панама Республикасы;

      Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Самоа Тәуелсiз Мемлекетi;

      Сейшель аралдары Республикасы;

      Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;

      Сент-Китс және Невис Федерациясы;

      Сент-Люсия мемлекеті;

      Суринам Республикасы;

      Тонга корольдігі;

      Тринидад және Тобаго Республикасы;

      Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (Ангилья аралдары, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралы, Теркс және Кайкос аралдары аумақтары бөлiгiнде ғана);

      Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы;

      Филиппин Республикасы;

      Француз Республикасы (Франциялық Гвиана және Франциялық Полинезия аумақтары бөлігінде ғана);

      Черногория Республикасы;

      Шри-Ланка Демократиялық Республикасы;

      Ямайка;

      "3" – банк елі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясымен қабылданған оған қатысты халықаралық санкция (эмбарго) қолданған мемлекет (аумақ) болып табылады;

      "4" – банк елі банк елінің жоғарыда көрсетілген тиістілік кодтарына енгізілген ел болып табылмайды.

      Егер банк елі банк елінің екі немесе одан да көп тиістілік кодтарына енгізілсе, онда банк елі енгізілген барлық тиістілік кодтары көрсетіледі. Мысалы, егер елдің тиістілік коды "1" және "2" болса, онда "1, 2" көрсетіледі;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) 9-бағанда валюталардың әріпті кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;".

      2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Ж.Т. Қажымұратов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп (А.С. Касенов) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Ә.Р. Адамбаева) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады