ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"155. Егер әлеуетті өнім берушінің бас мердігер (жобалаушы) ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір пайыз (1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер (қосалқы жобалаушы) ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс нысанасы болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі пайыз (0,2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Егер бұл жұмыстарды әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер (қосалқы жобалаушы) ретінде орындаса, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір пайыз (0,1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Құрылыс объектісі деп бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған, нысанасы өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін жұмыстар түсініледі.
Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Жұмыстар деп бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған, нысанасы өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін жұмыстар түсініледі.
Егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, осы өлшемнің конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспайды.
Егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда, осы өлшемнің конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.
Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 5 және 5-1-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.";
378-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"378. Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші осы Қағидалардың 378-1-тармағында көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілердің бастамасы бойынша және (немесе) тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша веб-портал арқылы ұсынылған коммерциялық ұсыныстар негізінде Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатын сақтай отырып, өнім берушіні айқындайды және онымен веб-портал арқылы шарт жасасады.
Заңның 39-бабының 3-тармағының 1), 6), 7), 8), 16), 27), 29), 30), 31), 33), 36), 37), 38), 40), 41), 51) және 56)-тармақшаларына сәйкес көзделген негіздер бойынша тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталда белгіленген форматтық-логикалық бақылауды ескере отырып жүзеге асырылады.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасында көзделген негіз бойынша шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың электрондық каталогынан жүзеге асырылады.
Тапсырыс беруші тауарлардың электрондық каталогынан мемлекеттік сатып алу жеңімпазын айқындаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы жеңімпазға шартқа қол қоятын адам және шартты ресімдеу үшін өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерге сұрау салу жібереді.
Бұл ретте Заңның 5-бабы 13-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартуға жол берілмейді.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда тауарлардың электрондық каталогын пайдаланбай жүзеге асырылады:
1) тауарлардың электрондық каталогында сатып алынатын тауарлардың болмауы;
2) тауарлардың электрондық каталогында тауарды орналастырған әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоюдан бас тартуы;
3) тапсырыс берушінің өңірі үшін тауарлардың электрондық каталогында орналастырылған сатып алынатын тауарларды жеткізудің қолжетімсіздігі;
4) тауарлардың электрондық каталогында орналастырылған тауар құнының тапсырыс беруші сатып алатын тауардың жоспарлы сомасынан асып кетуі.
Бұл ретте осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда шартқа техникалық ерекшелік үшін сатып алынатын тауарлардың сипаттамалары тауарлардың электрондық каталогының мәліметтерінен қалыптастырылуға тиіс.";
378-1 және 378-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"378-1. Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 15), 28), 46), 50), 51), 53) және 54) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жарнамасындағы, каталогтарындағы, сипаттамаларындағы және Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасына сәйкес көпшілік оферта болып танылған белгісіз тұлғалар тобына арналған басқа ұсыныстардағы жалпыға қол жетімді ақпарат көздерін зерделеу арқылы сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығын талдау нәтижелері бойынша айқындалған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның оның ішінде ұқсас тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қызметін жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар веб-портал арқылы жібереді.
378-2. Әлеуетті өнім берушіге жіберілетін коммерциялық ұсыныстар беруге сұрау салу осы Қағидаларға 18-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы ресімделеді.";
378-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"378-4. Осы Қағидалардың 378-1-тармағында көзделген жағдайларда тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің бастамасы бойынша коммерциялық ұсыныстар веб-портал арқылы ұсынылады.
Осы Қағидалардың 378-1-тармағында көзделген жағдайларда тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің бастамасы бойынша ұсынылған коммерциялық ұсыныстардың негізінде тапсырыс беруші Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидатын сақтай отырып, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін әлеуетті өнім берушіні айқындайды.";
379-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"379. Тапсырыс беруші шарт жасасу мақсатында әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жібереді.
Шарттың жобасына әлеуетті өнім беруші оны веб-портал арқылы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, бірақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес камералдық бақылау жүргізілгеннен кейін қол қояды (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады).
Осы тармақтың екінші бөлігінің талабы Заңның 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасында көзделген негіз бойынша тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен тауарлардың электрондық каталогынан жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
Егер әлеуеттi өнім берушi осы тармақтың екiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiм өткен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде шарт жобасына қол қоймаса (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырмаса) тапсырыс берушi осы әлеуеттi өнiм берушiге жiберiлген шарт жобасын кері қайтарып алады.";
14-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"14-тарау. Электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу
448. Электрондық депозитерий осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша веб-порталда қалыптасады.
449. Электрондық депозитарийді осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілер енгізетін жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері қалыптастырады.
450. Электрондық депозитарий:
1) электрондық депозитарийге енгізілетін әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау;
2) электрондық депозитарийге енгізілген мәліметтерді түзету арқылы қалыптастырылады.
451. Әлеуетті өнім берушінің соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері олардың анықтығы расталғаннан кейін электрондық депозитарийге енгізеді.
Әлеуетті өнім берушілердің электрондық депозитарийге соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізу туралы өтінімдерін әлеуетті өнім беруші қалыптастырады және веб-портал арқылы береді.
Әлеуетті өнім берушілердің мұндай өтінімдерін уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері он жұмыс күні ішінде қарайды.
452. Әлеуетті өнім берушінің соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау мақсатында мұндай әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғаларға жүгінеді.
453. Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылғы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийге енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін мынадай талаптарды ескере отырып, қарайды:
1) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың анықтығы қазынашылық органдарының деректері негізінде айқындалады;
2) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалануға берілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың анықтығын:
тапсырыс беруші (қайта ұйымдастырылған жағдайда – тапсырыс берушінің құқықтық мирасқоры) және (немесе) меншік иесі;
сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган не мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган не құрылыс объектісі орналасқан жер бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган растайды;
Бұл ретте мұндай растау әлеуетті өнім берушілердің жоғарыда көрсетілген кемінде екі тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып веб-портал арқылы ұсынылған хаттарымен осындай тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырылады;
3) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың осы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкестігі.
Құжаттар осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мұндай құжаттар дұрыс деп танылады және егер мұндай құжаттардың дұрыстығын:
бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға енгізілген объектілер бойынша қазынашылық органдарынан;
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген кемінде екі тұлғадан растау болса;
заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайда, электрондық депозитарийге енгізіледі.
454. Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылғы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийге енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін мынадай талаптарды ескере отырып қарайды:
1) техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар осы Қағидалардың 453-тармағына сәйкес қаралады;
2) бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін пайдалануға енгізілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың дәйектілігін:
меншік иесі;
құрылыс объектісінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап объект пайдалануға енгізілген жағдайларда құрылыс объектісі орналасқан жерде сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;
2016 жылғы 1 қаңтарға дейін объект пайдалануға енгізілген жағдайларда меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдауына байланысты өзге де жеке және заңды тұлғалар растайды.
Бұл ретте мұндай растау әлеуетті өнім берушілердің жоғарыда көрсетілген кемінде екі тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып веб-портал арқылы ұсынылған хаттарымен осындай тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырылады;
3) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкестігі.
Құжаттар осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мұндай құжаттар дұрыс деп танылады және егер мұндай құжаттардың дұрыстығын:
кемінде екі уәкілетті органнан және осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан растау;
заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайларда, электрондық депозитарийге енгізіледі.
455. Әлеуетті өнім берушінің жобалау бойынша соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы әлеуетті өнім берушілердің өтініштері негізінде осындай сараптама ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, веб-портал арқылы ұсынылған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының хаттарымен расталады.
456. Егер объектілерді пайдалануға қабылдау актісінде көрсетілген құрылыс объектісінің атауы функционалдық мақсаттың бірнеше түрлерін көздеген жағдайда, онда әлеуетті өнім берушінің мұндай жұмыс тәжірибесі электрондық депозитарийге функционалдық мақсаттың әрбір түрі бойынша жеке енгізіледі.
457. Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері толтырылған мәліметтердің растайтын құжаттарға сәйкестігін ескере отырып, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарайды.
458. Веб-портал арқылы электрондық депозитарийге енгізілетін, оның жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушінің әрбір жұмыс тәжірибесі бөлінісінде мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
1) мәліметтер мен құжаттар осы Қағидалардың 453 - 455-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайларда қабылданатын растау туралы;
2) растаудан бас тарту туралы, ол мынадай жағдайларда қабылданады:
жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша әлеуетті өнім берушінің дұрыс емес ақпарат беру фактісін анықтау;
осы Қағидалардың 453 - 455-тармақтарында көзделген талаптарға мәліметтер мен құжаттардың сәйкес келмеуі.
459. Әлеуетті өнім берушілер электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу кезінде анықталған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері осындай факті туралы өзідеріне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінеді.
460. Электрондық депозитарийге енгізілген, оның ішінде мәліметтердің дұрыс емес (қате) толтырылуына байланысты бұғатталған мәліметтерді түзетуді уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері веб-портал арқылы берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Мұндай түзету:
1) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының талаптары;
2) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарда көрсетілген мәліметтер ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
461. Уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері өтінім берілген түзетулер шегінде электрондық депозитарийге енгізілген мәліметтерді түзету туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарайды.
462. Веб-портал арқылы электрондық депозитарийге енгізілген мәліметтерді түзету туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушінің әрбір жұмыс тәжірибесі бөлінісінде мынадай:
1) әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген ұсынылатын түзетулер "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының талаптарына сәйкес келген жағдайда қабылданатын түзету туралы;
2) әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген ұсынылатын түзетулер "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қабылданатын түзетуден бас тарту туралы шешімдердің бірі қабылданады.
463. Осы Қағидалардың 458 және 462-тармақтарында көзделген шешімдерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
464. Электрондық депозитарийде қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттауды уәкілетті органның ведомствосы әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталған жағдайларда жүзеге асырады.
465. Электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттауды уәкілетті органның ведомствосы веб-портал арқылы жіберілген бұғаттауға өтінімдер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар нақты мемлекеттік сатып алуды өткізу шеңберінде электрондық депозитарийде қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат ұсыну фактісін анықтаған кезде;
2) ішкі мемлекеттік аудит органдары шағымдарды, қарсылықтарды қарау шеңберінде электрондық депозитарийде қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісін анықтаған кезде;
3) осы Қағидалардың 453- пен 454-тармақтарында көзделген жағдайларда электрондық депозитарийді верификациялау (тексеру) нәтижелері бойынша жүргізіледі.
466. Электрондық депозитарийде дәйексіз ақпарат фактілерін растайтын құжаттарсыз қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттауға арналған өтінімдерді уәкілетті органның ведомствосы дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, кері қайтарады.
467. Қарсылықты қанағаттандыру туралы шешім қабылданған жағдайда, электрондық депозитарийде қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын бұғатталған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы бөлігінде шағымдарды уәкілетті орган және (немесе) ішкі мемлекеттік аудит органдары шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның ведомствосына осындай мәліметтер мен құжаттарды бұғаттаудан шығаруға өтінім жібереді.
Мұндай мәліметтер мен құжаттарды бұғаттаудан шығару туралы өтінімдерді қарауды уәкілетті органның ведомствосы тиісті өтінім келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы жүзеге асырады.
468. Уәкілетті органның ведомствосы веб-портал арқылы электрондық депозитарийде қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттаудан шығару туралы өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша әлеуетті өнім берушінің әрбір жұмыс тәжірибесі бөлінісінде мынадай:
1) бұғаттаудан шығару туралы;
2) дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, бұғаттаудан шығарудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
469. Электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды бұғаттаудан шығаруды уәкілетті органның ведомствосы бұғатталған мәліметтер мен құжаттарды дұрыс деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде жүзеге асырады.
470. Уәкілетті органның ведомствосы әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларға электрондық депозитарийдегі мәліметтер мен құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісінің анықталуы себебінен мұндай мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийден алып тастайды.
471. 2021 жылғы 31 мамырға дейін қоса алғанда әлеуетті өнім берушілердің электрондық депозитарийге дербес енгізген әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды верификациялауды (тексеруді) уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
472. Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды верификациялау (тексеру) осы Қағидалардың 453-455-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
473. Әлеуетті өнім берушілер верификация (тексеру) кезінде белгіленген электрондық депозитарийге жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша дұрыс емес ақпарат енгізген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері өздеріне осындай факт туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінеді.
474. 2021 жылғы 31 мамырға дейін қоса алғанда әлеуетті өнім берушілер электрондық депозитарийге дербес енгізген әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды верификациялау (тексеру) 2021 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей аяқталуға тиіс.";
Қағидаларға 4-қосымшада:
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз мөлшерінде, бірақ бес пайыздан аспайтын шартты жеңілдік береді.
Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс ныманасы болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір (1 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер (қосалқы жобалаушы) ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс нысанасы болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Егер аталған жұмыстар әлеуетті өнім берушімен қосалқы мердігер ретінде орындалған болса, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір (0,1 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Құрылыс объектісі деп бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған, нысанасы өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін жұмыстар түсініледі.
Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді
Жұмыстар деп бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған, нысанасы өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін жұмыстар түсініледі.
Егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, осы өлшемнің конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспайды.
Егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда, осы өлшемнің конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.
Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 5 және 5-1-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.";
Конкурстық құжаттамаға 1-2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Конкурстық құжаттамаға 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Конкурстық құжаттамаға 5-1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 26-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2021 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші, тоқсан алтыншы, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, жүзінші, жүз бірінші, жүз екінші, жүз үшінші, жүз төртінші, жүз он тоғызыншы және жүз жирмасыншы абзацтарын қоспағанда, 2021 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрінің | |
2021 жылғы 28 мамырдағы | |
№ 498 Бұйрыққа | |
1-қосымша | |
Конкурстық құжаттамаға | |
1-2-қосымша |
Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (құрылыс (құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау бойынша жұмыстар) саласында жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы__________
Ұйымдастырушының атауы __________
Конкурстың № _____________________
Конкурстың атауы ________________
Лоттың №______________________
Лоттың атауы __________________
Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес құрылыс (құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау бойынша жұмыстар) саласында жұмыстарды орындауға рұқсаттың (хабарламаның) болуы.
№ | Рұқсаттың (хабарламаның) атауы | |
1 |
2. Қаржылық орнықты болу және республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде анықталады).
3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
4. Материалдық және еңбек ресурстарына ие болу осы қосымшаның 1-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсатпен (хабарламамен) расталады.
5. Конкурста сатып алынатын ұқсас (сол сияқты) орындалатын жұмыстар тәжірибесінің соңғы он жыл ішінде болуы.
Егер сатып алынатын жұмыстарды орындауға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы талап етілген жағдайда, жұмыс тәжірибесі бойынша талап қойылмайды.
№ | Сатып алынатын жұмыстарнысанасының атауы (лоттың атауы) | Талап етілетін жұмыс тәжірибесі (жыл саны) | Құрылыстың түрі (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу) | Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмендетілген) | Объектілердің техникалық жағынан күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар | Функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндіріс ғимараттары, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар) | Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, конкурстың нысанасына сәйкес келетін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі |
1 |
Ескертпе.
Өзге құжаттарда әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрінің | |
2021 жылғы 28 мамырдағы | |
№ 498 Бұйрыққа | |
2-қосымша | |
Конкурстық құжаттамаға | |
5-қосымша |
Біліктілік туралы мәліметтер (құрылыс саласындағы (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау бойынша жұмыстар) жұмыстарды сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші (қосалқы мердігер) толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы ___________________
Ұйымдастырушының атауы _______________
Конкурстың № _____________
Конкурстың атауы __________________________
Лоттың № ______________________________
Лоттың атауы ______________________________
БСН/ЖСН/ССН/СЕН және әлеуетті өнім берушінің атауы __________
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, рұқсаттардың (хабарламаның) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы мәліметтер.
№ | Рұқсаттың (хабарламаның атауы) | Қызмет түрі | Ерекше шарттар (санаты) | Құжаттың берілген күні мен нөмірі | Рұқсаттың (хабарламаның) электрондық көшірмесі) |
1. |
2. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы туралы, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді веб-портал мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде айқындайды.
3. Банкроттық не тарату рәсімі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші банкрот болып табылмайтынын және тарату рәсіміне жатпайтынын растайды).
4. Материалдық және еңбек ресурстарына ие болу осы қосымшаның 1-тармағында көзделген Рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсатпен (хабарламамен) расталады.
5. Конкурста сатып алынатындарға ұқсас (ұқсас) ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде орындалған жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер электрондық депозитарийдегі құжаттарға сәйкес расталады (болған жағдайда толтырылады).
№ | Жұмыс атауы | Құрылыс объектісі бойынша әлеуетті өнім берушінің мәртебесі (бас мердігер, бас жобалаушы/қосалқы мердігер) | Құрылыс түрі (жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру және қолданыстағы объектілерді күрделі жөндеу) | Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші-жоғары, екінші-қалыпты, үшінші-төмен) | Объектілердің техникалық күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар) | Функционалдық мақсаты (өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар) | Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, конкурстың нысанасына сәйкес келетін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі | Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан орны) | Тапсырыс берушінің атауы | Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі | Раст айтын құжат тардың электр ондық көшір месі (сілт еме) |
_______________________________________
Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
Ескертпе:
1. Егер осы конкурста жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаса, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді.
2. Егер конкурстың мәні Жаңа объектілерді салу, сондай – ақ қолда бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу болып табылған жағдайда, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері.
Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар көрсетілген нысандарға сәйкес келмеген жағдайда, мұндай құжаттар дұрыс деп танылады және осы Қағидалардың 453 және 454-тармақтарының 2) тармақшаларында айқындалған жағдайларда және тәртіппен жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде ескеріледі.
Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, орындалған жұмыстарды қабылдау және объектіні пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері ұсынылады, онда бұл қосалқы мердігер туралы мәліметтер көрсетіледі.
Туралы мәліметтер болмаған жағдайда қосалқы мердігер актіде объектіні пайдалануға қабылдау, қосымша электрондық көшірмесі ұсынылады сәйкестік туралы декларацияның, онда бұл туралы мәліметтерді қосалқы мердігер.
Егер конкурс мәні автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу болып табылған жағдайда, орындалған жұмыстарды қабылдау актілерінің (сертификаттар, шарттық баға ведомосіне сәйкес орындалған жұмыстарды қабылдау актілері) және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.
3. Егер конкурстың мәні жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу болып табылған жағдайда, сараптаманың оң қорытындысының электрондық көшірмесі жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.
4. Егер конкурстың мәні жаңа құрылыс болып табылған жағдайда, тек жаңа объектілер құрылысының жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Автомобиль жолдарын және (немесе) инженерлік желілерді қайта жаңарту жөніндегі жұмыс тәжірибесі автомобиль жолдарын және (немесе) инженерлік желілерді жаңадан салу кезінде ескеріледі.
5. Егер конкурстың мәні кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау болып табылған жағдайда, күрделі жөндеуді қоспағанда, Жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және қайта жаңарту жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.
6. Егер конкурстың мәні күрделі жөндеу болып табылған жағдайда, жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.
7. Егер конкурстың мәні жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстар болып табылған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Егер конкурстың мәні жобалау-сметалық құжаттаманы түзету немесе байланыстыру жөніндегі жұмыстар болып табылған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, түзету, байланыстыру жөніндегі жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
8. Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалған құрылыс объектілерінің функционалдық мақсаты мен салалық тиесілілігіне (құрылыс түрлері бойынша бұрын орындалған жұмыстардың ұқсас немесе ұқсас болуы) және олардың техникалық күрделілігіне қарай есептеледі.
9. Әлеуетті өнім берушінің құрылыс (құрылыс-монтаж жұмыстары және жобалау) саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жиынтығында есепке алынады:
1) ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (біріншісі – жоғары, екіншісі – қалыпты, үшіншісі – төмен).
Егер конкурстың мәні бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, тек бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Егер конкурстың мәні екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Егер конкурстың мәні үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары), екінші (қалыпты) және үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі;
2) объектілердің техникалық күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар).
Егер конкурстың мәні техникалық күрделі объектілер (кешендер) болып табылса, тек техникалық күрделі объектілердің (кешендердің) жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Егер конкурстың мәні техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.);
3) функционалдық мақсаты (өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар);
4) бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсастығы тұрғын үй – азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң) Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің тиісті кіші түрінің бір тармақшасында болған жағдайда ескеріледі.
Бұл ретте электрмен жабдықтауға, электрмен жарықтандыруға және электрмен жылытуға байланысты бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсастығы олардың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің тиісті кіші түрінің әртүрлі тармақшаларында конкурс нысанасымен болуына қарамастан ескеріледі.
Автомобиль жолдарын салуға байланысты бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсастығы олардың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің тиісті кіші түрінің әртүрлі тармақшаларында конкурс нысанасымен болуына қарамастан ескеріледі.
10. Инженерлік желілер мен жүйелердің (инженерлік желілер мен жүйелердің бірнеше түрі) кешенді құрылысы (жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) кезіндегі жұмыс тәжірибесі өткізілетін Мемлекеттік сатып алу нысанасына сәйкес келетін инженерлік желілер және (немесе) жүйелер түрлерінің ең болмағанда біреуінің болуына қарай есептеледі.
Инженерлік желілерді және (немесе) жүйелерді (инженерлік желілердің және (немесе) жүйелердің бірнеше түрі) реконструкциялау жөніндегі жұмыс тәжірибесі инженерлік желілерді және (немесе) жүйелерді (инженерлік желілердің және (немесе) жүйелердің бірнеше түрі) жаңадан салу кезінде ескеріледі.
Автомобиль жолдары мен инженерлік желілер мен жүйелерді (инженерлік желілер мен жүйелердің бірнеше түрі) кешенді салу (жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) кезіндегі жұмыс тәжірибесі, жұмыс тәжірибесі автомобиль жолдарының жұмыс тәжірибесінің болуына және инженерлік желілер мен жүйелердің ең болмағанда бір түрінің болуына сүйене отырып есептеледі.
11. Егер конкурс нысанасы аумақты абаттандыру немесе аулалық аумақтарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар болып табылса және лицензияланатын түрлерді орындау көзделген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі конкурс нысанасында көзделген барлық лицензияланатын жұмыс түрлері бойынша тәжірибесі болған кезде ескеріледі.
12. Егер жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылған жағдайда, қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі жиынтығында мынадай шарттарды сақтаған кезде ескеріледі:
1) бір жыл жұмыс тәжірибесі жылына қосалқы мердігер ретінде орындалған жұмыстардың кемінде екі объектісі болған кезде беріледі. Жылына орындалған жұмыстардың екі объектісінен астам жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, бір жылдан астам жұмыс тәжірибесін беруге жол берілмейді;
2) қосалқы мердігердің жұмыс тәжірибесі конкурс нысанасына сәйкес келетін объектілерде (бір немесе бірнеше) жұмыстар орындалған жағдайда ескеріледі. Бұл ретте, қосалқы мердігердің жұмыс тәжірибесі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес лицензияланатын қызмет түрлері бойынша ғана ескеріледі.
Объект деп өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған жұмыстар түсініледі.
13. Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күніне сәйкес құрылыстың аяқталған жылы танылады.
14. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсыну конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Егер конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылмауы мүмкін.
15. Жалға алу шартының электрондық көшірмесі немесе алдын ала жалға алу шартының электрондық көшірмесі материалдық ресурстарды жалға алу құқығын растайтын құжат болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген жұмыстарды орындау мерзімінен кем болмауға тиіс.
16. Материалдық ресурстарды қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.
17. Осы қосымшаның қаржылық тұрақтылығы бөлігінде 2-тармағының, 4 және 5-тармақтарының талаптары қосалқы мердігерлерге қолданылмайды.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН-салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН-төлеушінің есептік нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрінің | |
2021 жылғы 28 мамырдағы | |
№ 498 Бұйрыққа | |
3-қосымша | |
Конкурстық құжаттамаға | |
5-1-қосымша |
Біліктілігі туралы мәліметтер (құрылыспен байланысты емес жұмыстарды сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші (қосалқы мердігерлер) толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы__________
Ұйымдастырушының атауы __________
Конкурстың № _____________________
Конкурстың атауы ________________
Лоттың №______________________
Лоттың атауы __________________
БСН/ЖСН/ССН / ТЕН және әлеуетті өнім берушінің атауы _________
1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар туралы мәліметтер болмаған жағдайларда, рұқсаттардың (хабарламаның) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы мәліметтер.
№ | Рұқсаттың (хабарламаныңатауы) | Қызмет түрі | Ерекше шарттар (санаты) | Құжаттың берілген күні мен нөмірі | Рұқсаттың (хабарламаның) электрондық көшірмесі) |
1. |
Бұл тармақ, егер жұмыстарды орындау тиісті рұқсат алуды, хабарлама жіберуді талап еткен жағдайда толтырылады.
2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды.
3. Банкроттық не тарату рәсімі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші банкрот болып табылмайтынын және тарату рәсіміне жатпайтынын растайды).
4. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, жұмыстарды орындау үшін қажетті талап етілетін материалдық ресурстардың болуы туралы мәліметтер.
№ | Материалдық ресурстардың атауы | Қолда бар бірліктердің саны | Жағдайы (Жаңа, жақсы, жаман) | Меншік (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса беріледі), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса беріледі)) | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі | Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме) |
5. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, жұмыстарды орындау үшін қажетті талап етілетін еңбек ресурстары туралы мәліметтер.
№ | Мамандық (біліктілік) атауы) | Қызметкерлердің Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі)) | Біліктілігі туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен Берілген күнін көрсету, олардың электрондық көшірмелерін қоса беру) | Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 |
6. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (ұқсас) орындалған жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер (болған жағдайда толтырылады).
№ | Жұмыстың атауы | Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан орны) | Тапсырыс берушінің атауы | Орындалған жұмыстар актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі | Растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (сілтеме) |
1 |
_______________________________________
Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймынЖүктеу |
Ескертпе:
1. Құрылыс-монтаж жұмыстарына тиісті рұқсаты (хабарламасы) бар және қолданыстағы объектілерді ағымдағы және орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттамада көзделген материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес деп танылады.
Бұл ретте осы қосымшаның 4 және 5-тармақтарының талаптары мұндай әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
2. Егер осы конкурста жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаса, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді.
3. Егер конкурстың мәні автомобиль жолдарын орташа жөндеу болып табылған жағдайда автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.
Егер конкурстың мәні ағымдағы жөндеу болып табылған жағдайда жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарының тәжірибесі ескеріледі.
4. Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар орындалған жұмыстар актілерінің электрондық көшірмелері болып табылады.
5. Егер конкурс мәні автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстар болып табылған жағдайда, орындалған жұмыстарды қабылдау және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің тиісті электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.
6. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде жұмыстардың аяқталған жылы танылады.
7. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсыну конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Егер конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылмауы мүмкін.
8. Жалға алу шартының электрондық көшірмесі немесе алдын ала жалға алу шартының электрондық көшірмесі материалдық ресурстарды жалға алу құқығын растайтын құжат болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген жұмыстарды орындау мерзімінен кем болмауға тиіс.
9. Материалдық ресурстарды қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.
10. Осы қосымшаның қаржылық тұрақтылығы бөлігінде 2-тармағының, 4, 5 және 6-тармақтарының талаптары қосалқы мердігерлерге қолданылмайды.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрінің | |
2021 жылғы 28 мамырдағы | |
№ 498 Бұйрыққа | |
4-қосымша | |
Мемлекеттік сатып алуды | |
жүзеге асыру қағидаларына | |
26-қосымша |
Электрондық депозитарийге енгізілетін әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың ТІЗБЕСІ
1. Құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау жұмыстары бойынша
№ | Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың атауы | Ескертпе |
1 | Құрылыс объектісінің атауы | |
2 |
Құрылыс объектілері бойынша әлеуетті өнім берушінің мәртебесі: | Егер әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерді тартқан бас мердігер болып табылса, онда қосымша осындай қосалқы мердігер туралы мәліметтер (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі. Егер әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер болса, онда қосымша бас мердігер туралы мәліметтер (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі. |
3 | Құрылыстың түрі (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу) | |
4 | Мекенжайы (құрылыс объектісінің мекенжайы) | |
5 | Тапсырыс берушінің атауы | |
6 | Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы | |
7 | Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмендетілген) | |
8 | Объектілердің техникалық күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар) | |
9 | Функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндіріс ғимараттары, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар) | |
10 | Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші мәлімдеген жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі. | |
11 | Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың нөмірі және күні | |
12 | Қағидаларға сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың атауы | Құжаттардың электрондық көшірмелерін салу қажет |
Ескертпе:
жұмыс тәжірибесін растайтын бұрын электрондық депозитарийге енгізілген құжаттар өзгермеген жағдайда, 2021 жылғы 1 маусымнан 31 шілдені қоса алғандағы кезеңде құрылыс-монтаждау жұмыстарын және жобалау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге веб-порталда бір реттен артық емес техникалық мүмкіндік беріледі:
1) жұмыс тәжірибесі бойынша мәліметтерді дербес түзету бойынша;
2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі бойынша мәліметтерді толтыру бойынша.