Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 240 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 маусымда № 22883 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 133) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 26 мамырдағы
№ 240 бұйрығымен бекітілген

Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлері

Р/с

Қауіпті заттың атауы

Критерийлер (қауіпті заттың шекті мөлшері), тонна

1

2

3

1.

Аммиак

5

2.

Акрилонитрил

200

3.

Хлор

5

4.

Этилен оксиді

50

5.

Цианит сутегі

20

6.

Фторлы сутегі

50

7.

Күкіртті сутегі

1

8.

Күкірт диоксиді

200

9.

Күкірт триоксиді

75

10.

Қорғасын алкилдері

50

11.

Фосген

0,75

12.

Метилизоцианат

0,15

13.

Хлорпикрин

0,55

14.

Бромметил

15

15.

Металлил хлорид

20

16.

Тұз қышқылы

40

17.

Азот қышқылы

25

18.

Фторлы-сутекті (плавик) қышқылы

10

19.

Ортофосфор қышқылы

25

20.

Күкірт қышқылы

20

21.

Тұтанатын заттар

200

22.

Жанатын заттар

200

23.

Технологиялық процесте қолданылатын немесе магистральды құбыр бойынша тасымалданатын жанатын сұйықтықтар

200

24.

Қышқылданатын заттар

200

25.

Жарылғыш заттар

25

26.

Уытты заттар

200

27.

Уыттылығы жоғары заттар

20

28.

Қоршаған табиғи орта үшін қауіп тудыратын заттар

200


Р/с

Қызмет түрінің атауы

1

2

1.

Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдар негізіндегі қорытпаларды өндіру

2.

Иондаушы сәулелену көздерін, элеваторларды пайдалану

3.

Тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жару жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіру және минералдық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді қоспағанда), жерасты жағдайындағы жұмыстарды жүргізу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады