Техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу үшін өнімдер тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 мамырдағы № 374-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 маусымда № 22886 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу үшін өнімдер тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  сауда және интеграция министрінің
  2021 жылғы 29 мамырдағы
№ 374-НҚ Бұйрығымен
бекітілген

Техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу үшін өнімдер тізбесі

      1. Төмен вольтты жабдық.

      2. Электромагниттік кедергілер жасауға қабілетті және (немесе) жұмыс істеу сапасы сыртқы электромагниттік кедергілердің әсеріне байланысты болатын техникалық құралдар.

      3. Қауіпті заттары бар электр техникасы мен радиоэлектроника бұйымдары.

      4. Машиналар мен жабдық.

      5. Лифтілер.

      6. Автокөлік және авиациялық бензин, дизель және кеме отыны, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын және мазут.

      7. Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттар.

      8. Доңғалақты көлік құралдары және олардың компоненттері.

      9. Майлау материалдары, майлар және арнайы сұйықтықтар.

      10. Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы тракторлары және олардың тіркемелері, және олардың компоненттері.

      11. Отын ретінде пайдалану үшін сұйытылған көмірсутекті газ.

      12. Аттракциондар.

      13. Балалар ойын алаңдарына арналған жабдық.

      14. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдары.

      15. Көмір және оны қайта өңдеу өнімдері.

      16. Қаптама.

      17. Құрылыс материалдары мен бұйымдары.

      18. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдық.

      19. Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдық.

      20. Жеңіл өнеркәсіп өнімдері.

      21. Жеке қорғану құралдары.

      22. Жиһаз өнімдері.

      23. Синтетикалық жуғыш заттар және тұрмыстық химия тауарлары.

      24. Лак-бояу материалдары мен еріткіштер.

      25. Пиротехникалық бұйымдар.

      26. Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер.

      27. Ойыншықтар.

      28. Жарылу қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдық.

      29. Шағын көлемді кемелер.

      30. Жарылғыш заттар және олардың негізіндегі бұйымдар.

      31. Теміржол жылжымалы құрамы.

      32. Жоғары жылдамдықты теміржол көлігі.

      33. Теміржол көлігінің инфрақұрылымы.

      34. Автомобиль жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жол-құрылыс материалдары мен бұйымдары.

      35. Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанғыш газ.

      36. Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнай.

      37. Энергияны тиімді тұтынатын құрылғылар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады