Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 235 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22892 болып тіркелді.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 169) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 07.06.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 26 мамырдағы
№ 235 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 07.06.2023 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) аппараты мен ведомстволары бойынша:

      1) бірінші вице-министр;

      2) вице-министр;

      3) аппарат басшысы;

      4) Министрдің кеңесшісі;

      5) комитет төрағасы;

      6) комитет төрағасының орынбасары;

      7) департамент, орталық бастығы;

      8) департамент, орталық бастығының орынбасары;

      9) дербес басқарма бастығы;

      10) дербес басқарма бастығының орынбасары;

      11) комитеттің, департаменттің, орталықтың басқарма бастығы;

      12) орталықтың кезекші бөлім бастығы;

      13) комитеттің, департаменттің, орталықтың басқарма бастығының орынбасары;

      14) орталықтың кезекші бөлім бастығының орынбасары;

      15) дербес бөлім бастығы.

      2. Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдар бойынша:

      1) Министрліктің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы департамент (бұдан әрі - ТЖД) бастығы;

      2) ТЖД бастығының орынбасары;

      3) ТЖД төтенше жағдайлар басқарма (бөлім) бастығы;

      4) ТЖД төтенше жағдайлар басқарма (бөлім) бастығының орынбасары;

      5) ТЖД басқарма бастығы;

      6) ТЖД басқарма бастығының орынбасары;

      7) ТЖД дербес бөлім бастығы;

      8) ТЖД басқармасының бөлім бастығы;

      9) ТЖД басқарма, дербес бөлім бөлімшесінің бастығы;

      10) ТЖД дербес бөлімше бастығы.

      3. "Министрліктің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азматтық қорғау академиясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) бойынша:

      1) Академия бастығы;

      2) Академия бастығының орынбасары;

      3) факультет бастығы;

      4) оқу орталығының бастығы;

      5) оқу орталығы бастығының орынбасары;

      6) кафедра бастығы;

      7) кафедра бастығының орынбасары;

      8) бөлім бастығы;

      9) курс бастығы;

      10) курс бастығының орынбасары;

      11) кезекші бөлімнің бастығы;

      12) оқу өрт сөндіру бөлімінің бастығы;

      13) ғылыми-зерттеу орталығының бастығы.

      4. "ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемелері бойынша:

      1) мекеме бастығы;

      2) мекеме бастығының орынбасары;

      3) бөлім, бөлімше бастығы;

      4) кезекші бөлімнің бастығы;

      5) күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы;

      6) күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы бастығының орынбасары;

      7) мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы;

      8) мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары;

      9) өрт сөндіру бөлімінің бастығы;

      10) өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары;

      11) өрт сөндіру бекетінің бастығы;

      12) мамандандырылған жасақ бастығы;

      13) амандандырылған жасақ бастығының орынбасары;

      14) жасақ бастығы;

      15) жасақ бастығының орынбасары.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады