"Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 233 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 27 мамырда № 54 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22894 болып тіркелді

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17647 болып тіркелген, 2018 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      4-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасы ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің объектілері;";

      подпункт 14) изложить в следующей редакции:

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) газ қоймалары, газгольдерлік, газ айдау және газ толтыру станциялары;";

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) құрылыстарының жалпы ауданы 500 және одан астам шаршы метр - архивтер, кітапханалар";

      Критерийлерге 1-қосымшада:

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

54

биіктігі 1 қабаттан асатын витраждары бар ғимараттарда витраждарда әрбір қабат деңгейінде орнатылған, түтін өткізбейтін, жанбайтын диафрагмалар конструкцияларының бұзылуына жол бермеу

елеулі

      ";

      көрсетілген Бірлескен бұйрықпен бекітілген санатына, мақсатына және қызмет түріне қарамастан объектілерге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағында:

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

54

биіктігі 1 қабаттан асатын витраждары бар ғимараттарда витраждарда әрбір қабат деңгейінде орнатылған, түтін өткізбейтін, жанбайтын диафрагмалар конструкцияларының бұзылуына жол бермеу





      ".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________А. Иргалиев

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
__________Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Бас

      прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады